Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сабак.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
29.12.2019
Размер:
219.43 Кб
Скачать

Даналық ойдан дән ізде

  1. Ымды білмеген – дымды білмейді.

  2. Сыпайы сырын білдірмес.

  3. Түсі игіден түңілме.

  4. Сөзі райлының жүзі – шырайлы.

  5. Келбеті келгеннен кеңес сұра.

  6. Оқып сөйлеме, тоқып сөйле.

СӨЖ: Мәтіндегі етістіктерді болымсыз түрге айналдыру.

СОӨЖ: Мәтінді әңгімелеу.

Сабақ №5. Өткенді қайталау

Тапсырма: Мына сөздер мен сөз тіркестерін оқып, орысша баламасын белгілеңіздер.

Демократиялық мемлекет құру, негізгі шарт, ұлтына қарамай, тең құқықтық негізде біріктіру, идеяға сүйену, ұғымды қолдану, саяси әрекеттерге қатысу, кәмелетке жету, жиынтық ұсыну, сайлау туралы жарлыққа сәйкес, қолдау немесе қарсы үгіт жүргізу, мүмкіндік беру.

Тапсырма: Мәтінді оқыңыздар.

Қазақстан Республикасы алдына демократиялық мемлекет құруды мақсат етіп қойып отыр. Мұндай мемлекет құрудың негізгі шарты– барлық азаматтарды ұлтына қарамай тең құқықтық негізде біріктіру. Осы интернационалдық идеяға сүйене отырып, Конституция «халық» деген – мемлекет көлемінде саяси әрекеттерге қатысуға қақысы бар, барлық кәмелетке жеткен Қазақстан азаматтарының жиынтығы. Мысалы, Конституцияға, Президенттің Қазақстан Республикасында сайлау туралы жарлығына сәйкес азаматтар, саяси партиялар, басқа қоғамдық бірлестіктер Республика Парламентінің Мәжілісіне депутаттыққа кандидаттар ұсынуға ерікті және оларды жан – жақты талқылап, қолдап немесе қарсы үгіт жүргізуге хақылы. Барлық саяси партиялар тең құқықты, олардың біреуіне қандай да болсын жеңілдік немесе олар депутаттыққа ұсынған кандидаттарды қолдауға немесе қолдамауғы ерікті. Мұның өзі халықтың ой – пікірін айқындауға мүмкіндік береді.

Тапсырма: Мәтінің мазмұнына байланысты сұрақтар құрыңыздар.

Тапсырма: Мәтіннің негізгі мазмұнын әңгімелеңіздер, өз ойыңызбен толықтырыңыздар.

Сөйлеу әдептері

Тым қатты, тым ақырын, не тістеніп сөйлемеңіз. Анық, қысқа сөйлеңіз. Тіл адам баласының көңіліндегі ашу, махаббат, жұмсақтық, қаттылық, оқу, әдеп сияқты алуан түрлі құбылыстарды көрсетеді.

Сол үшін тіліңіз шындықтан басқаға қозғалмасын. Адамның адамдығы тілін сақтау екендігін ұмытпаңыз. Тіл тигізіп, сөз жүргізбеңіз. Білмеген нәрсені сөйлеуге кіріспеңіз. Біреудің сөзін бөлмеңіз. Біреу жаңылысса сөкпей, жаймен түзетіңіз. Өзіңіз қателессеңіз, мойындаудан ұялмаңыз. Біреудің сөзін қайталамаңыз.

Үлкен кісілермен биязы сөйлесіңіз. Ата-баба, не ұстазыңыздың артықшылығын айтып мақтанбаңыз. Біреудің сұрағына жауап бере алмасаңыз, кешірім сұраңыз. Өзіңіз сөйлегенде ойыңызды анық жеткізіңіз. Ант ішіп сөйлемеңіз, ол – өтірікшінің әрекеті. Өзіңіз толық білмеген сөзге таласпаңыз. Болымсыз әңгімемен уақыт өткізбеңіз. Заманға лайық іс қылып, халықтың жайын ойлаңыз. Үш кісі отырып, екі кісі сыбырласпаңыз. Жақсы кісі кешірімді болады.

Даналық ойдан дән ізде

  1. Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын, жаманның жамандығын айт құты қашсын.

  2. Кешірімнің ең үлкені – кек сақтамау.

  3. Ақылмен көп елді қаратып алуға болады.

  4. Бақыт белгісі – білім.

  5. Көңіл аудар даналардың сөзіне,

Адал жанды өнеге тұт өзіңе.

  1. Өнер – білім берем десең басынан,

Бер оқуға балаларды жасынан

Жас кезінде білім берсең калай да,

Өсе келе қолы жетер талайға.

Тапсырма: Сөздерді сөз құрамы бойынша талдау.

Тапсырма: Жұмбақтардың жауабын табыңыздар.

  1. Әрі шешен, әрі әнші, әрі күйші,

Әр үйде бар тапқышым, кәне білші.

  1. Ешбір тіреусіз күмбез,

Ешбір сүйеусіз күмбез.

Ешкім көтере алмайтын күмбез,

Ешкім төңкере алмайтын күмбез.

  1. Екі семсер айқасқан,

Оқта – текте шайқасқан.

Сабақ №6. Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасының

Қарулы Күштері туралы

Грамматикалық тақырып: Одағай

Қазақстан Республикасының Конституциясы

36 – бап

  1. Қазақстан Республикасын қорғау –оның әрбір азаматының қасиетті борышы және парызы.

  2. Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет атқарады.

Әскер – ел қорғаны

Әскер. Ол – еліміздің қорғаны, мемлекетіміздің тірегі. Сондықтан тәуелсіз еліміздің тыныштығы соларға жүктеледі.

Бұл күнде Қазақстан мемлекетінің Қарулы Күштері, оның сайдың тасындай сарбаздары өз істеріне жауапкершілікпен қарап, әскери – техникалық жаттығуларда алдыңғы шептен көрініп, бүкіл дүние жүзі алдында өзінің күш – қуатын мойындатып келеді. Бұған Елбасымыздың берген бағасы да біз үшін мәртебе.

Тапсырма: Мәтінді оқып, аударыңыздар. Өз түсініктеріңізді айтыңыздар.

Ел қорғаны абыройлы міндет.

Адамдардың бойында азаматтық пен отансүйгіштік қасиеттері, олардың ертеңгі күнге деген сенімі нығаюда. Елде 20 жылдың басты нәтижесі ретінде, дамуымыздың басты қозғаушы күші бейбітшілік пен келісім үстем болуда.

Мемлекет Елбасы –Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә.Назарбаев аймақтық қауіпсіздік жүйесін тиімді қамтамасыз ету үшін қолдап келгеннің бәрін жасауда.

Соңғы жылдары алғаш рет Қарулы Күштерді қаржыландыру көлемі ұлғайтылды, ол әскери округтерді, ұтқыр күштерді құру, әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі іс – шаралар кешенін жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

Қазақстандық аға ұрпақтың даңқты жауынгерлік және еңбек ету дәстүрін арттыра отырып, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көптеген әскери қызметшілері, жұмысшылары мен қызметкерлері өздерінің азаматтық және жауынгерлік борыштарын адал, жоғары жауапкершілік және абыроймен орындауда.

Қарулы Күштердің жеке құрамы өздерінің нақты қажырлы істерімен алдағы уақытта да ел қауіпсіздігін нығайту және «Қазақстан –2030»стратегиясын іске асыру ісіне лайықты үлес қоса береді.

(«Егемен Қазақстан»)

Тапсырма: Сұрақтарға жауап беріңіздер.

  1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы кім?

  2. Мемлекетіміздің Қазақстан шекарасын қалай қорғау керек?

  3. Қазіргі Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қуаты қандай дәрежеде?

  4. Қазақстан халқының отансүйгіштік сезімі қандай дәрежеде деп ойлайсыз?

  5. Қазақстан Қарулы Күштерінің дүние жүзі елдерінің Қарулы Күштерімен қарым – қатынасы қандай?

Тапсырма: Жауынгерлердің қандай қасиеттерінің болуы қажет деп

санайсыз?

Үлгі: Азаматтық, отансүйгіштік, ...

Тапсырма:Еліміздің Қарулы Күштерінің болашағы қалай деп ойлайсыз? Пікір алысыңыздар.

Одағай

Одағайлар адамның шаттану, ренжу, таңырқау, өкіну, шошыну сияқты алуан түрлі көңіл- күйін білдіреді. Мысалы: Қап, не дедің сен бала? Мұндағы одағай (қап) сөйлемге өкіну мәнін қосып тұр. Бәрекелді, мынаны қара! Мұндағы бәрекелді сөйлемге шаттану, риза болу мәнін қосып тұр. Одағай сөйлем мүшесі болмайды, сөйлем құрамына енбей, үтір арқылы бөлініп, оқшау тұрады.

Одағайлардың мағынасына қарай мынандай түрлері бар:

  1. Көңіл– күйі одағайлары: алақай, әттең, қап, бәрекелді, пәлі, айпырмау, туу, уһ, аһ, еһе, аһа, әй, беу, ой, уа, ойбай, әттеген – ай.

  2. Жекіру одағайлары: жә, тек, әйт.

  3. Шақыру одағайлары: маһ – маһ, қос – қос, құрау – құрау, т.б.

Тапсырма: Одағайлармен сөйлем құрастырыңыздар (6 сөйлем)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]