
- •Сабақ №1. Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарының жүйесі Грамматикалық тақырып: Қайталау Мемлекеттің жалпы сипаттамасы
- •Даналық сөзден дән ізде
- •Сабақ №2. Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанасындағы біртұтас мемлекет (қр Конституциясы, 2 – бап). Грамматикалық тақырып: Модаль сөздер
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №3. Лексикалық тақырып: Мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары Грамматикалық тақырып: Зат есімнің сөз тудырушы жұрнақтары
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №4. Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары Грамматикалық тақырып: Етістіктің болымсыз түрі
- •Азаматтардың сайлау құқықтары
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №5. Өткенді қайталау
- •Сөйлеу әдептері
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Грамматикалық тақырып: Қаратпа сөз
- •Ұлттық ұлан
- •Қаратпа сөз
- •Қазақстан Республикасының сот жүйесі
- •Облыстық және оларға теңестірілген соттар
- •Әскери соттар
- •Көмекші есімдер
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №10. Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Грамматикалық тақырып: Омоним
- •Қорғаушы қызметі
- •Синоним
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Cабақ №12. Лексикалық тақырып:Қазақстан және Ұлыбритания қарым-қатынастары Грамматикалық тақырып:Антоним
- •Үлкен әріптестік жолында
- •Біріккен сөз
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №14. Лексикалық тақырып: Қазақстан мен Ұлыбритания қарым-қатынастары Грамматикалық тақырып:Қос сөз
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №16. Бақылау жұмысы
- •Сабақ № 17. Лексикалық тақырып: Қазақстан Британия баспасөзінің беттерінде Грамматикалық тақырып:-нікі,-дікі,-тікі
- •Сабақ №18. Лексикалық тақырып:Өзін басқара алмағанды өзге басқарады. Грамматикалық тақырып:Үстеу
- •Өзін басқара алмағанды өзге басқарады.
- •Сабақ №19. Лексикалық тақырып: Құқықтық салыстырма Грамматикалық тақырып: Сөйлем мүшелері
- •Қазақ хандығы мен англо-саксон корольдігінің заң жүйесіндегі үндестік
- •Даналық ойдан дән ізде.
- •Сабақ 20.Өткенді қайталау
- •Сабақ 21. Лексикалық тақырып:Шекспир қазақша сөйлейді Грамматикалық тақырып:Сөйлемнің бірыңғай мүшелері Шекспир қазақша сөйлейді...
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №23. Лексикалық тақырып:Франция елшісіөҚызылжарда Грамматикалық тақырып:Тыныс белгілері
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №24. Лексикалық тақырып:юнеско-дағы Түркістан күндері. Грамматикалық тақырып:Жай сөйлем. Жай сөйлемнің түрлері.
- •Сабақ №25. Өздік жұмысы
- •Сабақ № 26. Лексикалық тақырып: Өзара мүдделестік ортақ іске күш береді Грамматикалық тақырып: Құрмалас сөйлем
- •Француз русского происхождения Досье. Серж Смесов, посол Франции в Казахстане, председатель совета европейских стран, находящихся в Казахстане. Много лет работал в рамках структуры обсе.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №27. Лексикалық тақырып: Қазақстанға француз капиталды келеді Грамматикалық тақырып: Салалас құрмалас сөйлем
- •Грамматикалық анықтама.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ № 28. Лексикалық тақырып: Қазақстан және Германия қарым-қатынастары Грамматикалық тақырып: Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем
- •Гфр Қазақстанда шағын бизнес саласын дамытуға көмектеспек
- •Ыңғайлас салалас (соединительно-сочинительные) сөйлемдер.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №29. Лексикалық тақырып:Ганновер-Алматы іскерлік байланыста Грамматикалық тақырып:Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем
- •Германия келген несие бір кәсіпкердің ісін
- •Қазақ құсбегісі туралы хабар Кельн
- •Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №31. Лексикалық тақырып:Берлинде Абай көшесі бар Грамматикалық тақырып:Талғаулы салалас құрмалас сөйлем
- •Неміс офицері қазақ тілін меңгермек
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №32. Лексикалық тақырып: «Қазастанның қадірін Германияда сезіндік» дейді Германиядан оралған Ида Михель Грамматикалық тақырып:Себеп-саладар салалас құрмалас сөйлем
- •Грамматикалық анықтама:
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №33. Бақылау жұмысы
- •Сабақ №34.Лексикалық тақырып: Грамматикалық тақырып: Сабақтас құрмалас сөйлем
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №35. Лексикалық тақырып: Қазақстан мен Америка арасындағы қарым-қатынастар Граматикалық тақырып: Мезгіл бағыныңқылы сабақтас
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №36. Лексикалық тақырып: Қазақстан мен Құрама Штаттар белсенді әріптестер Грамматикалық тақырып: Шартты бағыныңқылы сабақтас
- •Шартты бағыныңқылы сабақтас.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №37. Лексикалық тақырып: Қазақстан ақш-қа кез келген көмек көрсетуге даяр Грамматикалық тақырып: Себеп бағыныңқылы сабақтас
- •Ақш Үкіметі мен Эксон корпорациясының ізгілікті көмектері
- •Себеп бағыныңқылы сабақтас.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №38. Лексикалық тақырып: Астаналықтар Америкада тәжірибеден өтті. Грамматикалық тақырып:Амал(қимыл-сын) бағыныңқылы сабақтас
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №39. Грамматикалық тақырып: Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №40. Қайталау сабағы
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №41. Бақылау жұмысы
- •Сабақ №42. Өткенді қайталау
- •Тіл мәдениеті
Гфр Қазақстанда шағын бизнес саласын дамытуға көмектеспек
Германия мен Қазақстанның арасындағы техникалық және қаржы жөніндегі әріптестік бойынша консультация өткізу мақсатында республика астанасына ГФР Федералдық экономикалық ынтымақтастық және даму министрлігінің делегациясы келді.
Делегация басшысы Мартин Лемман »біз сіздің елдің өзін әлем алдында ашуына және ішкі реформалар жүргізуіне көмектескіміз келеді», деп мәлімдеді. Олардың бұл ниетін Германияның қаржылай көмек ретінде 115 миллион марка бөлуге және экономиканы қалпына келтіру мен Шағын және орта кәсіпорындарға арналған несие желісі жобасын іске асыру үшін қосымша 60 миллион марка беруге дайындық білдіріп отырғаны қуаттай түседі.
Бұл қаржыны Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік Германия жағымен келісе отырып Павлодар, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстарына бөліп бермек.
(Егемен Қазақстан)
Тапсырма: Сұрақтарға жауап беріңіздер.
Германия мен Қазақстан арасындағы экономикалық саладағы ынтымақтастық деңгейі қандай?
Германия мен Қазақстанның шағын бизнес мүмкіндіктерін қалай бағалайсыз?
Германия үкіметі біздің еліміздің экономикасының дамуына мүдделі ме?
Ыңғайлас салалас (соединительно-сочинительные) сөйлемдер.
Жалғаулықтары: да/де, та/те, әрі, және-орысша баламасы и.
Бұл жалғаулықтар арқылы айтылған жай сөйлемдер біріне-бірі мезгілдес (одновременно), бағыттас (последовательно) болған уақиғаны, істі білдіреді. Мысалы: Еңбек адамды көрікті етеді және ол тынысты тазартады. Ұрған да кінәлі, ұрғызған да кінәлә мақал.
Тапсырма: Сөйлемдерді аяқтаңыздар.
Менде әрі құжат жоқ, әрі...
Құлбай үйінде жаңадан мектеп ашылатын болыпты және...
Кабинетке Нұржамал мен Баймұрат кірді де,...
Тапсырма: да, де, та, те, әрі, және жалғаулықтарымен сөйлем құрастырыңыздар.
Даналық ойдан дән ізде
Кімнің ақылы жасына сай келмесе, сол өмір бойы сор кешпек. Вольтер.
Жеке бастың қадір-қасиетін әркім өзі қалыптастырады: адам ерік-жігеріне орай ұлық не кішік болмақ. С.Смаилс
Тапсырма: Жұмбақтарды шешіңіздер
Піскен жеміс қосымын,
Құстың жақын досымын.
Қ орнына Ж жазсаң,
Жамбыл ата жасымын.
Моншағы көп тізілер,
Шуағын төксе күліп күн.
Соңғы әріп К болса,
Әжем сынды кісілер,
Қолға тағар мүлікпін.
Бойында өссем тоғанның
Кіргізем дәмін тағамның,
Соңыма қоссаң бір әріп,
Үндімей жүрер адам емеспін.
Қосымша әдебиет.
А. Ысқақов .қазақ тілі.,2011ж
Н.Әміреев. Қазақ тілі. Сөз мәдениеті.А.,2006ж
Сабақ №29. Лексикалық тақырып:Ганновер-Алматы іскерлік байланыста Грамматикалық тақырып:Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем
Оңтүстік астанамыз Алматыда, Қазақстан Республикасына арнайы іссапармен келген, Төменгі Саксония, астанасы Ганновер жерінің премьер-министрі Герхард Глоговский бастаған Германияның 30-дан астам фирмаларының өкілдері-кәсіпкерлер делегациясы Қазақстан Үкімет басшылары және кәсіпкерлермен кездесулер өткізіп, екі жаққа да тиімді келіссөздер жүргізді.
Саксониялық кәсіпкерлер Алматы қаласы Әкімі аппаратында Алматы қаласының Әкімі қабылдауында болды.
Кездесу барысында германдық кәсіпкерлердің Қазақстандағы, оның ішінде Алматыдағы экономика үрдісіне үлес қосатын тиімді ұсыныс, жобалары талқыланды.Сөз арасында Төменгі Саксония жерінің премьер-министрі Г.Глоговский ірі, шағын компания, фирмалармен жақын арада тығыз байланыс орнатып, бірлескен кәсіпорындар ашпақ ниеттері бар екенін байқатты. Саксониялық кәсіпкерлер оңтүстік астанада жоғары сапалы, сейсмикалық жағынан мықты тұрғын үй ғимараттарын салу, аспалы жол торабын жасау ойлары бар екенін де білдіреді. Қала әкімі жалпы неміс халқының принципшілдігін қандай іске болмасын жауапкершілікпен қарайтындығын,нақтылықтарын бағалай отырып,келешекте Алматыда өз жұмыстарын бастайтын саксониялық инвесторларға зор сенім білдіруге болатындығын айтты.
Тапсырма:
Алматыға келген ресми делегацияны кім басқарады?
Оның құрамында кімдер бар?
Келіссөздер барысында қандай мәселелер талқыланды?
Саксониялық кәсіпкерлер бізге не ұсынбақ?
Қала әкімі неміс халқының қандай қасиеттерін атап өтті?
Сіздің ойыңызша,осындай байланыстар екі ел үшін де тиімді ме?
Тапсырма:Мәтінді оқыңыздар.