Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сабак.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
29.12.2019
Размер:
219.43 Кб
Скачать

Біріккен сөз

Екі одан да көп сөз бірігіп, жаңа лексикалық мағынада айтылған сөз тұлғасын біріккен сөз дейміз.Мысалы:Болатбек, Тасболат, Ақтөбе.

Аққұтан, алабота, әнеугүні, жазғытұрым, қалжыңбас, меймандос, тасбақа, жолбарыс, өнеркәсіп, белбеу, шекара.

Даналық ойдан дән ізде

Тілді тыйып ұстау – әдептіліктің шарты

Білімдіден қалған сөз тағы бар:

Әдептіге «үндемес» ат тағылар

Тіліңді тый – сонда тісің сынбайды,

Жөнсіз шыққан тілден тісің қағылар.

Сөз есепсіз-тіліңді тый,тарт,ұста,

Тыймаған тіл басыңа сор әр тұста,

Есепті сөз-ер сөзінің асылы,

Мылжың тілді, «жау» деп ұғын тартыста.

Ақылды ма көп сөйлеген күніне,

Талай бастың тіл жетті ғой түбіне.

Оқ жарасы жазылады,бірақ та,

Тіл жарасы жазылмайды:түбі не?

(Ахмет Иүгінеки)

СӨЖ.Мәтінді әңгімелеу

Сабақ №14. Лексикалық тақырып: Қазақстан мен Ұлыбритания қарым-қатынастары Грамматикалық тақырып:Қос сөз

Тапсырма:Мәтінді оқып,аударыңыздар.

Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Бритиш Аэроспейс компаниясы басқармасының төрағасы Ричард Эванс мырза бастаған делигацияны қабылдады. Қабылдауда азаматтық авиация саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер сөз болды.

Әңгіме барысында Елбасы еліміздің азаматтық авияция саласын дамытуға бағытталған бағдарлама жобасына бас назар аударды. Оның өзіндік мәні бар. Қазіргі кезде азаматтық авиацияның орны да, жөні де бөлек.Бірақ, еліміздің азаматтық авиациясында шешімін күткен проблемалар жетерлік. Жүк және жолаушы тасымалында кідіріс бар, авиакәсіпорындар мен авиакомпаниялардағы ұшақтардың біраз бөлігі жаңартуды немесе күрделі жөндеуден өткізуді қажет етеді. Көпшілік әуежайлар халықаралық талаптарға сай келмейді. Қалыптасқан осындай проблемаларды шешуге қорғаныс және әуеғарыш кеңістігі саласында өздік орны бар, дүниежүзінде төртінші орын алатын Ұлыбританияның Бритиш Аэропейс компаниясы ынта танытып отыр.

Қабылдауда Елбасы шетелдік компанияның қатысуымен қазақстандық авиакәсіпорындарды, авиякомпанияларды жетілдірудің маңызы ерекше екендігіне баса назар аударды. Бритиш Аэропейс компаниясы тарапынан ұсынылған жобаларға қатысты пікірін білдірді.Сондай-ақ оның халықаралық жолаушылар және жүк тасымалында алатын орнына баға берді. Ұзақ мерзімдік байланыстар орнатуға бағытталған мәселелердің нақты қорытындысы компанияға да, қазақстандық азаматтық авиацияға да тиімді болу керектігін меймандарға ескертті.

Қабылдау соңынан компания басқармасының төрағасы Ричард Эванс мырза баспасөз өкілдерінің сауалдарына қысқаша жауап берді. Ол Елбасымен болған әңгімеде азаматтық авиацияны дамытуға қатысты біраз мәселелер талқыланғанын, ұшқыш-мамандарды оқыту, үйрету жөнінде сөз болғанын, әуежайларды, аэронавигация жүйелерін жетілдіру туралы екі жаққа да тиімді жолдар қарастырылғанын ортаға салды.

(«Егеменді Қазақстан»)

Тапсырма:Сұрақтар бойынша пікір алысыңыздар.

  1. Қазақстанның Елбасы қай елдің делегациясын қабылдады?

  2. Қабылдауда қандай мәселелер талқыланды?

  3. Қазақстан азаматтық авиациясының бүгінгі күнгі жағдайы қандай?

  4. Шетелдік компания еліміздегі азаматтық авиация мәселелерін шешуге неліктен ынта танытып отыр деп ойлайсыз?

  5. Сіздің ойыңызша, авиацияда орын алып отырған проблемаларды шешудің тағы қандай жолдары бар?

Тапсырма:Сіз Қазақстандағы ірі авиация компаниясының жетекшісіз. Осы компанияның қызметі, жоспарлары жөнінде баспасөз конференциясын өткізіңіз.

Қос сөз

Екі сөз қосарланып я бір сөз қайталана қосарланып бір лексикалық мағынада айтылған сөз тұлғасын қос сөз дейміз.Мысалы:ыдыс-аяқ, киім-кешек, әке-шеше. Қос сөздер тұлғасына қарай 3түрге бөлінеді:

1.Қосымшасыз қос сөз.Мысалы:ата-ана, тарс-тұрс, ине-жіп.

2.Қосымшалы қоc сөз.Мысалы:үйді-үйіне, қолма-қол, балалы-шағалы, бет – бетіне.

3.Күшейткіш буынды қос сөз.Мысалы:қып-қызыл, ап-ашық, үп-үлкен.

Қос сөздің жеке сыңарлары кез келген сөзден жасала бермейді.

Қос сөздің заттардың аттарынан, кейде антоним сөздерден жасалады. Мысалы:туған-туысқан, үлкен-кіші, жора-жолдас, ыдыс-аяқ.

Тапсырма:Қос сөздердің сыңарларының мағыналық қатысын түсіндіріп,сөйлем құрастырыңыздар.

Әке-шешесі, мал-мүлкін, қорлық-зорлық, құрбы-құрдастар, ысырыла-ысырыла, туған-туысқандар, ыдыс-аяғымызды, сауыт-сайман, кімде-кім, бет -бетіне, қолма-қол, киім-кешегін, алыс-жақын, жап-жақсы, көрпе-жастық.

Даналық ойдан дән ізде

  1. Туа білмейді, жүре біледі.

  2. Көзі соқырға жолдас болсаң да,

Көңілі соқырмен жолдас болма.

  1. Әркімнің өзі шығар биігі бар.

  2. Алғыс алған арымас,

Қарғыс алған жарымас.

  1. Өзіңді зор тұтпа,

Өзгені қор тұтпа.

СӨЖ.Мәтінді әңгімелеу

СОӨЖ.Қос сөздерді жаттау.

Cабақ №15. Лексикалық тақырып:Қазақстан британдықтардың көзімен

Грамматикалық тақырып:Қысқарған сөз

Тапсырма:Мәтінді оқып,аударыңыздар.

Қазақстан британдықтардың көзімен.....

Қарапайым британдықтардың көбісі, өкінішке орай, Қазақстанды білмейтін көрінеді. Кеңес Одағының сыртқы дүниеге жабық қоғам болғандағы кері әсерін тигізбей қоймайды.

Алайда іскертоптар, саясаттанушылар, бақылаушы-сарапшылар елімізде болып жатқан саяси-экономикалық өзгерістерге зор қызығушылық танытып отыр. Орта Азияның өзге елдерімен салыстыра отырып, Қазақстандағы қоғамның қай бағытта келе жатқандығын жіті қадағалаумен келеді. Республикада болып жатқан соңғы саяси оқиғалар, конституциялық өзгерістер британдық саясатшылардың назарынан тыс қалып жатқан жоқ.

Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған Протон зымырандарының құлауы себепті ресми Астананың ондай ұшыруларға, уақытша болса да тыйым салғаны батыс елдеріне Қазақстанның тәуелсіз ел екендігін байқатты. Лондонда Қазақстан экономикасына инвестиция тартуды мақсат тұтқан бірқатар конференциялар өтті. Кейін Ұлыбританияның ақпарат құралдарында қызмет ететін кейбір журналистер сонда оқылған баяндамалар, ағылшын аудармалары алдын ала дайындалып қойғанына қарамастан, не себепті қазақ тілінде жасалмағанын түсінбейтіндерін жасырған жоқ. Кезінде дүниенің төрттен бірін билеген Ұлыбритания осы секілді жәйттердің бәрін көріп, біліп отырады.т Қазақстан жайлы пікір осындайдан қалыптасады емес пе?

Ұлыбританияның зиялы қауымы біздің мемлекетке экономикалық әлеуметі мол, табиғи қорларға бай ел деп қарайды.Тартылып қалған Арал теңізі, ядролық сынақтардан зардап шеккен Семей аймағы жайынан да хабардар. Британдық тележурналистердің қазақстандықтар өмірінен көрініс беретін деректі фильмдері де көрсетіліп тұрады.Көшпенділер мәдениетінің лебі сезілетін музыка өнерінің туындыларын, айтысқа түскен суырып-салма ақын-жырауларымыздың өнерін, ұлттық дәстүрдегі спорт ойындарын, қолөнерімізді көрген батыс елдерінің өнертанушы мамандарының кейін сол жөнінде тамсана әңгімелеп отыратындары бар.Халықаралық жарыстардан олжалы қайтып жүрген спортшылар да, Қазақстанның өзіндік спорт дәстүрлері бар ел екендігін танытып келеді. Қарап отырсақ, біздің жас, тәуелсіз мемлекетіміз туралы қалыптасып келе жатқан пікірлер де әр алуан екен.

Тапсырма:Берілген сөз тіркестерімен сөйлемдер ойлап жазыңыздар. Бақылаушы-сарапшылар, саяси-экономикалық өзгерістер, қызығушылық таныту, жиі қадағалау, назардан тыс қалу, ғарыш айлағы, зымырандардың құлауы, тыйым салу, экономикаға инвестициялар тарту, пікірдің қалыптасуы, пікір білдіру, зиялы қауым, экономикалық әлеуеті мол, табиғи қорларға бай, тартылып қалған теңіз, ядролық сынақ, зардап шегу, музыка өнерінің туындылары, суырып-салма ақын-жыраулар, өнертанушы мамандар, өзіндік дәстүр, тамсана әңгімелеу.

Тапсырма:Бір-біріңізге сұрақ қойып,пікірлесіңіздер.

  1. Қарапайым британдықтар Қазақстан туралы неге өте аз біледі деп ойлайсыз? Оның себебі неде?

  2. Кез келген ел туралы пікір қалай қалыптасады деп ойлайсыз?

  3. Қазір біздің елімізге кімдер қызығушылық танытып отыр? Не үшін?

  4. Ұлыбритания зиялы қауымының Қазақстан туралы пікірі қандай?

  5. Сіз Қазақстанды басқа мемлекеттерге қалай таныстырар едіңіз?

Тапсырма:

  1. «Қазақстанды шетелдіктерге таныстыру» тақырыбы бойынша өз ойыңызды жазыңыз.

  2. «Алматының визит карточкасы» тақырыбы бойынша сұхбат ұйымдастырыңыздар.

Тапсырма:Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіз. Айтылған ойға өз көзқарасыңызды білдіріңіз.

Қысқарған сөз.

Күрделі атаулар тілде жиі қолданылатын болғандықтан, оларды айтуға, жазуға жеңілдету мақсатымен ықшамдап қолданамыз. Ол үшін тіркескен сөздер қысқартылып жұмсалады.

Тапсырма:Берілген қысқарған сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрап жазыңыздар. АҚШ, ҚАУ, ТМД, БҰҰ, ҚХР, МУ, ҚРҰҒА, ҚазҰУ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]