Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
основы права.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.01.2020
Размер:
187.69 Кб
Скачать

25. Құқық бұзушылықтың ұғымы және құрамы.

Құқық бұзушылық - құқықтың және әрекеттілігі бар құқық нормаларының ұйғарымына қарсы, басқа адамға зиян келтіретін және заңды жауапкершілікке тартылатын адамның кінәлі тәртібі. Құқықтық тәртіпті бұзу, қатаң түрде белгіленген нышандарымен сипатталады, оны құқықтық емес тәртіп жолдарынан айырып көрсетеді.

Құқыққа қарсы тәртіп, құқық бұзушылыққа тек сол жағдайда айналады, егер құқық бұзушының әрекетінде не әрекетсіздігінде кінәсі болса, себебі адам біле отырып құқық бұзуға барады, өзінің әрекетін сол сәтте ақылымен басқарады.

Кінә – құқық бұзушының өзінің құқыққа қарсы тәртібіне психологиялық көзқарасы.

Барлық құқық бұзушылық өздерінің қоғамдық қауіптілігінің деңгейлеріне байланысты екі түрге бөлінеді: теріс қылық және қылмыс.

Теріс қылық – қылмыспен салыстырғанда, қоғамдық қауіптілігі аз сипатталатын құқық бұзущылық және қоғамдағы барлық тәртіптің жекелеген жақтарына қол сұғады. Оларға тәртіптілік, әкімшілік және азаматтық құқық бұзулар жатады.

Қылмыс мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың негізіне, меншікке, жеке адамға және азаматтардың құқығына қол сұғып, қылмыстық жаза қолдануды талап етеді.

Құқық бұзушылықтың құрамы:

1)құқық бұзудың субъектісіне жекелеген адамдар және құқықтық қабілеттілігі, әрекеттілігі бар ұйымдар жатады.

2) құқық бұзудың объектісіне құқық нормаларымен реттелетін және қорғалатын қоғамдық қатынастар жатады.

3) құқық бұзудың субъективтік жағына құқыққа қатысқандығы үшін жауапкершілік, егер құқық бұзушының кінәсі болса.

4)құқық бұзудың объъективтік жағына құқыққа қарсылық және субъект тәртібінің қоғамға қауіптілігі жатады.

26. Қазақстан Республикасының Үкіметі.

Үкімет ҚРның атқарушы билігін жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық жасайтын алқалы орган болып табылады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) мемлекеттің әлеуметтік‑экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;

2)Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді;

3)Мәжіліске заң жобаларын енгізеді және заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді;

4) мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады;

5) Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөнінде шаралар әзірлейді;6) министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасайды; 7) Республиканың министрліктері, мемлекеттік комитетттері, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдары актілерінің күшін толық немесе қолданылу бөлігінде жояды немесе тоқтата тұрады; 8) Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 9) өзіне Конституциямен, заңдармен және Президент актілерімен жүктелген өзге де қызметтерді орындайды.Үкімет өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты. ҚРның Үкіметі өз құзыретінің мәселелері бойынша Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар қаулылар шығарады. Үкіметті ҚР-ның Президенті Конституцияда көзделген тәртіппен құрады. Үкімет мүшелері Қазақстан халқы мен Президентіне ант береді.