Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
основы права.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
187.69 Кб
Скачать

43.Қазақстан Республикасының прокуратурасы.

Прокуратура Республика аумағында заңдардың, ҚР президенті жарлықтарының және өзге нормативтік құқықтық актілердің дәл және бірыңғай қолданылуына, жедел іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, ҚР президентіне есеп беоретін мемлекеттік орган. Прокуратура кез келген заң бұзушылықты анықтау және жою жөнінде шаралар қолданады, Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен өзге де құқықтық актілерге наразылық жасайды, сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді, сондай ақ заңда белгіленген жағдайларды тәртіп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады. ҚР прокуратурасын ұйымдастыру, оның қызметінің тәртібі және прокурорлардың өкілеттігі ҚР Конституциясымен, «Прокуратура туралы» ҚР 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңымен, заң актілерімен, ҚР бекіткен халықаралық шарттармен сондай ақ Республика бас прокурорының бұйрықтарымен айқындалады. ҚР рокуратурасы төменгі пркурорлар жоғары тұрған прокурорларға және ҚР бас прокурорына бағынатын органдар мен мекемелердің біртұтас орталықтандырылған жүйесін құрайды. Прокуратура мемлекет атынан: Конституцияның, Заң актілерінің және Республика президентінің актілерінің бұзылуын анықтап, оларды жою шараларын қолданады; Жедел іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімщілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына қадағалауды жүзеге асырады; Сотта мемлекет мүддесін білдіреді; Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдарға және басқа да құқықтық актілерге наразылық жасайды; Заңда белгіленген тәртіп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады; Статистикалық көрсеткіштердің тұтастығын, объективтілігін және жеткіліктілігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастырады, арнайы есепке алуды жүргізеді, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады. Заңдардың қолданылуын тексеру бір ай мерзімінің ішінде жүргізіледі. Тексерісті тағайындаған прокурор жоғары тұрған прокурордың келісімімен оны жүргізу мерзімін ұзарта алады. ҚР прокуратурасы органдарының біртұтас жүйесін Бас прокуратура, облыстардың прокуратуралары, ауданаралық,аудандық, қалалық және соларға теңестірілген әскери және мамандандырылған прокуратуралар құрайды. ҚР Бас Прокурорын Парламент сенатының келісімімен Республика Президенті бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Республика Бас Прокурорының бірінші орынбасары мен орынбасарларын Бас прокурордың ұсынуы бойынша Республика Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

44. Халықаралық құқықтың қазіргі кезеңдегі қызметі.

Халықаралық құқық нормалары мен мемлекеттердің тәуелсіздік құқықтарын құрметтеу мемлекеттер арасындағы сапалы өзара қатынастардың негізгі алғышарты болып табылады. Халықаралық құқықтың нормалары халықаралық қатынастардың пайда болуынан келіп туындайды. Халықаралық қатынастар халықаралық құқықпен реттеледі, сонымен бірге оның нормаларына өз әсерін тигізеді. Халықаралық құқық кез-келген қоғам өмірінде маңызды орынға ие болатын жан-жақты және дамыған халықаралық қатынастарды реттейді. Халықаралық қатынастар халықаралық құқық нормаларының мазмұнын айқындайды.Жеке зерттеулерді қажет ететін іргелі проблемаларға ең бірінші халықаралық жүйедегі халықаралыққұқық пен халықаралыққатынастардыңорынытуралыпроблеманыжатқызуғаболады. Мәселен, халықаралық қатынастарды зерттеушілер халықаралық қатынастарды маңызды және анықтайтын деп есептейді, оларды жүйе ретінде қарастырады. Халықаралық қатынастар - бұл мемлекеттердің арасындағы саяси, экономикалық, құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени, ғылыми, идеологиялық және өзге де байланыстар жүйесі. Халықаралық қатынастарға мемлекеттер арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту және кеңейту, халықаралық ұйымдардың ролінің артуы, бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздіктің жаңа проблемаларының туындауы, ядролық соғыстың алдын алу, халықаралық құқық рөлінің өсуі сияқты сипаттар тән.Халықаралық құқық Халықаралық қатынасиарда үйлестіруші, реттеуші және қорғаушы қызмет атқарады. Үйлестіруші қызметінің мазмұны – мемлекет өзі үшін әртүрлі сфераларда белгілі бір мінез-құлық стандарттарын белгілейді. Реттеуші қызмет – белгіленген ережелер мен стандарттарды мемлекеттің қабылдауында және сақтауында көрінеді. Қорғаушы қызмет – мемлекеттің мүддесін қорғауға бағытталған нормалар. Халықаралық құқықтың дипломатиядан, мемлекеттің сыртқы саясатынан айырмашылығы бар. Халықаралық құқық – мемлекеттер арасындағы қатынастарда өзін қалай ұстау керек екендігі жөніндегі келісімшарт нормаларының жиынтығы болса, дипломатия – сыртқы саясатты жүргізу амал-тәсілдердің жиынтығы, ал сыртқы саясат – бұл өзінің мүдделерін қанағаттандыру үшін халықаралық аренада оның жүргізетін негізгі бағыттары.