Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сабак.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
29.12.2019
Размер:
219.43 Кб
Скачать

Даналық ойдан дән ізде

  1. Қоштаса білмесең, қонағыңнан айрыласың.

  2. Жақсы шығарып салсаң , жақсы қарым- қатынас болады.

  3. Қоштасқанына қарап құрметте.

  4. Қоштасқандық-қашықтап кету емес.

Тапсырма:Жұмбақтарды шешіңіздер

  1. Қыздырап соқсаң иеленеді, балға мен төстен именеді.

  2. Адамның сәні,онсыз жоқ мәні.

  3. Әжеме берген,

Жиегін көмкерген,

Етегі желкендей,

Киім еді ол нендей?

  1. Ерте тұрдым да, қос жолға түстім.

  2. Қолы бар,саусағы жоқ.

Мойны бар,басы жоқ.

  1. Бес айналы туыс,тапқаны бір уыс.

  2. Есігі біреу, бөлмесі бесеу.

  3. Киімдегі қуыс, ұсақ-түйекке ыдыс.

  4. Отынсыз, сусыз піскен ас, адамның бәрі ішкен ас.

  5. Таппайтын тағат,

Тығулы сағат.

Сабақ №22. Лексикалық тақырып: Қазақстан мен Франция

Грамматиалық тақырып: Сөйлемдегі сөздердің орны

Қазақстан мен Франция арасындағы қарым-қатынас

Франция-Қазақстан: ынтымақтастық екі елдің де мүддесіне сай

келеді.

Республикамыздың Франциядағы төтенше және өкілетті елшісі осы елдің Президенті Жак Шираққа Сенім грамотасын тапсырды.

Содан кейін әңгіме барысында Қазақстан дипломаты Францияның басшысына Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ең ізгі серіктестік қатынастарды қарышты дамытуға деген мүдделікті білдірді. Қазақстан Францияны Еуропадағы және тұтас алғанда әлем қоғамдастығындағы мәртебелі де басым серіктес ретінде қарайды. Өз тарапынан Ж.Ширак екі жақты ынтымықтастықтың жайына қанағат білдіріп, Францияның Қазақстанмен мәдени және басқа салалардағы өзара іс-қимылды өрістету ниетін қуаттады.

Франция Президенті, сондай-ақ үстіміздегі жылдың алғашқы жартысында экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық жұмыс тобының кезекті мәжілісін өткізудің қажеттігіне келісті.

Ж.Ширак Н.Назарбаевтың реформалар саясатын жүзеге асыру жөніндегі қызметін, оның халықаралық аренадағы белсенділігін жоғары бағалады. Мұның өзі Қазақстанның аймақтағы тұрақталақтың кепілі ретінде маңызды рөл атқаруына мүмкіндік береді.

Жак Ширак өзінің біздің елге ресми сапармен келіп қайтпақ ниетін қуаттап, Қазақстан басшысын Францияда екі жақ үшін де оңтайлы кезеңде қабылдайтынын айтты.

(«Егемен Қазақстан»)

Тапсырма: Мәтінді оқып, сұрақтар қойыңыздар.

Тапсырма: Берілген сөз тіркестерін аударыңыздар және сөйлемдер құрастырыңыздар.

Өз тарапынан, ниетін қуаттау, саяси аренадағы белсенділігі, экономикалық ынтымақтастық, серіктестік қатынастар, қанағат білдіру, Сенім грамотасын тапсыру, мүдделікті білдіру.

Тапсырма: Сөйлемдерді толықтырыңыздар.

  1. Ж.Ширак Н.Назарбаевтың реформалар саясатын....

  2. Төтенше және өкілетті елші....

  3. Қазақстан дипломаты.....

  4. Франция президенті...

  5. Қазақстан басшысы.....

  6. Қазақстан.....

  7. Франция Қазақстанмен....

Тапсырма: Қазақ тіліндегі сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін еске түсіріңіздер, мысал келтіріңіздер.

Даналық ойдан дән ізде

  1. Кешірімшіл болсаң, кең боласың.

  2. Үш кісі отырып, екі кісі сыбырласпайды.

  3. Алғыс алмағаннан аулақ жүр.

  4. Мінез-адамды өсіреді, мінез-адамды өшіреді.

  5. Ашулана берсең-абыройдан айрыласың.

  6. Кішірею- мінездің мінезі.

Тапсырма: Жұмбақтарды шешіңіздер

  1. Үңгір түбінде жалбырап,

Өсіп тұр жалғыз жапырақ.

  1. Сөз ұшқыш-

Қос тұтқыш

  1. Жағасы құрақ,

Мөлдір суат.

  1. Белдеуде бес ат, бесеуі де қасқа ат.

  2. Көрмеген ешкім,

Дәмін татып.

Қара орман асты

Ұйыған қатық.

  1. Үңгір толы асыл тас.

  2. Дөңнің сыртқы қабаты – қарлығаштың қанаты.

  3. Қос жиек,

Ортасы

Ақ сүйек .

  1. Бәрі таныс,

Көз алдымда тұр.

Бәрі қалыс,

Үнсіз қалпында тұр.

  1. Қабырғасы төр көз.

Төбесінде зор көз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]