Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сабак.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
29.12.2019
Размер:
219.43 Кб
Скачать

Даналық ойдан дән ізде

  1. Өзіне деген сенім-тамаша нәрсе,өйткені парасатты кісі өзін бетімен жібермеуі тиіс.(А.А.Чехов)

  2. Өзінің құшталықтарына билігін жүргізген адам да ер.

Сабақ №32. Лексикалық тақырып: «Қазастанның қадірін Германияда сезіндік» дейді Германиядан оралған Ида Михель Грамматикалық тақырып:Себеп-саладар салалас құрмалас сөйлем

Тапсырма:Мәтінді оқыңыздар.

Теміртаудан Асанаға қарай жол бойында байқаған адамның назарын аударатын жасыл желекке көмкерілген әдемі бір село бар. Ол «Красный кут»деп аталады.Бұл немістердің соғыстың алдында,соғыстан кейін қоныс тепкен елді мекені.Ертеде қазақтар бұл өңірді Қызылжар деп атайтын.

Кеңестік кезінде егін егіп, көкөніс өсіруден, сүт сауып, асыл тұқымды мал өрбітуден бүкіл облысқа шамшырақ ретінде танылған шаруашылық болды.Қазір де байлығы мен сәні ортаймаған, әр үй ауласы бау-бақшаға малынған қорасы түлік түрінен арылмаған жер.

«Красный кут»кілең немістер тұратын село деуге болады.Сондықтан үлкен-кішісі ана тіліне жүйрік, ұлттық салт-дәстүрге берік, дінге нық. Дегенмен ата-баба топырағына деген ықылас бөлек қой.Байырғы Отандарына қоныс аудару етек алған тұста осындағы 400-дей отбасының біразы орындарынан қозғалды.Бірқатар Германиямен біржолата қауышты,бірқатары қайтып оралды.Әсіресе кейіннен барғандардың жолы оңғырылмай,кері қайтуы жиі ұшырасып отыр.

Даланың самал желін, таза ауасын, қазағы болсын, орысы болсын, немісі болсын бір-бірімен еркін араласатын кеңпейіл ортаны сағындық.Балаларым «үйге қайтайықшы» деп қыңқылдай берді. Ата-бабамыздың Отаны болғанымен, жерсінбейтінімізді біліп, қайта оралдық.Тегінде адамға бауыр басқан жері Отан ғой.Отанымыз-тек Қазақстан екендігі Германияда айрықша сезілді.Кеңпеіл қазақ елінің қадірін сонда білдік-дейді Ила Михель.

Бұл күндері Михельдер «Красный куттан»енді ешқайда кеткісі келмейді.Көп көмегімен қайтадан үлкен үй тұрғызып алды,әл-ауқаттарына өкпесі жоқ.

Кезінде Германияға қоныс аударушылар арасынан былтыр облысқа 50-60 отбасы қайта көшіп келді.Оралушылар қатары жылма-жыл өсе түсуде.

Тапсырма:Қазақстан, басқа да ТМД елдерінен Германияға қоныс аударушылар қандай мәселелерге тап болады?Осы туралы әңгімелесіңіздер.

Грамматикалық анықтама:

Себеп-салдар салалас сөйлемдер.

Жалғаулықтары:сондықтан,себебі, өйткені, сол себепті.

Бұлар соңғы жай сөйлемнің алдында айтылады да, істің,уақиғаның себебін білдіреді.Мысалы:ҚР Конституциясы ұлтына қарамай барлық азаматтарға тең құқық береді де, олардың тату тұруына заңдық негіз құрады, сондықтан,Қазақстан-бүкіл халықтық мемлекет.

Тапсырма:Сондықтан, сол себепті, өйткені, себебі, неге десең шылауларымен 5салалас сөйлем құрап жазыңыз.

Даналық ойдан дән ізде

  1. Өзіне деген сенім-тамаша нәрсе,өйткені ол-адамның өз қабілетін сезінгенінің белгісі.

  2. Адамды,кісілікті терең ұсынған кісі өзіне жақсы төреші бола алады.

Сабақ №33. Бақылау жұмысы

Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жазыңдар.

  1. Екі неміс мемлекетінің бірігу күні – ұлттық мейрам ретінде ....

тойланды.

а) мамырдың он сегізінде

б) желтоқсанның төртінде

в) қазанның үшінде.

  1. Германияның мемлекеттік туының түсі ...

а) қара-қызыл-сары

б) ақ-көк-қызыл

в) сары-қара-ақ.

  1. Германияның Федеративтік Республикасының территориясы ....

бөлінеді.

а) 18 штатқа

б) 16 федералдық жерге

в) 21 федералдық округке

  1. ...-мемлекет басшысы болып табылады.

а) федералдық канцлер

ә) федералдық министр

в) федералдық президент

  1. Біріккенге дейін Германия Федеративтік республикасында ...

федералдық жер болды.

а. 11

ә. 15

б. 13

  1. Бундестагты - ... тарата алады.

а. Федералдық министр

ә. Федералдық канцлер

б. Федералдық президент

  1. Германия конституциясы ... деп аталады.

А. Негізгі заң

Ә. Ата заң

Б. Заңдар жинағы.

  1. Германияның заң шығарушы билігін ... жүзеге асырады.

А. Бундесрат

Ә. Бундестаг

Б. Үкімет

  1. Халықаралық қатынастарда Германия атынан келіссөздер жүргізу,

елшілерді қабылдау құқығы тек ....

А. Федералдық министрлерде

Ә.федерладық президентте

Б. Федералдық канцлерде

  1. Германияның жер көлемі жағынан ең үлкен федералдық жері ....

тойланды.

А. Тюрингия

Ә. Бавария

Б. Баден-Вюртенбарг

Тапсырма:Салалас сөйлемдердің әр түрін өз алдына топтап жазыңыздар, жалғаулық шылаулардың астын сызыңыздар.

  1. Құқық салаларының өзіндік ерекшеліктері болады, сондықтан олардың аталуы да , мазмұны да ерекше болады.

  2. Экономикалық соттарға біраз процессуалдық құқық беру керек,өйткені қазіргі жағдайда мемлекетіміздің көптеген қаржысы талан-таражға түскен.

  3. Күндіз ылғи ұзақ жырлар жырланады немесе шешендер айтқан тақпақ, тартыс, билік, дауар айтылады.

  4. Демократиялық даму жолына түскен мемлекет халықаралық құқықтық құжаттарды мойындауға, мемлекет ішінде қолдануға міндетті, сол себепті халықаралық құқықты білу өте қажет.

  5. Біресе қар жауады,біресе жаңбыр жауады.

  6. Не өзі өртеніп өледі, не біреулер өлтіреді. (Ш.Мұртазаев)

  7. Бірде қыз ән салады, бірде жігіт күй шертеді.

  8. Әр мемлекеттің ұлттық құқық жүйесі қалыптасады, әрі ол қоғам салаларындағы маңызды қатынастарды реттейді.

  9. Құқық нормаларын жасауға халық тікелей қатысады, бірақ халық заңды тек ерекше жағдайда ғана қабылдайды.

  10. Әр мемлекет басқа мемлекеттермен қарым-қатынаста болады және ол дүниежүзілік қауымдастық шешетін мәселелерге қатысуға ат салысады.

  11. Халықаралық қауымдастық қабылдаған құқықтық құжаттар бар, алайда олар негізінен адамдардың құқықтары мен бостандықтарына арналған.

  12. Анықтау және тергеу қызметін үшін арнайы органдар құрылады да ,олар әртүрлі болады- полиция органдары,мемлекеттік қауіпсіздік органдары.

  13. Құқықтық тәртіпті қорғауда ішкі істер органдарының қызметі де сан алуан және оларға жүктелген міндеттер ерекше заңда белгіленген.

Тапсырма: Салалас құрмалас сөйлемнің түрлеріне сөйлем құрастырыңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]