Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Метод по вып курсов работы 1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
685.06 Кб
Скачать

1.6. Курстық жобаны (жұмысты) белгілеу

Курстық жобаға белгілер қойылады, ол белгілер барлық сызбалар, схемалар, диаграммалар, жобаның графикалық бөлігінде негізгі жазбалармен көрсетіледі.

Курстық жобада бұйымдар мен негізгі конструкторлық құжаттарды белгілеудің келесі құрылымы қолданылады:

Мысалы: ОҚМУ 050701 -КЖ 001 КФ

Белгілер әріптерінің бірінші тобы: ОҚМУ - құрастырушы ұйымның атауы.

Төрт цифрдан тұратын екінші топ 050701 - мамандықты білдіреді

Екі әріптен тұратын үшінші топ КЖ - курстық жоба

Үш әріптен тұратын төртінші топ 001 -тапсырма варианты (001).

Екі әріптен тұратын бірінші топ бесінші КФ - күндізгі оку формасын білдіреді

Мысалы: КФ - күндізгі оқу формасы.

СФ - сырттай оқу формасы.

ЖФ - жеделдетілген оку формасы

ҚФ - қысқартылған оку формасы

ХХХХ XX. XX. - XX - XXX XX

  1. Құрастырушы ұйым атауы

  2. Мамандық шифры

  3. Курстық жоба (жұмыс)

  4. Жоба (жұмыс) тапсырмасының варианты

  5. Оқу формасы

1.7.Курстық жобаны (жұмысты) қорғау

Курстық жұмыс (жоба) пәнді, студенттің фамилиясын, тобын, жетекшінің фамилиясын, жобаны қорғайтын күнді көрсете отырып кафедраның арнайы журналында тіркеледі (Қосымша Е).

Курстық жобаны (жұмысты) қорғау студенттің білімін тексеру мен критерилардың бірі, сол арқылы олардың өзіндік жұмысқа деген денгейі бағаланады. Курстық жобаны (жұмысты) қорғау жобаны орындаудағы ерекше тексеру түрінің бірі. Қорғау студентті ұсынған шешімдерінің дәйекті жанжақты болуға және орындаған жұмыстарын терең түсінуге үйрету керек.

Кафедра меңгерушісі қорғауға дейін бір ай бұрын жобаны (жұмысты) қорғауға кафедра үкімімен екі, үш адамнан тұратын комиссия мүшесін тағайындайды.

Курстық жұмысты (жобаны) қорғау бұкаралық түрде студенттердің, жетекшінің және кафедра меңгерушісінің үкімімен сайланған комиссия мүшелерінің қатысуымен өтеді. Комиссия мүшелерінің бірі ретінде ОӘБ-ның бір өкілі тағайындалады. Ол курстық жобаны (жұмысты) қорғау процедурасын қадағалап және курстық жобаның (жұмыстың) қорғау мәліметін толтырады. Курстық жобаның (жұмыстың) корғау мәліметі жасалынған форма бойынша офис регистраторларға тапсырылады (Қосымша Ж).

Курстық жұмысты (жобаны) қорғау уақытының ұзақтығы баяндамасы мен сұраққа жауап берумен косқанда 8-10 минутты алады. Барлығы 20 минуттан аспауы керек.

Курстық жұмыс (жоба) дифференциялдық бағамен бағаланады. Оқытудың модульдік- рейтингтік жүйесі және білімді бағалауға сай.

Курстық жоба (жұмыс) қорғау дифференциялдық бағамен бағаланады. Оқытудыц модульді-рейтинг жүйесіне сәйкес курстық жобаны (жұмыс) орьндауға, ағымдағы бақылауға максимум 60 балл және қорытынды бақылау (корғау) максимум 40 балл койылады.

Курстық жобаны (жұмыс) қорғау нәтижесі бойынша хаттама (Қосымша Г) жасалады және студентке баға сол күні қойылады.

Оку жоспарымен көзделген курстық жоба (жұмыс) емтихан сессиясы алдын қорғалады және осы пән бойынша емтихан тапсыруға рұқсат болып табылады. Емтихан тапсыруға міндетті рұқсат беретін жағдай онын қанағаттанарлық бағасына қорғалуы. Қанағаттанарлық бағаларына жататындар А, А-, D+, D. Бағалар пән бойынша емтиханға кіруге рұксат беретін рейтингті есептеуде ескерілуі керек.

Егер оқу жоспарына сәйкес пән бойынша бақылау формасы ретінде тек курстық жұмыс (жоба) ғана көзделген болса, онда курстық жұмысты (жоба) қорғау бағасы пән бойынша қорытынды баға болып табылады.

Орнатылған мерзім ішінде курстық жобаны (жұмыс) ұсынбаған немесе оны себепесіз қорғамаған студент, академиялық қарызы бар болып саналады.

Курстық жобаны (жұмыс) қорғау аяқталғаннан кейін топтың барлық студенттерімен жетекші жоба (жұмыс) талдау жөнінде, жобаны (жүмыс) корғау кезінде анықталған кателіктер мен жетіспеушіліктер жөнінде қорытынды әңгіме өткізеді.

Теориялык және практикалық ғылыми қызықты курстық жоба (жұмыс), конкурсқа ұсынылуы кажет.

Курстық жоба (жұмыс) орындау нәтижелері кафедра отырыстарында талқыланады.

Орындалған жобалар (жұмыс) оларды қорғағаннан кейін кафедраның тіркеу журналына беріледі және орнатылған кафедралық номенклатура ісіне сәйкес кафедра менгерушісінің, бақылауымен сақталуы тиіс.

Осы мерзім аяқталғаннан кейін барлық жобалар (жұмыс) жою актісі бойынша жойылады (форма Ф.4.03 -07, ҚҮ ОҚМУ 4.03 -2008). Жою актісінде көрсетіледі:

- пән, студенттің тобы мен аты-жөні, жобалардың жалпы саны, жетекшінің аты-жөні;

- актіге кафедра меңгерушісінің басшылығымен кафедралык комиссия (үш адам) қол қояды.

Кафедра меңгерушісі жойылу тиіс жобаларды (жұмыс) жоюға шаралар қолданады.