
- •Сабақ №1. Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарының жүйесі Грамматикалық тақырып: Қайталау Мемлекеттің жалпы сипаттамасы
- •Даналық сөзден дән ізде
- •Сабақ №2. Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанасындағы біртұтас мемлекет (қр Конституциясы, 2 – бап). Грамматикалық тақырып: Модаль сөздер
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №3. Лексикалық тақырып: Мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары Грамматикалық тақырып: Зат есімнің сөз тудырушы жұрнақтары
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №4. Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары Грамматикалық тақырып: Етістіктің болымсыз түрі
- •Азаматтардың сайлау құқықтары
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №5. Өткенді қайталау
- •Сөйлеу әдептері
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Грамматикалық тақырып: Қаратпа сөз
- •Ұлттық ұлан
- •Қаратпа сөз
- •Қазақстан Республикасының сот жүйесі
- •Облыстық және оларға теңестірілген соттар
- •Әскери соттар
- •Көмекші есімдер
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №10. Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Грамматикалық тақырып: Омоним
- •Қорғаушы қызметі
- •Синоним
- •Біріккен сөз
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №14. Лексикалық тақырып: Қазақстан мен Ұлыбритания қарым-қатынастары Грамматикалық тақырып:Қос сөз
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №16. Бақылау жұмысы
- •Сабақ № 17. Лексикалық тақырып: Қазақстан Британия баспасөзінің беттерінде Грамматикалық тақырып:-нікі,-дікі,-тікі
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №18. Лексикалық тақырып:Өзін басқара алмағанды өзге басқарады. Грамматикалық тақырып:Үстеу
- •Өзін басқара алмағанды өзге басқарады.
- •Сабақ №19. Лексикалық тақырып: Құқықтық салыстырма Грамматикалық тақырып: Сөйлем мүшелері
- •Қазақ хандығы мен англо-саксон корольдігінің заң жүйесіндегі үндестік
- •Даналық ойдан дән ізде.
- •Сабақ 20.Өткенді қайталау
- •Сабақ 21. Лексикалық тақырып:Шекспир қазақша сөйлейді Грамматикалық тақырып:Сөйлемнің бірыңғай мүшелері Шекспир қазақша сөйлейді...
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №23. Лексикалық тақырып:Франция елшісіөҚызылжарда Грамматикалық тақырып:Тыныс белгілері
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №24. Лексикалық тақырып:юнеско-дағы Түркістан күндері. Грамматикалық тақырып:Жай сөйлем. Жай сөйлемнің түрлері.
- •Сабақ №25. Өздік жұмысы
- •Сабақ № 26. Лексикалық тақырып: Өзара мүдделестік ортақ іске күш береді Грамматикалық тақырып: Құрмалас сөйлем
- •Француз русского происхождения Досье. Серж Смесов, посол Франции в Казахстане, председатель совета европейских стран, находящихся в Казахстане. Много лет работал в рамках структуры обсе.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №27. Лексикалық тақырып: Қазақстанға француз капиталды келеді Грамматикалық тақырып: Салалас құрмалас сөйлем
- •Грамматикалық анықтама.
- •Гфр Қазақстанда шағын бизнес саласын дамытуға көмектеспек
- •Ыңғайлас салалас (соединительно-сочинительные) сөйлемдер.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №29. Лексикалық тақырып:Ганновер-Алматы іскерлік байланыста Грамматикалық тақырып:Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем
- •Германия келген несие бір кәсіпкердің ісін
- •Қазақ құсбегісі туралы хабар Кельн
- •Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №31. Лексикалық тақырып:Берлинде Абай көшесі бар Грамматикалық тақырып:Талғаулы салалас құрмалас сөйлем
- •Неміс офицері қазақ тілін меңгермек
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №32. Лексикалық тақырып: «Қазастанның қадірін Германияда сезіндік» дейді Германиядан оралған Ида Михель Грамматикалық тақырып:Себеп-саладар салалас құрмалас сөйлем
- •Грамматикалық анықтама:
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №33. Бақылау жұмысы
- •Сабақ №34.Лексикалық тақырып: Грамматикалық тақырып: Сабақтас құрмалас сөйлем
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №35. Лексикалық тақырып: Қазақстан мен Америка арасындағы қарым-қатынастар Граматикалық тақырып: Мезгіл бағыныңқылы сабақтас
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №36. Лексикалық тақырып: Қазақстан мен Құрама Штаттар белсенді әріптестер Грамматикалық тақырып: Шартты бағыныңқылы сабақтас
- •Шартты бағыныңқылы сабақтас.
- •Ақш Үкіметі мен Эксон корпорациясының ізгілікті көмектері
- •Себеп бағыныңқылы сабақтас.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №38. Лексикалық тақырып: Астаналықтар Америкада тәжірибеден өтті. Грамматикалық тақырып:Амал(қимыл-сын) бағыныңқылы сабақтас
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №39. Грамматикалық тақырып: Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №40. Қайталау сабағы
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №41. Бақылау жұмысы
- •Сабақ №42. Өткенді қайталау
- •Тіл мәдениеті
Сабақ №1. Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарының жүйесі Грамматикалық тақырып: Қайталау Мемлекеттің жалпы сипаттамасы
Тапсырма: Мәтінді оқыңыз.
Мемлекет – саяси ұйым. Қоғамда көптеген саяси ұйымдар болуы мүмкін. Бірақ мемлекет – ерекше, бүкіл қоғамды қамтып, негізінен, соның атынан, қоғам үшін қызмет істейтін саяси ұйым. Мемлекет қоғамның атынан қоғамның ішінде де, басқа мемлекеттермен қатынастарда да қызмет атқарады. Сондықтан мемлекеттің қоғам өміріне тікелей және жанамалай әсер ететін ерекше органдары және басқа саяси ұйымдардан оны ажырататын белгілері бар.
Мемлекет басқа мемлекеттерден тәуелсіз болады, оларға бағынышты емес. Мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын өзі қалыптастырып, өз еркімен жүзеге асырады.
Мемлекеттің ерекше билеушісі, басқарушы органдары болады. Қоғамда заң тәртібін қамтамасыз ету үшін мемлекет әскер, полиция құрады. Сыртқы жаулардың жансыздарынан сақтану үшін қарсы барлау ұйымдастырады.
Мемлекет органдарын, оларда істейтін қызметкерлерді қаражаттандыратын оның арнаулы материалдық қоры болады. Ол қорды жасау үшін мемлекет салық белгілейді және оны жинайды.
Мемлекеттің өзінің тұрағы, аумағы болады. Сол аумақта мемлекет құралады, өз қызметін, билігін жүргізеді. Өз аумағының тұтастығын мемлекет барлық күш – қуатымен қорғауға тынымсыз әрекет жасайды. Мемлекеттер арасындағы қайшылықтар, келіспеушіліктер, соғыстар көбінесе осы жер, аумақ мәселесіне байланысты.
Мемлекеттің аумағы басқаруды тиімді жүзеге асыру үшін әкімшіліктерге бөлінеді. Халық әкімшілік – аумақтық бөліктерге бөлініп тұрғандықтан, олардың құқықтық жағдайы соған байланысты болады.
Тапсырма: «аумақ», «жер», «тұрақ» сөздерінің орысша баламасын беріңіз, мәтіндегі қолдануын салыстырыңыздар.
Үлгі: аумақ – орысша баламалары: зона, край, район, регион, территория; мәтінде соңғы мағынасында қолданылған.
Тапсырма:Мәтінде «қоғам» сөзі қандай септіктерде қолданылған.
Тапсырма: Мәтінге жазбаша сұрақтар дайындаңыздар.
Тапсырма:Мәтіннің негізгі мазмұнын әңгімелеңізлер
Даналық сөзден дән ізде
Тәрбие басы – тіл
Сөз қадірін білмеген,
Өз қадірін білмейді.
Кішіпейілділік – кішілік емес, кісілік.
Тапсырма:Жұмбақтарды шешіп, сөздерді талдаңыздар
Аспанда бір ана бар,
Маңы толған балалар.
Ұшып жүрген гүл көрдім
Қонғанда ұстап үлгердім.
Басып озып құсты,
Қанатын қақпай ұшты.
Қос қанатын иіп ап,
Жарға келіп қонады.
Қара киім киіп ап,
Балшықтан ұй соғады.
СӨЖ. Мәтінді әңгімелеу
СОӨЖ. Септік жалғаулары бар сөйлемдерді теріп жазу.
Сабақ №2. Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанасындағы біртұтас мемлекет (қр Конституциясы, 2 – бап). Грамматикалық тақырып: Модаль сөздер
Тапсырма:Тақырыптық сөздер мен сөз тіркестерін оқыңыздар, сөздікті пайдаланып, орысша баламаларын белгілеңіздер.
Басқару нысаны, біртұтас, президенттік басқару жүйесіне негізделген, әкімшілік – аумақтық құрылым, жоғары лауазымды тұлға, халықтың бірлігін қамтамасыз ету, қамқорлық жасау, биліктің түрлі буындары, қақтығыс болмауын қадағалау, соғыс жағдайын енгізу, тікелей қауіп, тойтарыс беру, заң қабылдау құқығы.
Тапсырма:Мәтінді оқыңыздар, бір – біріңізбен пікір алмасыңыздар.
Қазақстан – Президенттік басқару нысанасындағы біртұтас мемлекет.
Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылғандай, ол біртұтас, президенттік басқару жүйесіне негізделген мемлекет. Қазақстанның біртұтастығы – оның әкімшілік – аумақтық бөлшектен құралатындығы, автономияға бөлінбеуі. Әкімшілік – аумақтық құрылым туралы ерекше заң бар. Ол Қазақстанның тарихи және қазіргі замандағы ерекшеліктерін бейнелейді.
Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекеттің басшысы, оның жоғарғы лауазымды тұлғасы. Қазақстанның Президенті Конституция бойынша жоғарғы лауазымды тұлға болғандықтан, Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етеді, былайша айтқанда, түрлі ұлттар арасында, әлеуметтік топтар арасында алауыздық болмауына қамқорлақ жасайды. Мемлекеттік биліктің түрлі буындарының арасында қақтығыс болмауын қадағалайды. Президент Парламент қабылдайтын заңдарға қол қояды, егер заңдар Конституцияға сәйкес келмесе, қайта қарау үшін кері қайтарады (вето құқығы). Егер Парламент заң қабылдау құқығын уақытша Президентке тапсырса, ол заңды өзі қабылдай алады. Сонымен қатар Конституцияда көрсетілген жағдайда Президент заң күші бар Жарлық қабылдай алады.
Мемлекетіміздің аумағы біртұтас және оған қол сұғуға болмайды.
Мемлекетіміздің аумағын басқа мемлекеттің қол сұғуы агрессия деп аталады. Агрессияны халықаралық құқық айыптайды. Конституцияда жарияланғандай, Қазақстан басқа мемлекеттермен тату көршілік, олардың ішкі ісіне араласпау, дауларды келісім арқылы шешу, бірінші болып қарулы күштерді қолданбау саясатын жүргізеді. Республикаға қарсы агрессия бола қалған күнде немесе тікелей қауіп төнсе, Президент республиканың барлық аумағында немесе кейбір жерлерде соғыс жағдайын енгізіп, ішінара немесе жалпы әскерге шақыруды жариялайды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы заң бойынша біздің мемлекет өз аумағын құрлықта, теңізде, әуе кеңістігінде өз Қарулы Күштерімен қорғайды. Республика шекарасын Қазақстанның шекара әскері күзетеді, ол Республика тұтастығына қандай болсын қарсы әрекетке тойтарыс беруі қажет, адамдарды қылмыстық әрекеттерден қорғауы тиіс.
Тапсырма:«алауыздық» сөзінің құрамын анықтаңыз, орыс тіліндегі баламасын (разногласия) салыстырыңыз.
Тапсырма:Екінші абзацтағы сөйлемдердің құрылысына қарай талдап, қайсысы жай сөйлем екенін анықтаңыздар.
Тапсырма:Мәтінге сұрақ қойыңыздар.
Тапсырма:Мәтіннің негізгі мазмұнын әңгімелеңіздер.
Сөйлеушінің пікірін,оның сезімін, болып жатқан жағдайларға бағасын білдіретін сөздерді модаль сөздер дейміз.
Модаль сөздер екі топқа бөлінеді:
Болымды модаль сөздер: рас, әрине, шынында, әлбетте, керек, қажет, расында, бәсе, ғой, шынын айту керек, жасыратыны жоқ, әділіне келгенде, турасын айтқанда.
Болжаулық модаль сөздер: шығыр, болар, тиіс, екен, тәрізді, секілді, сияқты, шамасы, көрінеді, қалай екені белгісіз.
Тапсырма:Модаль сөздермен сөйлем құрастырыңыздар (6 сөйлем)