- •1. Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі және түрлері.
- •2. Жер құқық қатынастары: түсінігі, объектілері мен субъектілері.
- •3. Қазақстан Республикасының кеден органдары.
- •4. Жеке еңбек шартын тоқтату негіздері.
- •5. Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес
- •6. Мәмілелер:ұғымы, түрлері
- •7. Жер құқығының субъектілері мен объектілері.
- •8. Әкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі, құрамы.
- •9. Қылмыстық жазаның ұғымы, белгілері мен мақсаттары.
- •10. Салық ұғымы, жүйесі, түрлері.
- •11. Бюджеттік құқық негіздері.
- •12.Міндеттеме ұғымы және тараптары.
- •13. Адвокатура, нотариат органдары: түсінігі мен қызметтері.
- •15. Қылмыстық іс жүргізу сатылары.
- •16. Қазақстан Республикасының Конституциясына жалпы сипаттама.
- •17. Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың негіздері.
- •18. Қаржылық бақылау.
- •19. Заңды тұлғалардың түсінігі, белгілері және түрлері.
- •20.Сот төрелігі және оның қағидалары.
- •21. Азаматтық құқықтың қайнар көздері және жүйесі.
- •22. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері.
- •25. Құқық бұзушылықтың ұғымы және құрамы.
- •26. Қазақстан Республикасының Үкіметі.
- •27. Халықаралық құқықтың түсінігі мен қағидалары.
- •28.Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары.
- •29.Қылмыстық-құқықтық жауапкершілік.
- •30. Табиғи ресурстарға меншік құқығы, объектілері мен субъектілері.
- •31.Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы.
- •32. Азаматтық-құқықтық жауаптылық.
- •33. Заңды жауапкершіліктің түрлері.
- •34. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы – құқық саласы ретінде.
- •35. Қазақстан Республикасын азаматтарының конституциялық міндеттері.
- •36. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.
- •37. Мемлекеттік билік жүйесі, оның түрлері.
- •38. Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим).
- •39. Қазақстан Республикасындағы сот билігі.
- •40. Азаматтық: ұғымы, алу және айырылу тәртібі.
- •41.Қазақстан Республикасы қоғамдық құрылысының конституциялық негіздері.
- •43.Қазақстан Республикасының прокуратурасы.
- •44. Халықаралық құқықтың қазіргі кезеңдегі қызметі.
- •45. Мәміле нысаны. Мәміленің жарамдылығының, жарамсыздығының негіздері.
- •46. Қылмысқа қатысу.
- •47. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі, ұғымы, сайлау органдары.
- •48. Субъективті құқық және заңды міндет.
- •49. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мәртебесі.
- •50. Қазақстан Республикасының Парламенті.
- •51. Мемлекеттік басқару: ұғымы, қағидаттары, басқару органдары.
- •52. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының түсінігі.
- •53. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері.
- •54. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет.
- •55. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
- •57. Заңды жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері, заңды жауапкершіліктен босатудың негіздері.
- •58. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты. Еңбекті қорғау.
- •59. Жеке еңбек шартының түсінігі мен жасалу тәртібі.
- •60. Құқықтық қатынастардың құрамы.
- •62/Қазақстан Республикасының Президнті
- •63. Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі.
- •64.Қылмыстың санаттарының түсінігі мен түрлері.
- •65. Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін өзі басқару
- •66. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары.
- •67.Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары
- •68. Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.
- •69.Қажетті қорғану және аса қажеттілік
- •70. Құқық және мемлекет ұғымдарының анықтамасы және арақатынасы.
- •71.Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.
- •72. Меншік құқығы.
- •73. Қаржы полициясы және оның атқару қызметі.
- •74. Азаматтық қоғамның түсінігі мен қалыптасуы.
- •75. Экологиялық мәселелер: түрлері, шешу жолдары.
- •76. Құқықтық қатынастардың ұғымы және ерекшеліктері.
- •77.Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және реттеу әдістері.
- •78. Алименттік қатынастар.
- •79. Еңбек дауларын қарау және шешу жолдары.
- •80.Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері.
- •81. Некеге тұрудың шарттары.
- •82. Қылмыстық құқықтың ұғымы мен қағидалары.
- •83. Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары.
- •84. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері.
- •85. Қазақстан Республикасында жер қорының түсінігі, түрлері
- •86. Атқару билігі органдары жүйесінің ұйымдастырылуы.
- •87. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар.
- •88. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
- •90. Мемлекеттік қызметтің қағидалары, түсінігі.
27. Халықаралық құқықтың түсінігі мен қағидалары.
Халықаралық құқық - бұл халықаралық құқықтың субъектілері туындататын және халықаралық құқықтың субъектілері (мемлекеттер, өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар, халықаралық ұйымдар арасындағы, сонымен қатар кейбір жағдайларда, жеке және заңды тұлғалар қатысатын) арасындағы қатынастарды реттейтін халықаралық-құқықтық қағидалар мен нормалардың жиынтығы. Халықаралық құқықтың да өз реттеу пәні бар. Халықаралық құқықтық реттеудің пәні болып табылатын қатынастарды екіге бөлуге болады:
а) мемлекеттер арасындағы қатынастар;
б)мемлекеттер мен өз тәуелсіздігі үшін күресуші ұлттар арасындағы қатынастар.
Халықаралық бұқаралық құқық және халықаралық жеке құқық бар.
Халықаралық бұқаралық құқық- халықаралық құқықтың субъектілері арасындағы саяси сұрақтар бойынша туындаған қатынастарды реттейді.
Халықаралық жеке құқық – мемлекеттер арасындағы, заңды тұлғалар (ұйымдар мен мекемелер) мен жеке тұлғалар (азаматтар) арасындағы халықаралық жобадағы жеке сұрақтар (авторлық құқық, мұрагерлік құқық, отбасы-неке сұрақтары) бойынша туындаған қатынастарды реттейді.
Халықаралық құқық Халықаралық қатынасиарда үйлестіруші, реттеуші және қорғаушы қызмет атқарады.
Үйлестіруші қызметінің мазмұны – мемлекет өзі үшін әртүрлі сфераларда белгілі бір мінез-құлық стандарттарын белгілейді.
Реттеуші қызмет – белгіленген ережелер мен стандарттарды мемлекеттің қабылдауында және сақтауында көрінеді.
Қорғаушы қызмет – мемлекеттің мүддесін қорғауға бағытталған нормалар.
Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары халықаралық қатынастардың және халықаралық құқықтың осы заманғы жүйесінің маңызды заңдылықтарын көрсетеді. Қағидалар жүйесіне мынадай сипаттар тән:
1. әмбебаптық
2. көпшілік мойындағандық
3. жалпыға міндеттілік
4. тұрақтылық
Қағидалар жүйесінде бейбіт қатар өмір сүру қағидасы біздің көзқарасымыз бойынша жалпылама сипатқа ие. Бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті қолдау негіздерін сипаттайтын қағидаларға мыналар жатады: аумақтық тұрақтылық қағидасы; күш қолдану мен күш қолданамын деп қоқан-лоққы жасауға тыйым сала отырып, пайда болған халықаралық дауларды бейбіт түрде шешу қағидасы; шекаралардың мызғымастық қағидасы. Халықаралық ынтымақтастық қағидасы біріншіден, мемлекеттердің тәуелсіз теңдіктерімен; екіншіден, ішкі істерге қол сұқпаушылық; үшіншіден, мемлекеттердің түрлі салаларда ынтымақтасумен; төртіншіден, мемлекеттік тәуелсіздікті құрметтеумен; бесіншіден, өздеріне жүктелген міндеттерді адал орындаумен сипатталады.
28.Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары.
Отбасылық құқықтық қатынастар – құқық нормасымен реттелген отбасы мүшелері арасындағы қатынастар.
Неке – ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одағы.
Отбасы – некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы.
Неке қию тәртібі бойынша некеге отырғысы келген азаматтардың арыздары алдымен азаматтық хал актілерін жазатын (АХАЖ) мемлекет органдарының кітабына жазылады да, некені қию некеге тұруға тілек білдірушілер азаматтық хал актілерін жазу органына арыз берген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң жүргізіледі. ҚРның «Неке және отбасы туралы» 1998 жылғы 17 желтоқсандағы 10-бабына сәйкес неке жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленеді. Дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін.
Отбасы құқығының қағидалары деп осы құқық саласының мәнін және олардың құқықтық бекітілу күшіндегі жалпыға міндетті мәнін анықтайтын басты жағдайларды айтамыз.
Отбасы құқығының негізгі қағидалары мыналар:
1. Некені секуляризациялау, яғни шіркеу мен басқа да діни ұйымдарды барлық неке-отбасы сұрақтарын шешуден аластату. Қазақстандық заң некенің тек зайырлы нысанын ғана таниды. Неке тек азаматтардың хал актілерін жазу органдарында ғана тіркеледі.
2. Моногамиялық қағидат адамның бір мезгілде тек бір ғана тіркелген некеде тұра алатындығын көрсетеді. Басқа некеге отыру үшін бірінші некесін бұзуы керек. Неке саны заңмен шектелмеген.
3. Неке еркіндігін екі тұрғыдан қарастыруға болады:
А) некеге тұру еркіндігі Б) ажырасу еркіндігі
Біріншісі кез-келген еркек пен әйел некеге тұру немесе тұрмауды өз еркімен шешетіндігін көрсетеді. Неке одағына тұру кезінде қандай да бір зорлық көрсету салдарынан некені жарамсыз деп тану мүмкін.
Ажырасу еркіндігі – бұл егер ерлі-зайыптылардың біреуі қарсы болса да неке қатынасын тоқтату. Неке және отбасы туралы заңның 15 бабының 1 тармағына сәйкес неке ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екуінің де өтініші бойынша, сондай-ақ сот әрекетке қабілетсіз деп таныған жұбайдың қорғаншысының өтініші бойынша оны бұзу жолымен тоқтатылуы мүмкін. Сонымен қатар АХАЖ органдары мен соттар да ерлі-зайыптылардың өзара келісімі болған кезде олар не үшін некені бұзатындығын айқындамай-ақ некені бұза алады, өйткені некені бұзу сұрағын шешу – ол субъективтік және неғұрлұм жеке іс.
4. Әйел мен еркектің теңдігі туралы конституциялық жағдайға негізделген отбасындағы ерлі-зайыптылардың теңдігі қағидасы отбасының нығаюына әсер етеді.
5. Балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдық беру. Әр бала өзінің отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге құқығы бар (НОТЗ 52 бабының 2 тармағы), бірақ объективтік немес субъективтік себептердің күшіне байланысты олар көпшілік жағдайда отбасынан тыс қалып қояды. Отбасы заңы осы қағиданың күшіне сәйкес ата-анасының қарауынсыз қалған балаларды ең алдымен отбасына (асырап алушының, қамқоршының) орналастыруды қарастырады, ал тек отбасында тәрбиелеу мүмкін болмаған жағдайда ғана кәмелетке толмағандарды балалар үйіне тәрбиелеуге береді.
6. Отбасының кәмелетке толмаған, еңбекке жарамсыз мүшелелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үстемдігі. Отбасындағы өзіндік қарым қатынас бір-біріне қамқор болу, ал егер кімде-кім ерекше қамқорлыққа мұқтаж болса – бұл отбасының басқа мүшелерінің қасиетті борышы. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Неке және отбасы туралы» ҚР Заңы кәмелетке толған еңбекке жарамды балаларды өздерінің еңбекке жарамсыз немесе қартайған ата-анасына қамқорлық көрсетуге міндеттейді. Балалар ерекше қорғауда болуы керек: ата-ананың азаматтық парызы - әр баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету.
