Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сабак.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
232.52 Кб
Скачать

Грамматикалық анықтама.

Сөйлемдер құрылысына қарай жай сөйлем және құрмалас сөйлем болып, екі үлкен топқа бөлінеді. Жай сөйлем бастауыш пен баяндауыштан құралып, бір ғана ойды білдіреді.

Құрмалас сөйлем кемінде (не менее, чем) екі жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіреді.

Мысалы: Үкімет бұл мәселеге ерекше көңіл бөлді. Жай сөйлем. Бұл күнде ел де өзгерді, адамдар да өзгерді.

Тапсырма: Мына сөйлемдерді жазып алып, жай және құрмалас сөйлемдерді табыңыз бастауыш пен баяндауыштың астын сызыңыз.

а) Қазақстан егемендігін алып қана қойған жоқ, оның мемлекет ретіндегі бүкіл болмысы да өзгерді.

ә) Еліміздің жеке мемлекет болғанын әлемге паш еткен Ата Заңымыздың әрбір бабы бүгінде тілімізге де, жерімізге де қорған болып отыр.

б) Табиғаттан тыс қоғам өмір сүрмейді және бір күн де өмір сүре алмас еді.

в) Біздің қоғамымыз жыл сайын демократияланып келеді, мемлекетті басқару ісіне миллиондар ат салысуда (М.Әлімбаев.)

г) Үй ішінің, ел-жұрттың , бүкіл қоғамның құралуы ұйымшылдық пен бірлікке байланысты.

д) Жақсы кітап-жақсы қоғам тәрізді; сен қай кітаптарды оқығаныңды айтшы, мен сенің кім екеніңді айтып берейін,- деген Н.И.Пирогов.

Салалас құрмалас сөйлем-жай сөйлемдердің бірін- бірі бағындырмай, бірімен-бірі тіркесе айтылған түрі. Мысалы: Мәжіліс бітті, сондықтан жұрт тарай бастады. Құқықты қоғам жасайды , заңды мемлекет жасайды.

Мұндағы екі жай сөйлем бір-біріне бағынбайды, және бұлардың әрқайсысын бөлек айтуға болады.

Тапсырма: Салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолын анықтаңыздар.

1) Тиын-тебен қымбат емес, адамның ары қымбат.

2) Бұланбайдың жауаптарына көңілі тыншыққандай болды да , Ушаков қазақ жұмыскерлерінің көмірді қалай құлатып жатқандарын біраз қарап тұрды.

3) Біресе аспанға өрлеп көрінбей кетеді де, біресе төмен қарай ағады.

4) Біздің пойыз Қазан вокзалына келіп тоқтауы-ақ мұң екен, солдаттар қаптады да кетті.

Даналық ойдан дән ізде

  1. Опасыздық- ойсыздық. (Б.Момышұлы)

  2. Ақылсыздықты екі белгісінен білуге болады: ол өзіне пайдасы жоқ сөзді айтады, не біреудің ісіне жөнсіз араласады. Платон

Тапсырма: Жұмбақтарды шешіңіздер

  1. Бір адам шаттанса,

Мен оған бауырмын.

Б-ны Уға ауыстырса

Өлшеммін, дәуірмін.

2. Қақ тіліп жотаны,

Қасқайып жатады.

Ж орнын Қ басса,

Адамнан табады.

Қосымша әдебиет.

  1. А.Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. А.,2001ж.

  2. Н.Әміреев .Қазақ тілі. Сөз мәдениеті. А.,2006ж.

Сабақ № 28. Лексикалық тақырып: Қазақстан және Германия қарым-қатынастары Грамматикалық тақырып: Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем

Тапсырма: Мәтінді оқыңыздар

Егемен Қазақстан мен ГФР-дің сауда-экономикалық қарым-қатынасы Президент Н.Назарбаевтың 1992 жылғы қыркүйекте осы елге ресми сапарынан кейін алғашқы серпін алған. 1997 жылы екі мемлекет арасындағы тауар айналымы елеулі түрде артты. Егер 1996 жылы ол 381 млн доллар құраса, былтырғы жылдың бірінші жарты жылдығында 337 млн долларға жетті. Экономикалық ынтымақтастықты дамытудың ықтимал мүмкіндігі бұдан едәуір жоғары.

1996 жылдың бірінші жартысында ГФР-дің экономикалық дамуында жаппай құлдырау байқалды. Ел экономикасы тап болған конъюктуралық қиындықтар кәсіпорындардың банкротқа ұшырау мен бірігуін көбейтті. Дегенмен, сол жылдың екінші жартысында-ақ жағдай біршама жақсарды. Германия фирмаларының шетелдік инвестициялары айтарлықтай ауқымды болды. Олар әлемдік экономикадағы барлық тікелей инвестициялардың шамамен үштен бірін құрайды. Үкімет рынок конъюктурасын дамытуға жаңа серпін беруге бағытталған шаралар қолдануда.

Қазақстан Президентінің Германияға екінші сапары барысында алты бірлескен құжатқа қол қойылды. Бұлар негізінен экономикалық сипаттағы келісімдер.

Бундестаг президенті Қазақстандағы немістердің жағдайы туралы республикамыздың басшылығымен әңгімесі барысында Германияның қажетті көмек көрсетуге дайын екендігі атап көрсетілді.

Қазақстанның сыртқы саясаты екі жақты ғана емес, сонымен қатар көп жақты байланыстырды дамытуға да бағытталған. Қазақстанның Германиядағы төтенше және өкілетті елшісі болып Вячеслав Гизатов тағайындалды.

Тапсырма:

  1. Германияның сыртқы саясаты, Қазақстанмен қарым-қатынастары туралы әңгімелесіңіздер.

  2. Сөз тіркестерін аударып, сөйлемдер құраңыздар: сауда айналымы, өтпелі кезең, инвестиция тарту, жаңа серпін, банкротқа ұшырау, әлемдік деңгей, нақты шаралар, шетелдік кәсіпорын, бірлескен кәсіпорын, мүше болу, елшілік қызметі, тиімді әріптестік.

  3. Елші болу үшін терең біліммен қатар, қандай қасиеттер керек деп ойлайсыз?

Тапсырма: Ситуативтік тапсырма

Сіз елшісіз. Қызметіңізді неден бастайсыз?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]