- •Беларусь Республикасы.
- •1991 Жылдың 25 тамызынан тәуелсіз ел.
- •1997 Жылы рф-мен одақ құрды, шекарасының 1/3 бөлігі Ресеймен өтеді.
- •Егістік жерлер елдің орталық бөлігінде, оның 60-80% -ы жыртылған.
- •Украин халқының тарихи қалыптасуы хіv - хv ғасырларда .
- •1991 Жылдың 24 тамызы - тәуелсіздік күні.
- •Украина- индустриялы –аграрлы ел.
- •Молдова Республикасы.
- •Днестр, Прут өзендері су мен энергияның көзі және кеме қатынасына да қолданылады.
- •Молдова халқы өте тығыз қоныстанған ел. 1 км²-ге 119 адам.
- •Кавказ елдері.
- •1991 Жылдан Грузия, Армения, Азербайжан тәуелсіз мемлекеттер.
- •Ең биік нүктесі – Арагац тауы 4090 м.
- •Орта Азия елдері. Өзбекстан Республикасы.
- •Қырғызстан Республикасы.
- •Түрікменстан Республикасы.
- •Қарақұм каналының ел экономикасындағы орны ерекше.
- •Дүние жүзіне белгілі Түрікмен кілемдері 15 кілем фабрикасында тоқылады.
- •Тәжікстан Республикасы.
- •Сарез көлі ауданы-79,6 км², тереңдігі- 500 м, 3263 м биікте орналасқан.
- •Дүние жүзілік экологиялық ұйымдар.
- •Дүние жүзіндегі мемлекет басқарудың монархиялық формасы
Сыртқы экономикалық байланысында 1995 жылға дейін Ресейдің ,ал қазір Иранның үлесі басым.
Импортында азық-түлік өнімдері 65% болса, экспортында энергетикалық шикізат басым. Импорт көлемі (1007 млн АҚШ доллары), экспорттан (606 млн АҚШ доллары) асып түсті .
ҚР мен Әзірбайжанның сыртқы саудасы көлемі 303 млн АҚШ долларын құрайды. ҚР-да бірлескен 34 кәсіпорын жұмыс істейді.
Армения – теңізге тікелей шыға алмайтын, Грузия, Әзірбайжан, Түркиямен шекаралары Кіші Кавказ тауларының асу бермес қиын тау жоталарымен өтеді. ( 3 елмен)
Армения жерінде б.з.д. ІХ ғасырда құл иеленуші Урарту мемлекеті болған. ІV ғасырда Армян патшалығының негізі қаланды, онда христиан діні тарала бастады. Жаңа заманның 301 жылы Армения христиан мемлекетіне айналды.
Х ғасыр соңында оңтүстік бөлігін Византия , ХVІІ ғасырда батысы Түркия,шығысы Иран қарамағына өтті.
Орыс-парсы соғысы нәтижесінде Шығыс Армения Ресей империясының құрамына енді. Батыс Армения Түркияның қол астында ұзақ жылдар езгіде болды.
1991 жылдың 23 қыркүйегі елдің тәуелсіздік мерекесі.
Армения қазір ТМД,БҰҰ-ң мүшесі.
Ел аумағының 9/10 бөлігі теңіз деңгейінен 1000 м биікте орналасқан. Сейсмикалық тұрақсыз ауданға жатады, 1988 жылы өте қатты жер сілкіну Спитак қаласында болған.
Ең биік нүктесі – Арагац тауы 4090 м.
Пайдалы қазбалары: елдің оңтүстік-шығысы мен солтүстік-батысындағы мыс кендері. Молибден және құрылыс материалдары( мәрмәр, гранит, туф) кездеседі.
Субтропикалық белдеуде , қаңтар орташа температурасы 0+12ºС , ал шілденің орташа температурасы +18+24ºС аралығында, жылдық жауын-шашыны 900 мм Кіші Кавказ батыс беткейінде, ал Арарат аңғарында 220 мм.
Елдегі ең ұзын өзені - Аракс, шығысында Әзірбайжанмен шекараға жақын жерде Севан көлі бар, оның маңында минералды бұлақты сауықтыру орындары Джермек, Арзни орналасқан.
Халқы 3,2 млн адам, 1 км²-ге 108 адамнан,табиғи өсу- 4‰ , қала халқы-67%. Армения бір ұлтты ел, армяндар 94%,басқа ұлттардан орыстар, күрдтер, грузиндер, гректер басым.Халқының жартысы Арарат жазығында қоныстанған, қоныстанулары жер бедерімен тікелей байланысты.
ЖІӨ жан басына шаққанда 560 АҚШ доллары, ТМД бойынша төменгі көрсеткіштің бірі. ЭБХ- 9%. Жұмыссыздар саны- 109 мың адам, яғни ТМД бойынша І орында.
Өнеркісіп үлесіне ЖІӨ-нің 34% тиеселі.
Машина жасау, әсіресе прибор мен станок жасау, радиотехника мен электроника жақсы дамыған.
Өнеркәсіптің байырғы саласы жергілікті шикізатқа негізделген – түсті металлургия мен машина жасау.
Елде мұнай мен газ қоры жоқ, энергияны Армян АЭС –і мен Раздан өзеніндегі СЭС жүйесінен алады.
Жергілікті шикізатқа негізделген тамақ өнеркәсібі жақсы дамыған. Шарап, коньяк, жеміс консервілері- экспортқа шығарылады.
АӨК-де Арарат аңғарындағы суғармалы жүзімдіктер мен жеміс бақтарының маңызы зор. Жыртылған жерлер ауыл шаруашылығы жерлерінің 2/5 бөлігін құрайды.
Сыртқы саудада импорт көлемі экспорттан әлдеқайда артық болып отыр. Импорты- мазут, табиғи газ, ауыл шаруашылық өнімдері. Негізгі әріптестері Ресей, Иран, Түрікменстан.
Грузия- Ресей, Әзірбайжан, Армения, Түркиямен, батысында Қара теңіз суымен шайылып жатыр. ( 4 елмен)
Әкімшілік жағынан 66 ауданға бөлінген, құрамына Абхазия мен Аджария автономиялық республикалары енеді.
Халқы 4,3 млн адам, халықта тууы азаюы табиғи өсудің азаюына әкелді. 2000 жылы туу 9‰, ал өлім 8‰ шамасында болды. Орташа тығыздығы 1 км²-ге 62,3 адам.
Ел ауданының 45%-ын алатын 1000 м –ге дейінгі биіктікте халықтың 9/10 бөлігі шоғырланған. Қала халқы 56%. Ірі қалалары : Тбилиси(1,3 млн) мен Кутаиси ( 235 мың адам).
Халқының ұлттық құрамы өте күрделі 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады. Грузиндер 70%. Армяндар 8%, орыстар 6%-тен астам, әзірбайжандар 6%-ға жуық .
Христиан тармағының православие тармағы 75%, ислам және иуда діндері таралған.
Қазіргі өнеркәсіп өндірісі көлемі 1990 жылғы көлемнің 16%-ын ғана құрайды. Ауыл шаруашылық өндірісі көлемі 1990 жылғы көлемнің 63%-ын ғана құрайды.
ЖІӨ құрылымында өнеркәсіп 22%,ауыл шаруашылығы 22%, қызмет көрсету саласы 56%-ды құрайды.
Отын-энергетикалық базасы өте әлсіз, аса ірі Ингури СЭС-і Абхазия қарамағында қалды.
Елдегі Ткварчели,Ткибули көмір кен орындары, мұнай мен электр энергиясын өндіру қысқарған, сондықтан елде терең энергетикалық дағдарыс етек алған.
Өнеркәсібінің дәстүрлі саласы- тамақ өнеркәсібі, оның өнімдері экспортталады. Шай, шарап-коньяк, темекі өнімдері, эфир майлары, көкөніс және жеміс консервілері, минералды сулар өндіреді.
КСРО кезінде шайдың 94%, цитрустың 100%, лавр жапырағының 96%-ын берген.Негізгі дақылы - цитрустар.
Ауыл шаруашылығына жарамды жер ел аумағының 16% -ын құрайды, онда ЭБХ-ң 50%-дан астамы жұмыс істейді.
Грузиядағы көк шай плантацияларында шай жинау комбаиндары шайды жинайды. Шай өңдеу фабрикаларында өңделеді.
Малазықтық дақылдар егістіктің 30%-дан астамында, 50%-да дәнді дақылдар егіледі.
Грузин егіншілері жылына 700 мың т астық, 400 мың т картоп, 450 мың т көкөніс пен бақша дақылдарын жинайды.
Мал шаруашылығында сүтті-етті ірі қара малдың үлесі жоғары, саны 1,2 млн бастан асады.
Көлік жүйесінде темір жолдың маңызы зор. Темір жолдың ұзындығы -1420 км, тас жол ұзындығы – 22 мың км-ден асады.
Ел экономикасында теңіз көлігінің орны ерекше, теңіз порттары : Батуми, Сухуми, Поти, Гагра.
Солтүстік Кавказ- Әзірбайжан газ құбыры, Баку-Батуми мұнай құбыры өтеді.
Сыртқы саудасында импорт экспорттан басым. Экспортқа- ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібінің өнімдерін, металдар шығарады. Негізгі әріптестері - Ресей, Түркия, Әзірбайжан.
