Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сабак.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
232.52 Кб
Скачать

Даналық ойдан дән ізде

  1. Таңдамасаң жастан жолдың дұрысын,

  2. Жас болып та көрген күнін құрысын. Ә. Жәми

  3. Жастық шақ-әсем зат, оны жастардың оңды-солды шашуы қылмыс.

(Б. Шоу)

  1. Жасыңда не ексең, есейгенде соны орасың. (Г. Ибсен)

Тапсырма: Жұбақтарды шешіңіздер

1. Аппақ ас, сызы бар, 4. Есігі жоқ

Балалар қызығар. Тесігі жоқ,

2. Сұйық еді аппақ, Ақ доптың ішінде

Бауырдай боп қатыпты, Несібі көп.

Ішсең дәмі тәтті-ақ. 5.Ұрмай-соқпай жылатады

3. Мал төлдеп, Әркім бірақ ұнатады.

Әр ауыл

Пісірді ақ бауыр.

Қосымша әдебиет.

  1. А. Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. А., 2001 ж.

  2. Н. Әміреев. Қазақ тілі. Сөз мәдениеті. А., 2006 ж.

Сабақ №35. Лексикалық тақырып: Қазақстан мен Америка арасындағы қарым-қатынастар Граматикалық тақырып: Мезгіл бағыныңқылы сабақтас

Тапсырма: Мәтінді оқып, сұрақтар қойыңыздар

Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынасының маңызы өте зор. Бұл қарым-қатынас Америка Құрама Штаттары Қазақстан Республикасын мемлекет ретінде таныған 1991 жылы 25 желтоқсаннан басталды. Келесі күні, яғни 26 желтоқсанда мемлекеттер арасында елші дәрежесіндегі толыққанды дипломатиялық қатынастар орнады. Осылайша, ұлы мемлекеттердің ішінде Қазақстанды алғашқылардың бірі болып таныған АҚШ ҚР-ның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуына өзінің мүдделі екенін көрсетті.

Екі мемлекет арасында қарым-қатынастық байланыстар орнатылған алғашқы күндерден бастап, ол жоғары деңгейлерде үнемі қолдау тауып келеді.

1991 жылдың желтоқсанында Мемлекеттік хатшы Дж. Бейкер Алматыға келіп, Н. Ә. Назарбаев және басқа да ресми адамдармен келіссөздер жүргізді. 1992 жылдың көкек айында Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік және қарым-қатынастар жөніндегі АҚШ конгресі комиссиясының делегациясы келді. Сол жылғы мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Америка Құрама Штаттарына алғашқы жұмыс сапарымен барды. Осы сапардың барысында «Сауда қатынастары жөніндегі келісім», «Қаржы салымдарын өзара қорғау жөніндегі шарт», «Қазақстан Республикасы және АҚШ өкіметтері арасындағы өзара түсіністік жөніндегі меморандумға» қол қойылды. Сөйтіп, екі жақты қарым-қатынастардың шарттық-құқылық негіздері қаланды.

Келіссөз барысында мемлекеттер басшылары екі жақты қатынастардың және АҚШ пен Қазақстан арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту келешегінің мәселелерін талқылады. Олардың арасында мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық та бар. Өзара мүдделі болып отырған аймақтық және халықаралық сипаттағы мәселелер бойынша пікір алысты.

Тапсырма:Сөйлемдерді толықтырыңыздар

1. Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде... ...

2. Ресми сапардың барысында... ... ...

3. Қазақстанның сыртқы саясаты... ... ...

4. Екі ел экономикалық ынтымақтастықты... ... ...

5. Қарым-қатынастық байланыстар орнатылған... ... ...

6. Халықаралық сипаттағы... ... ...

Тапсырма: Көп нүктенің орнына қажет сөздерді қойыңыздар

1. Қазақстан Республикасының Президенті және басқа ресми адамдар ... жүргізді.

а) мәслихат

ә) келіссөздер

б) әңгіме

2. Қазақстанға ... Жылдың көкек айында АҚШ конгресі комиссиясының делегациясы келді.

а) 1991

ә) 2000

б) 1992

3. Сол жылғы мамырда Қазақстан Республикасының Елбасы Америка Құрама Штаттарына алғашқы ... ... барды.

а) ресми сапарымен

б) іс сапарымен

4. Қазақстан Республикасы және АҚШ өкіметтері арасындағы ... ... меморандумға қол қойылды.

а) өзара байланыс жөніндегі

ә) өзара қарым-қатынас жөніндегі

б) өзара түсіністік жөніндегі

5. Екі жақты қарым-қатынастардың ... ... негіздері қаланды.

а) нормативтік құқық

ә) құқық қорғау

б) шарттық-құқылық

Мезгіл бағыныңқылы сабақтас. Бағыныңқылы сыңары басыңқысындағы іс, оқиғаның мезгілін білдіретін сабақтас құрмаласты мезгіл бағыныңқылы сабақтас дейміз.

Бағыныңқылы сыңары Қашан? Қашаннан бері? Қашанға шейін? сұрауларының біріне жауап беріп, баяндауыштары жатыс жалғаулы, -ша, -ше тұлғалы және соң, кейін, шейін, сайын, бері шылаулары мен шақта, кезде, уақытта сөздері тіркесінен есімшелерден, шартты рай жұрнақтарынан, -ғалы, -гелі, -е көсемше тұлғаларынан және -ысымен, -ісімен тұлғалы сөздерден жасалады.

Көкшеден Әмірді Ызғұтты алып жөнелгенде, Байтас Абайға кісі шаптырған. Жігітек те Бөкенші дақпыртын ести сала, сол ара ағайынға қос-қос аттан кісі жөнелтті. Құдайберді арғы шетке жеткенше, Құнанбай қасына жиырма-отыз аттылар жиылып қалды. Байсал Құнанбаймен араздасып кеткелі, Абай мен Жиреншенің кездескені осы. Бүгін қара жел басталысымен, қиыршықтап қар да түсе бастады. Аңшылар қостарына келсе, Абай қасында қонақ бар екен. Алынған жылқыны жігіттер мініп алған соң, Балағаз өзі әрқашан қарауылда отырды. (М. Әуезов).

Тапсырма: Мезгіл бағыныңқылы сабақтастардың жасалу жолдарын түсіндіріңіз.

Діл кетер кезде, жеңге шапан жамылып, есік ашып, алдынан шыға беріп еді. Бие байлап болғаннан кейін, түске жақын ауыл қымызға жиылды. Ауыл қыстауға қонғаннан бері, Абай өзі Некрасовты ерекше бейіл бере оқыды. Құнанбай, ел жайлауға шығардан бұрын, былтыр өзі Қарашоқыдан көшірген Бөкенші, Борсаққа Жігітек жерінің жапсарынан жайлау берген болатын.

( М. Әуезов)

Тапсырма: Әр түрлі жасалу жолдарын пайдалана отырып, мезгіл бағыныңқылы 8 сабақтас құрмалас сөйлем құраңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]