
- •Сабақ №1. Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарының жүйесі Грамматикалық тақырып: Қайталау Мемлекеттің жалпы сипаттамасы
- •Даналық сөзден дән ізде
- •Сабақ №2. Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанасындағы біртұтас мемлекет (қр Конституциясы, 2 – бап). Грамматикалық тақырып: Модаль сөздер
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №3. Лексикалық тақырып: Мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары Грамматикалық тақырып: Зат есімнің сөз тудырушы жұрнақтары
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №4. Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары Грамматикалық тақырып: Етістіктің болымсыз түрі
- •Азаматтардың сайлау құқықтары
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №5. Өткенді қайталау
- •Сөйлеу әдептері
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Грамматикалық тақырып: Қаратпа сөз
- •Ұлттық ұлан
- •Қаратпа сөз
- •Қазақстан Республикасының сот жүйесі
- •Облыстық және оларға теңестірілген соттар
- •Әскери соттар
- •Көмекші есімдер
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №10. Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Грамматикалық тақырып: Омоним
- •Қорғаушы қызметі
- •Синоним
- •Біріккен сөз
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №14. Лексикалық тақырып: Қазақстан мен Ұлыбритания қарым-қатынастары Грамматикалық тақырып:Қос сөз
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №16. Бақылау жұмысы
- •Сабақ № 17. Лексикалық тақырып: Қазақстан Британия баспасөзінің беттерінде Грамматикалық тақырып:-нікі,-дікі,-тікі
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №18. Лексикалық тақырып:Өзін басқара алмағанды өзге басқарады. Грамматикалық тақырып:Үстеу
- •Өзін басқара алмағанды өзге басқарады.
- •Сабақ №19. Лексикалық тақырып: Құқықтық салыстырма Грамматикалық тақырып: Сөйлем мүшелері
- •Қазақ хандығы мен англо-саксон корольдігінің заң жүйесіндегі үндестік
- •Даналық ойдан дән ізде.
- •Сабақ 20.Өткенді қайталау
- •Сабақ 21. Лексикалық тақырып:Шекспир қазақша сөйлейді Грамматикалық тақырып:Сөйлемнің бірыңғай мүшелері Шекспир қазақша сөйлейді...
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №23. Лексикалық тақырып:Франция елшісіөҚызылжарда Грамматикалық тақырып:Тыныс белгілері
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №24. Лексикалық тақырып:юнеско-дағы Түркістан күндері. Грамматикалық тақырып:Жай сөйлем. Жай сөйлемнің түрлері.
- •Сабақ №25. Өздік жұмысы
- •Сабақ № 26. Лексикалық тақырып: Өзара мүдделестік ортақ іске күш береді Грамматикалық тақырып: Құрмалас сөйлем
- •Француз русского происхождения Досье. Серж Смесов, посол Франции в Казахстане, председатель совета европейских стран, находящихся в Казахстане. Много лет работал в рамках структуры обсе.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №27. Лексикалық тақырып: Қазақстанға француз капиталды келеді Грамматикалық тақырып: Салалас құрмалас сөйлем
- •Грамматикалық анықтама.
- •Гфр Қазақстанда шағын бизнес саласын дамытуға көмектеспек
- •Ыңғайлас салалас (соединительно-сочинительные) сөйлемдер.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №29. Лексикалық тақырып:Ганновер-Алматы іскерлік байланыста Грамматикалық тақырып:Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем
- •Германия келген несие бір кәсіпкердің ісін
- •Қазақ құсбегісі туралы хабар Кельн
- •Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №31. Лексикалық тақырып:Берлинде Абай көшесі бар Грамматикалық тақырып:Талғаулы салалас құрмалас сөйлем
- •Неміс офицері қазақ тілін меңгермек
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №32. Лексикалық тақырып: «Қазастанның қадірін Германияда сезіндік» дейді Германиядан оралған Ида Михель Грамматикалық тақырып:Себеп-саладар салалас құрмалас сөйлем
- •Грамматикалық анықтама:
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №33. Бақылау жұмысы
- •Сабақ №34.Лексикалық тақырып: Грамматикалық тақырып: Сабақтас құрмалас сөйлем
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №35. Лексикалық тақырып: Қазақстан мен Америка арасындағы қарым-қатынастар Граматикалық тақырып: Мезгіл бағыныңқылы сабақтас
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №36. Лексикалық тақырып: Қазақстан мен Құрама Штаттар белсенді әріптестер Грамматикалық тақырып: Шартты бағыныңқылы сабақтас
- •Шартты бағыныңқылы сабақтас.
- •Ақш Үкіметі мен Эксон корпорациясының ізгілікті көмектері
- •Себеп бағыныңқылы сабақтас.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №38. Лексикалық тақырып: Астаналықтар Америкада тәжірибеден өтті. Грамматикалық тақырып:Амал(қимыл-сын) бағыныңқылы сабақтас
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №39. Грамматикалық тақырып: Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №40. Қайталау сабағы
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №41. Бақылау жұмысы
- •Сабақ №42. Өткенді қайталау
- •Тіл мәдениеті
Облыстық және оларға теңестірілген соттар
Облыстық және оларға теңестірілген соттар әділет министрінің және Республика Жоғарғы соты кеңесінің ұсынысы бойынша Президентінің билігімен құрылады.
Облыстық және оларға теңестірілген соттар төралқасына төраға, коллегиялар төрағалары, үш судья кіреді. Төралқа коллегиялар төрағаларының есептерін тыңдайды, сот практикасының материалдарымен танысады және оларды талқылайды. Істерді қарау нәтижесі бойынша қаулы шығарады.
Облыстық және оларға теңестірілген соттар коллегиялары аппеляциялық және кассациялық тәртіптегі істерді қарайды. Коллегиялардың құрамын сот төрағасы бекітеді.
Облыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағасы судья қызметін қоса атқарады және өз қарамағындағы сот жұмысын жүзеге асырады. Коллегия төрағасы судья қызметін атқарумен қатар, коллегия жұмысын ұйымдастырады.
Әскери соттар
Қазақстан Республикасында әскерлердің әскери соты, әскери бірлестіктердің (армия әскери құрамалар, гарнизондар) әскери соттары құрылады. Қазақстан Республикасындағы әскери соттардың жалпы санын Президент анықтайды. Судьялардың санын әр әскери сот үшін әділет министрі анықтайды. Республика әскерілерінің әскери сотының құрамына төраға, коллегиялар төрағалары кіреді. Сот төралқасы, азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі коллегиялар жұмыс істейді.
Өзінің құқықтық мәртебесі бойынша әскери соттар облыстық соттарға теңестірілген. Әскери бірлестіктердің соты аудандық (қалалық) сот мәртебесіне сәйкес. Ол төраға және судьялардан тұрады. Төраға судья болып табылады және құзірет шеңберіндегі әскери соттың жұмысын ұйымдастырады.
Тапсырма: Мәтіндер бойынша сұрақтар құрастырыңыздар
Көмекші есімдер
Мағынасы есім сөзге жақын, зат есімнің мекендік, мезгілдік мағынасын дәлдеп көрсететін грамматикалық қызметке ауысқан сөздерді көмекші есім дейміз. Мысалы: Қымыз ішіп болған соң, үнсіз үй ішінде Абай екінші бір сөзін бастады. Бұл сөйлемдегі ішінде деген көмекші есім оқиғаның болған орнын дәлдеп көрсетіп тұр.
Көмекші есімге мына сөздер жатады: алды, арты, үсті, жаны, қасы, арқасы, арасы, ортасы, іші, аузы, жағасы, төбесі, бойы, сырты, басы, тұсы, беті. Бұл сөздер ілік септік жалғаулы зат есіммен тіркесіп қолданылады: үйдің алды.
Тапсырма: Көмекші сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.
Даналық ойдан дән ізде
Жақсы сөйлесе, аузынан гүл төгіледі,
Жаман сөйлесе, аузынан жын төгіледі.
Жақсы сөйлеген ас жер,
Жаман сөйлеген тас жер.
Жақсының сөзі– өлшеп пішкендей,
Жаманның сөзі – түйеден түскендей.
Жамандықтан тұра қаш,
Жақсылықпен бол жолдас.
Білімдімен дос болсаң,
Сасқанда ақылын айтар.
Білімсізбен дос болсаң,
Топ ішінде бетің қайтар.
Білім іздеген өсер, бүлік іздеген өшер.
Әдеп пен тәртіптің басы – тіл.
СӨЖ: Мәтіндерді әңгімелеу
СОӨЖ: Мәтіндерден сын есімдерді теріп жазу.
Сабақ №10. Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Грамматикалық тақырып: Омоним
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Cоты-сот жүйесінің ең жоғарғы тармағы (буыны). Жоғарғы сот төрағадан, коллегиялар төрағаларынан, тұрақты судьялардан тұрады. Олардың жалпы санын Жоғарғы Сот төрағасының ұсынысы бойынша Президент белгілейді.
Жоғарғы Сот органдары болып: пленум, төралқа, азаматтық істер жөніндегі коллегия, қылмыстық істер жөніндегі коллегия, шаруашылық даулар жөніндегі коллегия, әскери коллегия және ғылыми – консультативтік кеңес болып табылады.
Жоғарғы Сот пленумы сот практикасын талдайды, пленум хатшысын, ғылыми – консультативтік кеңес сайлайды. Сонымен қатар заңды және басқа нормативтік актілерді қолдану туралы материалдарды оқып біледі.
Жоғарғы Сот төралқасы сот төрағасынан, коллегиялар төрағаларынан тұрады. Төралқа отырыстары айына екі рет өтеді. Жоғарғы Сот төралқасы сот төрелігін жүргізгенде, заңдылықты сақтау мәселелерін қарайды, коллегия төрағаларының хабарларын және есептерін тыңдайды.
Жоғарғы Сот төрағасы сот төрағасы болып табылады және сот жұмысын ұйымдастырады. Ол уақытша болмаған жағдайда, өкілеттілігін оның бұйрығы бойынша коллегия төрағаларының бірі орындайды.
Тапсырма: Сұрақтарға жауап беріңіздер.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Cоты қандай мәртебеге ие?
Жоғарғы Сот органдары қандай?
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Cотының төрағасы кім?