Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сабак.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
232.52 Кб
Скачать

Даналық ойдан дән ізде

  1. Адам жақсы күледі екен- демек, жақсы болғаны.

  2. Күле білу қабілеті – нағыз адамдық белгі ... күлкіге іштей әзір тұру зор дамуды, қайнаған қызметті, ақыл-парасат күштерінің ойынын талап етеді. В.А.Сухомлинский

Тапсырма: Жұмбақтарды шешіңіздер

  1. Әжемнің қалпақты таяғы, 2. Мөлдіреп жатқан қос көлге

Қолына алса жүгірер Шыныдан тұттым қос перде

Шорланып белі бүгілер. 4. Сәбиге сәнді үй

Әжеге ән-күй.

  1. Ұзын өзен,

Суы жоқ.

Қосымша әдебиет.

1. А. Ысқақов.Қазірге қазақ тілі. А., 2001 ж.

2. Н. Әміреев. Қазақ тілі. Сөз мәдениеті. А., 2006 ж.

Сабақ №39. Грамматикалық тақырып: Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас

Тапсырма: Төменгі сұрақтарға жауап беріңіздер

  1. Әңгіме барысында қандай мәселелер талданды? а)демократиялық саясат бағыты ә)экономикалық ынтымақтастық мәселелері б) әлемнің болашағы

  2. 2001 жылы терроризмге қарсы күрес жөніндегі мәслихат қайда өтеді? а)Таяу Шығыс ә) Орталық Азия б) Вашингтон

  3. Орталық Азиядағы тұрақтылыққа төнетін қауіп-қатердің бірі қандай? а) сапасыз бұйымдар ә) есірткі мен қару-жарақ б) көшіп-қонушылар

  4. Терроризм, жаппай қырып-жоятын қарудың таралуы, жай қару-жарақ мәселелерін Елбасы кіммен талқылады? а) Джордж Бушпен ә) Колин Пауэлмен б) Мадлен Олбрайтпен

  5. Күресті қандай салада күшейту қажет? а) шекара қауіпсіздігі ә) білім, оқу-ағарту б) денсаулық

  6. 1992 жылдан бастап біздің еліміз қандай саясатты жалғастырып келеді? а) терроризмге қарсы күрес ә) жаппай қырып-жоятын қаруды ауыздықтау б) демократиялық сайлау

  7. Елбасымыз АҚШ Мемлекеттік хатшысымен кездесу барысында басты назар аударған мәселелері. а) мұнай құбыры желісі жобалары ә) демократия, адам құқығы б) табиғи төтенше жағдайлар

  8. Екі ел арасында қандай құжатқа қол қойылды? а) бірлескен жоба ә) бірлескен кәсіпорын б) бірлескен мәлімдеме

  9. Қол қою рәсімінен кейін өткізілген кездесу. а) мәжіліс төрағасымен ә) БАҚ өкілдерімен б) Төтенше және Өкілетті Елшімен

  10. Екі мемлекет арасындағы шолу жасалған мәселелер. а) ынтымақтастық мәселесі ә) шекара мәселесі б) кеден мәселесі

  11. АҚШ Мемлекеттік хатшысы сапарының мақсаты. а) инвестиция салу және тарту ә) қарым-қатынасты тереңдету б) демеуші болу

  12. Сапар соңында Мемлекеттік хатшы кіммен кездесті? а) ұйымдасқан қылмыстық топпен ә) қоғамдық ұйымдар мен қауымдастықтар өкілдері б) үкімет басшысымен

  13. Қазақстан АҚШ үщін қандай әріптес? а) маңызды бәсекелес ә) жоғары дамыған ел б) басты әріптес

  14. Қазақстан – АҚШ комиссиясының қызмет бағыттары қандай? а) саяси партиялар, ұйымдар ә) көлік коммуникация, байланыс б) қауіпсіздік, экономикалық, демократиялық әріптестік.

Тапсырма: Сөйлемдерді аударыңыздар

1. В сфере экономических отношений между Республикой Казахстан и США приоритеты отдаются инвестиционному и финансовому сотрудничеству в области энергетики, транспорта и строительства. 2. В рамках экономической помощи Комитет делового развития собирается начатые обсуждения проекта соглашения по нефти и газу. 3. Наметился некоторый рост в экспортно-импортных взаимосвязях между нашими странами. 4. По контракту, подписанному с компанией «Филип Моррис», предполагается инвестирование в развитие табачной промышленности республики порядка 300 млн. долларов. 5. Республика Казахстан и США обязались развивать полномасштабное сотрудничество в области охраны окружающей среды в районе Аральского моря и Семипалатинского региона. 6. Первые две группы добровольцев Корпуса Мира в составе 100 человек направлены в различные регионы Казахстана для осуществления программ в трех областях: преподавание английского языка, оказание содействия развитию бизнеса и работы в области экологии.

Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас. Бағыныңқы, басыңқы сыңарлары бір-біріне қарама-қарсы мәнде келетін сабақтас құрмаласты қарсылықты бағыныңқылы сабақтас дейміз. Бағыныңқы сыңары Қайтсе де? Не етсе де? Қайткенмен? Не еткенмен? сұрақтарының біріне жауап беріп, баяндауышы көмектес жалғаулы, -ша, -ше жұрнақты есімшеден, шартты рай (оған да, де шылауы тіркесіп те келеді) тұлғасынан және көсемшенің-а,-й тұлғаларынан жасалады. Үш болысқа бұл кесік өрескел көрінгенмен, олар амалсыз, титығы құрып үнсіз қалды. Өздері біле тұра, өзге Жігітекке де қайта-қайта кісі шаптырып, хабарлап тұрған. Балам-ай, әжеңде қуыс кеуде болмаса, не сымбат қалды. Қаражан тақап келсе де, Абай амандасқан жоқ. (М. Әуезов). Терлеген атқа жаның ашығанша, менің білеудей арқама неге жаның ашымайды. ( Ғ. Сланов).

Тапсырма: Қарсылықты бағыныңқылы сабақтастардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Құр әдеппен жымиғаны болмаса, Абай оның сөзін аңғарған жоқ. Шешелері бұған біресе қымыз, біресе тоңазыған ет, біресе шай ұсынып тықпалай берсе де, баланың бойына ас батпады. Бірақ Тобықты атқамінерлері осылай дегенмен, Керей-Найман Абайды олай мінеген жоқ.

( М. Әуезов). Осы адамдарға іштей риза бола тұра, Байжан олармен жолыққан алғашқы күндерін де есіне түсіріп қояды. Күн райының қабағы түйіле түскеніне қарамастан, көркем Қарқаралыны тағы да бір аралап түспек болдым (С. Мұқанов). Туысқан бола тұрып, екеуі жат адамдар сияқты. (Х. Есенжанов).

Тапсырма: Текстен қарсылықты бағыныңқылы сабақтастарды табыңыз. Оларды сөйлем мүшелеріне талдаңыз. Текстің тақырыбын қойыңыз.

Өзі қатты талып шаршап,келсе де, Ербол, Абай жәйін бағып, жөндң ұйқы қйықтамады. Үйдің шамын өшірмей, тек басып қана әлсіретіп шығып кеткен Тоғжан ата-енесінің үйіне кетсе де, тыным ала алмады. Түн ортасы ауа берген кезде Абай тағы да қатты қызу үстінде, ұйқысұрау мен сандырақ арасында уһлеп, тынышсыздана бастады. Тоғжан бұның дертті тынысын алыста жатқан орнына сәтте сезгендей бопты. Бірақ ауыл Абайдың науқасына қайысқанмен, осы күннің түс шағында Тоғжан туралы ұнамсыз сыбыр естіп, келін мңнезңн сыпсыңдап сөз қып қалды. Осыдан соң Абайды күтуге Тоғжан жіберілмей,бұл отауға Найманның кемпірінің өзі кеп отырған. (М. Әуезов).

Тапсырма: Жасалу жолы түрліше 5 қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]