Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сабак.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
232.52 Кб
Скачать

Даналық ойдан дән ізде

  1. Темекі тәнді зақымдайды ақыл-ойды күйзелтеді.

  2. Тәннің саулығына ең жақсы шипалы дәрі-сергек әрі жайдарман көңіл күйі.

  3. Жақсы күлкі-рухани денсаулықтың сенімді белгісі.

Тапсырма:Жұмбақтарды шешіңіздер.

  1. Күзетем деп үйді,

Жұдырығын түйді.

  1. Төрт таяққа керілді,

Әдемі үй боп көрінді.

  1. Аузы төбесінде,

Тұтқасы денесінде.

  1. Үсті жазық,

Төрт қазық.

  1. Құмды жиған.

Тұмсығы диван.

Қосымша әдебиет.

  1. А.Ысқақов.Қазіргі қазақ тілі.А.2006ж

  2. Н.Әміреев.Қазақ тілі.Сөз мәдениеті .А.2006ж

Сабақ №24. Лексикалық тақырып:юнеско-дағы Түркістан күндері. Грамматикалық тақырып:Жай сөйлем. Жай сөйлемнің түрлері.

Парижде ЮНЕСКО-дағы Түркістан күндері өткізілді. Оған Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі бастаған Қазақстан делегациясы қатысты.

Күндер шеңберінде француз және басқа шетелдік ғалымдар мен қоғамдық қайраткерлер қатысқан «Түркістан-1500» жыл дөңгелек үстел мәжілісі өткізіліп,онда қоғамдық келісім министрі,сондай-ақ Білім және ғылым министірлігінің вице-министрі,Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің президенті сөз сөйледі.

Қазақстан суретшілерінің «Түркістан әуендері» сурет көрмесі, біздің еліміз өнер шеберлерінің концерттері үлкен табыспен өтті. Қоғамдық келісім министірінің ЮНЕСКО-ның бас директоры К.Мацурамен кездесуі болды. Кездесу барысында Қазақстанның ЮНЕСКО жоспарлап отырған шараларға қатысу мәселелері, біздің еліміздің осынау халықаралық ұйыммен қатынастарын белсенді ету жолдары талқыланды.

Францияның сыртқы істер министрлігінде қоғамдық келісім министрінің халықаралық ынтымақтастық пен даму бас дирекциясының мәдени саладағы ынтымақтастық мәселелері бойынша директоры Ж.Гарбпен кездесу болды.Екі елдің мәдени байланыстарына,соның ішінде қазақстандық әртістердің Шығыс халықтарының дәстүрлі музыкасы мен опера өнерінің жыл сайын Францияда өткізілетін Халықаралық фестивальдеріне қатысуына байланысты мәселелер талқыланды.

Парижде Түркістан күндерінің табысты өтуі ҚР Франциядағы елшісі, ЮНЕСКО жанындағы еліміздің тұрақты өкілінің және елшілік қызметкерлерінің күш-жігері олар жүргізген үлкен ұйымдық-әзірлік жұмыстарының арқасында мүмкін болды, деп атап көрсетті министр.

Тапсырма:Жай сөйлемнің түрлерін еске түсіріңіздер. Мысал келтіріңіздер.

Тапсырма:Серуенде деген тақырыпқа текст құраңыздар.

Біз, мезгіл, жаз, тамыз, ай, тамаша, таза, табиғат, серуен, коллекция, гүл, кеш, бір,топ, ауа, жинау, көңілді, өткізу, өзен, тау, шөп, иіс, аспан, көгілдір, бірде-бір, қайту, еді,т.б.

Тапсырма:Сөздерді сөз құрамы бойынша талдау.

Өткізілді, қоғамдық, шеңберінде, сөйледі, талқыланды, кесенесін, өнерінің, соның ішінде, ескерткіштерінің, енгізеді.

Тапсырма:Жұмбақтарды шешіңіздер.

  1. Сәбиге сәнді үй

Әжеге ән-күй.

  1. Қабырғаға қасынар,

Былғауыш басы бар.

  1. Өзі сырық,

Басқан жері құдық.

  1. Ұзын өзен,

Суы жоқ.

  1. Өзі тұрғанымен,

Мелшиіп,

Жап-жалтыр жүзіне,

Кетеді ел сиып.

Қосымша әдебиет.

  1. А.Ысқақов.Қазіргі қазақ тілі.А...

  2. Н.Әміреев.Қазақ тілі.Сөз мәдениеті.А.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]