Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сабак.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
232.52 Кб
Скачать

Қаратпа сөз

Пікірдің кімге назар аудару мағынасында айтылатын оқшау сөздердің түрін қаратпа сөз деп атайды. Мысалы: Жолдастар, бүгінгі біздің әңгімеміз қазақ әндері жайлы.

Тапсырма: Берілген сөйлемдерден қаратпа сөздерді табыңыздар, тыныс белгілерін қойыңыздар.

  1. Жас жүрек қайда сенің ыстық қаның.

  2. Тыңдаңыздар Шығыс пен Кавказдың ұлдары менің бауырларым.

  3. Балалар бұл жол басы даналыққа, келіңдер түсіп байқап қаралық та.

  4. Сәрсен ашу – дұшпан, ақыл – дос, сабыр қыл.

Даналық ойдан дән ізде

  1. Әділеттіктің алды – абайлап сөйлеу (А.Йүгінеки)

  2. Тіліңді, тәбетіңді, нәпсіңді тыйып ұста (Анақарыс)

  3. Басқа – амандық, табыс күтсең ісіңнен

Жарамсыз бір сөз шығарма тісіңнен. (Ж.Баласағуни)

  1. Ас – тұзбен дәмді, су – мұзбен дәмді

Ал адам – салиқалы, сапалы сөзімен дәмді. (Ә.Навои)

Сабақ №8. Лексикалық тақырып: Қазақстанда сот билігінің

жүзеге асырылуы

Грамматикалық тақырып: Қыстырма сөз

Қазақстан Республикасының Конституциясы

(VIIбөлім, 76бап)

  1. Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және оның мақсат-міндеті азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды.

  2. Сот билігі Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға қолданылады.

  3. Соттар шешімінің, үкімдері мен өзге де қаулыларының Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады.

Тапсырма: Мәтінді оқып, аударыңыздар.

Қазақстан Республикасының сот жүйесі

Қазақстан Республикасының сот жүйесін Жоғарғы сот, облыстық және оларға теңестірілген соттар, аудандық (қалалық) және әскери соттар құрайды.

Қазақстан Республикасында заңға сәйкес мамандандырылған соттар құрылады. Олар: шаруашылық, салықтық, әкімшілік, кәмілетке толмағандар істері жөніндегі т.б. соттар. Бұл соттардың мәртебесі аудандық (қалалық) соттардың мәртебесіне сәйкес келеді.Қазақстан Республикасында округтік соттарда құрылады.

Соттардың барлығы сот жүйесіндегі түрлі тармақтардың (звено) органдары сияқты өзара байланысты.

Тармақ (звено) – сот құрылысының ұғымы. Сот жүйесінің тармағы деп тең өкілеттіктері бар соттардың жиынтығы аталады. Қазақстан Республикасының сот жүйесі үш тармақтан тұрады.

Инстанция – сот ісін жүргізудің ұғымы. Ол істерді қарау кезеңдерін анықтайды. Қазақстанда төрт инстанциялық сот жүйесі жұмыс істейді.

Олар бірінші инстанциядағы, аппеляциялық, кассациялық және қадағалау инстанциясындағы соттар.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 75–і бабында сот төрелігін тек сот жүзеге асырады деп жазылған. Азаматтық істерді, шаруашылық дауларды, қылмыстық істерді тек Жоғарғы сот, облыстық және оларға теңестірілген соттар ғана қарайды. Бұлардан басқа ешбір орган немесе лауазымды адамның сот қызметін өз мойнына алу құқығы жоқ. Адамның жасаған қылмысын айыптау және жазалау құқығы тек сотта ғана бар.

Тапсырма: Сұрақтарға жауап беріңіздер.

  1. Қазақстан Республикасының сот жүйесін қандай соттар құрайды?

  2. Заңға сәйкес тағы қандай соттар құрылады?

  3. Соттардың арасында қандай байланыс бар?

  4. Тармақ, сот жүйесінің тармағы деген не?

  5. Инстанция ненің ұғымы? Ол нені анықтайды?

  6. Қазақстанда неше инстанциялық сот жүйесі жұмыс істейді?

  7. Қазақстанда сот төрелігі қалай жүзеге асырылады?

  8. Адамды айыптау және жазалау құқығы кімде бар?

Тапсырма: Сөз тіркестерін аударыңыздар:

Судебная система, военный суд, статус судов, Верховный суд, создание

специализированных судов, окружной суд, звенья судебной системы, равные полномочия, налоговый суд, четырехинстанционная судебная система, областные и приравненные к ним суды, уголовное дело, должностное лицо, рассматривать гражданские дела, признать виновным человека, совершенное преступление.

Тапсырма: Жақшаны ашып, сөйлемдерді аударыңыз.

Қазақстан Республикасы Конституциясының сегізінші бөлімі (суды и

правосудие) деп аталады. Осы жылдың 22–і қаңтарында Алматы қалалық сотының (открытый суд) мәжілісі 20 (уголовное дело) қарады. Жамбыл облыстық сот алқасының мәжілісінде 12 (гражданское дело) қаралды. Өткен жылдың бес айында (несовершеннолетние) 200–ге жуық қылмыс жасалған. Облыстық ішкі істер басқармасы апта сайын (зарегистрированных), ашылған қылмыстар туралы хабарлар береді. (Должностные лица) жасаған экономикалық қылмыстар ашылуда. Азаматтардың сұрақтарына Алматы қаласы Бостандық (районный суд) судьясы жауап берді. Қазақтың (известный ученый) Шоқан Уәлиханов үлкен саяси маңызы бар «Сот реформасы жайында хат» деген еңбек жазған.Аптаның басында (Верховный суд) кеңесінің мәжілісі Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтті. Республикалық «Заң» газетінде шет елдердің (судебная система) туралы мәліметтер жарияланды.

Тапсырма: Мәтіндегі бірыңғай сөйлем мүшелерін атаңыздар.

Тапсырма: Берілген сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңыздар:

Теңестірілген, мамандандырылған, инстанциясындағы, кәмелетке толмағандар, азаматтық, жиынтығы, жүйесіндегі, мәртебесіне, өкілеттік, салықтық.

Қыстырма сөз

Айтушының өз ойына қатынасын білдіру мақсатында сөйлем ішінде кірістірілген оқшау сөздердің түрін қыстырма сөз деп атайды. Мысалы: Әрине, мен келемін.

Тапсырма: Қыстырма сөздермен сөйлем құрастырыңыздар (6):

Мүмкін, біріншіден, оқытушының айтуы бойынша, сөйтіп, сонымен, жалпы.

Даналық ойдан дән ізде

  1. Ақыл – сөзде, мейір – көзде.

  2. Ерінбегеннің еңбегі озар.

  3. Жақсылық еткен озар, жамандық еткен тозар.

  4. Кітап – өмір ұстазы. Сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес. (С.Қожамқұлов)

Сабақ №9. Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасының

соттар құрамы

Грамматикалық тақырып: Көмекші есімдер

Жоғарыда айтылғандай, Қазақстан Республикасының сот жүйесін Жоғарғы сот, облыстық және оларға теңестірілген соттар, аудандық (қалалық), әскери соттар құрайды. Енді осы соттардың құрамына тоқталайық.

Аудандық (қалалық) соттар

Аудандық (қалалық) соттар әділет министрінің ұсынысы бойынша аудан, қала және қала аудандарында төрағаны және тұрақты судьяларды тағайындау арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің билігімен құрылады.

Аудандық (қалалық) соттың құрамына төраға және тұрақты судьялар кіреді. Судьялардың жалпы санын әділет министрінің ұсынысы бойынша Президент белгілейді. Әр сот үшін оның сандық құрамын әділет министрі анықтайды.

Аудандық (қалалық) сот бірінші инстанциядағы барлық істерді қарайды, сот статистикасын талдайды, заң арқылы берілген басқа да өкілеттерді жүзеге асырады.

Аудандық (қалалық) соттың төрағасы судья болып табылады және сот жұмысын ұйымдастырады. Ол судьялар арасында істерді бөледі, азаматтарды қабылдайды, сот аппараты қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]