
- •Сабақ №1. Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарының жүйесі Грамматикалық тақырып: Қайталау Мемлекеттің жалпы сипаттамасы
- •Даналық сөзден дән ізде
- •Сабақ №2. Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанасындағы біртұтас мемлекет (қр Конституциясы, 2 – бап). Грамматикалық тақырып: Модаль сөздер
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №3. Лексикалық тақырып: Мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары Грамматикалық тақырып: Зат есімнің сөз тудырушы жұрнақтары
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №4. Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары Грамматикалық тақырып: Етістіктің болымсыз түрі
- •Азаматтардың сайлау құқықтары
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №5. Өткенді қайталау
- •Сөйлеу әдептері
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Грамматикалық тақырып: Қаратпа сөз
- •Ұлттық ұлан
- •Қаратпа сөз
- •Қазақстан Республикасының сот жүйесі
- •Облыстық және оларға теңестірілген соттар
- •Әскери соттар
- •Көмекші есімдер
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №10. Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Грамматикалық тақырып: Омоним
- •Қорғаушы қызметі
- •Синоним
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Cабақ №12. Лексикалық тақырып:Қазақстан және Ұлыбритания қарым-қатынастары Грамматикалық тақырып:Антоним
- •Үлкен әріптестік жолында
- •Біріккен сөз
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №14. Лексикалық тақырып: Қазақстан мен Ұлыбритания қарым-қатынастары Грамматикалық тақырып:Қос сөз
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №16. Бақылау жұмысы
- •Сабақ № 17. Лексикалық тақырып: Қазақстан Британия баспасөзінің беттерінде Грамматикалық тақырып:-нікі,-дікі,-тікі
- •Сабақ №18. Лексикалық тақырып:Өзін басқара алмағанды өзге басқарады. Грамматикалық тақырып:Үстеу
- •Өзін басқара алмағанды өзге басқарады.
- •Сабақ №19. Лексикалық тақырып: Құқықтық салыстырма Грамматикалық тақырып: Сөйлем мүшелері
- •Қазақ хандығы мен англо-саксон корольдігінің заң жүйесіндегі үндестік
- •Даналық ойдан дән ізде.
- •Сабақ 20.Өткенді қайталау
- •Сабақ 21. Лексикалық тақырып:Шекспир қазақша сөйлейді Грамматикалық тақырып:Сөйлемнің бірыңғай мүшелері Шекспир қазақша сөйлейді...
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №23. Лексикалық тақырып:Франция елшісіөҚызылжарда Грамматикалық тақырып:Тыныс белгілері
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №24. Лексикалық тақырып:юнеско-дағы Түркістан күндері. Грамматикалық тақырып:Жай сөйлем. Жай сөйлемнің түрлері.
- •Сабақ №25. Өздік жұмысы
- •Сабақ № 26. Лексикалық тақырып: Өзара мүдделестік ортақ іске күш береді Грамматикалық тақырып: Құрмалас сөйлем
- •Француз русского происхождения Досье. Серж Смесов, посол Франции в Казахстане, председатель совета европейских стран, находящихся в Казахстане. Много лет работал в рамках структуры обсе.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №27. Лексикалық тақырып: Қазақстанға француз капиталды келеді Грамматикалық тақырып: Салалас құрмалас сөйлем
- •Грамматикалық анықтама.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ № 28. Лексикалық тақырып: Қазақстан және Германия қарым-қатынастары Грамматикалық тақырып: Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем
- •Гфр Қазақстанда шағын бизнес саласын дамытуға көмектеспек
- •Ыңғайлас салалас (соединительно-сочинительные) сөйлемдер.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №29. Лексикалық тақырып:Ганновер-Алматы іскерлік байланыста Грамматикалық тақырып:Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем
- •Германия келген несие бір кәсіпкердің ісін
- •Қазақ құсбегісі туралы хабар Кельн
- •Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №31. Лексикалық тақырып:Берлинде Абай көшесі бар Грамматикалық тақырып:Талғаулы салалас құрмалас сөйлем
- •Неміс офицері қазақ тілін меңгермек
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №32. Лексикалық тақырып: «Қазастанның қадірін Германияда сезіндік» дейді Германиядан оралған Ида Михель Грамматикалық тақырып:Себеп-саладар салалас құрмалас сөйлем
- •Грамматикалық анықтама:
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №33. Бақылау жұмысы
- •Сабақ №34.Лексикалық тақырып: Грамматикалық тақырып: Сабақтас құрмалас сөйлем
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №35. Лексикалық тақырып: Қазақстан мен Америка арасындағы қарым-қатынастар Граматикалық тақырып: Мезгіл бағыныңқылы сабақтас
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №36. Лексикалық тақырып: Қазақстан мен Құрама Штаттар белсенді әріптестер Грамматикалық тақырып: Шартты бағыныңқылы сабақтас
- •Шартты бағыныңқылы сабақтас.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №37. Лексикалық тақырып: Қазақстан ақш-қа кез келген көмек көрсетуге даяр Грамматикалық тақырып: Себеп бағыныңқылы сабақтас
- •Ақш Үкіметі мен Эксон корпорациясының ізгілікті көмектері
- •Себеп бағыныңқылы сабақтас.
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №38. Лексикалық тақырып: Астаналықтар Америкада тәжірибеден өтті. Грамматикалық тақырып:Амал(қимыл-сын) бағыныңқылы сабақтас
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №39. Грамматикалық тақырып: Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №40. Қайталау сабағы
- •Даналық ойдан дән ізде
- •Сабақ №41. Бақылау жұмысы
- •Сабақ №42. Өткенді қайталау
- •Тіл мәдениеті
Сабақ №19. Лексикалық тақырып: Құқықтық салыстырма Грамматикалық тақырып: Сөйлем мүшелері
Тапсырма: Мәтінді оқып,орыс тіліне аударыңыздар.
Қазақ хандығы мен англо-саксон корольдігінің заң жүйесіндегі үндестік
Орта ғасырдағы Қазақ хандығы мен англо-саксон корольдігінен мәдени-тарихи ұқсастық іздеу тосын көрінуі де мүмкін. Бірақ, соған қарамай олардың арасындағы үйлесетін жай, ол екі мемлекетте де прецеденттік құқықтың болуы. Соңғысында аталған құқық жүйесі Рим құқығының дәстүрімен түзетілсе, екіншісіне Ислам заңнамасы-Шариғат қаншама қысым жасағанымен де, ол ерекшелік жойыла қойған жоқ.
С.Зиманов: «Билер сотының шешімі тек әділеттікке негізделген және құқық жасау сипатына ие болған»,-деп жазады. Ал, С.Созақбаев:«нақтылы істі шешкен қағида, нақыл сөздер норма, сот прецеденті ретінде ел арасында тарап, болашақта осындай ұқсас іс, дау-жанжал болғанда қолданылып жүрген»,-деп көрсетеді.Сонымен қатар, тарихи деректерге көз жүгіртсек, «Билер кеңесі» мемлекеттік органдар жүйесі ретінде, сол кездегі саяси -қоғамдық өмірде елеулі орын алғандағы да белгілі. Прецеденттік құқықтың пайда болуы орталығы Англия және англо-саксондық корольдіктерінің заманы болып табылады.Ал,12 ғасырдағы «Жалпы құқық»сол кезде қалыптасқан.Еуропада англо-саксондық юриспруденцияның қалыптасуымен қатар Орталық Азияда түрік-қазақ құқығы пайда болды. Осы тұста олардың қатар позициялардың бір-бірімен ұқсас болуы юриспруденция тарихына тән деп болжауға мүмкіндік береді.Ол туралы алғаш пікір айтқан Ш.Уалиханов өзінің «Сот реформасы туралы хат» еңбегінде «Жалпы құқық» пен «Жеті жарғыны» салыстырады да, ол: «Билер сотында ағылшындарда факт туралы сұрақ мәселесін шешуге «алқа заседательдердің»қатысуына жол берілетін жағдайлар болады »,-дейді.
Егер де Англия сот прецеденттері арнайы жинақтарда /ежегодник/жиналып отыратын болса, қазақ даласында олар атадан балаға ауысып келе жатқан жол-жобалар. 19 ғасырда қазақтың сот жүйесін зерттеген орыс ғалымы Леонтьев былай дейді: «Қырғыздардағы әдет құқығы-зерттеушіні өзінің молдығымен таңдандырып көптеген заң мақал-мәтелдер нысанында болып халықтың есінде сақталады».
Англо-сакон заңнамасы сияқты «Жеті жарғы» бірінші орынға міндеттерді емес, құқықтарды қойған.Құқық бұзушылық тек жеке адамның ісі, яғни жәбірленушінің тілек талаптарына сай болуына байланысты барлық мәселелерді өздері ынталы адамдар шешеді.Қылмыстан жапа шекккен адам, жәбірленуші қанға қан, жанға, жан орнына мүлік талап етуге құқылы.
Англо-сакон корольдіктері Рим құқығының әсер етуіне, ал қазақ хандығы болса,мұсылман әлемінің солтүстік-шығысында орналасып, Ислам құқығы -Шариғатының ықпалын бастан кешірген.Бұл геосаяси факторлар прецеденттік құқықты жоя алмады. Ол соған қарамай,англо-сакон және қазақ заңнамасы өзіндік ерекше нысан мен мазмұнын берді.
Бұдан төмендегідей қорытынды туындайды.Англо-саксон құқығы мен қазақ құқығында заңдардың мазмұны емес, олардың қалыптасуы және қызмет ету принциптері үйлеседі. Осы салыстыруға қарап, біз бір-бірімен алыс жатқан екі мемлекеттің өркениетті даму процесіндегі үндестікті байқаймыз.
(Е.Құсайын.«Заң»газетінен)
Тапсырма:Мәтіннен заңи терминдерді көшіріп алып,олармен сөйлем құраңыздар.
Тапсырма: Сұрақтарға жауап беріңіздер.
Қазақ хандығы мен англо-саксон корольдігінің құқықтық жүйесінде қандай ұқсастық болған деп ойлайсыз?
Қазақ жеріндегі билер соты қандай болған?
Орта ғасырда «Билер кеңесі» қандай рөл атқарған ?
Англиядағы «Жалпы құқық» қай уақытта қалыптасқан?
Ш.Уәлиханов екі елдің заң жүйесі туралы қандай пікір айтқан?
Сот прецеденттері қалай сақталынып қалған деп ойлайсыз?
«Жалпы құқық» пен «Жеті жарғыны» салыстырып көріңіздер?
Екі мемлекеттің құқық жүйесіндегі үндестік неде деп ойлайсыз?
Тапсырма:Сөз тіркестерін есте сақтаңыздар.
Мәдени-тарихи ұқсастық, тосын көріну, құқық жүйесі, қысым жасау, сот шешімі, нақыл сөздер, тарихи деректер, көз жүгірту, мемлекеттік органдар жүйесі, саяси-қоғамдық өмір, елеулі орын алу, пікір айту, қазақ даласы, атадан балаға ауысатын/берілетін/, құқық бұзушылық, есте сақтау, қалыптасу, пайда болу, жәбірлену, жапа шегу.
Тапсырма:Төмендегі сөздерді мағыналары бойынша топтастырыңыздар.
Ұқсастық, жоғалу, келешек, дау-жанжал, жорамалдау, ықпал ету, құрып кету, сәйкес болу, ұмытпау, ұрыс-керіс қылмыс жасау, жойылу, болашақ, үндестік, әсер ету, құқық бұзушылық, есте сақтау, қалыптасу, пайда болу, жәбірлену, жапа шегу.
Тапсырма:Бір-біріңізбен пікір алысыңыздар
Прецеденттік құқық туралы не білесіз? Мысал келтіріңіз.
Билер сотының қазақ өміріндегі маңызы туралы өз ойыңызды білдіріңіз.
Қазақ жерінде кімдерді билер қатара жатқызған? Мысал келтіріңіз.
Тапсырма:Сөйлемдегі сөздерді сөйлем мүшесіне қарай талдаңыз.
1.Әбіш биыл да жазғы демалысқа елге қайтқан. 2. Бұл сағатта Казанцев кеңседе жоқ екен. 3.Көкбайда Абылай жайын сыр етемін деген ой көптен барды. 4. Оның жүзінде қазір анық көтерінкі шабыт бар. 5. Бірақ Долгов бұларды түске шейін бөгеді. 6. Қалай да оған көмектескім келді. 7. Бірақ мен не істей аламын. 8. Алғашқы бетте олар аз уақыт шабындықпен жүрді. 9. Содан соң орманға ілікті. 10. Көз байлана бастады.