
- •Сабақ №1. Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарының жүйесі Грамматикалық тақырып: Қайталау Мемлекеттің жалпы сипаттамасы
- •Даналық сөзден дән ізде
- •Сабақ №2. Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанасындағы біртұтас мемлекет (қр Конституциясы, 2 – бап). Грамматикалық тақырып: Модаль сөздер
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №3. Лексикалық тақырып: Мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары Грамматикалық тақырып: Зат есімнің сөз тудырушы жұрнақтары
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №4. Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары Грамматикалық тақырып: Етістіктің болымсыз түрі
- •Азаматтардың сайлау құқықтары
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №5. Өткенді қайталау
- •Сөйлеу әдептері
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Грамматикалық тақырып: Қаратпа сөз
- •Ұлттық ұлан
- •Қаратпа сөз
- •Қазақстан Республикасының сот жүйесі
- •Облыстық және оларға теңестірілген соттар
- •Әскери соттар
- •Көмекші есімдер
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №10. Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Грамматикалық тақырып: Омоним
- •Қорғаушы қызметі
- •Синоним
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Cабақ №12. Лексикалық тақырып:Қазақстан және Ұлыбритания қарым-қатынастары Грамматикалық тақырып:Антоним
- •Үлкен әріптестік жолында
- •Біріккен сөз
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №14. Лексикалық тақырып: Қазақстан мен Ұлыбритания қарым-қатынастары Грамматикалық тақырып:Қос сөз
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №16. Бақылау жұмысы
- •Сабақ № 17. Лексикалық тақырып: Қазақстан Британия баспасөзінің беттерінде Грамматикалық тақырып:-нікі,-дікі,-тікі
- •Сабақ №18. Лексикалық тақырып:Өзін басқара алмағанды өзге басқарады. Грамматикалық тақырып:Үстеу
- •Өзін басқара алмағанды өзге басқарады.
- •Сабақ №19. Лексикалық тақырып: Құқықтық салыстырма Грамматикалық тақырып: Сөйлем мүшелері
- •Қазақ хандығы мен англо-саксон корольдігінің заң жүйесіндегі үндестік
- •Даналық ойдан дән ізде.
- •Сабақ 20.Өткенді қайталау
- •Сабақ 21. Лексикалық тақырып:Шекспир қазақша сөйлейді Грамматикалық тақырып:Сөйлемнің бірыңғай мүшелері Шекспир қазақша сөйлейді...
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №23. Лексикалық тақырып:Франция елшісіөҚызылжарда Грамматикалық тақырып:Тыныс белгілері
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №24. Лексикалық тақырып:юнеско-дағы Түркістан күндері. Грамматикалық тақырып:Жай сөйлем. Жай сөйлемнің түрлері.
- •Сабақ №25. Өздік жұмысы
- •Сабақ № 26. Лексикалық тақырып: Өзара мүдделестік ортақ іске күш береді Грамматикалық тақырып: Құрмалас сөйлем
- •Француз русского происхождения Досье. Серж Смесов, посол Франции в Казахстане, председатель совета европейских стран, находящихся в Казахстане. Много лет работал в рамках структуры обсе.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №27. Лексикалық тақырып: Қазақстанға француз капиталды келеді Грамматикалық тақырып: Салалас құрмалас сөйлем
- •Грамматикалық анықтама.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ № 28. Лексикалық тақырып: Қазақстан және Германия қарым-қатынастары Грамматикалық тақырып: Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем
- •Гфр Қазақстанда шағын бизнес саласын дамытуға көмектеспек
- •Ыңғайлас салалас (соединительно-сочинительные) сөйлемдер.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №29. Лексикалық тақырып:Ганновер-Алматы іскерлік байланыста Грамматикалық тақырып:Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем
- •Германия келген несие бір кәсіпкердің ісін
- •Қазақ құсбегісі туралы хабар Кельн
- •Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №31. Лексикалық тақырып:Берлинде Абай көшесі бар Грамматикалық тақырып:Талғаулы салалас құрмалас сөйлем
- •Неміс офицері қазақ тілін меңгермек
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №32. Лексикалық тақырып: «Қазастанның қадірін Германияда сезіндік» дейді Германиядан оралған Ида Михель Грамматикалық тақырып:Себеп-саладар салалас құрмалас сөйлем
- •Грамматикалық анықтама:
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №33. Бақылау жұмысы
- •Сабақ №34.Лексикалық тақырып: Грамматикалық тақырып: Сабақтас құрмалас сөйлем
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №35. Лексикалық тақырып: Қазақстан мен Америка арасындағы қарым-қатынастар Граматикалық тақырып: Мезгіл бағыныңқылы сабақтас
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №36. Лексикалық тақырып: Қазақстан мен Құрама Штаттар белсенді әріптестер Грамматикалық тақырып: Шартты бағыныңқылы сабақтас
- •Шартты бағыныңқылы сабақтас.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №37. Лексикалық тақырып: Қазақстан ақш-қа кез келген көмек көрсетуге даяр Грамматикалық тақырып: Себеп бағыныңқылы сабақтас
- •Ақш Үкіметі мен Эксон корпорациясының ізгілікті көмектері
- •Себеп бағыныңқылы сабақтас.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №38. Лексикалық тақырып: Астаналықтар Америкада тәжірибеден өтті. Грамматикалық тақырып:Амал(қимыл-сын) бағыныңқылы сабақтас
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №39. Грамматикалық тақырып: Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №40. Қайталау сабағы
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №41. Бақылау жұмысы
- •Сабақ №42. Өткенді қайталау
- •Тіл мәдениеті
Синоним
Тұлғасы дыбысталуы басқа-басқа,бірақ мағыналас сөздерді синоним дейміз.Мысалы:
Көзіме жас бер,жылайын
Шыдам бер,сабыр қылайын.
Ісіндің,кебіндің,
Сонда да не пайда.
Ғылым оқып білгенше,
Тыным,тыныштық таппаған.
Тапсырма:Берілген сөздердің ішінен синонимдерді тауып,өзара топтаңыздар.
Мол, шаршау, мақсат, жаға, мақұлдау, қамығу, жорта, қарғу ,көп, тоқтау,
ұрсу, қажу, жанында, сүйеніш, зерігу, есею, секіру, әдейі, мұрат, аялдау, титықтау, ырғу, өңір, сауық, дәм, шама, аяу, таяныш, шалдығу, қасақана, ержету, жекіру, қоштау, амандасу, есіркеу, мөлшер, тамақ, қоныс, ұсақ, жиек, сайран, дем алу, жаны ашу, мұңаю, сылтау, алап, майда, торығу, болдыру, тағам, нарық, мекен, аймақ, баға, ас, қасында, жай, желеу, ұлпа.
Тапсырма:Мына сөздердің синонимдерін өздеріңіз ойлап табыңыздар, сөйлем құрастырыңыздар.
Абайлау, абырой, абыржу, жақын, батыл, қиын, үлкен, жиын, арман, өте, тамақ, лас, реніш, жайдары, ақыл, ескі, кәрі.
Даналық ойдан дән ізде
Ақылды ой, алғыр сөз:адамның ең жоғары қасиеті
Күн шалмас қараңғы көңілді сөз шалады, күн жылытпас сұм жүректі сөз жылытады.
Адамдар жаманын жасырып,жақсысын бетке ұстайды.Жақсысын көріп, жаманын көріп алданады.
Оқы, оқы дейміз, тоқымаса оқу не керек? Адам, адам дейміз, адамшылығы болмаса адам не керек?
Қосымша әдебиет.
А.Ысқақов.Қазіргі қазақ тілі.А.2001 жыл.
Н.Әміреев.Қазақ тілі.Сөз мәдениеті.А. 2006 жыл.
СӨЖ.Мәтінді әңгімелеу
СОӨЖ.Синонимдер жаттау
Cабақ №12. Лексикалық тақырып:Қазақстан және Ұлыбритания қарым-қатынастары Грамматикалық тақырып:Антоним
Тапсырма:
Қазақстан мен Ұлыбритания қарым-қатынастары туралы не білесіздер?
Екі ел арасындағы дипломатиялық байланыстар қашан орнаған?
Қазақстан мен Ұлыбританияның қатынастары қандай салаларда дамуда?
Тапсырма:Мәтінді оқып,аударыңыздар.
Үлкен әріптестік жолында
Қазақстан өз дамуына тең түсініктік пен ынтымақтастық қарым-қатынасқа айырықша мән беріп келеді.Бұл замана талабы біздің елдің Ұлыбританиямен қалыптасып келе жатқан оң құбылыстармен де анық байқалады.
Екі ел өркениет жолында өзектесіп,алыс-беріс қарқын ала бастады.Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбританияның іскер топтарымен болған кездесулерде екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайту жолындағы ұмтылыстарды атап айтты.
Айталық,Британия Қазақстанға1993-1998 жылдары 1061,1млн.доллар (бұл барлық инвестиция ағының13,4 пайызы)инвестиция құйды.Бұл көрсеткіш бойынша олар АҚШ пен Корея Республикасынан кейін үшінші орында тұр.Ал,1999 жылы 162,5млн. доллар инвестиция әкеліп,біздің ел үшін Еуропадағы ең ірі инвестор екені анық көрінді.
Екі ел арасындағы инвестициялық ынтымақтастық негізінен энергетика,тау-кен өнеркәсібі,сауда,әлеуметтік құрылымдар,денсаулық сақтау,көлік және байланыс,пайдалы кен қазбаларын барлау және игеру салалары болып саналады.
Біздің елімізде Қазақстан-британ бірлескен кәсіпорны және 40 Британия компаниясының90 өкілдігі бар.Ұлыбритания үшін Қазақстан мұнай – газ секторы бұрынғысынша басымдыққа ие.Бұл ретте «Бритишгаз» тәрізді әлемге танымал компаниясы, металлургия саласында «Испат-Кармет» компаниясының жұмысы біздің республика жұртшылығына белгілі.Даму жолындағы мұндай ықыласты мәселелер өз аясын кеңейте бермек.
Қазіргі уақытта Ұлыбританияның сенімді инвестициялық әріптес болуымен байланысты екі елдің арасында шешілетін көптеген міндеттер алда тұр. Алыс-берісі арнаға түскен Ұлыбритания мен Қазақстанның байланыстары тек қана экономика мен саясатта емес,сонымен қатар,мәдениет,білім беру,әскери салада,атап айтқанда,дүние жүзінде бейбітшілікті сақтап қалу ісінде,халықаралық терроризмге қарсы күрес мәселесіндегі ынтымақтастыққа да негізделген.Бұл орайда БҰҰ-ның мүшесі ретінде Қазақстанның Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт және экономикалық,әлеуметтік,мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт секілді өзекті құжаттарға қосылу жөніндегі ұмтылысын Британдық әріптестеріміз қуаттайды. Британ үкіметі бұл салаға қажетті техникалық көмек,соның ішінде бағдарлама шеңберінде құқық қорғау органдарының,соттар мен прокуратураның өкілдерін оқыту жөнінде көмек көрсетуге әзірлігін білдіреді.
(Ә.Ахметов)
Тапсырма:Сұрақтарға жауап беріңіздер.
Ұлыбритания Қазақстан үшін неліктен көп мөлшерде инвестиция бөлуде деп ойлайсыз?
Инвестициялық ынтымақтастық экономиканың қай салаларында дамуда?
Бейбітшілікті сақтау үшін екі ел неліктен мүдделі деп ойлайсыз?
Қылмысқа қарсы бірлесіп күресудің қандай мүмкіндіктері бар деп санайсыз?
Тапсырма:Сөз тіркестерін есте сақтаңыздар.
Тең түсінікті пен ынтымақтастық қарым-қатынас, айрықша мән беру, замана талабы, оң құбылыстар, өркениет жолында, іскер топтар, одан әрі нығайту, инвестиция құю, денсаулық сақтау, көлік және байланыс, пайдалы кен қазбалары, бірлескен кәсіпорын, әлемге танымал, жұртшылыққа белгілі, өз аясын кеңейту, ықыласты мәселелер, шешілетін міндеттер, ынтымақтастыққа негізделген, азаматтық және саяси құқық, өзекті құжат, бағдарлама шеңберінде, көмек көрсету.
Тапсырма:Сөйлемдері оқып,айтылған ойды жалғастырыңыздар.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаттың төрағасы Ұлыбритания консервативтік партиясының мүшесі Дэвид Аткинсонның басқаруымен келген Еуропа Кеңесі Парламент Ассамблеясының делегациясын қабылдады.
Қазақстанның кей облыстарының еуропалық континентке кіріп жатуы оның Еуропа Одағына мүше мәртебесіне ұмтылып отырғандығына дәлел болады...
Делегация басшысы Қазақстанға қазіргі кезеңде Кеңестің және ЕКАПА-ның шараларына бақылаушы ел санатында қатысуды ұсынды...
Еуропа Кеңесі Парламент Ассамблеясының делегациясы Қазақстан Парламентіндегі депутаттардың құрамы жағына ерекше назар аударатындығы байқалды.Олар Парламенттегі тәуелсіз депуттардың басымдағына қатысты сауалды алға тартты...
Антоним
Бір-біріне қарама-қарсы мәнде айтылатын сөздерді антоним дейміз.Мысалы:
Жылы менен суықтың бәрін көріп
Қайран көңіл қайыспай қайрат етті.
Бір суып,бір ысып,
Барады іш пысып.
Бір үміт,бір қауіп,
Көңілге жол тауып.
Тапсырма:Антонимдермен сөйлем құрастырыңыздар
Даналық ойдан дән ізден
Сиыр сипағанды,жаман сыйлағанды білмейді.
Қамшы дағы етте,тіл дағы жүректе қалады.
Отты үрлеген жағады,
Шындықты іздеген табады.
Жақсы сөз-жағадағы құндыз
Жақсы жігіт-аспандағы жұлдыз.
Қосымша әдебиет..
А.Ысқақов.Қазіргі қазақ тілі.А..2001ж
Н.Әміреев.Қазақ тілі.Сөз мәдениеті.А..2006ж
СӨЖ.Мәтінді әңгімелеу
СОӨЖ.Антонимдер жаттау
Сабақ №13. Лексикалық тақырып:Сыртқы экономикалық байланыстарға жаңа өріс
Грамматикалық тақырып: Біріккен сөз.
Тапсырма:Мәтінді оқып,аударыңыздар.
Лондонда Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері деген тақырыпқа арналған конференция өз жұмысын бастайды.
Осы аса маңызды экономикалық форумға қатысу үшін Қазақстанның делегациясы Ұлыбритания астанасына жүріп кетті.
Конференция қыркүйек күндері өтеді. Оған тұманды Альбион іскерлеріме бірге Бельгия, АҚШ, Франция, Швеция, Нидерланды, Канада, Австрия, Испания және басқа бірқатар елдердің ірі бизнесмендері мен экономистері де қатысады.
Алқалы жиын үстінде Қазақстандағы экономикалық реформалардың әр түрлі салалары терең талдау және жан-жақты пікір алысу объектісіне айналады.Бұрындары шетелдіктердің көбінесе Қазақстанның мұнай-газ өндірісіне көбірек мүдделік танытатындығы ерекше назарда ұсталатын болса,бұл жолы экономикамыздың басқа секторларының инвестициялық мүмкіндіктерін бірінші қойып ұсынуға көбірек мән беретіндігі байқалады.
Қазақстанға арналған үлкен саммиттің Лондонда өтуі кездейсоқ емес.Ұлыбритания инвестицияларды сыртқа шығару және өзіне тарту жөнінде дүние жүзінде АҚШ-тан кейінгі екінші орында.Бірақ қазірше екі ел арасындағы осы саладағы байланыстар айтарлықтай жоғары дәрежеде дей қою қиын.
Тағы бір назар аударарлық мәселе,конференцияны ұйымдастыруға жұмсалатын қаржы бюджет есебінен емес, инвесторлар есебінен бөлінген.Халықаралық экономикалық байланыстарды орнықтыру және нығайту тұрғысынан алғанда шетелдік инвесторларға барынша қолайлы жағдай туғызуымен қатар,олардың өз мойындарына алған бағдарламалары мен міндеттемелеріне де жауапкершілікпен қараудың қажеттілігіне де назар аударылады.Тәжірибе көрсетіп отырғанындай, инвесторлардың барлығы бірдей өз міндеттемелерін орындамайды.Әрине, қарым-қатынастың нәтижелі болуы үшін жауапкершіліктің екі жақтан бірдей сақталуы шарт екендігі даусыз.
(Е.Шаймерденұлы)
Тапсырма:Сұрақтар бойынша бір-біріңізбен пікір алысыңыздар.
Лондон конференциясы қандай мәселеге арналмақ?
Конференцияға қатысушылар неліктен көп болды деп ойлайсыз?
Конференцияның Лондонда өткізілу себебі неде деп ойлайсыз?
Екі жақты қарым-қатынастардың нәтижесі неге байланысты?
Тапсырма:Төмендегі сөз тіркестерін қазақ тіліне аударып, құрмалас сөйлемдер ойлап жазыңыздар.
Правительственная делегация, глубокий анализ, всесторонний обмен мнениями, выражать заинтересованность, ставить на первый план, вкладывание и привлечение инвестиций, довольно значительный уровень, максимально благоприятные условия, относиться с ответственностью.
Тапсырма:Төмендегі сөз тіркестерін қазақ тіліне аударып, құрмалас сөйлемдер ойлап жазыңыздар.
Правительственная делегация, глубокий анализ, всестороний обмен мнениями, выражать заинтересованность, ставить на первый план, вкладывание и привлечение инвестиций, довольно значительный уровень, максимально благоприятные условия, относиться с ответственностью.
Тапсырма:Сөйлемдерді жай сөйлемдер түрінде жазыңыздар.
Республикада шағын кәсіпкерліктің дамып, қалыптасуы кешендеу басталғанымен, соңғы уақытта ол күрт көтеріліп, жалпы өнім көлемінің ұлғаюына, салық қоржынан толықтыруға үлес қосатындай деңгейге жетті.
Саудасы жүріп, ісі оңға басып, алғашқы капитал қорландырып алған кейбір кәсіпкерлер біртіндеп өндіріс, қызмет көрсету саласына ауыса бастады.
Бюроның шешімімен Мәжіліс депутаттары бастамашы болып, ұсынған «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау туралы»заңға өзгерістер енгізу туралы заң жобасын өндіріске қабылданды.
Конференцияда демографиялық ахуалға талдау жасалынып, ҚР Демографиялық және көші-қон саясатының жылдарға арналған бағдарламасының жобасын әзірлеу жөнінде әңгіме болды.
Тапсырма:Берілген сөздердің жасалу тәсілдерін түсіндіріңіздер.
Қажеттілік, мүдделік, жауапкершілік, мүмкіндік, шетелдік, отандық, инвестициялық, экономикалық, сәттілік, сәтсіздік, іскерлік, шеберлік.
Тапсырма:Төменде берілген сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіздер, олармен сөйлемдер ойлап жазыңыздар.
Алқалы жиын, жоғары мәртебелі, бетке ұстар, тұралап қалу.
Тапсырма:Қазақстан Үкімет делегациясының шетелдік ақпарат құралдары өкілдерімен өткізген баспасөз конференциясын ұйымдастырыңыздар.
Тапсырма:Төменде берілген сөздер мен тіркестерін аударып, сөйлемдер ойлап жазыңыздар.
Азаматтық авияция, бағдарлама жобасы, баса назар аудару, өзіндік мәні бар, шешімін күткен проблемалар жүк және жолаушылар тасымалы, күрделі жөндеуден өткізу, халықаралық талаптар, қалыптасқан проблемаларды шешу, ынта таныту, ұзақ мерзімді байланыстар орнату, екі жаққа да тиімді.