Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
основы права.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.01.2020
Размер:
187.69 Кб
Скачать

31.Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы.

Экологиялық құқық дегеніміз табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғауға байланысты құқықтық қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Экологиялық құқықтың пәні екі топқа бөлінеді: қоршаған ортаны қорғау қатынастары және табиғи ресурстарды пайдалану қатынастары.экологиялық құқықтық қатынастардың субъектілері: шетел азаматтары, жеке және заңды тұлғалар, халықаралық ұйымдар, мемлекеттік органдар. Эклогиялық құқықтың объектісі қоғам мен табиғаттың өзара байланысы барысында туындайтын қоғамдық қатынастар. Негізгі оқытатын пәні: қоршаған табиғи ортаны қорғау, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану, жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің экологиялық құқықтары мен мүдделерін қорғау барысындағы туындайтын қатынастарды оқытады. Табиғи ресурстар бұл қоғамның маьериалдық, мәдени және басқа қажеттерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаның шаруашылық және өзге қызмет процесінде пайдаланылатын құрамдас бөліктері. Экологиялық құқықтың жүйесі Жалпы және Ерекше бөлімнен тұрады. Жалпы бөлім қоғам мен табиғаттың өзара қарым қатынасы, жаһандық және ұлттық экологиялық мәселелер, табиғатты құқықтық қорғау, қоршаған ортаны қорғау, табиғат қорлары мен байлықтарын ұтымды пайдалану мен қайта өндіру ұғымдары, ҚР экологиялық құқығының қалыптасу тарихы, экоқұқықтың пәні, әдістері, қағидалары, дерек көздері, табиғат қорларына, байлықтарына меншік құқығы, экологиялық пайдалану мен қоршаған табиғи ортаны қорғауды мемлекеттік реттеу мен басқару, экологиялық бақылаудың ұйымдастырушылық бақылау нысандары, қоршаған табиғи ортаға әсер етудің бағасы және экологиялық сараптама, эколгиялық мониторинг және табиғи қорлық кадастр, экологиялық заңнамалардың бұзылғаны үшін жауаптылық сияқты мәселелерді қарастырады. Ерекше бөлім жерді, суды, ауаны, орманды, жер қойнауын, жануарлар, өсімдіктер әлемін пайдалану және қорғаудың құқық бұзушулуқ және жауаптылықтың экологиялық құқықтық тәртіптерін оқытады. 10 бап . Табиғат пайдалану ұғымы және оның түрлері. Адамның күнделікті өмірінде, жеке және заңды түлғалардың шаруашылық және өзге де қызметінде табиғат ресурстарын пайдалануы және қоршаған ортаға әсер етуі табиғат пайдалану болып табылады. Табиғат пайдалану жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы табиғат пайдалану тұрақты болып табылатын және халықтың өмірлік қажетті сұраныстарын қанағаттандыру үшін және табиғи ресурст ар пайдалануға берілмей тегін жүзеге асырылады. Егер ҚР заңдарында көзделсе табиғатты жалпы пайдалануды шектеуге жол берілмейді. Арнайы табиғат пайдалану осы кодексте және ҚР өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен табиғи ресурстарды ақылы негізде пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаның қызметі. Табиғатты пайдалану түрлері: жерді пайдалану; суды пайд.; орманды пайд.; жер қойнауын пайд.; жануарлар және өсімдіктер дүниесін пайд.; ҚР заңдарында белгіленетін өзге де табиғат пайд. Түрлері және қоршаған ортаға эмиссия.

32. Азаматтық-құқықтық жауаптылық.

Азаматтық-құқықтық жауаптылық құқық бүзушының мүлкінен айыру, не алу, немесе кәсіпкерләкпен айналысуға тыйым салумен, заңды түлғаны мәжбүрлікпен жою, не қайта құрумен байланысты, жағымсыз нәтижелі, құқықтық жауаптылыұтың бір түрі. Азаматтық құқықтық жауаптылықтың бірнеше түрі бар. Шарт бойынша және шарттан тыс жауаптылық. Шарт бойынша жауаптылық дегеніміз несие берушінің алдындағы борышын өтемеген, не оның толық ыждықаттылықпен орындамағаны үшін шарт, не басқа да құқықтық негіздер бойынша борышқорға мүліктей зиян әкелетін жағымсыз салдарлар. Шарт бойынша жауаптылықтың ерекшеліктері : біріншіден, шарт бойынша жауаптылықтың күшіне енгенге дейін субъектілер өзара нақты азаматтық құқықтық міндеттемемен байланған, мысалы, сауда саттық, тауар жеткізу, жүк тасу, екіншіден, бұндай жауаптылық тараптардың жасаған шарттарынан, не басқа да құқықтық негіздерден, мысалы экспортқа бұйымдар шығаратын жоспарлы актілерден пайда болады, үшіншіден, осындай жауаптылықтың күшіне енуіне міндеттемені орындамау негіз болады. Шартта белгіленбеген, бірақ тұлғанаң құқыққа қарсы әрекетінің нәтижесінде, екінші бір тұлғаға келтірілген зиян бойынша күшіне енетін жауаптылықты шарттан тыс жауаптылық деп атаймыз. Үлестік және ынтымақтастық жауаптылық. Зиян келтіруші жақта бірнеше тараптар болған жағдайда үлестік жауаптылық туралы ереже қолданылады. Шарт не заңмен белгіленгендей, белгілі бір үлес бойынша әрбір борышқорға не зиян келтірушіге жүктелетін жауаптылықты үлестік жауаптылық деп атайды. Несие берушінің алдында әрқайсы толық жауап беретін, екі не одан көп тұлғалардың (борышқорлар, зиян келтірушілер) жауаптылығы ынтымақтастық жауаптылық деп аталады. Ы.ж долбарланбайды, тек шартпен не заңмен қарастырылатын жағдайларда орын алады. Негізгі және қосымша жауаптылық. Құқық нормаларының жалпы тапсырмаларында белгіленген тәртіп бойынша туындайтын борышқор иен зиян келтірушінің жауаптылығы негізгі жауаптылық деп аталады. Зңда белгіленбеген кейбір жағдайларға байланысты зиян шеккен жақтың құқығын, мүддесін толық қорғау және қанағаттандыру мақсатында, негізгімен қатар, қосымша жауаптылық та тағайындалады. Оның орын алуы мысалы, ата аналардың, қорғаушылардың 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балалардың келтірген зиянын өтеу туралы жауаптылығы барысында туындайды. Кері жауаптылық. Заң бойынша бір түлғаның екінші бір тұлғаның әрекеті үшін жауаптылығы регрестік жауаптылыққа жатады. Мысалы азаматтық заңнамалар бойынша еңбек міндеттерін атқару барысында зиян келтірген жұмысшының, қызметкердің әрекеті үшін сол қызметкер еңбек ететін ұйым жауап береді. Азаматтық құқықтық жауаптылықтың алғы шарты ол құқыққа қарсы әрекет және зиянды әрекет. Құқықтық тәртіпке қарсы, азаматтық құқықтың заңнамаларын бұзатын іс қимыл құқыққа қарсы болып табылады. Ал зиян екіге бөлінеді: мүліктік зиян, жәбірленушінің затының жоғалуына сынуына не олардың құнының еңбек табысының төмендеуіне әкелетін мүліктік шығындармен анықталады. Моральды зиян жәбірленушіге тән және жан ауыртпалықтарын әкеледі.