
- •Беларусь Республикасы.
- •1991 Жылдың 25 тамызынан тәуелсіз ел.
- •1997 Жылы рф-мен одақ құрды, шекарасының 1/3 бөлігі Ресеймен өтеді.
- •Егістік жерлер елдің орталық бөлігінде, оның 60-80% -ы жыртылған.
- •Украин халқының тарихи қалыптасуы хіv - хv ғасырларда .
- •1991 Жылдың 24 тамызы - тәуелсіздік күні.
- •Украина- индустриялы –аграрлы ел.
- •Молдова Республикасы.
- •Днестр, Прут өзендері су мен энергияның көзі және кеме қатынасына да қолданылады.
- •Молдова халқы өте тығыз қоныстанған ел. 1 км²-ге 119 адам.
- •Кавказ елдері.
- •1991 Жылдан Грузия, Армения, Азербайжан тәуелсіз мемлекеттер.
- •Ең биік нүктесі – Арагац тауы 4090 м.
- •Орта Азия елдері. Өзбекстан Республикасы.
- •Қырғызстан Республикасы.
- •Түрікменстан Республикасы.
- •Қарақұм каналының ел экономикасындағы орны ерекше.
- •Дүние жүзіне белгілі Түрікмен кілемдері 15 кілем фабрикасында тоқылады.
- •Тәжікстан Республикасы.
- •Сарез көлі ауданы-79,6 км², тереңдігі- 500 м, 3263 м биікте орналасқан.
- •Дүние жүзілік экологиялық ұйымдар.
- •Дүние жүзіндегі мемлекет басқарудың монархиялық формасы
Молдова Республикасы.
Жерінің ауданы - 33,7 мың км².
Халқы - 3,4 млн адам(2024 ж)
Астанасы - Кишинев.
Мемлекеттік құрылымы - республика.
Мемлекет басшысы - президент.
Заң шығарушы органы - парламент.
Мемлекеттік тілі - молдован тілі.
Ұлттық валютасы - молдован лейі.
Прут пен Днестр өзендері аралығында, ТМД-ның оңтүстік-батысында орналасқан. Украина және Румыниямен шектеседі.( 2 елмен)
Жер бедерінде үстірттер мен ойпаттар алмасып отырады, олардың ішінде Орталық Молдова немесе Кодралар ерекше көзге түседі. Ол өзендердің терең аңғарларымен тілімденген.Аңғардың тегіс беткейінде бақтар, жүзімдіктер өсіріледі.
Кодралар- өзінің табиғат жағдайы бойынша дүние жүзіндегі жүзім өсірілетін аудан.
Климаты қоңыржай континентті, жазы ұзақ әрі ыстық.Қысы қысқа әрі жұмсақ. Жауын-шашын солтүстігінде 500 мм, ал оңтүстігінде 400 мм, сондықтан егіндіктер қолдан суғарылады.
Негізгі байлығының бірі- топырақ-климат ресурстары. Климаттың температуралық режимі мен құнарлы қара топырағы бау-бақша мен жүзімдіктерге өте қолайлы.
Аумағының 80%-ы ауыл шаруашылығы үлесіне тиса, оның 12%-ын гүл плантациясы, бақтар мен жүзімдіктер алады.
Днестр, Прут өзендері су мен энергияның көзі және кеме қатынасына да қолданылады.
Пайдалы қазбаларға кедей, тек құрылыс материалы шикізаттары бар. Отын ресурсы аз, оны ТМД елдерінен тасымалдайды.
Молдова халқы өте тығыз қоныстанған ел. 1 км²-ге 119 адам.
Ұлттық құрамында молдовандар 64%, орыстар 14%, украиндар 13%. Халық Днестрдің сол жағалауында көп қоныстанған. Елдің оңтүстігінде 3,5%-гагауыздар тұрады.
Ауыл халқы 54%. Кишинев, Бельцы, Бендеры қалалары халқының саны 100 мың адамға жетті.
Шаруашылығында – ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, машина жасау және жеңіл индустрия дамыған.
Тамақ өнеркәсібі ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеумен тығыз байланысты. Консервілеу, қант, шарап жасау, май шайқау және темекі салалары дамыған. Зауыттар- Кишинев, Кагул, Тирасполь,Бендеры қалаларында салынған. Бау- бақша дақылдарын консервілеу өнеркәсіптері тасымалдауға қиындық туғызады, өндіріс орындары оңтүстік-шығыста шоғырланған.
Қант зауыттыры солтүстіктегі қант қызылшасы өсетін жерлерде, Дондюшаны, Бельцы, Рыбницы қалаларында салынған.
Май шайқайтын (эфир майын, жүгері мен күнбағыстан өсімдік майын алатын) ірі зауыттар Бельцы, Бендеры қалаларында жұмыс істейді.
Шарап жасау Орталық және оңтүстіктегі жүзім көп өсірілетін ауданда дамыған. Ең ірі шарап- коньяк комбинаттары: Кишинев, Тироспольде.
Темекі өнеркәсібі – темекі өсетін солтүстік пен орталықта дамыған.
Машина жасау - тракторлар (Кишинев), қызан жинайтын комбаин (Бельцы), ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібіне қажетті құралдар мен электроника (Кишинев)дамуда.
Машина жасау өнеркәсібі – Молдова металлургиялық өңдеу зауытының (Рыбницы) металын және Украинадан әкелінетін шикізатты пайдаланады.
Тоқыма өнеркәсібінің кәсіпорындары: мақта-мата (Тиросполь комбинаты), жібек мата (Бендеры) шығарады. Кілем комбинаты - Унгеныде.
Тігін, тоқыма, былғары, аяқ-киім фабрикалары ( Кишинев, Тирасполь).
Днестр өзенінде Дубоссар СЭС-і, Прут өзенінде Румыниямен бірлескен СЭС бар. Қуатты Молдова ГРЭС-і Днестровск қаласы маңында.
ЖЭС-лары Кишинев, Тиросполь, Бельцы қалаларында, сырттан әкелінетін отынды пайдаланады.
Ауыл шаруашылығының негізгі ерекшелігі - өсімдік шаруашылығының мал шаруашылығынан басым болуы. Өсімдік шаруашылығы үлесіне жиынтық өнімнің 70%-ы тиеді.
Астық (жүгері, қыстық бидай) және техникалық (қант қызылшасы, күнбағыс, эфир майы) дақылдар мен бау-бақша өсіріледі. Жүзім жинаудан ТМД бойынша Әзірбайжаннан соң ІІ-орында, жеміс-жидек жинаудан ІІІ-орында (Украина мен Ресейден соң). Аумақта грек жаңғағы өседі.
Мал шаруашылығы жақсы дамыған, сүт-ет бағытындағы ірі қара, шошқа, қаракөл қой өсіріледі. Құс шаруашылығы дамыған.
Ұзындығы 1 мың км-ден асатын темір жол ТМД мен Шетелдік Еуропаны байланыстырады. Жүк тасымалында темір жол мен автомобиль негізгі.
Автомобиль көлігі республиканың ішкі жол қатынасан атқарады.
Газ құбырларымен Ресей,Украинадан табиғи газ тасымалданады.