
- •Сабақ №1. Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарының жүйесі Грамматикалық тақырып: Қайталау Мемлекеттің жалпы сипаттамасы
- •Даналық сөзден дән ізде
- •Сабақ №2. Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанасындағы біртұтас мемлекет (қр Конституциясы, 2 – бап). Грамматикалық тақырып: Модаль сөздер
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №3. Лексикалық тақырып: Мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары Грамматикалық тақырып: Зат есімнің сөз тудырушы жұрнақтары
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №4. Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары Грамматикалық тақырып: Етістіктің болымсыз түрі
- •Азаматтардың сайлау құқықтары
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №5. Өткенді қайталау
- •Сөйлеу әдептері
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Грамматикалық тақырып: Қаратпа сөз
- •Ұлттық ұлан
- •Қаратпа сөз
- •Қазақстан Республикасының сот жүйесі
- •Облыстық және оларға теңестірілген соттар
- •Әскери соттар
- •Көмекші есімдер
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №10. Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Грамматикалық тақырып: Омоним
- •Қорғаушы қызметі
- •Синоним
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Cабақ №12. Лексикалық тақырып:Қазақстан және Ұлыбритания қарым-қатынастары Грамматикалық тақырып:Антоним
- •Үлкен әріптестік жолында
- •Біріккен сөз
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №14. Лексикалық тақырып: Қазақстан мен Ұлыбритания қарым-қатынастары Грамматикалық тақырып:Қос сөз
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №16. Бақылау жұмысы
- •Сабақ № 17. Лексикалық тақырып: Қазақстан Британия баспасөзінің беттерінде Грамматикалық тақырып:-нікі,-дікі,-тікі
- •Сабақ №18. Лексикалық тақырып:Өзін басқара алмағанды өзге басқарады. Грамматикалық тақырып:Үстеу
- •Өзін басқара алмағанды өзге басқарады.
- •Сабақ №19. Лексикалық тақырып: Құқықтық салыстырма Грамматикалық тақырып: Сөйлем мүшелері
- •Қазақ хандығы мен англо-саксон корольдігінің заң жүйесіндегі үндестік
- •Даналық ойдан дән ізде.
- •Сабақ 20.Өткенді қайталау
- •Сабақ 21. Лексикалық тақырып:Шекспир қазақша сөйлейді Грамматикалық тақырып:Сөйлемнің бірыңғай мүшелері Шекспир қазақша сөйлейді...
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №23. Лексикалық тақырып:Франция елшісіөҚызылжарда Грамматикалық тақырып:Тыныс белгілері
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №24. Лексикалық тақырып:юнеско-дағы Түркістан күндері. Грамматикалық тақырып:Жай сөйлем. Жай сөйлемнің түрлері.
- •Сабақ №25. Өздік жұмысы
- •Сабақ № 26. Лексикалық тақырып: Өзара мүдделестік ортақ іске күш береді Грамматикалық тақырып: Құрмалас сөйлем
- •Француз русского происхождения Досье. Серж Смесов, посол Франции в Казахстане, председатель совета европейских стран, находящихся в Казахстане. Много лет работал в рамках структуры обсе.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №27. Лексикалық тақырып: Қазақстанға француз капиталды келеді Грамматикалық тақырып: Салалас құрмалас сөйлем
- •Грамматикалық анықтама.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ № 28. Лексикалық тақырып: Қазақстан және Германия қарым-қатынастары Грамматикалық тақырып: Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем
- •Гфр Қазақстанда шағын бизнес саласын дамытуға көмектеспек
- •Ыңғайлас салалас (соединительно-сочинительные) сөйлемдер.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №29. Лексикалық тақырып:Ганновер-Алматы іскерлік байланыста Грамматикалық тақырып:Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем
- •Германия келген несие бір кәсіпкердің ісін
- •Қазақ құсбегісі туралы хабар Кельн
- •Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №31. Лексикалық тақырып:Берлинде Абай көшесі бар Грамматикалық тақырып:Талғаулы салалас құрмалас сөйлем
- •Неміс офицері қазақ тілін меңгермек
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №32. Лексикалық тақырып: «Қазастанның қадірін Германияда сезіндік» дейді Германиядан оралған Ида Михель Грамматикалық тақырып:Себеп-саладар салалас құрмалас сөйлем
- •Грамматикалық анықтама:
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №33. Бақылау жұмысы
- •Сабақ №34.Лексикалық тақырып: Грамматикалық тақырып: Сабақтас құрмалас сөйлем
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №35. Лексикалық тақырып: Қазақстан мен Америка арасындағы қарым-қатынастар Граматикалық тақырып: Мезгіл бағыныңқылы сабақтас
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №36. Лексикалық тақырып: Қазақстан мен Құрама Штаттар белсенді әріптестер Грамматикалық тақырып: Шартты бағыныңқылы сабақтас
- •Шартты бағыныңқылы сабақтас.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №37. Лексикалық тақырып: Қазақстан ақш-қа кез келген көмек көрсетуге даяр Грамматикалық тақырып: Себеп бағыныңқылы сабақтас
- •Ақш Үкіметі мен Эксон корпорациясының ізгілікті көмектері
- •Себеп бағыныңқылы сабақтас.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №38. Лексикалық тақырып: Астаналықтар Америкада тәжірибеден өтті. Грамматикалық тақырып:Амал(қимыл-сын) бағыныңқылы сабақтас
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №39. Грамматикалық тақырып: Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №40. Қайталау сабағы
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №41. Бақылау жұмысы
- •Сабақ №42. Өткенді қайталау
- •Тіл мәдениеті
Қорғаушы қызметі
Егемен еліміздің мақсаты-құқықтық мемлекет құру. Мемлекеттің тірегі-заң. Заңсыз қоғам болу мүмкін емес. Сондықтан қоғамымызда қорғаушылардың міндеті ерекше. Әрбір қорғаушы Қазақстан Республикасының «Адвокатура туралы» заңы мен басқа заңдары басшылыққа ала жұмыс істейді. Қорғаушылардың мекемелерге, өндіріс орындарына, халыққа көрсететін қызметі үлкен, көмегі зор.
Қорғаушы заң кеңесшісі ретінде мекемелердің, өндіріс орындарының, жеке кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың басшыларына қабылданған заңдарды түсіндіріп береді. Оларды қалай дұрыс пайдалану жолын көрсетеді. Сондықтан қорғаушы заңның әр саласын толық және жақсы меңгеру керек. Азаматтарға қорғаушы кеңес беріп, тиісті құжаттарды толтыруға көмектеседі.
Тапсырма: Сөйлемдерді талдаңыздар.
Республикамыздың қорғаушылары халқымыздың мүддесін қорғайды.
Қорғаушы сот процесінде айыпталушыны қорғайды.
Әрбір мекеменің өз саласында қорғаушы болады.
Жоғары оқу орындарында болашақ қорғаушыларды дайындайды.
Қорғаушы өз қызметінде тек заңға жүгінеді.
Тапсырма: Төмендегі қанатты сөздерді қолданып, әңгіме
құрастырыңыздар.
Әділет тілесе, атаңнан басып айыбын айт. (М.Әуезов)
Не әділ болса, сол мәңгілік (Д.Террари)
Мейірімді болу оңай, әділ болу қиын. (В.Гюго)
Тапсырма: Мәтінде айтылған ойға байланысты өз пікірлеріңізді
білдіріңіздер.
Омоним
Тұлғасы, дыбысталуы бір, бірақ мағынасы бір-бірінен алшақ сөздерді омоним дейміз. Мысалы: жаз деген сөздің мына сияқты омонимдік мағыналары бар:
Жылдың төрт мезгілінің бірінің атауы.
Жазу ісімен байланысты қимыл атауы.
Бүктелген нәрсені жаю мағынасында.
Адасу, айырылып қалу (көз жазып қалды)
Кінә, қателесу мәнінде (мен саған не жаздым?)
Аурудан айығу, тәуір болу (ол ауруынан жазылды)
Жаз сөзінің бұл мағыналарының араларында ешбір жақындық жоқ.
Бұлар-жаз сөзінің көп мағыналығы емес, омонимдік мағыналары. Көп мағыналы сөздер әр түрлі заттың атауы болғанмен, олардың арасында қандай да жақындық, ұқсастық болады, ал омоним сөздер арасында ондай мағыналық жақындық, ұқсастық болмайды. Бас деген сөздің көп мағыналығы мен омонимдік мағынасын былайша салыстыруға болады.
Көп мағыналық Омоним
Адамның басы Адамның басы
Таудың басы Аяғыңды жылдам бас
Судың басы Көрікті бас
Тапсырма: Мына сөздердің омонимдік мағыналарын анықтап, түсінік беріңіздер. Сөйлем құрастырыңыздар.
Ана, ара, ас, асық, бақ, без, бу, бар, ер, ерін, ес, ет, жат, жең, көш, күл, мақта, мін, нан, сана.
Даналық ойдан дән ізде
Ірі табыс алдын ала қарастырылып, жете ойластырылған ұсақ-түйектерден тұрады. (В.О.Ключевский)
Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек. (М.Әуезов)
Табысты-адамның өмірінде қолы жеткен жағдаймен емес, табысқа жетудегі жеңген кедергілермен өлшеу ләзім. (Б.Вашингтон)
Сабақ №11. Лексикалық тақырып:Қазақстан-дүниежүзілік қауымдастықта
Грамматикалық тақырып:Cиноним
Тапсырма:Мәтінді оқып,аударыңыздар.
Әлем елдерімен терезесі тең
Тәуелсіздіктің бір белгісі-еліміздің дүние жүзіндегі басқа мемлекеттер тарапынан танылуы болса керек.Осыған орай, еліміздің сыртқы саясатын белгілейтін Қазақстан дипломатиясы ойдағыдай дамып,ол біздің мемлекеттің әлемдік қауымдастықтан өзінің лайықты орын алуына жақсы қызмет етті.
Тәуелсіз жас мемлекетіміз 1992 жылы 2 наурыз күні Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды.Республикамыздың көк байрағы әлем елдері туларының қатарына қадалды.Ел өмірінде жаңа кезең басталды.Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін одан бұрынырақ жарияласа да,егеменді ел ретінде танылды.Әлемдік мемлекеттер қауымдастығы қатарына қосылу елдік еңсені көтеріп қана қоймай,қарым-қатынастың жаңа арнасын ашты.1992-1993 жылдары іс жүзінде әлемнің 100 елімен дипломатиялық қатынас орнатылды,ал тәуелсіз даму жылдарындағы қатынас орнатқан елдеріміздің жалпы саны 121 болды.Бүгінде Қазақстанның БҰҰ(Біріккен Ұлттар Ұйымы),ЮНЕСКО(БҰҰ-ның білім ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы),ЕҚЫУ(Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым) секілді 64 халықаралық ұйымда өкілдігі бар.
Біздің еліміз басқа елдермен терезесін теңестіріп,тарихи дамудың жаңа бір арнасына түсті.Ол енді әлемдік мәселелерді шешуге араласады.
Қазақстан Республикасы өз болашағын әлемдік мемлекеттер қауымдастығына тығыз байланыстан көреді.Сол қауымдастықпен тығыз байланыс тәуелсіздігіміздің де, экономикалық, әлеуметтік дамуының да басты кепілдерінің бірі.Тәуелсіздіктің,дербестіктің еркін самалымен тыныстаған елдің орны қашанда сол өз теңдестерінің қатарында.
(«Егемен Қазақстан»)
Тапсырма:Төменде берілген сөз тіркестерін қатыстырып,сөйлемдер ойлап жазыңыздар.
Терезесі тең,еңсені көтеру,әлемдік қауымдастық,сыртқы саясат,егеменді ел,тәуелсіздіктің белгісі,лайықты орын алу,мүше болып қабылдану,көк байрақ,шын мәнінде,қарым-қатынастың жаңа арнасы,өтпелі кезең,іс жүзінде тәуелсіз даму жылдары,басты кепіл,тығыз байланыс.
Тапсырма:Сұрақтар төңерегінде пікір алысыңыздар.
«Тәуелсіздіктің белгісі» дегенді қалай түсінесіздер?
Тәуелсіз егеменді ел болу үшін қандай шарттар қажет деп санайсыздар?
Сізді қазір қандай әлемдік мәселелер толғандырады? Оларды шешудің қандай жолдарын ұсынасыз?