Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
основы права.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
187.69 Кб
Скачать

4. Жеке еңбек шартын тоқтату негіздері.

1) тараптардың келісімі бойынша; 2) еңбек шарты мерзімінің аяқталуы; 3) жұмыс берушінің бастамасы бойынша; 4) қызметкердің бастамасы бойынша; 5)тараптардың еркінен тыс мән жайлар 6) қызметкердің еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартуы; 7)ҚРның заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкердің сайланбалы жұмысқа ауысуы немесе еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігін болғызбайтын лауазымға тағайындалуы; 8) еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы; 9) жұмыс берушінің атқарушы органы басшысымен жасалған еңбек шартында көзделген негіздер еңбек шартын тоқтату негіздері болып табылады.

Еңбек шартын тараптардың келісімі бойынша бұзуға тілек білдіруші еңбек шартының бір тарапы екінші тарапына хабарлама жібереді. Хабарлама алған тарап үш жұмыс күні ішінде екінші тарапқа қабылданған шешім туралы жазбаша нысанда қабылдауға міндетті.

Белгілі бір мерзімге жасалған еңбек шарты мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылады. Еңбек шартында келісілген мерзімге сәйкес, қызметкердің соңғы жұмыс күні белгілі бір мерзімге жасалған еңбек шарты мерзімінің аяқталар күні болып табылады.

Қызметкермен еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша: 1) жұмыс беруші – заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған; 2) қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған; 3) біліктілігінің жетіспеуі салдарынан қызметкер атқарып жүрген лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеген; 4) өзінің жұмысын жалғастыруына денсаулық жағдайының кедергі келтіруі; 5) сынақ мерзімі кезеңінде жұмыс нәтижесі дұрыс болмаған; 6) қызметкер бір жұмыс күні ішінде дәлелді себептерсіз үш және одан да көп сағат бойы жұмыста болмаған; 7) қызметкер жұмыста алкогольдік, нашақорлық, психотроптық жағдайында болған; 8) қызметкер жарақаттар мен аварияларды қоса алғанда, ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе соғуы мүмкін, еңбекті қорғау немесе өрт қауіпсіздігі не көліктегі жүру қауіпсіздігі ережелерін бұзған; 9) қызметкердің жұмыс орнында басқаның мүлкін ұрлау, оны қасақана жою немесе бүлдіру әрекеті заңды күшіне енген сот үкімімен немеес қаулысымен анықталған және т.б.жағдайларда бұзылады.

Еңбек шартын бұзу жұмысты жалғастыру мүмкіндігінің болмауына байланысты жағдайларда, қызметкер еңбек шартын өтініште көрсетілген мерзімде бұзу туралы жұмыс берушіге жазбаша ескертеді.

Еңбек шарты тараптардың еркінен тыс мына мән-жайлар бойынша: 1) қызметкер әскери қызметке шақырылған; 2) қызметкер не жұмыс беруші жеке тұлға еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігін болғызбайтын жазамен сотталған сот үкімі заңды күшіне енген кезде; 3) қызметкер не жұмыс беруші жеке тұлға қайтыс болған жағдайда; 4) сот қызметкерді әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған жағдайда; 5) бұрын осы жұмысты атқарған қызметкер жұмысына қайта алынған жағдайда тоқтатылуға тиіс.

5. Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес

Қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани-мәдени, құқықтық салаларының дамуына барынша кедергі жасайтын қауіпті құбылыстардың бірі – сыбайлас жемқорлық. 1998 жылы 2 шілдеде қабылданған ҚР-ның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 2-бабы 1-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық дегеніміз мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуын айтамыз. ҚРның заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытындысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасындағы сыбайлас жемқорлыққа негізделген қылмыстарды ерекше бөліп айтуға болады. Осындай қылмыстардың қатарына: көрінеу кінәсіз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту, қылмысты жауаптылықтан көрінеу заңсыз босату, көрінеу заңсыз ұстау, қамауға алу немесе қамауда ұстау, жауап беруге мәжбүр ету, көрінеу әділетсіз сот үкімін, шешімін немесе өзгедей сот актісін шығару т.б. көптеген қылмыстарды жатқызуға болады.

Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күресу мақсатында төмендегідей көптеген құқықтық нормативтік актілер қабылданған. Солардың бірнешеуін атауға болады: 1997 жылы 16 шілдеде қабылданған ҚР–ның Қылмыстық кодексі, 1998 жылы 2 шілдеде қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң, ҚР Президентінің 2001 жылғы 5 қаңтардағы №534 Жарлығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы».