- •Беларусь Республикасы.
- •1991 Жылдың 25 тамызынан тәуелсіз ел.
- •1997 Жылы рф-мен одақ құрды, шекарасының 1/3 бөлігі Ресеймен өтеді.
- •Егістік жерлер елдің орталық бөлігінде, оның 60-80% -ы жыртылған.
- •Украин халқының тарихи қалыптасуы хіv - хv ғасырларда .
- •1991 Жылдың 24 тамызы - тәуелсіздік күні.
- •Украина- индустриялы –аграрлы ел.
- •Молдова Республикасы.
- •Днестр, Прут өзендері су мен энергияның көзі және кеме қатынасына да қолданылады.
- •Молдова халқы өте тығыз қоныстанған ел. 1 км²-ге 119 адам.
- •Кавказ елдері.
- •1991 Жылдан Грузия, Армения, Азербайжан тәуелсіз мемлекеттер.
- •Ең биік нүктесі – Арагац тауы 4090 м.
- •Орта Азия елдері. Өзбекстан Республикасы.
- •Қырғызстан Республикасы.
- •Түрікменстан Республикасы.
- •Қарақұм каналының ел экономикасындағы орны ерекше.
- •Дүние жүзіне белгілі Түрікмен кілемдері 15 кілем фабрикасында тоқылады.
- •Тәжікстан Республикасы.
- •Сарез көлі ауданы-79,6 км², тереңдігі- 500 м, 3263 м биікте орналасқан.
- •Дүние жүзілік экологиялық ұйымдар.
- •Дүние жүзіндегі мемлекет басқарудың монархиялық формасы
Солтүстік-батысында Литва, Латвиямен. Шығысында Ресей. Оңтүстігінде Украина. Батысында Польшамен шектеседі. (5 елмен).
Елдің теңіздік шекарасы жоқ, Ресейді Еуропамен жалғастырушы көпір.
VІІІ-ІХ ғасырда Киев Русінің құрамында болды.
ХІІІ ғасырда бытыраңқы сипат алған князьдіктер Ұлы Литва князьдігіне бірікті.
ХІІІ ғасырда Ресей империясына қосылды.
ХІV ғасырдан Беларусь елі пайда болды.
1919 жылы 1 қаңтардан Беларуссия Кеңестік Республикасы құрылды, ал Гродно мен Брест облыстары 1939 жылы қосылды.
1991 Жылдың 25 тамызынан тәуелсіз ел.
1997 Жылы рф-мен одақ құрды, шекарасының 1/3 бөлігі Ресеймен өтеді.
Аумағы Орыс платформасының жазықтарында орналасқан.Батпақты –Беларусь полесьесі .Батыстан шығысқа қарай өтетін Беларусь жалы, елдің ең биік нүктесі Минск қыраты 345 м.
Дүние жүзіндегі ең ірі Солигорск калий тұзы( қоры 42 млрд т) және Мозырь, Давыдов ас тұзы кен орындары бар.
Құрылыс материалдары мол.(саз балшық, құм, қиыршық тас, құрылыс тастары. цемент, шыны шикізаты)
Климаты қоңыржай континентті, қыста температура-5-8ºС. Жазы жаңбырлы 500-700 мм, шілде температурасы +15ºС.
Мол сулы, ағысы баяу- Днепр, Припять. Березина,Неман, Батыс Двина, Батыс Буг өзендері мен Поозерье, Нарогь (ауданы 80 км², тереңдігі 25м) көлдері бар.
Жерінің 20%-і батпақты.
Солтүстігіндегі күлгін топырақта шыршалы орман, орталықтағы құмда қарағай. Оңтүстіктегі орманның сұр топырағында жалпақ жапырақты( емен, жөке, шегіршін) және аралас ормандар өседі.
Жерінің 1/3 бөлігі орман, Польшамен шекарада Беловежь нуы бар, онда зубр қорғалады.
Беловежь ұлттық саябағы, Березин,Припять, Полесье қорықтары табиғатын қорғауға негізделген.
Халқы 9,8 млн адам(2004 ж). Қалаларда туу 12‰, ауылда 8‰. Өлім қалада 9‰, ауылда 18‰.Өмір сүру орташа жасы- 68 жыл.
Ұлттық құрамында беларустар-78%, орыстар-13%, поляктар-4%, украиндар-3%.
Мемлекеттік тілдері - беларусь, орыс тілдері. Халықтың 4/5 бөлігі православие бағытын ұстанады, 15%-ға жуығы католиктер.
Халықтың орташа тығыздығы- 1км²-ге 47,4 адамнан.
Урбандалу Минск облысында 1 км²-ге 85 адам. Могилев, Витебск қалаларында жоғары, ал халық сирек қоныстанған Витебск облысында.
Ірі қалалары: Минск(1,6 млн), Гомель, Могилев, Витебск, Гродно, Бресть.
Елдің солтүстігі мен орталығында елді мекендер- хуторлар.
Ежелгі славян қалалары: Полоцк, Туров, Минск, Витебск, Пинск- тарихи ескерткіштерге өте бай.
Машина жасау, химия, мұнай химиясы өнімдерін шығаруға маманданған.
Машина жасау кешені ерекшелігі – өндірістің бірнеше ірі өнеркәсіп орталықтарына шоғырлануы.
Автомобиль өндірісі жетекші: Минск, Могилев, Жодино қалаларында –автомобильдер мен автопойыздар, тау-кен өндіруге қажетті «БелАЗ».
Минск, Гродно, Барановичиде автомобиль өндірісіне қажетті тетіктер мен жабдықтар шығарады.
Машина өнеркәсібі – автомобиль жасауға маманданған, ауыл шаруашылығы мен трактор жасауға маманданған «Минск трактор зауыты».
Радиоэлектроника, оптика, электронды есептеу машиналары, тоңазытқыш, теледидар шығарады.
Химия өнеркәсібі кешені күрделі, оның құрамына: мұнай-газ, орман, тау-кен химиясы кіреді.
Мұнай-газ химиясы Ресей газы мен Речица мұнайына ілеспе газды пайдаланады.
Бобруйск - шина, Гродно - жасанды талшық шығарады. Беларусь жасанды талшық өндіруден ТМД бойынша І-орында.
Новополоцк қаласында мұнай өңдеу зауыты, онда мұнай химиясы «Полимер» бірлестігі дамыған.
Шыны жасау, ағаш өңдеу, жиһаз жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері дамыған.
Тоқымада шеттен әкелінетін шикізаттар (жүн, мақта, жібек) мен жергілікті зығыр қолданылады.
Орша қаласында қуаттылығы жөнінен ТМД аумағындағы Костромадан соңғы ІІ-орындағы зығыр зауыты жұмыс істейді. Елде ең көп өсірілетін- зығырды бастапқы өңдеуден өткізетін 10-даған зауыт бар.
Минск, Могилев, Гродно, Лида қалаларында – жергілікті шикізатты пайдаланатын аяқ-киім, былғары фабрикалары жұмыс істейді.
Ауыл шаруашылығында егіншілікке қарағанда мал шаруашылығы өнімінің өзіндік құны басым.
Ауыл шаруашылығына жарамды жер ауданы 10 млн. га, оның 40%-і шабындық пен жайылым.
Егістік жерлер елдің орталық бөлігінде, оның 60-80% -ы жыртылған.
Дәнді дақылдар, техникалық дақылдар (зығыр, қант қызылшасы), картоп, жеміс-жидектер өсіріледі. Малазықтық дақылдар егістіктің 1/3-ін алады.
Темір жолдың ұзындығы 5,5 мың км-ден асады, тас жолдар жиілігі 1км²-ге 350м шамасында.
Халықаралық маңызды тас жол: (Мәскеу-Минск, Мәскеу-Варшава, Киев-Санкт-Петербург) Беларусь жері арқылы өтеді.Тоғыз жолдың торабында орналасқан. «Достық» мұнай құбыры Мозырь қаласы маңында екі тармаққа ажырайды.
Импорты Ресейден –каучук, мұнай, газ, көмір, электр энергиясы, қара металлургия өнімдерін, өсімдік майын сатып алады.
Экспорты- машина жасау, химия өнеркәсібінің өнімдерін, көлік құрал-жабдығын, жеңіл және тамақ өнеркәсібі өнімдерін сатады. Экспортында Германия мен Польшаның үлесі жоғары.
500-дей шетел кәсіпорындары жұмыс істейді. 66 елдің инвесторлары тартылған, қаржы көлемі жағынан АҚШ пен Германия жетекші орында. АҚШ, Германия, Италия, Польша фирмалары белсенділік танытуда.
Украина
Жерінің ауданы - 603,7 мың км².
Халқы - 47,3 млн адам(2004 ж)
Астанасы - Киев.
Мемлекеттік құрылымы - республика.
Мемлекет басшысы - президент.
Үкімет басшысы - премьер-министр.
Заң шығарушы органы - Жоғары Рада.
Мемлекеттік тілі - украин тілі .
Ұлттық валютасы - гривна.
