Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сабак.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
28.12.2019
Размер:
232.52 Кб
Скачать

Даналық ойдан дән ізде

1. Жастықта көкірек зор, уайым жоқ.

2. Сен жассың, көп нәрсеге үйренуге, көп нәрсені естіп білуге, көп нәрсені

көкейге түюге тиістісің. Софокл.

3. Жастық шақ даналықты игерер кез. Ж. Ж. Руссо

4. ... бүкіл ақыл-ой болмысының негіздері балаң жастық шақта қаланады.

(А. И. Геруен.)

Тапсырма: Жұбақтарды шешіңіздер

1. Қос құбыр

Ауызына іліккен

Тез құрыр

2. Тура өтіп шығасың,

Су кештірмес қол шатыр.

3. Көз- төбесінде

Көлі- түбінде

4. Жазда айдында жүзеді,

Қыста үмітін үзеді

Қосымша әдебиет.

1. А. Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. А., 2001 ж.

2. Н. Әміреев. Қазақ тілі. Сөз мәдениеті. А., 2006 ж.

Сабақ №36. Лексикалық тақырып: Қазақстан мен Құрама Штаттар белсенді әріптестер Грамматикалық тақырып: Шартты бағыныңқылы сабақтас

Қазақстан мен Құрама Штаттар арасындағы экономика мен сыртқы саясат саласындағы ынтымақтастықты тереңдете түсуге бағытталған, бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойылды. Оларға энергетика, сауда және инвестициялар, ғылым мен жаңа технология мәселелері, жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау және айналадағы ортаны қорғау проблемалары да кіреді.

Қазақстан өзінің экономикалық мәселелерін шешуде, әсіресе, Америка Құрама Штаттарымен қарым-қатынасқа ерекше көңіл бөледі.

Бұл бағыттағы алғашқы байсалды қадам американдық «Шеврон» компаниясы мен Теңіз мұнай көздерін бірлесіп игеру жөніндегі ірі шартқа қол қойылуы еді. Бұл келісім-американ капиталының Қазақстан экономикасына ірі көлемде тартылуының бастамасы болды. «Теңізшевройл» жобасы бойынша 2010 жылы тәулігіне 700 мың баррельден ( мың тоннадай) асатын мұнай өндіруге қол жеткізу көзделген. Бірлескен кәсіпорын жұмысына қатыса отырып, «Шеврон» сонымен бірге Қазақстанның аймақтық инфрақұрылымын жетілдіруге, мәселен, аурухана, мектеп, жол құрлыстарын салуға көмектесіп, әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларға да қатысты. Өкілдері және 117 бірлескен кәсіпорындар құрылып, жұмыс істейді.

1997 жылы қыркүйектің 12-де Президент Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тың халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесінің төрағасы Питер Питерсон және осы ұйымның құрметті төрағасы, белгілі қаржыгер Дэвид Рокфелер бастаған осы кеңесінің делегациясын қабылдады. Бұл делегацияның құрамында дүниежүзіне танымал ірі компания «Леви Страустың» төрағасы Роберт Хаас, атақты «Джонсон және Джонсон» фирмасы «Джонсон» инвестициялық компаниясының жетекшісі Роберт Джонсон, сонымен қатар мүлік операцияларымен айналысатын «Роуз Ассошиэйтс» басқармасының төрағасы Фредерик Роуз секілді АҚШ-тың іскерлер ортасының ықпалды өкілдері болды.

Жалпы американдық делегацияның бұл жолғы негізгі мақсаты Қазақстан жайлы көбірек білу көрінеді. Келіссөздер барысында олар біздің мемлекетіміздің даму бағытын көздейді.Экономикалық даму тұжырымдамасы қандай және өзінің тәуелсіздігін нендей сыртқы саяси құралдар арқылы қалай нығайтпақ екендігі толық білгісі келетіндіктерін байқатты.

Тапсырма: Мәтінді оқып, сұрақтар қойыңыздар. Мәтін бойынша пікір алмасыңыздар.

Тапсырма:Сөз тіркестерін пайдаланып, құрмалас сөйлемдер құраңыздар.

Ынтымақтастықты тереңдете түсу, екі жақты құжат, жаппай қырып-жоятын қару, айналадағы ортаны қорғау, ерекше көңіл бөлу, бірлесіп игеру, шартқа қол қою, ірі көлемде тартылу, қол жеткізу, бірлескен кәсіпорын, әлеуметтік-экономикалық бағдарлама, соңғы жылдар, халықаралық қатынастар, құрметті төраға, дүниежүзіне танымал, ықпалды өкілдер, негізгі мақсат, келіссөздер барысы, даму бағыты, экономикалық даму тұжырымдамасы.

Тапсырма: Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Қазақстанның АҚШ-пен сыртқы саясаты қалай дамуда?

2. Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастар қай жылдан басталды?

3. Қазақстан Республикасының Президенті қай жылы алғашқы рет ресми

сапармен АҚШ-қа барды?

4. Сапар барысында қандай келісім-шарттарға қол қойылды?

5. Американдық қандай компания мұнай өндіруге қол жеткізді?

6. Қазақстан жерінде Американың қандай компаниялары жұмыс істейді?

7. Аталмыш компаниялар біздің елімізге қандай көмек көрсетеді?

8. Қазақстан жері американдықтарды неге қызықтырады?

Тапсырма: Орыс тілінен қазақ тіліне аударыңыздар.

  1. Государственный суверенитет республики Казахстан был признан

Соединенными Штатами Америки 25 декабря 1991 года.

  1. В 1992 году официальный визит Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаев в США заложил основу для развития двустороннего сотрудничества.

  2. В 1992 году Казахстан посетил ряд делегаций, в частности, делегация Комисси Конгресса США по безопасности и сотрудничеству в Европе сенаторы Крэнстон, Сэм Канн и Ричард Лугар.

  3. В ходе состоявшихся переговоров стороны обсудили широкий спектр двусторонних отношений и международных проблем.

  4. 19-21 марта 1994 года Министр обороны США Уильям Перри находился с рабочим визитом в Алматы. В ходе визита состоялось первое заседание казахстанско-американского комитета по оборонной конверсии.

  5. Особое значение приобретает подписанный с американской фирмой «Шеврон» широкомасштабный контракт на освоение нефтяных месторождений Западного Казахстана.

Тапсырма: Сөз тіркестерімен сөйлем құраңыздар.

Қазақстанның сыртқы саясаты, мемлекеттер арасында, өзара түсіністік, екі жақты қарым-қатынас, экономикалық ынтымақтастықты дамыту, мәселелер бойынша пікір алмасу, жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау, айналадағы ортаны қорғау, бірлесіп игеру, әлеуметтік-экономикалық бағдарлама, қауіпсіздікті нығайту.

Тапсырма: Сөз тіркестерін орыс тілінен қазақ тіліне аударыңыздар.

Установлены деловые связи, международное развитие, техническая помощь, казахстнаско-американское отношение, официальный визит, актуальность региональных и международных проблем, оборонная промышленность, ликвидация стратегических наступательных вооружений.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]