Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТМД.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
536.58 Кб
Скачать

Кавказ елдері.

  1. Кавказ-Қара және Каспий теңізі аралығында орналасқан өңір.

  2. Кавказ Ресей, Украина, Түркия, Иран, Түрікменстанмен шектеседі.

  3. «Еуразияның басты жол қиылысы» себебі Ресей, Орта Азия елдері, Иран мен Түркияның экономикалық және саяси мүдделері тоғысады.

  4. Б.з.д. бірнеше мыңдаған жылдар бұрын егіншілік пен мал шаруашылығы дамыған, металдан бұйым жасаған ежелгі қуатты мемлекеттер Урарту, Иберия, Колхида және т.б. пайда болған.

  5. Колхида патшалығы б.з.д.VІ ғасырда мемлекет ретінде қалыптасқан.

  6. Б.з.д. І ғасырда Колхида қуатты Рим империясының құрамына енген.

  7. 1783 жылы Грузияның шығысы, 1801 жылы толығымен Ресейге қосылды. Орыс-түрік, орыс-парсы соғыстары нәтижесінде Әзірбайжан 1826 жылы, Армения 1828 жылы Ресейге қосылды.

  8. Кавказ елдерінің Ресейге қосылуы ХІХ ғасыр соңына қарай аяқталды.

  9. 1922 жылы Әзірбайжан, Грузия, Армения Кавказ сырты Кеңестік Социалистік Федерациялық Республикасының құрамына енді.

  10. 1936 жылы бұл одақ ыдырап, КСРО құрамына жеке-жеке республика болып енді.

  11. 1991 Жылдан Грузия, Армения, Азербайжан тәуелсіз мемлекеттер.

  12. Кавказ жерінде ежелгі орыс платформасы мен жер қыртысының қозғалмалы бөлігі Кавказ таулары түйіседі.

  13. Үлкен Кавказ тау жүйесі екі теңіз аралығында солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 1100 км-ге созылған, ені 180 км. Биік нүктесі –Эльбрус тауы 5642 м.

  14. Үлкен Кавказ тауы асулары 2000 м-ден жоғарыда, қолайлы тау асуларында маңызды тас жолдар салынған.

  15. Кавказ тауларында карстық үңгірлер өте көп, ең ірісі Грузиядағы Жаңа Афон үңгірі, оның ұзындығы 3285 м-ге жетеді.

  16. Үлкен Кавказ қарлы жоталары Сурам жотасы арқылы Кіші Кавказбен жалғасады. Кіші Кавказ Армян таулы қыратымен ұласады.

  17. Армения жерінде қалың базальт қабаты жапқан ежелгі сөнген жанартау – Арагац жанартауы 4090 м

  18. Колхида және Кура-Аракс ойпаттары, Талыш тауларымен шектеседі.

  19. Пайдалы қазбалары: Әзірбайжан елі Каспий қайраңында мұнай қоры мол, Нафталан қаласындағы емдік қасиеті бар мұнай кен орны бар,Дашкесанда темір мен кобальт кендері бар. Грузиядағы Ткварчели және Ткибули алаптарында көмір ,Чиатура марганеці, полиметалы бар. Армениядағы Кафан, Алаверди кен орындарында мыс өндіріледі. Кавказ елдері құрылыс материалдарына (цемент шикізаты, мәрмәр, пемза, Арагац алқызыл туфі) өте бай.

  20. Кавказ климаты жер бедері мен географиялық орнына байланысты, қоңыржай және субтропиктік климаттық белдеуде орналасқан. Үлкен Кавказ тау жүйесі оңтүстікке қарай суық ауа өткізбеуінен субтропиктік белдеу солтүстікке қарай жылжыған.

  21. Кавказ елдері климаты жұмсақ, теңізден жылы ауа келуінен Колхида ойпатында жауын-шашын 2000-3000 мм, ең салқын ай- ақпан айы +6ºС, 0ºС өте сирек байқалады.

  22. Қоңыржай белдеу дақылдары (мақта, бидай, жеміс ағаштары, жүзім) мен субтропиктік белдеу дақылдары (цитрустар, шай бұтасы) өседі.

  23. Кавказ тауларында климат биіктікке байланысты өзгереді. 2000 м биікте шілде орташа температурасы +14ºС, ал 3600 м биіктікте +4ºС. Биік таулы белдеуде қыс аязды, қар қалың (2-4 м), тау асуларында қарлы борандар жиі соғады.

  24. Кавказ өзендері қысқа бірақ мол сулы, Қара және Каспий теңізі алаптарына жатады.

  25. Өзендері: Кура (Аракспен), Риони, Кодори, Ингури, Бзыбь, олар жаңбыр және қар суымен қоректенеді. Өзендер егістікті суғаруға және СЭС салуға пайдаланылады.

  26. Ең үлкен көлі - Севан , ауданы 1416 км² болатын ағынды көл, 1916 м биіктікте орналасқан. Грузия жерінде Рица көлі бар. (тереңдігі 116 м)

  27. Үлкен Кавказда мұздықтар көп, ауданы 1428 км², 1/3 оңтүстік беткейде орналасқан. Оңтүстік беткейде солтүстікке қарағанда 200-300 м биікте орналасқан, селдер жиі байқалады.

  28. Кавказ емдік қасиеті бар минералды суларға бай, Боржоми минералды суы, Цхалтубо сауықтыру орны, Апшерондағы иод-бромды, сульфидті сулар, Армениядағы Джермук шипалы су зонасы бар. (Чехиядағы әйгілі Карловы –Вары шипалы суына өте ұқсас).

  29. Кавказдың топырақ және өсімдік жамылғысы ендік зоналылық және биіктік белдеу бойынша таралған. Үлкен Кавказдың оңтүстік төменгі белдеуінде жалпақ жапырақты (шамшат, емен, шегіршін, үйеңкі)орман, біртіндеп майқарағайлы-шыршалы орманға, ал 2000 м биіктікте бұталар мен қисық ағашты белдеуге ауысады. 2400-2900 м биіктікте субальпі және альпілік шалғындар таралған.

  30. Субтропиктік Колхида ойпаты солтүстігінде сары ал оңтүстігінде қызыл түсті топырақ таралған, құрамында темір мен алюминий қосылыстары бар құнарлы топырақ. Колхида ойпатында «батпақтар» кездеседі, лианалармен көмкерілген субтропиктік ормандар басым.

  31. Колхидада сирек кездесетін өсімдіктерді қорғау үшін Колхида қорығы, Батуми ботаникалық бағы ұйымдастырылған.

  32. Ормандар - Кавказдың басты табиғат ресурстарының бірі. Ормандар Грузия аумағының 40%, Армения аумағының 11%-ын алып жатыр. Әзірбайжанда орман Талыш тауы мен Ленкорань ойпатында ғана сақталған.

  33. Кавказда еменнің сирек кездесетін түрлері, жібек акациясы, темір ағаш, тис, самшит, лавр ағаштары өседі.

  34. Әзірбайжан - Кавказ елдері арасында жерінің ауданы мен халқының саны бойынша жетекші орында.

  35. Ресей, Грузия, Армения, Түркия, Иранмен, ал Каспий теңізі арқылы ҚР, Түрікменстанмен де шектеседі. (5+2 елмен )

  36. Әкімшілік жағынан 61 аудан мен Нахичевань автономиялық республикасы енеді. (елмен ортақ шекарасы жоқ, Армения мен Иран арасында орналасқан).

  37. Бұрын құрамында болған Таулы Карабах автономиялы облысы таратылған.

  38. Халқы 8,3 млн адам (2004 ж), қала халқының үлесі 52%. Орташа тығыздығы 95,4 адам. Ленкорань ойпаты мен Апшерон түбегінде халық тығыз, ал биік таулар мен Кура жазығы шөлейттерінде сирек қоныстанған.

  39. Әзірбайжанда туу 2000 жылы-15%, табиғи өсу 9%. Көп ұлтты ел. Әзірбайжандар-82%, орыстар-6%, армяндар-5%, сонымен қатар лезгин, талыш, грузин, авар, түрік, күрд, татар, украин ұлттары да тұрады.

  40. Мемлекеттік тілі- әзірбайжан тілі. Түрік және орыс тілдері басым .

  41. Ислам діні, мұсылмандар басым, сондай-ақ православие тармағын ұстаушылар да баршылық.

  42. Әзірбайжан өнеркәсібінде отын-энергетика кешені дамыған.

  43. Мұнай қоры (шамамен 4 млрд т)бойынша ТМД-да ІІ орында, мұнайдың 4/5 бөлігі теңіз қайраңында.

  44. 5 ірі теңіздік мұнай кен орны :Гюнешли, Чираг, Азери, Нефтяные Камни, Кяпаз.

  45. Мұнай өндіру 1991 жылы 11,7 млн т болса, 2004 жылы 15,5 млн т-ны құрады.

  46. 90% энергияны ЖЭС-тар береді.

  47. Мұнай өңдеу өнеркәсібі химиямен тығыз байланысты : жанар майлармен қатар синтетикалық каучук, шина, пластмасса, жасанды талшықтар өндіріледі. Орталықтары- Баку мен Сумгаит.

  48. Машина жасау салалары отын-энергетика кешенімен тығыз байланысты. Мұнай мен газ өндірісіне қажетті құрал-жабдықтар (бұрғылау қондырғылары) сонымен қатар прибор жасау, электр құралдары, радиотехника салалары дамуда.

  49. Суармалы ауыл шаруашылық егістіктерде бидай, күріш, мақта, малазықтық және техникалық дақылдар өсіріледі. Тау бөктерлерінде жүзімдіктер мен бау-бақшалар .Ауыл шаруашылығының негізгі саласы - өсімдік.

  50. Кура-Аракс ойпаты табиғи жайылымында қой шаруашылығы дамыған. Балық аулау мен жібек құртын өсіру де бар.

  51. Темір жолдың ұзындығы- 1800 км, 1000 км² аумаққа шаққанда 24,5 км.Ресей Иран халықаралық тразиттік темір жолы өтеді. Жүк айналымында ІІ орында теңіз көлігі.Баку- Түрікменбашы паромы.

  52. Елдегі тас жол тығыздығы 1000 км²-ге 264 км, бұл ТМД бойынша

ІІІ орында. ( Грузия, Молдова )

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]