
- •Сабақ №1. Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарының жүйесі Грамматикалық тақырып: Қайталау Мемлекеттің жалпы сипаттамасы
- •Даналық сөзден дән ізде
- •Сабақ №2. Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанасындағы біртұтас мемлекет (қр Конституциясы, 2 – бап). Грамматикалық тақырып: Модаль сөздер
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №3. Лексикалық тақырып: Мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары Грамматикалық тақырып: Зат есімнің сөз тудырушы жұрнақтары
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №4. Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары Грамматикалық тақырып: Етістіктің болымсыз түрі
- •Азаматтардың сайлау құқықтары
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №5. Өткенді қайталау
- •Сөйлеу әдептері
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Грамматикалық тақырып: Қаратпа сөз
- •Ұлттық ұлан
- •Қаратпа сөз
- •Қазақстан Республикасының сот жүйесі
- •Облыстық және оларға теңестірілген соттар
- •Әскери соттар
- •Көмекші есімдер
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №10. Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Грамматикалық тақырып: Омоним
- •Қорғаушы қызметі
- •Синоним
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Cабақ №12. Лексикалық тақырып:Қазақстан және Ұлыбритания қарым-қатынастары Грамматикалық тақырып:Антоним
- •Үлкен әріптестік жолында
- •Біріккен сөз
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №14. Лексикалық тақырып: Қазақстан мен Ұлыбритания қарым-қатынастары Грамматикалық тақырып:Қос сөз
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №16. Бақылау жұмысы
- •Сабақ № 17. Лексикалық тақырып: Қазақстан Британия баспасөзінің беттерінде Грамматикалық тақырып:-нікі,-дікі,-тікі
- •Сабақ №18. Лексикалық тақырып:Өзін басқара алмағанды өзге басқарады. Грамматикалық тақырып:Үстеу
- •Өзін басқара алмағанды өзге басқарады.
- •Сабақ №19. Лексикалық тақырып: Құқықтық салыстырма Грамматикалық тақырып: Сөйлем мүшелері
- •Қазақ хандығы мен англо-саксон корольдігінің заң жүйесіндегі үндестік
- •Даналық ойдан дән ізде.
- •Сабақ 20.Өткенді қайталау
- •Сабақ 21. Лексикалық тақырып:Шекспир қазақша сөйлейді Грамматикалық тақырып:Сөйлемнің бірыңғай мүшелері Шекспир қазақша сөйлейді...
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №23. Лексикалық тақырып:Франция елшісіөҚызылжарда Грамматикалық тақырып:Тыныс белгілері
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №24. Лексикалық тақырып:юнеско-дағы Түркістан күндері. Грамматикалық тақырып:Жай сөйлем. Жай сөйлемнің түрлері.
- •Сабақ №25. Өздік жұмысы
- •Сабақ № 26. Лексикалық тақырып: Өзара мүдделестік ортақ іске күш береді Грамматикалық тақырып: Құрмалас сөйлем
- •Француз русского происхождения Досье. Серж Смесов, посол Франции в Казахстане, председатель совета европейских стран, находящихся в Казахстане. Много лет работал в рамках структуры обсе.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №27. Лексикалық тақырып: Қазақстанға француз капиталды келеді Грамматикалық тақырып: Салалас құрмалас сөйлем
- •Грамматикалық анықтама.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ № 28. Лексикалық тақырып: Қазақстан және Германия қарым-қатынастары Грамматикалық тақырып: Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем
- •Гфр Қазақстанда шағын бизнес саласын дамытуға көмектеспек
- •Ыңғайлас салалас (соединительно-сочинительные) сөйлемдер.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №29. Лексикалық тақырып:Ганновер-Алматы іскерлік байланыста Грамматикалық тақырып:Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем
- •Германия келген несие бір кәсіпкердің ісін
- •Қазақ құсбегісі туралы хабар Кельн
- •Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №31. Лексикалық тақырып:Берлинде Абай көшесі бар Грамматикалық тақырып:Талғаулы салалас құрмалас сөйлем
- •Неміс офицері қазақ тілін меңгермек
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №32. Лексикалық тақырып: «Қазастанның қадірін Германияда сезіндік» дейді Германиядан оралған Ида Михель Грамматикалық тақырып:Себеп-саладар салалас құрмалас сөйлем
- •Грамматикалық анықтама:
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №33. Бақылау жұмысы
- •Сабақ №34.Лексикалық тақырып: Грамматикалық тақырып: Сабақтас құрмалас сөйлем
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №35. Лексикалық тақырып: Қазақстан мен Америка арасындағы қарым-қатынастар Граматикалық тақырып: Мезгіл бағыныңқылы сабақтас
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №36. Лексикалық тақырып: Қазақстан мен Құрама Штаттар белсенді әріптестер Грамматикалық тақырып: Шартты бағыныңқылы сабақтас
- •Шартты бағыныңқылы сабақтас.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №37. Лексикалық тақырып: Қазақстан ақш-қа кез келген көмек көрсетуге даяр Грамматикалық тақырып: Себеп бағыныңқылы сабақтас
- •Ақш Үкіметі мен Эксон корпорациясының ізгілікті көмектері
- •Себеп бағыныңқылы сабақтас.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №38. Лексикалық тақырып: Астаналықтар Америкада тәжірибеден өтті. Грамматикалық тақырып:Амал(қимыл-сын) бағыныңқылы сабақтас
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №39. Грамматикалық тақырып: Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №40. Қайталау сабағы
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №41. Бақылау жұмысы
- •Сабақ №42. Өткенді қайталау
- •Тіл мәдениеті
Сабақ №41. Бақылау жұмысы
Тапсырма: Тірек сөздерді қатыстыра отырып, құрмалас сөйлемдер ойлап жазыңдар.
1. Қолға алынуға тиісті нақты жобалар.
2. Жетекші орын алатын компания
3. Қарашығанақ кен орнын игеру
4. Газ тарту жүйелерін ретке келтіру
5. Жобаларға қатысты пікір білдіру
6. Екі жаққа да тиімді жоба.
7. Қатаң бақылауға алу.
8. Құқық қорғау органдары тарапынан
9. Инвестициялар тарту /құю/
10. Жұмыс жағдайынан хабардар ету
Тапсырма: Берілген етістіктермен сабақтас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар.
Тапсыру, келісу, қабылдайтынын айту, білдіру, тілектерді жеткізу, мүмкіндіктерін беру, бағалау, қарау.
Тапсырма: Берілген бағыныңқыларға басыңқыларын тауып жазып, сабақтастың қай түріне жататынын анықтаңыздар.
Бағыныңқылары: астық ысырап болмау үшін, Қарағанды көмірін тапқалы, Тыңдауға өзің жалықпасаң, Басы ауырып жатса да, Алғашқы топ кетісімен, қонақ келетін болғандықтан, Кезек өз шешесіне келгенде.
Басыңқылары: айтуға Байкөкше жалықпас, өзге қонақтар да іркілген жоқ, Бұл өлке биелерін де жылдағыдан ерте байлапты, ол сүйген жоқ, совхозда барлық мүмкіндік жасалды, Абай еріксіз күліп жіберді, жүзге жуық жылдар өтіп барады.
Тапсырма: Текстегі сабақтас құрмаласқа айналдырып жазып, солайша талдаңыз. Текске тақырып қойыңыз.
Қазіргі Абай ауылы Қызылқайнар деген қоныста отыр. Жіңішке өзенмен қатар бұлақ бастаулары мол, шалғыны да қалың кең жайлау болғандықтан, бұл қонысқа Абай ауылымен ілесе көшіп келген ауылдар аса көп. Мұнда Ырғызбайдың бір өзінен он шақты ауыл болғанда, көршілес Қарабатыр, Әнет, Торғай, Топайдан да талай ауыл бар. Жиі қонған қалың елдің малы араласып, иттері де сәт сайын әуліге үрісіп, көп таласа береді. Осындай қалың ауылда бас қосқанда, әр ауылдың шет-шетіндегі қара үйлер, жарты лашықтар, күрке мен қостар бүгіндер көзге, әсіресе, көп көрінеді. Тек сыртынан қарап-ақ, қалың көпшіліктің жоқшылық пен мүшкілдік күйін танырсың (М. Әуезов).
Тапсырма: Текстен құрмалас сөйлемдерді түр-түріне (салалас, сабақтас) ажыратып, оларға толық синтаксистік талдау жасаңыз. Текске тақырып қойыңыз.
Әркім өз ойында, барлық ой бір қараға жетіп жығылуда келе жатқанда, Ақмола жолына көлденеңдеп түскелі келе жатқан бір кішкене шоғыр көрінді. Ақырын қозғалады, әрең жылжиды. Байжан тұра қалып, тесіле қарады да, екі салт аттыны көрді. Қары жұқалау жерде екі адам аттарына мінеді де, оппа қарға кездесіп қалғанда аттарынан түсіп, жетелеп алады. Кеудесінен оппалап келе жатқан аттар бауырмен қар сызып, жүзіп келе жатқандай. Екі аттың ортасында сүйретіліп келе жатқан бірдеме қараяды. Қаба жал, қалың құйрық аттар қыстың күні жылқышы мінетін айғырға ұқсайды. Кейде екі салт қатар аяңдайды да, кейде бірі- екі атты жетелеп, бірі-артынан айдайды. (Ғ. Мүсірепов).
Сабақ №42. Өткенді қайталау
Тіл құдіреті
Тіл-халықтың нәресте кезінен бүгінге дейінгі барша болмыстың шежіресі, халықтың мәдениеті мен ақыл-ойының ең асыл айғақтары жинақталған қоймасы.
«Тіл сөйлеу, сөйлесу, оқу-үйрену, жазу-сызу арқылы өседі. Бұл үшеуінің бірді-біріне көңіл аудармау- ең үлкен қылмыс»,- дейді академик, жазушы Ғабит Мүсірепов. Тіл тағдырына қатысты өзекті-өзекті осынау үш мәселесінің бірін назардан тыс қалдыруға болмайды. Себебі, жөнімен сөйлей білу мәдениеті болсын, оқып-тоқу арқылы тілдің тоқсан толғам сырын игеру болсын немесе рухани болмысымыз көрініс табар әдеби тіліміз болсын- бұдан кім-кімнің де бейтарап қала алмайтыны аян.
Сөйлеу мәдениеті- ауызекі тілдің талғамы да татымды сауатты тілге қатысты проблемалардың ішіндегі ең мәндісі. Өйткені тіл заттық қасиеттен ада. Оны күмбезді сарайға қаттап жинап қойып, керегінше кетіп алып отыруға болмайды. Тіл атаулы адамдардың, белгілі ұлттың, халықтың ақыл-ойының көрініс табуы үшін, бір-бірімен қарым қатынас жасауы үшін ең қажет құрал ретінде қызмет жасайды. Сондықтан да ауызекі тілге, сөйлеу мәдениетіне мән беріп, оған жауапкершілікпен қарау, бүгінгі рухани өреміз үшін қызармау, алдағы жарқын болашақтың қамын жеу болып табылады.
(А. Сейдімбеков, «Сонар» кітабынан)
Сөз өнері
Бір нәрсе турасындағы пікірімізді, яки қиялымызды, яки көңіліміздің күйін сөз арқылы айта білсек, сол сөз өнері болады. Ішіндегі пікірді, қиялды, көңілдің күйін тәртіптеп қисынын, кестесін келістіріп сөз арқылы тысқа шығару-сөз шығару болады. Шығарма дегеніміз-осылай шығарған сөз. Сөзді бұлай етіп шығаруға көп өнер керектігі жоғарыда айтылды. Сөз шығару өнерді қорек қылса, өнер ғылымды қорек қылады. Мұнан сөз өнерінің ғылымы туады.
Шешен сөзде айтушының мақсаты- баяндап, сипаттап түсіндірумен қоймай, нандыру, сендіру, ұйыту, иман келтіру болады. Осыны істеу үшін шешендер жай пайымдауларынша айтқан сөздің адамның ақылына қону жағын ғана көздемейді. Сөз қанға, жанға әсер етіп, арбау сияқты ойын да, бойын да балқытып билеп алып кетуге ыждаһат етеді.
(А. Байтұрсынұлы).
3-жаттығу. Мәтіндерді оқып шығып, сөз өнері, тіл мәдениеті жайлы пікір алысыңыздар.