- •Беларусь Республикасы.
- •1991 Жылдың 25 тамызынан тәуелсіз ел.
- •1997 Жылы рф-мен одақ құрды, шекарасының 1/3 бөлігі Ресеймен өтеді.
- •Егістік жерлер елдің орталық бөлігінде, оның 60-80% -ы жыртылған.
- •Украин халқының тарихи қалыптасуы хіv - хv ғасырларда .
- •1991 Жылдың 24 тамызы - тәуелсіздік күні.
- •Украина- индустриялы –аграрлы ел.
- •Молдова Республикасы.
- •Днестр, Прут өзендері су мен энергияның көзі және кеме қатынасына да қолданылады.
- •Молдова халқы өте тығыз қоныстанған ел. 1 км²-ге 119 адам.
- •Кавказ елдері.
- •1991 Жылдан Грузия, Армения, Азербайжан тәуелсіз мемлекеттер.
- •Ең биік нүктесі – Арагац тауы 4090 м.
- •Орта Азия елдері. Өзбекстан Республикасы.
- •Қырғызстан Республикасы.
- •Түрікменстан Республикасы.
- •Қарақұм каналының ел экономикасындағы орны ерекше.
- •Дүние жүзіне белгілі Түрікмен кілемдері 15 кілем фабрикасында тоқылады.
- •Тәжікстан Республикасы.
- •Сарез көлі ауданы-79,6 км², тереңдігі- 500 м, 3263 м биікте орналасқан.
- •Дүние жүзілік экологиялық ұйымдар.
- •Дүние жүзіндегі мемлекет басқарудың монархиялық формасы
Қырғызстан Республикасы.
Жерінің ауданы - 199,9 мың км².
Халқы - 5,1 млн адам (2004 ж).
Астанасы - Бішкек .
Мемлекеттік құрылымы - республика.
Мемлекет басшысы - президент.
Заң шығарушы органы - парламент.
Мемлекеттік тілі - қырғыз тілі.
Ұлттық валютасы - сом.
Қазақстан, Қытай, Тәжікстан, Өзбекстанмен шектеседі. (4 елмен). Солтүстіктен оңтүстікке 454 км, ал батыстан шығысқа қарай 925 км-ге созылып жатыр. Мемлекеттік шекаралары биік таулармен өтеді.
НАТО-ға мүше елдер халықаралық терроризмге қарсы күрестің тірек пункті «Манас» әуе жайында орналасқан.
Қазіргі қырғыз жерінде б.з. д ІІ ғасырда алғашқы мемлекеттік құрылымдар пайда болған. VІ- ХІІ ғасырда Енисей бойынан түркі тайпалары қоныс аударған.
ХІХ ғасырда Қоқан хандығы, кейіннен Түркістан губерниясы құрамында Ресей империясына қосылған.
1926 жылы Қырғыз КСР-і құрылды. 1991 жылдың 26 желтоқсаны тәуелсіздік күні.
Әкімшілік жағынан 6 облыстан және Бішкек қалалық кеңесінен тұрады.
Қырғыз жері таулы, мұнда Тянь-Шань тауының ең биік нүктесі –Жеңіс шыңы 7439 м орналасқан. Таулары кең тау аңғарларымен ( Шу, Ыстықкөл, Талас) бөлініп, ендік бағытта орналасқан.
Таулы аудандар 8-10 баллдық күшті жер сілкінулер байқалатын сейсмикалық белдеуде орналасқан.
Жерінің 95%-дан астамы теңіз деңгейінен 1000 м биікте, ал оның 40%-дан астамы 3000 м биікте жатыр.
Пайдалы қазбаға өте бай, солтүстігінде түсті металдар( молибден, мыс, сурьма), оңтүстігінде сынап, сурьма, алтын, қоры аз темір, марганец, алюминий, полиметалл кездеседі, ішкі Тянь-Шань қойнауында метаморфтық жыныстармен бірге молибден, темір, қалайы кен орындары бар. Тау алды иіндерінде мұнай, тас және қоңыр көмір бар.
Су ресурсына бай, ең ірі өзені Нарын, сондай-ақ Шу, Шатқал, Ақсай,Талас.
Климаты шұғыл континентті, жазы ыстық, қысы суық болады. Таулы жер бедері ауа температурасы мен ылғалдың таралуына әсер етеді. Ауаның орташа температурасы жазықта қыста-4ºС, жазда +25ºС ,+27ºС.
Тянь-Шань тауында Ыстықкөл, оны «Тянь-Шань інжу маржаны» деп атайды. Ыстықкөл теңіз деңгейінен 1608 м биікте орналасқан, ауданы 6280 км², ұзындығы 182 км, тереңдігі 702 м болатын тектоникалық көл. Ыстықкөл қорығы, 100-ден асатын демалыс сауықтыру орындары, Шолпан-Ата, Ыстық-Ата, Жетіөгіз, Алтын-Арашан минералды шипалы сулары , емдік балшығы мен тұзды суы бар.
Сарышелек қорығы аумағында Сарышелек көлі оның жағалауындағы жеміс ағаштары мен жаңғақты орманы орналасқан.
Халқының саны 5,1 млн адам, ұдайы өсудін дәстүрлі сипаты тән. Табиғи өсу жылына 1,5%, туу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 22 адам, ал өлім 7 адамды құрайды. Өмір сүру жасының ұзақтығы- 67 жас.
Көп ұлтты мемлекет, қырғыздар-58,6%, орыстар-17,1%,өзбектер-13,8%, украиндар-1,8%, татарлар-1,3%, немістер-0,8%. Қазақстаннан кейінгі басқа ұлт өкілдері көп тұратын ел. Орыс, неміс, украиндар Ыстықкөл мен тау алдында шоғырланған.Өзбектер Ферғана аңғарында көп қоныстанған.
Ауыл халқы үлесі көп, қала халқы - 34%, оның 40%-ға жуығы Бішкекте тұрады. Ірі қалалары: Ош, Жалалабад, Қаракөл, ірі аудан орталықтары-Тоқмақ пен Қарабалта.
Жиынтық жалпы ішкі өнім 1998 жылы 9,8 млрд АҚШ долларын құрайды. Оның 47%-ы ауыл шаруашылығы өнімдерінің, 12%-ы өнеркәсіп, 41%-ы өндіруші емес саланың үлесіне тиеді.
Өнеркәсіптің негізгі маманданған салалары: электр энергетикасы, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, түсті металлургия.
Электр энергиясын өндіру Нарын өзені мен оның салаларындағы СЭС –тер тізбегіне негізделген. Ең ірісі Тоқтағұл СЭС-і, жылына 4 млрд кВт/сағ электр энергиясын береді.
Отын өнеркәсібі Ош және Жалалабад облыстарындағы қоңыр көмір мен Ыстықкөл қазаншұңқырындағы тас көмірден өндіріледі.
Жеңіл өнеркәсіп көлемі артуда-жүн түту, киіз басу, кілем тоқу, тері-былғары илеу, ,оңтүстігінде мақта мен жібек шаруашылығы дамыған.
Тамақ өнеркәсібі жергілікті шикізатқа негізделген.
Түсті металлургия сыртқа өнім шығаруға негізделген, Ош облысындағы Қадамжай комбинаты өндірген сурьма халықаралық нарықта эталон ретінде бағаланады. Осы облыстағы Хайдаркан елді мекеніндегі сынап кенінің маңызы зор, қосымша қорғасын-мырыш концентраты алынып, одан әрі өңдеуге Қазақстанға жіберіледі. Жалалабад облысындағы «Макмалалтын», Ыстықкөлдегі қалайы комбинаттары шетелдік қаржы көмегімен жұмыстар атқарады.
Қырғызстан - Орта Азиядағы мал шаруашылығы басым ел. Жері таулы, өңделетін жер үлесі аздығына байланысты.
Өңделетін жерлер Шу облысында, оның 25% шабындық. Шу аңғарында 200 км-ге созылған Үлкен Шу каналын егістіктер мен бау-бақшаны суғаруға пайдаланады. Нарын облысында қысқы жайылымдардың үлесі зор, Ферғана аңғарында пішен дайындалады.
Қой саны мен жүн өндіруден Ресей, ҚР соңғы ІІІ орында. Тауларда сүтті-етті бағыттағы ірі қара мал, биязы жүнді қой, биік тауларда қодас өсіріледі. Таулы аудан шаруашылығында жылқы өсіріліп, қымыз дайындалады. Ыстықкөлде асыл тұқымды жылқылар өсіріледі.
Егіншілікте дәнді дақылдар 50%, малазықтық шөптер 41%-ды құрайды.
Ферғана аңғарында мақта мен темекі, Шу облысында қант қызылшасы, елдің солтүстігінде жүзімдіктер мен бау-бақша, жеміс бақтары өсіріледі.
Жалалабад облысында грек жаңғағының реликті орманы өседі.
Транзитті темір жол мен тас жолдар өтеді. Памирдің ішкі бөлігін байланыстырушы Памир тас жолы( Ош- Мургаб- Хорог).
Негізгі көлігі - автомобиль, тас жолдың ұзындығы 40 мың км, жүк айналымының 90% тиеселі. Алматы-Бішкек-Ташкент тас жолы.
Экспорты - электр энергиясы, түсті және полиметалл өнімдері, тұрмыстық техника, жүн мен темекі шикізаты, ауыл шаруашылық өнімдері.
Импорты - қара және түсті металлургия, мұнай-химия өнімдері, машина жасау, ауыл шаруашылық өнімдері .
Қазақстанмен қарым-қатынасы 1993 жылы 8 шілдедегі келісім шарттан басталған. 2004 жылы екі ел арасындағы сыртқы сауда айналымы 310 млн АҚШ долларын құрайды. Бірлескен 70-тен астам кәсіпорын жұмыс істейді. Негізгі әріптестері ҚР мен Ресей.
