Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6метод прак ФУ-1.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
903 Кб
Скачать
☆

Семинарлық сабақтың мақсаты мен міндеттері

«Қаржылық есеп-1» курсы есеп және аудит мамандығы бойынша білім алатын студенттерге арналған. Курсты оқи отырып студенттер қалай әрекет ету керек деген сұраққа жауап алумен қатар, бұл неге қажет екендігін де біліп, үйренеді. Студент бухгалтерлік ақпараттарды әзірлендіруді зерттейді, оқып үйренеді, сонымен қатар бухгалтерлік концепциялар мен қағидаттардың дамуын негіздеу себептерін терең оқып үйренеді.

«Қаржылық есеп-1» курсында бухгалтерлік есеп принциптерінен алған білімдер негізге алынады және кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпаратты жинақтап, қаржылық есеп беруді жасап, ұсыну тәртібі зерттеледі.

«Қаржылық есеп-1» курсының мақсаты – студенттерді қаржылық есеп пәнінің және оның басқару функциясы ретіндегі әдісімен таныстыру, ХҚЕС сәйкес қаржылық есептің негізгі принциптерін зерттеу, студенттердің аналитикалық ойлау қабілетін дамыту, сондай-ақ, тез және дәл шаруашылық субъектінің құралдар айналымының моделін түсініп, қаржылық есеп беруді құрастыруды меңгеру.

Курсты жүргізудін міндеттері болып арнайы білім алу болып табылады:

  • қаржылық есепті ұйымдастыру жүйесін білу;

  • қаржылық есеп терминологиясымен таныстыру;

  • есеп пен қаржылық есеп берудің негізгі принциптерін үйрену;

  • бухгалтерлік есеп стандарттары мен қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары ұсынған талаптарға сәйкес қаржылық есеп әдістемесін меңгеру;

  • қаржылық есеп беруді пайдаланушыларды және оларды шаруашылық қызметі туралы сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету тәртібін білу;

  • қаржылық есептің экономиканы басқарудағы ролін түсіну.

Практикалық сабақ № 1-2

Тақырып: Қысқа мерзімді активтер есебі: ақша қаражаттары және дебиторлық борыштар

Сабақты жүргізу тәртібі: Семинар-практикум

Аудиториялық жұмыс:

Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер:

Ақша қаражаттарына сипаттама беріңіз

  • Ақша қаражаттарының есебі қандай заңмен және нормативтік актілермен реттеледі

  • Операциялық қызмет– бұл…

  • Инвестициялық қызмет– бұл…

  • Қаржылық қызмет– бұл…

  • Банктен есеп айырысу шотын ашу үшін қажет құжаттар...

  • Төлем тапсырмасы мен талаптамасының вексельдік нысанмен есеп айырысунан несімен өзгешеленеді ?

  • Аккредитивтермен есеп айырысу қандай жағдайда қолданылады

  • Ақша қаражаттарының құжаттарын рәсімдеуде қандай талаптар ұсынылады

Тапсырма № 1.

Дұрыс жауаптарын көрсетіңіз, мысал ретінде көрсетілген:

1. Төлем тапсырмасы

а) қаладан тыс есеп айырысулар барысында қолданылады

2.Инвестициялық қызмет

б) Өнімді қызметті сату бойынша

3. Төлем-талап тапсырмасы

в) барлық қолма-қолсыз есеп айрысу түрлеріне қолданылады

4. Аккредитивтер

г) процент есептеледі

5. Вексель бойынша

д) негізгі құралдар алу

6.Операциялық қызмет

е) жабдықтаушы немесе мердігер жазады

Жауабын кестеде көрсетіңіз:

Сұрақ

1

2

3

4

5

6

Жауап

В

Өзіндік жұмысқа арналған тапсырма № 1.

  1. Банк көшірмесі бойынша соңғы қалдықты тексеруді, ойланыңыз?

  2. Банктегі есеп айырысу шотынан кассаға ақша қандай құжатпен жіберілді?

  3. 1030 шоты бойынша жазбалар схемасы мен бухгалтерлік есепті қолдана отырып, банк көшірмесіндегі көрсетілген соммалар жанына шоттар корреспонденциясын көрсетіңіз. Көшірмеде 1030 шоты қойылмайды, тек қана онымен корреспонденцияланатын шот.

Көшірме шот иесімен емес, банкпен құрастырылады: банк өзге ақшаларды сақтайды және ағымдағы шотқа түскен ақшалар кредит бойынша көрініс табады. (клиенттің алдындағы банктің қарызының өсуі). Сондықтанбанк көшірмесінің «Дебет» катарындағы соммалар шоттан аударылғанын көрсетсе, «Кредит» қатары керісінше шот иесіне түскенін көрсетеді.

Ағымдағы шот бойынша банк көшірмесінің нұсқасын қарастырайық және оның жасалу тәртібі:

Филиал АҚ «АТФБанк» Тараз қаласы

10.03.2011

Шот бойынша көшірме № 000564600

код 17 СТН 210910555666

ЖШС «Арай»

09.03.2011

Кіріс 42598.26

Корреспондент

Дебет

Кредит

№құж

код

ттап

бюдж

ЖШС «ТЭС» құрылыс материалдары үшін

900000.00

139

02

710

32)

Еңбек ақы төлеу үшін кассадағы теңге

635000.00

14

03

33)

Қазналық комитет

ҚР ҚМ Астана қаласы ЖТС

31200.00

27

01

911

101201

34)

Филиал АҚ «АТФБанк» кассалық қызмет көрсету комиссиясы

1905

631

06

840

35)

Жалпы айналым

668105

900000.00

Соңғы қалдық 274493.26

Кейбір көшірмелерде операциялар кодтары көрсетіледі, мысалы, В некоторых выписках содержатся указание на код рода операции, например, код 01 төлем тапсырмасымен есеп айырысуды көрсетеді, код 02-төлем-талап тапсырмасымен, код 03-касса арқылы нақты ақшамен есеп айырысу. 10 наурыз 2011 жылғы банк көшірмесі наурыз айындағы бесінші кірісі-42 598 теңге 26 тиын. Бұл қалдық алдағы айдағы банк көшірмесімен сәйкес келуі керек соңғы қалдымен (№ 4, 9 наурыз 2011 ж). Банк көшірмесінде келесі операциялар көрініс табады: № 139 төлем тапсырмасы бойынша құрылыс материалдары үшін сатып алушыдан түсім түсті, № 911төлем тапсырмасы бойынша бюджетке ЖТС төленді.

Өзіндік жұмысқа арналған тапсырма № 2.

Банктегі шотқа өткізілген 3000000 теңгені бухгалтерлік есепте шоттармен көрсетіңіз.

Тапсырма № 3.