Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Метод по вып курсов работы 1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
29.12.2019
Размер:
685.06 Кб
Скачать
    1. Курстық жұмыс тақырыптары

Курстық жұмыс тақырыптарының тізімі жоғарғы оқу орындарындағы кафедра отырысында бекітіледі. Бұл жерде, экономиканың салаларында бухгалтерлік есеп мәселелерін тереңдетіп оқытуға мүмкіндік беретін актуалды, күн талабына сай тақырыптарға ерекше көңіл аударылуы тиіс.

Жоғарғы (үшінші, төртінші) курс студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысуларына мүмкіндік жасалуы үшін, студенттерге берілетін курстық жұмыстың тақырыптары дипломдық жұмыстың тақырыбымен тығыз байланысты етіліп таңдалынып алынады.

Курстық жұмыс тақырыптары жыл сайын экономиканың актуалды сұрақтарына, нарықтық қатынастардың тереңдеу мәселелеріне байланысты қайта қаралып, жаңартылып отырылады.

Жекелеген жұмыстар жетекшінің келісімімен практикалық материалсыз жазылып, талқылау сұрақтары, экономиканың салаларындағы есепті жетілдіру мәселелері бойынша теориялық зерттеулер сипатында орындалуы мүмкін.

«Қаржылық есеп-1» пәні бойынша курстық жұмыс тақырыптары

IAS 31-Бірлескен кәсіпорындарға қатысу

2. Займдар бойынша шығындар

3. «IAS 28-Тәуелді (ассоцияцияланған) ұйымдарға инвестициялар»

4. «IAS 34-Аралық қаржылық есептілік»

5. «Материалдық емес активтер»

6. «IFRS 3-Кәсіпорынды біріктіру»

7. «IAS 36-Активтердің құнсыздануы»

8. «Байланысты тараптар туралы ақпараттарды ашу»

9. «IAS 33-Акцияға пайда»

10. «IAS 37-Бағаланушы міндеттемелер, шартты міндеттемелер және шартты активтер»

11. «IAS 40-Инвестициялық жылжымайтын мүлік»

12. «IAS 10-Есепті күннен кейінгі оқиғалар»

13. Гиперинфляция жағдайындағы есеп

14. Қаржылық құралдар есебі

15.ҚЕХС 26- Зейнетақылық қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша есеп және есептілік

16. Қаржылық жал

17. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сипаттама

18. Сегменттер бойынша есептілік

19. Материалдық емес активтер

20. Есеп саясаты, есепті бағалардағы өзгерістер және қателер

21. Шоғырландырылған қаржылық есептілік түсінігі және құрастыру тәртібі

22. Табыс салығының есебі

23. Қорлар

24. Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есеп

25. Құрылыс келісім шарты

26. ҚЕХС 16 «Негізгі құралдар»

27. Түсім

28. Валюталық бағамдар өзгерісінің әсері

29. Үлестік құралдар негізіндегі төлемдер

30. ҚЕХС 4 «Сақтандыру келісімшарты»

31. ҚЕХС 5 «Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер және тоқтатылған қызмет»

    1. Курстық жұмысты орындау үшін жүргізілетін ұйымдастыру жұмысы

Курстық жұмысты орындау бірнеше кезеңдерден тұрады. Жұмысты орындауға берілетін мерзімді, орындалған курстық жұмыстың үсынылу уықытын, сонымен қатар қорғауды қабылдайтын жетекшінің аты жөнін, қорғау өткізілетін аудитория нөмерімен ол жұмыстың қабылданатын уақытын (мерзімдерін) кафедра анықтайды. Курстық жұмыстың орындалуына жалпылама басшылық жасау кафедраға жүктеледі. Әрбір студентке курстық жұмыстың орындалу барысында көмек көрсету, кеңес беру және оның курстық жұмысына бақылау жасап отыру үшін кафедра мұғалімдері арасынан ғылыми жетекші тағайындалады.

Студенттің курстық жұмысты орындауына жетекшілік ететін оқытушының міндетіне мыналар жатады:

  • студенттерге курстық жұмыстың тақырыбын таңдауға көмек көрсету;

  • студентке курстық жұмыстың жоспарын құруға, жұмысты орындау үшін керекті оқулықтарды жинақтауға көмек көрсету;

  • курстық жұмыстың жазылып, орындалып жатқан уақытында кеңес беру;

  • курстық жұмыстың жоғары сапалы болуын, және оның нақты әдістемелерге сай келуін қамтамасыз ету;

  • жекелеген тапсырмалардың орындалуына бақылау жасау;

  • орындалған курстық жұмыстың белгіленген мерзімде кафедраға тапсырылуын қадағалау;