- •1. Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі және түрлері.
- •2. Жер құқық қатынастары: түсінігі, объектілері мен субъектілері.
- •3. Қазақстан Республикасының кеден органдары.
- •4. Жеке еңбек шартын тоқтату негіздері.
- •5. Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес
- •6. Мәмілелер:ұғымы, түрлері
- •7. Жер құқығының субъектілері мен объектілері.
- •8. Әкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі, құрамы.
- •9. Қылмыстық жазаның ұғымы, белгілері мен мақсаттары.
- •10. Салық ұғымы, жүйесі, түрлері.
- •11. Бюджеттік құқық негіздері.
- •12.Міндеттеме ұғымы және тараптары.
- •13. Адвокатура, нотариат органдары: түсінігі мен қызметтері.
- •15. Қылмыстық іс жүргізу сатылары.
- •16. Қазақстан Республикасының Конституциясына жалпы сипаттама.
- •17. Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың негіздері.
- •18. Қаржылық бақылау.
- •19. Заңды тұлғалардың түсінігі, белгілері және түрлері.
- •20.Сот төрелігі және оның қағидалары.
- •21. Азаматтық құқықтың қайнар көздері және жүйесі.
- •22. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері.
- •25. Құқық бұзушылықтың ұғымы және құрамы.
- •26. Қазақстан Республикасының Үкіметі.
- •27. Халықаралық құқықтың түсінігі мен қағидалары.
- •28.Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары.
- •29.Қылмыстық-құқықтық жауапкершілік.
- •30. Табиғи ресурстарға меншік құқығы, объектілері мен субъектілері.
- •31.Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы.
- •32. Азаматтық-құқықтық жауаптылық.
- •33. Заңды жауапкершіліктің түрлері.
- •34. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы – құқық саласы ретінде.
- •35. Қазақстан Республикасын азаматтарының конституциялық міндеттері.
- •36. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.
- •37. Мемлекеттік билік жүйесі, оның түрлері.
- •38. Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим).
- •39. Қазақстан Республикасындағы сот билігі.
- •40. Азаматтық: ұғымы, алу және айырылу тәртібі.
- •41.Қазақстан Республикасы қоғамдық құрылысының конституциялық негіздері.
- •43.Қазақстан Республикасының прокуратурасы.
- •44. Халықаралық құқықтың қазіргі кезеңдегі қызметі.
- •45. Мәміле нысаны. Мәміленің жарамдылығының, жарамсыздығының негіздері.
- •46. Қылмысқа қатысу.
- •47. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі, ұғымы, сайлау органдары.
- •48. Субъективті құқық және заңды міндет.
- •49. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мәртебесі.
- •50. Қазақстан Республикасының Парламенті.
- •51. Мемлекеттік басқару: ұғымы, қағидаттары, басқару органдары.
- •52. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының түсінігі.
- •53. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері.
- •54. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет.
- •55. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
- •57. Заңды жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері, заңды жауапкершіліктен босатудың негіздері.
- •58. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты. Еңбекті қорғау.
- •59. Жеке еңбек шартының түсінігі мен жасалу тәртібі.
- •60. Құқықтық қатынастардың құрамы.
- •62/Қазақстан Республикасының Президнті
- •63. Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі.
- •64.Қылмыстың санаттарының түсінігі мен түрлері.
- •65. Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін өзі басқару
- •66. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары.
- •67.Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары
- •68. Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.
- •69.Қажетті қорғану және аса қажеттілік
- •70. Құқық және мемлекет ұғымдарының анықтамасы және арақатынасы.
- •71.Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.
- •72. Меншік құқығы.
- •73. Қаржы полициясы және оның атқару қызметі.
- •74. Азаматтық қоғамның түсінігі мен қалыптасуы.
- •75. Экологиялық мәселелер: түрлері, шешу жолдары.
- •76. Құқықтық қатынастардың ұғымы және ерекшеліктері.
- •77.Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және реттеу әдістері.
- •78. Алименттік қатынастар.
- •79. Еңбек дауларын қарау және шешу жолдары.
- •80.Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері.
- •81. Некеге тұрудың шарттары.
- •82. Қылмыстық құқықтың ұғымы мен қағидалары.
- •83. Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары.
- •84. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері.
- •85. Қазақстан Республикасында жер қорының түсінігі, түрлері
- •86. Атқару билігі органдары жүйесінің ұйымдастырылуы.
- •87. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар.
- •88. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
- •90. Мемлекеттік қызметтің қағидалары, түсінігі.
39. Қазақстан Республикасындағы сот билігі.
Құқық қорғау органдары жүйесіндегі маңызды орын алатын мемлекеттік органдардың бірі Сот. Сот әділеттігін іске асыра отырып соттар, жаза тағайындау, жазадан босату т.б секілді шешімдер қабылдай отырып, құқықты қолданып, өзінің биліктік құзіретін жүзеге асырып, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін анықтай отырып, олардың мүдделерін, әділ, заң арқылы қорғауға тиіс орган. Адамдар қажет болғанда әділдік үшін сот төрелігіне жүгінеді. Сот билігі азаматтық, қылмыстық және заңда белгіленген өзге де сот ісін жүргізу нысандары арқылы жүзеге асырылады.
75 бап . ҚР сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады; сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот ісін жүргізу алқа мүшелерінің қатысуымен жүзеге асырады;заңмен құрылған Республиканың Жоғарға Соты және Республиканың жергілікті соттары Республиканың соттары болып табылады; Республиканың сот жүйесі Республика Конституциясымен және Конституциялық заңмен белгіленеді. Қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға жол берілмейді.76 бап. Сот билігі ҚР атынан жүзеге асырылады және өзіне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республиканың Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің , халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды; сот билігі Республика Конституциясының, заңдарының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға қолданылады; соттар шешімдерінің, үкімдері мен өзге қаулыларының Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады.
40. Азаматтық: ұғымы, алу және айырылу тәртібі.
ҚР азаматтығы адамның мемлекетпен тұрақты саяси құқылық байланысын айқындайды, бұл байланыс олардфың өзара құқылары мен міндеттерінің жиынтығынан көрінеді. Мемлекет ҚР азаматы болу, азаматтығын алу, азаматтығына қабылдау, азаматтықты тоқтату, азаматтықтан шығу, азаматтықтан айрылу негіздерін және тәртібін белгілейді. ҚР азаматтығын алу негіздері. ҚР азаматтығы: тууы бойынша; ҚР азаматтығына қабылдау нәтижесінде; ҚР халықаралық шарттарында көзделген негіздер мен тәртіп бойынша; «ҚР азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы № 1017 – ХII ҚР Заңында көзделген өзге де негіздер бойынша алынады. Азаматтыққа қабылдау ҚР президентінің атына өтініш беру арқылы іске асырылады. ҚР азаматтығын қабылдау шарттары. ҚР азаматтығына: ҚР аумағында заңды негізде кемінде бес жыл тұрақты тұратын не ҚР азаматтарымен кемінде үш жыл некеде тұратын адамдар қабылданады. ҚР азаматтығына қабылдаған кезде кәмелетке толмағандардан, пайым қабілетін жоғалтқан не ҚР президентібелгілейтін тізбе бойынша кәсіптерге ие және талаптарға сай келетін адамдардан және олардың отбасы мүшелерінен және ҚР алдында ерекше еңбек сіңірген адамдардан, сондай ақ Қазақстан аумағынан кеткен адамдар мен олардың ұрпақтарынан, егер олар тарихи Отаны ретінде тұрақты тұру үшін ҚРға қайтып оралған болса, олардан осы тармақшаның бірінші абзацында көзделген шарттардың болуы талап етілмейді; ҚР азаматтарының ішінде туыстарының бірі баласы, жұбайы және ата анасының біреуі, апа қарындасы, аға інісі, атасы немесе әжесі бар, ҚР тұрақты тұру мақсатымен келген, бұрынғы одақтас Респубоикалардың азаматтары, ҚРда тұру мерзіміне қарамастан, қабылданатын болады.
Азаматтықтан айрылу. ҚР азаматтығынан: ҚР мемлекетаралық шарттарында көзделген реттерді қоспағанда, адамның басқа мемлекетте әскери қызметке қауіпсіздік қызметіне, полицияға, әділет органдарына немесе өзге де мемлекеттік өкімет және басқару органдары орналасу салдарынан; егер ҚР азаматтығы көрінеу жалған мәліметтер не жалған құжаттар табыс ету нәтижесінде алынса; ҚР мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздер бойынша; егер ҚРнан тыс жерлерде тұратын адам дәлелсіз себептермен үш жыл бойы консулдық есепке тіркелмесе; егер адам басқа елдің азаматтығын алған болса, айрылады. 14 жасқа дейінгі балалардың азаматтығы ата аналарының азаматтығымен анықталады. 14-18 жасқа дейінгі азаматтардың азаматтығы олардың келісімімен өзгертіледі.
