Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТМД.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
536.58 Кб
Скачать
  1. Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Ауғанстанмен шектеседі, солтүстіктен- оңтүстікке 350 км, батыстан- шығысқа 700 км-ге созылған. ( 4 елмен)

  2. Таулы ел, мұхиттардан өте қашық орналасуы, таулы жер бедері әсерінен оқшаулануы, солтүстігі мен оңтүстігі арасындағы байланыстың қиындығы ел экономикасының дамуына кері әсер етеді.

  3. Қазіргі тәжік жерінде б.з.д. І мың жылдықта алғашқы мемлекет (Бактрия) құрыла бастады. Ел аумағы б.з.д. VІ-ІV ғасырларда ирандықтардың, кейіннен Ескендір Зұлқарнайын шапқыншыларының иелігінде болды.

  4. VІІІ ғасырда арабтардың келуіне байланысты ислам діні енді, бірақ тәжіктер батыс иран тіл тобына жататын өздерінің тілдік ерекшеліктерін сақтап қалды.

  5. ІХ-Х ғасырларда жергілікті Саманидтер династиясы басшылығы кезінде тәжік халқы этнос ретінде қалыптасты. Бұл мәдениеттің, сауда мен қолөнердің ,қалалардың өсуінің қарқынды кезеңі болды. Омар Хайям ,Фирдоуси, Рудаки, Абу-али-Ибн-Сина (Авиценна) сияқты ғұламалардың еңбектері осы кезде жарық көрді.

  6. ХІІІ ғасырда Монғол империясының, ХVІ ғасырда Бұхара хандығының иелігінде болды. 1868 жылы солтүстік бөлігі Ресей империясына қосылып, қалған бөлігі Бұхара хандығы құрамында қалды.

  7. 1921-24 жылдар аралығында Өзбек КСР-і құрамына автономия болып енді, 1929 жылы Ферғана аңғарының бір бөлігі қосылып, Тәжік КСР-і болып құрылды.

  8. 1991 жыл 9 қыркүйек тәуелсіздік күні.

  9. Жерінің 93%-дан астамын Памир, Гиссар-Алай, Оңтүстік-Батыс Тянь-Шань таулары алып жатыр, олардың арасын тау аралық аңғарлар (Ферғана, Гиссар, Вахш, Сурхоб )бөліп жатыр.

  10. Жерінің тең жартысынан астамын 3000 м биіктіктегі ендік бағытта орналасқан таулар алып жатыр. Тектоникалық қозғалыстар қарқынды жүріп жатқан сейсмикалық тұрақсыз аудан.

  11. Памирде ТМД жеріндегі ең биік нүкте –Коммунизм шыңы 7498 м және ең үлкен тау мұздығы Федченко (ұзындығы 77 км) орналасқан.

  12. Пайдалы қазбалары: мұнай мен газ, Гиссар-Алай таулары солтүстігі арқылы сурьма-сынап белдеуі өтеді, сондай-ақ вольфрам, қалайы, флюорит (балқитын шпат), ас тұзы кездеседі. Памир тауларында алтын, молибден, вольфрам, тау хрусталы, слюда, ал елдің солтүстік- шығысында полиметалл мен уран кен орындары бар.

  13. Климатына қоңыржай мен субтропиктік белдеулер шекарасында орналасуы әсер етеді. Ашық ауа райы, күн радиациясы мөлшері жоғары , ауаның құрғақ шаңды , жылдық және тәуліктік температура ауытқуы жоғары. Қыс жылы әрі қысқа,жаз ыстық .+48ºС жоғарғы,ал төменгісі -6ºС.

  14. Құрғақшылық жиі болып тұрады, аязсыз 250 күн,жауын-шашын таудың жел жақ беткейінде 1500 мм, ал ық жақтарында 100 мм-ден аспайды. Ең аз жауын-шашын Қаракөл көлі маңында-72 мм.

  15. Памир климаты биік таулық сипатта, қысы- ұзақ әрі суық, жазы- қоңыржай салқын, қысқа әрі құрғақ. Жауын-шашынның жылдық мөлшері-100-200 мм-ден аспайды.

  16. Гидроэнергетикалық ресурстарға өте бай, өзендері Сырдария мен Әмудария жүйесіне кіреді,таудағы мұздықтармен қоректенгендіктен су деңгейі жазда көтеріледі. СЭС тізбектерінің ең қуаттысы Вахш өзеніндегі Нүрек СЭС-і ( қуаты 2,7 млн кВт) ондағы бөгеттің биіктігі -300 м, су бөгенінің ұзындығы 70 км-ге созылған.

  17. Су бөгендерінің ең ірісі Қайраққұм ( Тәжік теңізі), Нүрек, Фархад. 200-ден астам минералды су көзі бар.

  18. Ең ірі көлі Қаракөл, ауданы -380 км². Памирде 1911 жылы болған жер сілкінуде Мургаб өзені бөгелуінен пайда болған - Сарез көлі бар.

  19. Сарез көлі ауданы-79,6 км², тереңдігі- 500 м, 3263 м биікте орналасқан.

  20. Халқы 6,8 млн адам (2004ж), табиғи өсу 1,6 %, туу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 21 адам,ал өлім 5 адамнан. Халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 46 адамнан келеді, өзен бойларында 200-300 адам , тауларда 1-2 адамнан келеді.

  21. Көп ұлтты ел, тәжіктер - 63%, өзбектер- 23,5%, орыстар- 7,6%, қырғыздар- 1,3%, татарлар - 1,2%, немістер-0,6%. Қала халқының үлесі - 27%. Ірі қалалары –Душанбе (540 мың ), Худжанд (170 мын), Куляб (80 мың), Қорғантөбе (60 мың).

  22. ЖІӨ-ң жалпы мөлшері 6 млрд АҚШ доллары, оның 30%-өнеркәсіптің, 29%- ауыл шаруашылықтың, 41%-өндірістік емес салалар үлесіне келеді.

  23. Өнеркәсібінің жетекші саласы - электр энергиясын өндіру. Энергетикалық қордың 5%-ын ғана пайдаланады.Вахш өзеніндегі Нүрек және Рогун СЭС- тері.

  24. Тұрсынзада қаласында энергияны көп қажет ететін алюминий зауыты, Вахш азот зауыты, ас тұзы шикізатына негізделген электрхимиялық зауыттар жұмыс істейді.

  25. АӨК-де жарамды жерлер ел аумағының 30% құрайды. Егіншілік өзен аңғарлары мен тау етектеріндегі сұр топырақты аудандарда таралған. Жіңішке талшықты мақта, дәнді дақылдар, малазықтық дақылдар, жеміс ағаштары, жүзім, эфир майын алатын дақылдар өсіруге маманданған.

  26. Жібек құрты өсіріледі, таулы аудандағы жайылымдарда қой көп, ал биік тауларда қодас өсіріледі.

  27. Жеңіл өнеркәсібі мақтаны алғашқы өңдеуге негізделген. Өңделген мақтаны Душанбе мақта-мата бірлестігі, Қайраққұм кілем комбинаты, Худжант және Душанбе жібек тоқу комбинаттары пайдаланады.

  28. Ең жақсы дамыған көлігі –автомобиль, тас жолын 1000 км²-ге шаққанда тығыздығы- 86 км. ТМД-ң Ресей 27км, Қазақстан 30 км, Түрікменстан 25 км , бұл елдерден жоғары.

  29. Негізгі магистраль- Худжант-Душанбе-Хорог-Ош қалалары арасында.

  30. Жақсы жабдықталған темір жолдың ұзындығы- 481 км.

  31. Қазақстанмен қарым-қатынасы 1993 жылдың 19 қазанындағы келісім шарттан басталған, 2004 жылы екі ел арасындағы сыртқы сауда көлемі 140 млн АҚШ долларына жетті.

Қосымша анықтамалар

Дүние жүзілік экологиялық ұйымдар.

1. ВВФ- ғаламшар тоғайларын қорғаудың халықаралық интернационалды жастар қоры ; Даниядағы жастардың « жасылдар қозғалысы»- Некст стоп.

2. Гринпс ( Жасыл әлем )- бүкілдүниежүзілік табиғат қорғау ұйымы, 1970 жылы құрылған. 17 мемлекетте топтары бар, 2,5 млн. адам мүше.

3. « Робин Вуд»- германиялық жастардың «қышқыл жаңбырларға» қарсы күрес жүргізетін экологиялық қоғамы.

4. ФАО Біріккен Ұлттар Ұйымының ауыл шаруашылық және азық-түлік проблемеларымен айналысатын органы. Өзінің тікелей міндетінен басқа жануарлар дүниесі мен ормандарды қорғау ісімен және қоғамдық табиғатты қорғау ұйымдары мен ұлттық парктердің қызметкерлерінің білімі мәселесімен айналысады.

5. ВОЗБүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы. Ғаламшардағы адамдардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау мәселесімен және медициналық қызметкерлердің білімімен айналысады.

6. ВФОП - Халықаралық табиғатты қорғау қоры. Дүниежүзілік фауна мен экожүйені сақтау проблемаларымен айналысады ;халықаралық жастар курсын , лагерлер мен табиғат қорғау клубтарын және т.б. шараларды ұйымдастырады.

7. МСОП- Халықаралық табиғатты қорғау және табиғат ресурстары ұйымы.

Халықаралық ұйымдар.

1. БҰҰ - 1945ж.Нью-Иорк. 188 ел. Әлемдегі бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бейбіт өмірге төнген қауіптың алдын алу немесе бетін қайтару, халықаралық даулы мәселелер мен шиеленістерді реттеу.

2. МАГАТЭ (БҰҰ-ның шешімімен құрылған ұйым)-атом знергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік- 1987 жыл, Вена. 120-ға жуық ел. Дүние жүзі елдерінің атом энергиясын бейбіт мақсатта және ядролық қауіпсіздік талаптарына сай неғұрлым кең пайдалануына қол жеткізді.

3. ФАО- БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылығы жөніндегі арнайы ұйым. 1945 жыл. Рим. 160-қа жуық ел. Әлемдегі аштықпен күрес, адамдардың тамақтануын жақсарту мен өмір сүру деңгейін көтеруге ықпал жасау, ауыл шаруашылығының, балық және орман шаруашылығының өнімділігін арттыру, азық- түлікпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру.

4. ЮНЕСКО- БҰҰ-ның білім беру, ғылым және мәдениет жөніндегі арнайы ұйымы.1946 жыл. Париж. 183 ел. Білім беру , ғылым және мәдениет саласында халықаралық ынтымақтастықты қолдау.

5. ЮНКТАД- БҰҰ-ның сауда және даму жөніндегі конференциясы.1964 жыл.Швейцария. 168 ел. Экономикалық және әлеуметтік даму деңгейі әр түрлі мемлекеттер арасындағы халықаралық сауда қатынастарын қолдау.

6. НАТО- Солтүстік Атланттық келісім ұйымы.1949 жыл. Брюссель. Мүше елдер : АҚШ.Ұлыбритания. Франция.Италия. Бельгия. Дания. Исландия. Канада. Люксембург. Нидерланд. Норвегия. Португалия. Түркия.Грекия. Германия. Чехия. Венгрия. Польша. Бұл ұйым –біртұтас қорғаныс жүйесін құрайтын әскери- саяси одақ.

7. ЕО-Еуропалық Одақ( 1993 жылға дейін Ортақ нарық). 1957 жыл. Брюссель. Біртұтас экономикалық одақ құру арқылы елдер арасындағы тауар, қаржы, жұмыс күшінің еркін айналымына жағдай жасау.

Мүше елдер: Франция, Германия. Италия. Бельгия, Нидерланд. Португалия. Люксембург. Ұлыбритания. Дания.Ирландия. Грекия. Испания. Швеция. Финляндия. Аустрия.

8. АСЕАН- Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ассоциациясы. 1967 жыл. Джакарта. Оңтүстік-Шығыс Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылықты орнату, экономикалық-әлеуметтік және мәдени өрлеуді жеделдету.

Мүше елдер: Индонезия. Малайзия.Сингапур. Таиланд. Филиппин. Бруней. Вьетнам. Лаос. Мьянма .

9. ОПЕК- мұнай экспорттаушы елдер ұйымы. 1960 жыл. Вена. Мұнай өнімдерінің әлемдік нарықтағы бағасын тағайындау және оның өндірілуі мен сатылуына бақылау жасау. Мүше елдер : Алжир. БАӘ.Венесуэла.Габон. Индонезия. Ирак. Иран. Катар. Кувейт. Ливия. Нигерия. Сауд Арабиясы. Эквадор.

Біріккен ұлттар ұйымының атаулы күндері .

1. 2 ақпан - Дүниежүзілік сулы-батпақты алқаптар күні ;

2. 1 наурыз -Дүниежүзілік азаматтық қорғану күні;

3. 22 наурыз - Дүниежүзілік су күні;

4. 23 наурыз - Дүниежүзілік метеорологтар күні;

5. 1 сәуір - Халықаралық құстар күні;

6. 7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні;

7. 22 сәуір - Жер күні ;

8. 3 мамыр - Күн күні;

9. 5 маусым -Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні.

10. 17 маусым - Дүниежүзілік шөлейттену және құрғақшылықпен күрес күні;

11. 26 маусым - Халықаралық нашақорлықпен күресу күні;

12. 6 тамыз - Дүниежүзілік ядролық қаруға қарсы күн.

13. 15 қыркүйек - Халықаралық бейбітшілік күні;

14. 16 қыркүйек - Дүниежүзілік жануарларды қорғау күні.

Халықаралық экономикалық байланыстар.

1. Халықаралық экономикалық байланыстар (ХЭБ) жүйесі- дүние жүзілік экономиканы құрайтын ұлттық шаруашылықтармен тығыз байланысты.

2. Халықаралық экономикалық байланыстың дәстүрлі және ең дамыған түрі- халықаралық сауда.

3. ХЭБ-қа – байырғы түрі сыртқы саудамен бірге несие-қаржылық қатынастар, жұмыс күшімен алмасу, халықаралы туризм, экономикалық және ғылыми- техникалық ынтымақтастық кіреді.

4. ХХ ғасыр басында дүние жүзілік сыртқы саудада Еуропа елдері үлесі 50 %-ке жетті, Солтүстік Америка елдері үлесі 20 % құрады. ХХ ғасыр соңында сыртқы сауда көлемі 14 есеге өсті.

5. ХХғасыр соңында дүние жүзілік саудада дамыған 25 ел жетекші орын алды, олар экспорттың 84 %-ын, импорттың 82 %-ын қамтыды. Жетекші елдер АҚШ.Канадада тауар ағыны 3,2 % -ті қамтиды.

6. 1947 жылы – Тарифтер мен сауда жөніндегі Бас келісім халықаралық ұйымы құрылды. Осы құрылым негізінде 1995 жылы Дүние жүзілік сауда ұйымы құрылды. Оған 132 ел мүше . Ұйым халықаралық сауда қатынастарын реттеумен қатар қызмет көрсету, инвестиция және ақыл-ой меншігін қорғау саласында белсенді әрекет ететін үйлестіруші құрылым.

7. 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуропа Одағының ортақ валютасы --- еуро енгізілді.

8. Әлемдік нарықтың негізгі үш орталығы- Лондон, Нью-Иорк, Токио. Еуропадағы аса ірі нарық орталықтары ретінде Майндағы Франкфурт, Цюрих, Париж, Брюссель, ал Азиядан Сингапур мен Гонконг аталады.

9. 1968 жылы Халықаралық валюта қоры құрылған, онда АҚШ доллары үлесі 42 %, Жапон иенасы 13 %, Батыс Еуропа елдері валюталары 43 %

10. ХХ ғасырдың 50- жылдарында Еуропа жеріндееуронарық пайда болды, ал қазір дүние жүзін қамтып отыр.

11. Оффшорлық орталықтар- 1981 жылы Нью-Иоркте, 1985 жылы Жапонияда ашылды.

12. Оффшорлық орталықтағы барлық қаражат шаралары дүние жүзінің кез-келген бөлігінде, сол елдің банк және салық жүйесі бақылыуынан тыс , ел экономикасынан тәуелсіз, дербес жағдайда жүргізіледі. Еуропа, Жапония, АҚШ-тан соң Сингапур, Сянган, сондай –ақ Кариб аймағындағы Багам, Кайман, Панама жатады.

Интеграциялық бірлестіктер.

1.Еркін сауда аймағы - 1989 ж. Азиялық-Тынықмұхиттық еркін сауда аймағы деп аталады. Мүше елдер : Аустралия. АҚШ, Сянган (Гонконг) Жаңа Зеландия, Жапония, Канада, Кирибати, Корея, Қытай, Малайзия, Маршалл, Мексика, Бруней, Папуа-Жаңа Гвинея, Сингапур, Таиланд, Тайвань, Филиппин, Чили. Вьетнам, Перу, Ресей.

2. Еркін сауда аймағы - 1994 ж. Солтүстік Америкалық еркін сауда аймағы , НАФТА -деп аталады. Мүше елдер: АҚШ, Канада, Мексика.

3. Кедендік одақ - 1964 ж.Араб ортақ нарығы деп аталады. Мүше елдер: Египет, Ирак, Иордания, Ливия, Мавритания, Сирия, Йемен.

4.Ортақ нарық - Оңтүстік конустық ортақ нарығы, МЕРКОСУР, 1991 ж құрылған. Мүше елде: Аргентина, Бразилия, Парагвай, Уругвай.

5. Экономикалық одақ - 1957 жылы Еуропалық қоғамдастық, ал 1993 жылдан Еуропалық одақ деп аталады. Мүше елдер: Аустрия, Бельгия, Дания, Германия, Грекия, Ирландия, Испания, Италия, Люксембург, Нидерланд, Ұлыбритания, Португалия, Финляндия, Франция, Швеция .

6. Экономикалық одақ- Бенилюкс, 1948 ж. Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің ассоциациясы, АСЕАН , 1967 ж. Мүше елдер: Бельгия, Нидерланд, Люксембург, Индонезия, МАлайзия, Лаос, Сингапур, Таиланд, Филиппин, Бруней, Вьетнам, Мьянма.

7. Экономикалық одақ- 1991 ж. ТМД. Мүше елдер: Армения, Әзірбайжан, Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Украина, Өзбекстан, Грузия.

8. Сауда және тауарлық ұйым - мұнай экспорттайтын елдер ұйымы (ОПЕК), 1960 ж. құрылған. Мүше елдер: Алжир, БАӘ, Венесуэла, Габон. Индонезия, Ирак, Иран, Катар, Кувейт, Ливия, Нигерия, Сауд Арабиясы, Эквадор.

Дүние жүзі елдерінің мемлекеттік құрылымы.

1. Республика - заң шығаратын ең жоғары өкімет билігі сайланатын өкілетті орган – парламенттің, ал атқарушы өкімет билігі -өкіметтің қолында болатын басқару түрі, барлық елдердің ¾ бөлігі республика.

2. Президенттік республикада президенттің құқылы билігі басымдық жағдайда болып, үкіметті өзі басқарады.

3. Парламенттік республикада басты тұлға президент емес, ол үкімет басшысы (премьер-министр) болып саналады.

4. Монархия - мемлекет басшысы император, король, герцог, князь, сұлтан және т.б.болып келетін басқару түрі, дүние жүзінде 31 ел-монархия .Мұхиттық аралдарда-2,Африкада-3,Азияда-14, Еуропада-12.

5. Абсолюттік монархия- монархтың билігі шексіз,атадан балаға мирастыққа беріліп отырады. Бутан,Сауд Арабиясы, Бруней, Ватикан, Оман, Бахрейн, БАЭ,Катар, Кувейт.

6. Теократық монархия- мемлекет басқарушысы әрі дінбасы болып табылады, Ватикан, Сауд Арабиясы, Бруней.

7. Елді басқарудың ерекше бір түрі –достастық , «Британ Ұлттар Бірлестігі», құрылғанына 70 жылдан асты,құрамына 50 мемлекет кіреді. Мемлекет басшысы қызметін генерал-губернатор атқарады, мемлекет басшысын ағылшын королевасы тағайындайды.

8. Британ Достастығы құрамындағы 50 елдің, 29 республика, 6 монархия (Ұлыбритания, Малайзия, Бруней, Свазиленд, Тонго, Самоа), ал 15 мемлекет республикаға да монархияға да жатпайды. (Канада, Аустралия Одағы, Жаңа Зеландия, Папуа-Жаңа Гвинея, Тувалу, Соломон аралдары, Антигуа және Барбуда, Багам аралдары, Барбадос, Белиз, Гренада, Сент-Винсент және Гренадина, Сент-Китс және Невис, Сент-Люсия, Ямайка.)

9. Жамахириялық басқару - (халық өкіметі немесе бұқаралық мемлекет) Ливия Араб Республикасы.

10. Әкімшілік - территориялық құрылысына байланысты федеративті және унитарлы.

11. Унитарлы мемлекет - елде дербес аумақтар болмайды, бірыңғай конституция мен мемлекеттік жалпы билік органдары арқылы басқарылады.

12. Федерациялы мемлекет - өзін-өзі басқарушы аумақтық құрылымдар кіреді, федерациялық бірліктердің жеке конституциясы мен өкіметтік басқару органдары болып, олар ішкі дербестік жағдайда қызмет атқарады. Федерациялар 20-дан асады.

13. 1945 жылы құрылған БҰҰ-ның жіктеуі бойынша 240-қа жуық мемлекетті

а) өнеркісібі дамыған елдер.

ә)өтпелі экономикалы кезеңдегі елдер (бұрынғы социалистік) б)дамушы елдер.

14. Жаңа индустриялы елдер - Бразилия, Мексика, Тайвань, Аргентина, Сингапур, Корея.

15. Экономикасы дамыған ел-50-ден астам, оларды 4-топшаға бөледі.

а) Үлкен жетілік 1975 жылы құрылған, АҚШ, Канада, Жапония, Германия, Италия, Франция, Ұлыбритания, ал сегізінінші-Ресей.

ә)экономикасы дамыған-Еуропа елдері,

б) жаңа индустриялы елдер,

в) ТМД елдер.

Дүние жүзіндегі федерациялы мемлекеттер

Аймақтар

Мемлекеттер

Еуропа

6

Аустрия Республикасы, Бельгия Корольдігі, Германия Федерациялы Республикасы, Ресей Федерациясы, Швейцария конфедерациясы, Сербия және Черногория

Азия

5

Біріккен Араб Әмірлігі (БӘД), Малайзия, Мьянма Одағы, Пәкстан Ислам Республикасы, Үндістан Республикасы

Америка

7

АҚШ, Аргентина Республикасы, Бразилия Федерациялы Республикасы, Венесуэла Республикасы, Канада, Мексика Құрама Штаттары, Сент – Кристофер және Невис Федерациясы

Африка

4

Комор аралдары Федерациялы Ислам Республикасы, ОАР, Нигерия Федерациялы Республикасы, Эфиопия

Аустралия мен мұхит аралдары/2

Микронезия Федерациялы Штаттары, Аустралия Одағы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]