Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
основы права.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.01.2020
Размер:
187.69 Кб
Скачать

41.Қазақстан Республикасы қоғамдық құрылысының конституциялық негіздері.

Әр мемлекеттің өзіндік ерекшелігін көрсететін мемлекеттік құрылымы болады. Мемлекет осындай құрылымы жағынан демократиялық, демократиялық емес сипаииа не басқаруы жағынан республика, монархия болуы мүмкін. Демократиялық мемлекетте мемлекеттік құрылыстың негізін төмендегідей үш қағидат құрайды: халықтық билік, биліктің бөлінуі, адам мен азматтың құқықтары мен бостандықтарының артықшылықтары. Мемлекеттік құрылыс сол мемлекеттің негізгі заңы Конституцияда бекітіліп, заңдық күшке ие болады. Конституцияда көрсетіліп, бекітілген мемлекеттік құрылыс конституциялық құрылыс деп аталады. ҚР конституциялық құрылысы мынадай бөлщектерден тұрады: Біріншіден бұл егемендік. Қазақстан егеменді мемлекет. Конституцияның екінші бабының екінші тармағында «республика егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді», деп жазылған. Екіншіден, Қазақстан мемлекеттік басқаруы жағынан республика. Республикада мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары мен лауазымдарыбүкілхалықтық сайлау не Парламентте сайлану жолдарымен белгілі бір мерзімге сайланады. Қазақстан Президенттік республика. Президент бүкілхалықтық сайлау барысында жеті жыл мерзімге сайланады. Үшіншіден, халықтық билік. Конституцияның бірінші бабында көрсетілгендей Қазақстан қзін демократиялық мемлекет ретінде бекітеді. Бұл дегеніміз Қазақстан өзін, Конституцияны қабылдайтын, тікелей мемлекет басшысы Президентті және заң шығарушы орган Парламентті сайлайтын және мерзімі өткен соң оларды ауыстыруға деген халықта құрылтай билігі бар мемлекет ретінде анықтайды. Төртіншіден, мемлекеттің зайырлы сипаты. Жалпыға міндетті бір дін жоқ, әрбір адамның, азаматтың белгілі бір дінді ұстаруына не ұстанбауына, дінін ауыстыруға болатын ар ождан бостандығы, құқығы бар. Бесіншіден, құқықтың үстемдігі. Қазақстан өзін құқықтық мемлекет ретінде бекітетіндіктен қоғамдық өмірдің барлық салаларында құқықтың рөлі мен үстемдігі жоғары болуы қажет. Алтыншыдан, мемлекеттің әлеуметтік сипаты. Қазақстан өзін әлеуметтік мемлекет ретінде бекіткендіктен, мемлекет ат төбеліндей аз ғана топқа не адам мемлекетке емес, керісінше мемлекет көпшілікке, халыққа, қоғамға қызмет жасайды. Жетіншіден, ҚР унитарлы мемлекет. Ол дегеніміз өзінің құрамында автономия не қандай да бір мемлекеттік сипаттағы ұйымдар жоқ, бір Конституциясы, тұтас жүйелі құқығы, бір азаматтығы, өзінің Парламенті, Үкіметі, атқару, сот билігі, әкімшілік аумақтық бөлігі бар, мемлекеттік басқару нысаны. Сегізіншіден, Конституцияның бесінші бабының бірінші тармағына сәйкес ҚРда идеологиялық және саяси әралуандылық мойындалады. Тоғызыншыдан, ҚР Конституциясы адам мен азматтардың құқықтары мен бостандықтарын ең қымбат құндылық деп мойындайды. Оныншыдан, халықаралық шарттар нормаларының Республика заңдары нормаларының алдында артықшылықтары бар.

42. Қазақстан Республикасы азаматтарының қолайлы қоршаған ортаға құқығы.Азаматтардың қолайлы қоршаған ортаға құкықтары — Қазақстан Республикасындағы жалпы табиғатты пайдалану құқығының негізгі бөлігі және азаматгардың денсаулығын сақтауға байланысты конституциялық құқықтардың құрамдас бөлігі болып табылады. ҚР-ның Конституциясы бойынша азаматтардың құқықтары табиғатты корғауға байланысты тазарту шараларын кең түрде жүргізумен қамтамасыз етіледі. Қоршаған ортаны тазарту — адамның өмір сүру ортасының сапасы мен адамның денсаулығы үшін шаруашылык кызметтердің зиянды салдарын жою және ескертуге бағытталған техникалық ұйымдастырылған, құқықтық, санитарлық-гигиеналық шаралардың жиынтығын құрайды. Азаматтың қолайлы қоршаған ортаға құқыктарының объектісі болып, табиғи ресурстар табылады: таза атмосфералық ауа, су, табиғи аймақтар, ормандар, ұлттық табиғи парктер, рекреациялық аймақтар, санаториялык-курорттық орындар, т. б. Азаматтардың бұл құкықтарыҚазақстанРеспубликасынң зандарында ары қарай дамуы көзделген. Азаматтардың қолайлы қоршаған ортаға құқықтарына — адамдар және оны қоршаған орта үшін зиянды салдарын төмендетуге және ескертуге, халықтың демалысқа, еңбек пен тұрмысты жақсарту шарттарына, қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың және басқа да қоғамдык ұйымдардың санитарлық-гигиеналық шараларды жүргізу міндеттіліг сәйкес келеді. 1997 жылы 15 шілдеде қабылданған «ҚР-ның қоршаған ортаны қорғау туралы» заңының 5-бабына сәйкес, азаматтардын. Қоршаған ортаны қорғауға байланысты құқықтары мен міндеттері көрсетілген. Әрбір азаматтың және ҚР-ның аумағында тұратын азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ шетелдік тердің өз өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаға, оның жай-күйі туралы дұрыс ақпарат алуға, қоршаған ортаны қорғау туралы зандардың бұзылуы салдарынан өз денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залалдың өтеуін алуға құқы бар. Азаматтардың:

— белгіленген тәртіппен табиғи ресурстарды пайдалануға, оларды корғау және толықтыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға, қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыруға катысуға;

— қоршаған ортаны қорғайтын қоғамдық бірлестіктер мен қоғамдық қорлар құруға;

— қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жиналыстарға, митингілерге, пикеттерге, шерулер мен демонстрацияларға, референдумдарға қатысуға;

— коршаған орта мәселелері бойынша мемлекеттік, органдар мен ұйымдарға хаттар, шағымдар, арыздар мен ұсыныстар беруге және оларды карауды талап етуге;

— коғамдық экологиялық сараптама өткізу туралы ұсыныс жасап, оған қатысуға;

— кәсіпорындарды, құрылыстар мен экологиялық жағынан зиянды әсерге де объектілерді орналастыру, салу, кайта құру және пайдалануға беру туралы, сондай-ак занды және жеке тұлғалардың қоршаған орта мен адам денсаулығына теріс ықпал ететін шаруашылық және өзге де қызметін шектеу, тоқтата тұру және тоқтату туралы шешімдердің әкімшілік немесе сот тәртібімен күшін жоюды талап етуге; — айыпты ұйымдарды, лауазымды адамдар мен азаматтарды жауапқа тарту туралы мәселелер қоюға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардын бұзылуы салдарынан өз денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залалдың өтелуі туралы сотка талап арызы беруге; Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңдарды бұзғаны үшін заң алдындағы жауаптылықҚазакстанда экологиялық заңдардың бұзылуы кең тараған. Қоршаған ортаны корғауға байланысты мемлекет белгіліген ережелерді бұзу заң бойынша жауапкершілікке соқтырады. Өкінішке орай, елімізде экологиялык заңдарды бұзатын жағдайлар жиі кездеседі