Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТМД.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
536.58 Кб
Скачать

Орта Азия елдері. Өзбекстан Республикасы.

Жерінің ауданы - 448,9 мың км².

Халқы - 25,1 млн. адам(2004 ж)

Астанасы - Ташкент.

Мемлекеттік құрылымы - республика.

Мемлекет басшысы - президент.

Заң шығарушы органы - парламент.

Мемлекеттік тілі - өзбек тілі.

Ұлттық валютасы - сум

  1. Мұхиттардан өте алыста Орта Азияда орналасқан. Сырдария мен Әмудария өзендері аралығында солтүстік- батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 1400 км-ге, ал батыстан шығысқа қарай 1500 км-ге созыла орналасқан.

  2. Өзбекстан ҚР, Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстанмен шектеседі. ( 4 елмен).

  3. Ұлы Жібек керуен жолының өтуіне байланысты ежелден отырықшы өркениет болған. Ежелгі құл иеленуші Соғды, Бактрия, Хорезмде егіншілік, қолөнер мен сауда дамыған.

  4. Қазіргі Өзбекстан жерін Ескендір Зұлқарнайын әскері, ғұндар мен түркілер, арабтар мен татар-монғол шапқыншылықтары құлдыратты.

  5. VІІІ ғасырда Араб халифатының иелігінде болуы ислам мәдениетін қалыптастырды.

  6. ХІV ғасырда Әмір Темірдің билігі кезінде өзбек ұлтының қалыптасуы жүрді, аумақтың экономикалық қуаты артып, өнер мен білім өркендеді.

  7. ХVІ ғасырдан өзбек хандықтарының жауласуы мемлекеттің дамуы мен елдің әл-ауқатын нашарлатты. ХІХ ғасырда Ресей ықпалы күшейді. Елдің үлкен аумағын алып жатқан Бұхара, Хиуа, Қоқан хандықтары Түркістан губерниясы қарамағына өтті.

  8. 1924 жылы Өзбек КСР-і құрылды.1936 жылы құрамына Қарақалпақ АКСР-і енді. 1991 жылдың 26 желтоқсаны – тәуелсіздік күні.

  9. Әкімшілік құрамына 12 облыс пен Қарақалпақстан Автономиялық Республикасы кіреді.

  10. Жерінің көп бөлігін Тұран ойпаты, Сырдария мен Әмудария аралығында Қызылқұм шөлі, елдің солтүстік-батысында Үстірт, шығысында Тянь-Шань тау жоталары( аралығында Ферғана аңғары)алып жатыр.

  11. Ел аумағы сейсмикалық тұрақсыз, 1966 жылғы жер сілкінуде Ташкент қаласы қатты зардап жеккен.

  12. Пайдалы қазбалары: түсті және сирек кездесетін бағалы металдар (алтын, уран), фосфорит, графит, тұздар. Тұран ойпатында Бұхара, Газли табиғи газы, тас көмір мен мұнай қорлары бар.

  13. Қоңыржай белдеудің шұғыл континентті климаты тән, қысы суық емес қаңтардың орташа температурасы солтүстігінде -7-12ºС, ал оңтүстігінде +3ºС. Шілденің орташа температурасы +26ºС, ал оңтүстігінде +32ºС-ге жетеді.Жауын-шашын жылдық мөлшері100 мм-ден аспайды, кей жылдары ғана 200 мм. Таулы аудандарда 500-600 мм. Ылғалдың негізгі бөлігі қыс пен көктемде түседі. Суармалы егіншілікті дамытуға ғана мүмкіндік бар.

  14. Жылудың мол болуы жеміс ағаштарын (алма, өрік, шабдалы, інжір, анар, грек жаңғағы, бадам), жүзім, көкөніс, күріш, мақта өсіруге мүмкіндік береді.

  15. Негізгі өзендері Сырдария мен Әмудария, салалары Нарын, Қарадария, Сох, Шыршық, Зеравшан, Сурхандария.

  16. Өзендер егін суғаруга, гидротехникалық құрылыстар (канал,бөген) салынған.

  17. Шөл зонасының күшті сортаңданған сұр топырағы таралған.Табиғат зоналары ендік және биіктік бойынша таралған. Тауларда қар мен мұздықтар бар, рекреациялық мүмкіндіктері өте мол.

  18. Халқы 25,1 млн адам,табиғи өсудің дәстүрлі типі тән, жылына өсу 1,7%, бұл ТМД бойынша жоғарғы көрсеткіш. Туу 1000 шаққанда 23, өлім 6 адамды құрайды. Өмір сүру жасының ұзақтығы 69 жас, бұл ТМД бойынша Кавказ елдерінен соңғы көрсеткіш.

  19. Өзбекстан көп ұлтты мемлекет, 120-дан астам ұлт пен ұлыстар өкілдері тұрады.

  20. Өзбектер ел халқының ¾ бөлігі 75%, орыстар 7,4%, тәжіктер 4,7%, қазақтар 4,1%-ды құрайды. 1 км²-ге 56 адам, қала халқа 38%. Егіншілікке қолайлы алқаптарда 350-380 адамнан, ал Бұхара, Навои,Қарақалпақ өңірлерінде өте сирек қоныстанған.

  21. Ірі қалалары : Ташкент (2,3 млн), Самарқанд (395 мың), Наманган (310 мың)

  22. Ежелгі Соғды мемлекетінің астанасы Самарқанд, онда 1429 жылы салынған Ұлықбек Обсерваториясы, Темір жерленген Гур-Әмір кесенесі, Регистан алаңы, мешіт– медреселер сақталған. Бұхара- сәулет өнерімен әйгілі, онда шығыс ақындары Фирдоуси, Рудаки және дүние жүзіне танымал дәрігер,ғалым Ибн Сина тұрған.

  23. Ел экономикасы :

• жаңа технологиялық процестерді кеңінен енгізу (шетелдік «Даймлер-Бенц» пен

«Дэу» компанияларымен бірге).

• отын-энергетикалық ресурстарды сыртқа сатудың көлемін ұлғайту.

• халық тығыз қоныстанған аймақтарға кәсіпорындар салу.

• елдің энергетикалық қуаты мен астық өндіруді арттыру арқылы экономикалық

дербестікке қол жеткізу.

  1. ЖІӨ-нің көлемі 1998 жылы 59,2 млрд АҚШ доллары, оның құрылымында өнеркәсіп үлесі 27%, ауыл шаруашылығы 26%, өндірістік емес сала 47%-ды құрайды.

  2. Отын-энергетика саласы дамуда, электр энергиясын өндіру Ангрендегі қоңыр көмір, Шыршықтағы СЭС-тер мен табиғи газға негізделген.

  3. Қазақстан мен Қырғызстанды газбен қамтамасыз етеді, Мүбәректе мұнай өңдеу зауыты салынған.

  4. Алтыарық пен Ферғана мұнай өңдеу зауыты Ферғана аңғары мұнайын, ал Бұхара зауыты Көкдумалақ кен орнының мұнай-газ конденсатына негізделген.

  5. Химия өнеркәсібі дамыған, Шыршық, Навои, Ферғанада азот тыңайтқышын, Ферғана, Қоқан, Самарқанд, Алмалықтағы зауыттар Қазақстан фосфоритін пайдаланып фосфор тыңайтқышын береді.Өсімдік зиянкестерін жоятын химикаттар, тұрмыстық химия өнімдері, резеңке, пластмасса, дәрі-дәрмектер де шығарады.

  6. Жергілікті шикізатқа негізделген түсті металлургия дамыған, Алмалық маңындағы мыс-молибден, Ташкент облысында вольфрам, молибден кендері мен Тәжікстаннан әкелінетін қорғасын-мырыш концентратымен жұмыс істейтін зауыттыр салынған.

  7. Қызылқұмдағы Мұрынтау алтын комбинаты жылына 70 т-ға дейін таза алтын береді. Ферғана аңғарында күміс өндіріледі.

  8. Ташкент қаласы мен маңында ауыл шаруашылық машиналары (мақта жинау мен тазалауға, тоқыма мен суландыруға) шығарылады.

  9. Халық тығыз шығысында электр техникасы, приборлар, құрал-саймандар, жүк көтергіш көліктер, химияға қажетті жабдықтар, кабель өндіретін кәсіпорындар салынған.

  10. 1996 жылдан Андижанда «Дэу» компаниясымен біріккен автомобиль зауыты жылына 200 мыңға дейін «Дэу-Нексия» жеңіл автокөлігін шығарады.

  11. Жер қорының 57% ауыл шаруашылығына жарамды.

  12. АӨК-ң басты дақылы –мақта, жылына 4 млн т. мақта талшығы жиналады, оның ¼ бөлігі экспортталады. Ауыл шаруашылығына жарамды жердің 40%-ға жуығы астықты алқаптар.

  13. Агроклиматтық ерекшелігіне байланысты жылына екі рет өнім жиналады. Күздік бидайдан соң күріш, жүгеріден соң күздік арпа себіледі.

  14. Техникалық дақылдан темекі, кенеп, қант қызылшасы (6 қант зауыты бар) егіледі. Суармалы жерлерде көкөніс, бау-бақша, картоп, жеміс ағаштары, жүзімдіктер.

  15. Қаракөл елтірісін беретін қой шаруашылығы, тау алды жазықтарында биязы жүнді қой, шұраттарда сүтті-етті ірі қара, ежелден жібек құртын өсіреді.

  16. Мақта майын өндіру, Ұлыбританиямен бірлескен темекі, жеміс консервілерін шығару жақсы жолға қойылған.

  17. Темір жолдың үлесі басым, жүк айналымының 80%-дан астамы тиесілі.Орал мен Сібірге, Атырауға апаратын темір жолдар маңызы зор. Тас жолдар жиілігі әр 1000 км² -ге -91 км. Еуропа мен Қытайды байланыстыратын халықаралық тас жолдар өтеді. Газ құбырлар- Ресей орталығына, Оралға, Қазақстанға газ тасымалдайды.

  18. Экспорты – мақта талшығы, химия өнімдері, тоқыма бұйымдары, түсті метал , алтын, азық-түлік, табиғи газ.

  19. Импорты – жоғары технологиялық жабдықтар.

  20. Германия, Корея, АҚШ, Жапогия елдері инвестиция әкелуде.

  21. 1992 жыл 24 маусымнан тұрақты экономикалық байланыс ҚР-мен бар. Қазақстан астық, мұнай, металлургия, химия өнімдерін береді. Өзбекстаннан мақта мен газ алады.

  22. Қазақстанда 50-ден астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді, екі ел арасындағы сыртқы сауда көлемі 430 млн АҚШ долларын құрайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]