Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТМД.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
536.58 Кб
Скачать
  1. Шығыс Еуропа жазығының оңтүстік- батысында орналасқан. Оңтүстігінде Азов және Қара теңізбен ұласады. Қара теңізбен шекарасы 1500 км.

  2. Ресеймен шығысы мен солтүстігінде, Беларусьпен солтүстік-батысында, ал батысында Польша, Словакия, Венгрия, Румыния, Молдовамен шектеседі.( 7 елмен)

  3. ХХ ғасырда геосаяси жағдайының нығаюы көршілес Ресей, Беларусь, Шығыс Еуропа елдерімен ынтымақтастықта болуынан.

  4. ІХ ғасырда Киев қаласы маңында Киев Русі деп аталатын ежелгі славян мемлекеті пайда болды.

  5. ХІV ғасырдағы татар- монғол шапқыншылығы кезінде көпшілік бөлігі Литва мен Польша қарамағына кірді.

  6. Украин халқының тарихи қалыптасуы хіv - хv ғасырларда .

  7. 1648 жылы Польшаға қарсы Богдан Хмельницкийдің азаттық соғысы нәтижесінде, 1654 жылы Ресейге қосылды.

  8. 1939-45 жылдары Австрия, Венгрия құрамындағы Батыс Украина, Түркияның кейіннен Ресейдің құрамында болған Қырым түбегі 1954 жылы Украинаға қайтарылды.

  9. 1991 Жылдың 24 тамызы - тәуелсіздік күні.

  10. Әкімшілігі жағынан 24 облыс және Қырым автономиялық республикасынан тұрады.

  11. Жер бедері жазықты: батысында- Подольск және Днепр маңы қыраты, солтүстігінде Украина Полесьесі, шығысында Днепр мен Донецк өзендері аралығында Азов маңы қыраты мен Донецк бұйраты алып жатыр. Оңтүстігі төмендеп Азов және Қара теңізге ұласады. Қырым түбегінде Қырым таулары, батысында альпілік қатпарлы құрылымдағы Карпат тауы бар. Украина биік нүктесі – Карпаттағы Говерла шыңы 2061 м.

  12. Қоры 240 млрд т. Донецкідегі Донбасс көмірінің ел экономикасындағы орны ерекше. Львов-Волынь, Днепр көмір алабы, Керчьте-темір, Карпат алды иінінде аздаған мұнай мен газ, ас тұзы мен калий тұздары бар. Дүние жүзіне әйгілі Кривой Рог темір кен орны маңызды.

  13. Климаты қоңыржай континентті, қаңтарда солтүстікте-8ºС ал Қырымда +4ºС . Жауын-шашын солтүстік-батыстан оңтүстік-шығыспен оңтүстікке қарай азаяды. Карпатта 1500 мм, Қырым батысы мен Днепр сағасында 300 мм. Климаты ауыл шаруашылығына қолайлы, оңтүстігінде суғармалы.

  14. 70 - мыңға жуық өзен мен бұлақтар бар. Өзендері Днепр(981км), Днестр, Оңтүстік Буг – кеме қатынасына қолайлы, Азов және Қара теңіз алабына жатады. Буг өзені Балтық алабына жатады. Днепр өзенінде Киев, Канев, Кременчуг, Кахов бөгендері салынған.

  15. Табиғат зоналары - орман, орманды дала, дала. Солтүстігіндегі батпақты Полесьеде қарағайлы орман өседі. Жерінің 15%-ы орман .

  16. Құрғатылған ауыл шаруашылығына жарамды жерлер 2 млн га –дан асады.

  17. Орманның сұр топырағы, қара және күрең топырақтарда егістіктер мен бау-бақшалар өсіріледі.

  18. Мекендеген құстар мен жануарлардың кәсіптік маңызы зор, олар бұлан, елік, қабан, түлкі, күзен, қырғауыл, сұр құр.

  19. Ел - рекреациялық байлықтарға өте бай. Карпаттағы Трускавец табиғи минералды емдік суы курорты, тау шаңғысымен айналысатын демалушылар, Қара теңіз жағалауы Қырымдағы Ялта, Евпатория курорттары мен Алупка және Мисхор табиғи саябақтарында чили араукариясы, ливан самырсыны, мексика қарағайы, магнолия тәрізді ерекше өсімдіктер өседі. Никита бағында Жер шарының барлық жерінен әкелінген сан алуан тропиктік және субтропиктік өсімдіктер өседі.

  20. 1986 жылдың 26 сәуіріндегі Чернобыль АЭС-інде аса ірі экологиялық апат болды.

  21. Халқы 47,3 млн адам, туу-8‰, өлім- 14‰, адамның орташа өмір сүру жасы- 68 жыл.

  22. 1990 жылдан көшіп келушілерден гөрі өз отандарына көшіп кетушілер саны басым. Эмиграция- Германия, Израильға өте көп.

  23. Ұлттық құрамында украиндар - 73%, орыстар - 22%. Сонымен қатар беларустар, еврейлер, молдавандар, поляктар, болгарлар тұрады. Татарлар- Қырымда, гректер-Азов теңізі жағалауында, румын мен словактар-Карпат сыртында шоғырланған. Карпатта тау халқы – гуцулдар, бойкалар, лемкалар тұрады.

  24. Гуцулдар-шығу тегі белгісіз халықтардың бірі, олар мал шаруашылығымен, ағаш дайындаумен, кілем тоқумен, саздан құмыра жасаумен айналысады.

  25. Христиан дінінің православие тармағы басым, ислам және иудаизм діндері де бар.

  26. Киевте ХІ ғасыр сәулеті Әулие София соборы орналасқан.

  27. Халықтың орташа тығыздығы 1км²-ге- 78,6 адам.Львовта және өнеркәсіпті шығыста 100-200 адамнан, ал Полесье аумағындағы Чернигов, Волынь, Житомир облысы мен далалы Херсон облысында 40-50 адамнан келеді.

  28. 415 қала бар, қала халқы 68%.Донецк алабындағы Донецк агломерациясында қала халқы 90%.Батыс Украина мен Закарпат облысында қала халқы 41%.

  29. 5 млн. қала Киев (2,7 млн.) Харьков (1,7 млн), Донецк (1,2 млн), Одесса (1,1 млн), Днепропетровск (1,1 млн)

  30. 1960 жылы Киев метрополитені іске қосылды.

  31. Халықтың 54%-ын ЭБХ құрайды, бұл 27 млн адам.

  32. Украина- индустриялы –аграрлы ел.

  33. ЖІӨ- құрылымында өнеркәсіп үлесі 38%, ауыл шаруашылығы -16%, қызмет көрсету 46%-ды құрайды.

  34. ЖІӨ-109 млрд АҚШ доллары, Ресейден соңғы ІІ-орында. Жан басына шаққанда ТМД бойынша- 4 орында.( Ресей, Беларусь, Қазақстан)

  35. Өнеркәсіптің басты саласы – отын-энергетикалық кешен, оның үлесіне өнеркәсіп өндірісінің ¼ -не жуығы тиеселі.

  36. Мұнайдың 85%, газдың 95%-ын Ресейден сатып алады. «Достық» мұнай құбыры мен «Одақ» газ құбыры өтеді.

  37. 1721 жылы ашылған ежелгі Донбасс жоғары сапалы кокстелетін көмір бассейнінде 1 млн-ға жуық адам жұмыс істейді.Электр энергиясының 40%-ға жуығын 5 АЭС береді. ЖЭС-тер Углегор, Запорожье, Кривой Рогте.

  38. ТМД-дағы еңбек бөлінісінде қара металлургиямен көзге түседі. Бұл сала өнеркәсіп өнімінің 1/5 бөлігін береді.Жылына 50 млн т. темір өндіріп, 20 млн т-ға жуығын экспорттайды. Кривой Рог кен қоры Ресейдің КМА-нан соңғы ІІ-орында.

  39. Қара металлургияның орталықтары: Кривой Рог, Мариуполь, Днепропетровск, Запорожье, Донецк.

  40. Машина жасау орталықтары – Харьков, Киев, Донецк, Львов, Запорожье

(автомобиль), Днепропетровск, Луганск (темір жол және ауыр машиналар), Николаев, Керчь, Херсон (кеме жасау).

  1. Химия өнеркәсібі шикізатқа тәуелді. Тыңайтқыштар- Одесса, Винница, Горловка. Киевте- сода, күкірт қышқылы, пластмасса, химиялық талшық, резеңке бұйымдар.

  2. Ауыл шаруашылығында маманданудың зоналық сипаты тән.

  3. Өсімдік шаруашылығы дәнді және техникалық дақылдар өсіруге маманданған. Табиғат зоналары дала мен орманды дала.

  4. Жыртылған жердің жалпы аумағы 33 млн 291мың га. Бидай түсімі 30 ц-ден, ТМД бойынша жетекші орында.Жүгері, арпа, тары, қарақұмық, оңтүстігінде күріш егіледі. Техникалық дақылдан қант қызылшасы орманды далада өсіріледі.(қоңыржай белдеу дақылы).Жергілікті шикізатты пайдаланатын қант зауыттары орталық бөліктерінде орналасқан. Дала зонасында- күнбағыс, Полесье мен Батыс Украинада-зығыр, оңтүстікке қарай темекі мен құлмақ өсіріледі. Карпат пен Қырымда жүзімдіктер, хош иісті эфир майын алатын лаванда, раушан гүлдері өсіріледі.

  5. Шошқа-дала мен орманды далада. Қой- орманды дала мен Карпат, Полесьеде. Ірі қара мен құс- қалалар маңына шоғырланған. Ірі қара бойынша ТМД-де ІІ орында.

  6. Жайылым мен шабындықтың ауданы - 7 млн 504 мың га.

  7. Көлік жүйесінде транзиттік қатынастар дамыған. Маңызы ерекше темір жол ұзындығы 23 мың км, жиілігі 1000 км²-ге 38 км , жолаушы тасымалының 64%-ы тиеселі.

  8. Автомобиль көлігі жолаушы тасымалының 34%-ын алады.

  9. Әуе және теңіз порттары арқылы 80 елмен байланысады.

  10. Теңіз және өзен порттары: Одесса, Ильичевск, Измаил, Херсон, Керчь, Мариуполь.

  11. «Достық» мұнай, «Одақ» газ құбыры өтеді.

  12. Сыртқы саудасына тән қасиет- экспорт импорттан басым.

  13. Импорты: мұнай, газ, түсті металдар, синтетикалық каучук, ағаш сүрегі, жеңіл өнеркәсіпке қажетті шикізаттар.

  14. Экспорты: қара металл прокаты, құбырлар, ферроқорытпа, машина жасау өнімдері, халық тұтынатын тауарлар, химикаттар.

  15. ҚР-да 50-ден астам кәсіпорындары жұмыс істейді.

  16. ҚР-ң Украинаға экспорт көлемі 278 млн АҚШ доллары, Импорты 722 млн-дай АҚШ доллары.

  17. Шаруашылығының мамандану сипаты, әлеуметтік-экономикалық сипатына қарай 3 ауданға бөлінген. Донецк-Днепр бойы,Оңтүстік, Оңтүстік-Батыс.

  18. Донецк-Днепр бойы ауданы- темір мен көмір кені негізінде ауыр өнеркәсіпке маманданған. 1655 жылы іргесі қаланған Харьков қаласы аса ірі темір жол торабы және машина жасау орталығы. Өнеркәсіп орталықтары: Харьков, Донецк, Запорожье, Днепропетровск. Донецк алабында террикондар өте көп.

  19. Оңтүстік аудан - шаруашылығы теңізбен байланысты, кеме және порт жасау, кемежай, химия өнеркәсібі. Егіс алқаптарында дәнді дақылдар, көкөністер, бау-бақшалар, күнбағыс, жүзімдіктер өсіріледі. Өнеркәсіп орталықтары: Одесса, Николаев, Херсон. Керчь.

  20. Оңтүстік-Батыс аудан - агроклиматтық және су ресурстарына өте бай. Еңбек ресурсымен жақсы қамтамасыз етілген. Қант қызылшасы, астық, көкөніс, сүт өндіріледі. Ірі қалалары Киев,Львовта машина жасау дамыған. Аудандағы ірі қала Львов- негізі ХІІІ ғасырда қаланған.Сәулет ғимараттары, славян тарихи мұралары, елдегі ең ескі университет бар, оған қосымша тұрмыстық электроника, құрал-жабдықтар жасалады. Львов қаласы символы - а р ы с т а н.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]