- •1. Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі және түрлері.
- •2. Жер құқық қатынастары: түсінігі, объектілері мен субъектілері.
- •3. Қазақстан Республикасының кеден органдары.
- •4. Жеке еңбек шартын тоқтату негіздері.
- •5. Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес
- •6. Мәмілелер:ұғымы, түрлері
- •7. Жер құқығының субъектілері мен объектілері.
- •8. Әкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі, құрамы.
- •9. Қылмыстық жазаның ұғымы, белгілері мен мақсаттары.
- •10. Салық ұғымы, жүйесі, түрлері.
- •11. Бюджеттік құқық негіздері.
- •12.Міндеттеме ұғымы және тараптары.
- •13. Адвокатура, нотариат органдары: түсінігі мен қызметтері.
- •15. Қылмыстық іс жүргізу сатылары.
- •16. Қазақстан Республикасының Конституциясына жалпы сипаттама.
- •17. Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың негіздері.
- •18. Қаржылық бақылау.
- •19. Заңды тұлғалардың түсінігі, белгілері және түрлері.
- •20.Сот төрелігі және оның қағидалары.
- •21. Азаматтық құқықтың қайнар көздері және жүйесі.
- •22. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері.
- •25. Құқық бұзушылықтың ұғымы және құрамы.
- •26. Қазақстан Республикасының Үкіметі.
- •27. Халықаралық құқықтың түсінігі мен қағидалары.
- •28.Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары.
- •29.Қылмыстық-құқықтық жауапкершілік.
- •30. Табиғи ресурстарға меншік құқығы, объектілері мен субъектілері.
- •31.Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы.
- •32. Азаматтық-құқықтық жауаптылық.
- •33. Заңды жауапкершіліктің түрлері.
- •34. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы – құқық саласы ретінде.
- •35. Қазақстан Республикасын азаматтарының конституциялық міндеттері.
- •36. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.
- •37. Мемлекеттік билік жүйесі, оның түрлері.
- •38. Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим).
- •39. Қазақстан Республикасындағы сот билігі.
- •40. Азаматтық: ұғымы, алу және айырылу тәртібі.
- •41.Қазақстан Республикасы қоғамдық құрылысының конституциялық негіздері.
- •43.Қазақстан Республикасының прокуратурасы.
- •44. Халықаралық құқықтың қазіргі кезеңдегі қызметі.
- •45. Мәміле нысаны. Мәміленің жарамдылығының, жарамсыздығының негіздері.
- •46. Қылмысқа қатысу.
- •47. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі, ұғымы, сайлау органдары.
- •48. Субъективті құқық және заңды міндет.
- •49. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мәртебесі.
- •50. Қазақстан Республикасының Парламенті.
- •51. Мемлекеттік басқару: ұғымы, қағидаттары, басқару органдары.
- •52. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының түсінігі.
- •53. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері.
- •54. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет.
- •55. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
- •57. Заңды жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері, заңды жауапкершіліктен босатудың негіздері.
- •58. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты. Еңбекті қорғау.
- •59. Жеке еңбек шартының түсінігі мен жасалу тәртібі.
- •60. Құқықтық қатынастардың құрамы.
- •62/Қазақстан Республикасының Президнті
- •63. Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі.
- •64.Қылмыстың санаттарының түсінігі мен түрлері.
- •65. Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін өзі басқару
- •66. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары.
- •67.Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары
- •68. Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.
- •69.Қажетті қорғану және аса қажеттілік
- •70. Құқық және мемлекет ұғымдарының анықтамасы және арақатынасы.
- •71.Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.
- •72. Меншік құқығы.
- •73. Қаржы полициясы және оның атқару қызметі.
- •74. Азаматтық қоғамның түсінігі мен қалыптасуы.
- •75. Экологиялық мәселелер: түрлері, шешу жолдары.
- •76. Құқықтық қатынастардың ұғымы және ерекшеліктері.
- •77.Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және реттеу әдістері.
- •78. Алименттік қатынастар.
- •79. Еңбек дауларын қарау және шешу жолдары.
- •80.Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері.
- •81. Некеге тұрудың шарттары.
- •82. Қылмыстық құқықтың ұғымы мен қағидалары.
- •83. Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары.
- •84. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері.
- •85. Қазақстан Республикасында жер қорының түсінігі, түрлері
- •86. Атқару билігі органдары жүйесінің ұйымдастырылуы.
- •87. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар.
- •88. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
- •90. Мемлекеттік қызметтің қағидалары, түсінігі.
35. Қазақстан Республикасын азаматтарының конституциялық міндеттері.
Қазақстан Республикасын азаматтарының конституциялық міндеттері-қоғамның, мемлекеттің және басқа да азаматтардың мүдделерін қамтамасыз етуге араласуы қажеттілігіне байданысты, мемлекет аумағында тұрып жатқан не қайда тұрып жатқанына қарамастан, тек өз азаматтарына ғана арналған, Конституцияда бекітілген, құқықтық жауаптылықпен қорғалатын қоғамдық қажетті мінез құлықтың түрлері мен шарасы. ҚР Конституциясына сәйкес әрбір азаматқа төмендегідей міндеттер жүктеледі: әркім ҚР Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір қасиетін құрметтеуге МІНДЕТТІ; әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге МІНДЕТТІ (34-бап); заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі МІНДЕТІ болып табылады (35-бап); ҚР қорғау оның әрбір азаматының қасиетті парызы және МІНДЕТІ. Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет атқарады(36-бап); ҚР азаматтары тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға МІНДЕТТІ (37-бап); ҚР азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті(; ҚР азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті (38-бап). Заң ғылымында Конституция деп мемлекет пен адамның, азаматтың өзара қарым қатынасын, мемлекеттік органдар жүйесінің ұйымдастырылуы мен іс әрекетін, қоғамдық құрылыс пен мемлекеттік құрылымды бекітетін , жоғары заңдылық күші бар нормативті акт, Негізгі заңды айтамыз. Конституцияның қоғамдағы маңыздылығы оның атқаратын қызметтерімен тығыз байланысты. Конституцияның негізгі міндеттері: конституцияның заңдық қызметі құқықтың басқа салаларының негізі, құқықтың басты деректік қайнар көзі болып табылатындығынан, нормаларының ең жоғарғы заңдық күші барлығынан көрінеді; конституцияның саяси қызметі қоғамның саяси жүйесі әрекетінің тәртібін реттеуінде; конституцияның идеологиялық әралуандылықты мойындай және бекіте отырып, идеологиялық ықпал жасаудың құралы болуы, оның идеологиялық қызметі; конституцияның мемлекеттегі меншіктің нысанын (формасы), әрекеи етуінің тәртібін реттеуі экономикалық қызметіне жатады.
36. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.
Осы бөлімнің күші қолданылатын кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезде жасы он төртке толған, бірақ он сегізге толмағандар танылады. Екі қылмыс жасаған кәмелетке толмағандарға жаза тағайындалуы мүмкін және оларға тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері: айыппұл; белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру; қоғамдық жұмыстарға тарту; түзету жұмыстары; қамау; бас бостандығынан айыру.тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары. Сот кәмелетке толмаған адамға тәрбиелік әсері бар мынадай мәжбүрлеу шараларын тағайындауы мүмкін: ескерту;ата аналарының, олардың орнындағы адамдардың немесе мамандандырылған мемлекеттік органның қадағалауына беруі; келтірген зиянды қалпына келтіру міндетін жүктеу; бос уақытын шектеу немесе кәмелетке толмаған адамның жүріс тқрысына ерекше талаптар белгілеу; кәмелетке толмағандарға арнаулы тәрбие емдеу мәжбүрлеу мекемесіне орналастыру; кәмелетке толмаған адамға бір мезгілде тәрбиелік әсері бар бірнеше тәрбиелеу шаралары қолданылуы мүмкін. Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту: кәмелетке толмаған адамды он сегіз жасқа жеткен адамдардың қылмыстық іске тартуы бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады; ата анасы педагог немесе кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер өзіне заңмен жүктелген өзге адам жасаған нақ сол әрекет үш жылға дейінгі мерзімге, белгілі бір лауазымды атқару, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып он алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады; осы баптың бірінші екінші бөліктерінде көзделген күш қолданып, оны оны қолданамын деп қорқытып жасалған әрекеттер екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады; осы баптың бірінші екіеші үшінші бөліктерінде көзделген кәмелетке толмаған адамды ауыр, аса ауыр қылмыс жасауға тартуға байланысты әрекеттер бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
