Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6метод прак ФУ-1.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
902.66 Кб
Скачать

Келесі тапсырманы өз бетеріңізше орындаңыздар:

Тапсырма: 1.

20 ақпанда алынған компьютерлердің амортизациялық аударым соммасын есептеңіздер, бастапқы құны- 115 000 теңге, амортизация нормасы- 30 %. Амортизация есептелген айды және шоттармен бухгалтерлік жазбаны көрсетіңіз. Амортизацияны есептеу үшін регрессивті әдісті қолданыңыздар.

Тапсырма: 2. Объектінің қызметінің бірінші жылындағы айдың амортизация соммасын, кумулятивті әдісті қолдана отырып есептеңіздер. Амортизация есептеген айды және шоттармен бухгалтерлік жазбаны көрсетіңіз

Практикалық сабақ № 6

Тақырып: Материалдық емес активтердің есебі (ХҚЕС 38)

Сабақты жүргізу тәртібі: Семинар –практикум, құрамдас.

Аудиториялық жұмыс:

«Өзін-өзі тексеру»

Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер:

.Материалдық актив дегеніміз не

.Материалдық емес активтерге нелер жатады

.Материалдық емес активтер қалай бағаланады

.Материалдық емес активтердің амортизациясы қалай есептеледі

. «Материалдық емес активтер» қай ХҚЕС жүргізіледі

.Материалдық емес активтер, олардың амортизациясы мен шығыс етілуі қай шоттарда есепке алынады

.Материалдық емес активтердің есебі қай журнал-ордерде жүргізіледі

.Патент пен ноу-хоу айырмашылығы

Тапсырма № 7. Тест сұрақтарына жауап беріңіздер:

1. Материалдық емес активтердің бұл түрі бүтіндей жұмыс істеп түрған кәсіпорындардың немесе оларды құрылымдық бөлімдерінің бір тобын сатып алғанда пайда болады. А. Гудвилл

Б. Лицензия

С.Ұйымдастыру шығыны

Д.Патент

Е.ешқайсысы дұрыс емес.

2. Бірлескен немесе акционерлік кәсіпорындарды құру кезеңінде пайда болған шығындар.

А. Ұйымдастыру шығыны

Б. Лицензия

С. Патент

Д. Гудвилл

Е. *

3. Белгілі бір жаңалық ашудың техникалық шешімі мемлекеттің мойындағанын және оны бекітіп берілетін тұлғаның оған осы ашылған жаңалық құқығы бар екенін құжаттандыратын құжат.

А. Патент

Б. Лицензия

С. Ұйымдастыру шығыны

Д. Гудвилл

Е.*

4. Сыртқы сауда операцияларын және тағы басқаларды жүргізуге байланысты жұмыстарды тиімді және сапалы құқылы мемлекеттік органда беретін рухсат қағаз.

А. Лицензия

Б. Патент

С. Ұйымдастыру шығыны

Д. Гудвилл

Е.*

5. Есеп айырысу шотынан лицензия құны төленді

  • Дт2730 Кт1030

  • Дт2740 Кт1050

  • Дт1040 Кт6210

  • Дт 2930 Кт 2740

  • Дт 2710 Кт3320

6. Материалды емес активтер заңды тұлғадан қайтарымсыз түсті

  • Дт 2730 Кт6160

  • Дт 2730 Кт3190

  • Дт 3310 Кт 2730

  • Дт 2730 Кт 3350

  • Дт3190 Кт 2730

7. Материалды емес активтердің қай қүны валюта балансына енгізіледі

  • қалдық

  • бастапқы қүны

  • өткізу

  • қалпына келтіру

  • сатылу

8. 3аңды және жеке түлғаләрдан патент кіріске алынды және кассадан төленді

  • Дт 2730 Кт1010

  • Дт 2730 Кт1040

  • Дт1040 Кт 2730

  • Дт2730 КТ1050

  • Дт1010 Кт 2730

Өзіндік жұмысқа арналған тапсырма №1

МЕА бойынша бухгалтерлік есеп шоттарында жазбалар схемасын құрастырыңыз.

Өзіндік жұмысқа арналған тапсырма №2

Компьютер негізі бойынша оқулыққа 20000 теңгеге авторлық құқық алды. Оқулықтың пайдалы қызметінің мерзімі 4 жылға тең. Бірақта авторлық құқық күшінде қалады қалған 50 жылда.

Авторлық құқықтың әр жылдық амортизациясын есептеңіз.

Практикалық сабақ № 7

Тақырып: Активтердің құнсыздануы (ХҚЕС 36)

Сабақты жүргізу тәртібі: семинар-практикум

Аудиториялық жұмыс: