
- •Беларусь Республикасы.
- •1991 Жылдың 25 тамызынан тәуелсіз ел.
- •1997 Жылы рф-мен одақ құрды, шекарасының 1/3 бөлігі Ресеймен өтеді.
- •Егістік жерлер елдің орталық бөлігінде, оның 60-80% -ы жыртылған.
- •Украин халқының тарихи қалыптасуы хіv - хv ғасырларда .
- •1991 Жылдың 24 тамызы - тәуелсіздік күні.
- •Украина- индустриялы –аграрлы ел.
- •Молдова Республикасы.
- •Днестр, Прут өзендері су мен энергияның көзі және кеме қатынасына да қолданылады.
- •Молдова халқы өте тығыз қоныстанған ел. 1 км²-ге 119 адам.
- •Кавказ елдері.
- •1991 Жылдан Грузия, Армения, Азербайжан тәуелсіз мемлекеттер.
- •Ең биік нүктесі – Арагац тауы 4090 м.
- •Орта Азия елдері. Өзбекстан Республикасы.
- •Қырғызстан Республикасы.
- •Түрікменстан Республикасы.
- •Қарақұм каналының ел экономикасындағы орны ерекше.
- •Дүние жүзіне белгілі Түрікмен кілемдері 15 кілем фабрикасында тоқылады.
- •Тәжікстан Республикасы.
- •Сарез көлі ауданы-79,6 км², тереңдігі- 500 м, 3263 м биікте орналасқан.
- •Дүние жүзілік экологиялық ұйымдар.
- •Дүние жүзіндегі мемлекет басқарудың монархиялық формасы
ТМД елдері.
Ресей Федерациясы . Жерінің ауданы- 17,1 мың км².
Халқы- 143,6 млн адам.(2004 ж)
Астанасы- Мәскеу.
Мемлекеттік құрылымы – Ф/Р.
Мемлекет басшысы – президент
Заң шығарушы орган- Мемлекеттік Дума.
Үкімет басшысы – премьер-министр.
Мемлекеттік тіл- орыс тілі.
Ұлттық валютасы- рубль .
1. РФ- Еуразияның солтүстік- шығысында ,құрлықтың 1/8 бөлігін қамтитын, дүние жүзіндегі ең үлкен көлемді мемлекет.
2. Батыстан-шығысқа 9 мың км, солтүстіктен- оңтүстікке 4 мың км, 11 сағаттық белдеуде орналасқан. Аумағының ¼ бөлігі Еуропада, ¾ бөлігі Азияда орналасқан.
3. Шекарасының ұзындығы 58,3 мың км, оның ішінде теңіздік шекарасы 38 мың км. 14 елмен құрлықтық, 12 елмен теңіз арқылы шектеседі.
4. Калининград облысы елдің негізгі бөлігімен ортақ шекарасы жоқ, яғни анклав болып табылады.
5. ЭГЖ – Еуропа мен Шығыс,Оңтүстік-Азия елдері темір жолдары өтуі, Солтүстік теңіз жолы, Шығысында Тынық мұхиттық су жолдары өтеді.
6. Бытыраңқы орыс жерлерінің Мәскеу төңірегіне бірігуі ХІV –ХV ғасырларда болды. Орыс мемлекетінің негізі ХV ғасырдың 80-жылдарында татар-монғол езгісінен босағаннан кейін болды.
7. Ресей ХVІ ғасырда Батыс Сібірді, ХVІІ ғасырда Украина мен Белоруссияны (Осман империясымен ұзақ соғысу нәтижесінде) қосып алды,ХVІІІ ғасырда Балтық теңізі жағалауына (Шведтермен соғысу нәтижесінде) шықты. «Еуропаға терезе ашылу» кезеңі І Петр патшалық құрған уақытқа сәйкес келді.
8. 1721 жылдан Орыс мемлекеті империя деп атала бастады.
9. 1722 жылы, яғни VІІІ ғасырда І Петрдің Иран мен Кавказға жасаған жорығы нәтижесінде Каспий теңізінің батыс және оңтүстік жағалауы Ресей құрамына кірді.
10. ХІХ ғасыр басында Балтық теңізі шығысын, Польша мен Бессарабияны, Кавказ сыртын қосып алды.
11. 1853-56 жылдары болған Қырым соғысынан соң Ресей геосаяси жағдайы нашарлады , осы кезде Бессарабияның оңтүстігінен айрылды. 1867 жылы Алясканы АҚШ-қа сатты.
12. ХІХ ғасырда Орта Азия мен Қазақстан жері Ресейге тәуелді аймаққа айналды. Ресейдің жаңа тарихы 1917 жылғы Қазан төңкерісінен басталды.
13. 1991 жылғы Кеңес Одағының ыдырауында геосаяси күйзеліске ұшырады.
14. Ресей Федерациясы құрамына тең құқықты : 21 республика, 9 дербес округ, 1 дербес облыс, 6 өлке, 49 облыс, 2 қала (Мәскеу, Санкт-Петербург) енеді. Ресей аумағында 32 ұлттық автономия құрылған.
15. Ресей жерінің 70% жазықтар мен 1000 м биіктегі таулы үстірттер алып жатыр.
16. Арктикалық пен субтропиктік (5) климаттық белдеу аралығында орналасқан, жерінің көп бөлігін қоңыржай белдеу қамтиды. Батыстан шығысқа қарай 9 мың км-ге созылуы нәтижесінде теңіздік климаттан континенттік климатқа ауысады. Солтүстігіндегі көп жылдық тоңдар ауданы 9 млн км² .
17. Барлық табиғат ресурстары кездеседі, 200 мыңнан астам кен орны барланған, оның 40%-дан астамы игеріледі.
18. Дүние жүзі бойынша жер қоры, ағаш сүрегі, толысу энергиясы, өзендер су-энергетикалық қоры жөнінен І-орында. Өңделетін жер үлесі жөнінен 3-орында.
19. Елдегі минералдық ресурстардың 70%-дан астамы отын-энергетикалық( газ,көмір,мұнай). 15%-і кенсіз қазба байлықтар. 13%-і металдар. 1%- алмас пен бағалы металдар құрайды. Минералдық шикізат өндіру ел экономикасының жетекші саласы, ЖІӨ- мөлшерінің 33%-дан астамы тиесілі.
20. Жер қоры 1709,8 млн га. Жан басына шаққанда жер үлесі- 11,5 га ( бұл дүние жүзілік көрсеткіштен (3 га) жоғары). Жер қорының 1/3 бөлігі пайдалануға жарамды, онда халықтың 95%-ы қоныстанған , шаруашылық салаларының 93% шоғырланған. Ауыл шаруашылығына жарамды жерлердің 80%, жыртылған жердің 60%-дан астамы қорғау мен қалпына келтіруді қажет етеді, 7%-дан астам жер шөлейттенуде.
21. Дүние жүзіндегі аса құнарлы қара топырақтың 1/3 бөлігі болуы, ылғалдың жеткіліктігі, температура(10ºС-тан асатын)жиынтығы –агроклиматтық ресурстар шаруашылықтың барлық саласының дамуына мүмкіндік береді.
22. Дүние жүзіндегі орманның 22% тиеселі, оны жан басына шаққанда 5,3 га. 90%-і қылқан жапырақты ағаштар.
23. Су ресурсына өте бай. 2,5 млн-нан аса өзен, 2 млн-ға жуық көл бар. Ең ұзын өзені Лена- 4400км. Ең мол сулы өзені- Енисей. 40-тан астам су бөгенінің ең үлкені Братск (дүние жүзі бойынша ІІ-орында).Тұщы судың мол қоры Байкал көлінде. 500-ден аса өзенде кеме қатынасы бар, оның ұзындығы 300 мың км.
24. Судың 59%-і өндіріске, тұрмыс пен ауыз суға 20%, суландыруға 13%, ауыл шаруашылығы үшін 2%, ал 6% басқа қажеттіліктерге жұмсалады.
25. Ресей өзендерінде дүние жүзілік су-энергетикалық қордың 12%-і шоғырланған, оның 20% -і Еуропада, ал 80%-і Азияда орналасқан.
26. Биологиялық ресурстарға өте бай. Ормандарда терісі бағалы аңдар. Баренц, Охот, Беринг теңіздері мен Обь, Енисей өзендері балыққа бай.
27. Табиғи-рекреациялық ресурстар : Байкал, Телец, Селигер, Мещера көлдері айналасы, Уссури және Қиыр Шығыс тайгасы, Краснояр Бағаналары, Камчаткадағы Гейзерлер, Алтай-Саян таулары, Солтүстік Кавказ бен Қара теңіз жағалауы .
28. Тарихи-мәдени рекреациялық ресурстар: Еуропалық бөлікте шоғырланған.
29. Табиғат ресурстарына ортақ белгілер :
1) ресурстар қоры өте мол және алуан түрлі.
2) ресурстар өз дәрежесінде әлі толық зерттелмеген.
3) ел аумағында біркелкі таралмаған және көбі нашар игерілген, табиғаты қолайсыз жерлерде шоғырланған.
4) жақсы игерілген кен орындарының қоры сарқылуға жақын.
30. Халқы саны бойынша 7-орында. ( Қ. Ү. АҚШ. И. Б. П.)
31. Халықтың табиғи өсуінің типі – орнықты. Туу коэфиценті 9,1‰, ал өлім коэфиценті 15,6‰. 1992 жылдан табиғи өсу көрсеткіші теріс-6,5‰
32. Ресейліктердің өмір сүру жасы 1990 жылы 69 жас болса ,ал қазір 65 жасты құрайды.
33. Халқының 17%- 14 жасқа толмаған балалар, 19% - 60-тан асқан егде жастағылар. Халықтың 53%-і әйелдер. Еңбек ресурсы 87 млн адам, олардың басым көпшілігі яғни 71 млн адам экономикалық белсенді халық. Жұмыссыздық деңгейі 9,2%-ті құрайды. Еңбек ресурсының 57% өндірістік емес салада жұмыс істейді.
34. Көп ұлтты халық, онда 160 ұлттар мен ұлыстар тұрады, 100-ге жуығы байырғы халқына жатады. Орыстар халықтың 80%-і.
35. Ресей аумағындағы 32 ұлттық автономия мен республикаларда байырғы халықтан гөрі орыстар саны басым.
36. Тілдік құрамы бойынша 4 тіл семьясына жатады. Халықтың 89%- үндіеуропалық, 2%-кавказдық, 2%- оралдық, 7%- алтайлық тіл семьяларына жатады. Қиыр Шығыстағы аз ұлттар мен ұлыстар өз тілдері мен ата кәсіптерін сақтауда. Мысалы: Саха республикасындағы түркі тілдес якуттар жылқы өсірумен, солтүстіктегі халықтар бұғы өсірумен айналысады.(Солтүстік Сібір мен Қиыр Шығыс халықтары)
37. Халықтың орташа тығыздығы 1км²-ге- 8,5 адамнан. (бұл әлемдік көрсеткіштен 4 есе төмен). Ресейдің ¼ бөлігін алып жатқан Еуропада халықтың 79%-і тұрады, орташа тығыздығы 1 км²- 30 адамнан. ¾ бөлігін алып жатқан Азиялық бөлікте халықтың 21%-і тұрады, орташа тығыздығы 1 км²- 2,5 адамнан келеді.
38. Халықтың қоныстануы табиғат жағдайы мен өнеркәсіптің дамуы, жер бедері мен климатқа байланысты. Солтүстік Осетияда- 80, Таймырда-1, Мәскеуде 320 адам .Транссібір теміржолының бойында ірі қалалар мен млн. қалалар орналасу себепті халықтың 93%-і тұрады.
39. Халқының 73%-ы қалада тұрады. Қала халқы Солтүстік Батыс (87) пен Орталықта (80), ал Тыва, Қалмақ, Алтай, солтүстіктегі ұлттық автономияларда 50% -дан төмен. Ауыл шаруашылығы дамыған Кавказ бен Краснодар өлкесінде қала халқы 54%-ды құрайды.
40. 150 мыңға жуық ауылдық мекендер бар.
41. Халқының саны бойынша Ресей қалалары шағын –халық саны 50 мың адамға дейін. Орта – 50-100 мың адам. Ірі – 100-500 мың адам. Аса ірі – 500 мыңнан-1 млн-ға дейін. млн.қалалар – 1млн. адамнан асады.
42. Млн. қалаларда халықтың ¼ бөлігі шоғырланған. Млн. қалалар Орал мен Повольжеде көп. Мәскеу агломерациясында 13 млн адам, Санкт-Петербургте 6,5 млн адам. Солтүстіктегі ең ірі портты қаласы Мурманскіде 400 мыңға жуық адам тұрады.
43. РФ-өтпелі экономика тән индустриялы- аграрлы ел.
44. Экономикалық қайта құрудың басты бағыттары:
1)экономикалық әрекетке еркіндіктің берілуі.
2) экономиканы басқаруда және мемлекет үлесінің азаюы.
3)мемлекет меншігінің акционерлік ұжымдар мен жеке адамдар меншігіне өтуі. Ресей экономикасы шикізат пен материалдарды шетке сатуға негізделіп отыр.
45.Табиғи газ қоры жөнінен І-орында, әлемдік газ қорының 1/3 бөлігі тиеселі. Табиғи газдың ең ірі алабы – Батыс Сібірде, газдың 90% береді. Негізгі газ кен орындары Ямал-Ненец автономиялық округінде және Жаңа Уренгой мен Надымда. Батыс Сібір мұнай кәсіпшілігінде де қосалқы газ өндіріледі. Басты газ құбыры Ямал- Ненец АО мен елдің орталық аудандарын байланыстырады. Альматевскіден басталатын «Достық» мұнай құбыры арқылы 1/3 бөлігі Украина мен Белорусь елдері арқылы экспортқа шығарылады.
46. Мұнай қоры бойынша Ресей дүние жүзінде 6-орында. (әлемдік қордың 8%). Ең ірі мұнай алабы – Батыс Сібір, өндірілетін мұнайдың 2/3 бөлігі тиеселі. Басты мұнай кәсіпшіліктері: Сургут, Нижневартовск, Нефтеюганск, Ямал-Ненец АО. Мұнайдың ¼ бөлігін Волга-Орал алабы береді. Мұнай Баренц, Охот теңізі қайраңы мен Шығыс Сібірде табылған. Мұнайдың 95%-і құбырмен тасымалданады, Еуропа елдеріне «Достық» мұнай құбыры арқылы тасымалданады. Мұнай өндіруден Сауд Арабиясынан соңғы ІІ-орында. Өндірілген мұнайдың 40%-ы экспортқа шығарылады. Жылына 200 млн т мұнай өндіріледі, мұнай өңдеу көлемі бойынша АҚШ, Жапониядан соңғы –орында.
47. Көмір өндіруден 3-орында, Қытай мен АҚШ-тан соңғы.
48. Электр энергиясы – 4-орында, СЭС үлесі ЖЭС-тен 65% жоғары. Еуропалық бөлікте газ бен мазутты, Азиялық бөлікте көмірді пайдаланады. ЖЭО- Сургут, Рефтинск, Костромада. СЭС-тер Саян, Краснояр, Братск, Уст-Илим және Енисей-Ангара каскады. АЭС- Ленинград, Курск, Балаков (әрқайсысының қуаты 4 млн кВт)
11-АЭС бар, ең алғашқы Обнинск АЭС-і 1954 жылы салынған. СЭС-12%, АЭС-15%, ЖЭС-65%%.
49. Металлургия. Қара металлургия- әлемде Жапония, Қытай, АҚШ-тан соңғы 4-орында. Жылына 83 млн т темір кенін, 45 млн т шойын, 59 млн болат құбырлар жасалады. Толық циклді 8 комбинат бар, темір еуропалық бөлікте шоғырланған. (КМА, Орал, Мурманск облысы, Карелияда). Хром – Пермь облысында. Түсті металлургия- елдегі өнеркәсіп өнімінің 8,5 % береді.АҚШ-тан соңғы ІІ-орында. 70-тен астам металл өндіреді , олар ерекшелігіне қарай негізгі (алюминий, титан, магний, мыс, никель, қорғасын, мырыш), легирлеуші (сапалы болатқа қажетті вольфрам, молибден), бағалы (алтын, күміс, платина), сирек металдар (цирконий, германий). Алюминий-жылына 3 млн т өндіреді, Краснояр және Братск алюминий зауыттары СЭС терге жақын орналасқан. Жылына 130 млн т алтын, әлемде 5-орында, Оңтүстік Сібірде, Кола түбегінде, өнімнің 80%-ы экспортталады. Алмас- 99%-ы Саха жерінде. Түсті металлургия орталықтары – Орал, Шығыс және Қиыр Шығыс.
50. Машина жасау- өнеркәсіп өнімінің 20%-ы тиеселі, 50 мыңнан астам кәсіпорын, 90% өнім Еуропалық бөлікте жасалады.
а) Ғылымға негізделген қазіргі машина жасау (электроника, радиотехника, әуе-ғарыш) Мәскеу, Санкт-Петербург, Екатеринбург, Новосибирскте.
ә) Тау-кен және энергетикалық машиналар металлургия базаларына жақын салынған.
б) астық комбайндері – Солтүстік Кавказ Дондағы Ростовта жасалады, троллейбус- Энгельсте, картоп жинайтын комбайн-Рязаньда .
51. Машина жасау – тұтынушыға, халық жиі қоныстанған жерлер мен ірі көлік тораптарына жақын орналастырылған.
52. Химия өнеркәсібі – әлемде күкірт қышқылын өндіруден ІІ-орын, минералды тыңайтқыштан V-орын алады.
53. Орман өнеркәсібі – ағаш сүрегінің қоры - 80 млрд м³. Қағаз бен целлюлоза- Карелия, Сібір мен Оралда. Ағаш сүрегін пайдаланатын кешенді кәсіпорындар негізінен Архангельск, Сыктывкар, Братск, Усть-Илимде.
54. АӨК-нің жетекші әрі негізгі саласы- ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығына жарамды жерлер- 222 млн га, оның 126 млн га-сы егістік жерлер.
55. Өсімдік шаруашылығы өнімнің 55%-ын, мал шаруашылығы 45%-ын береді. Жыртылатын жердің 56%-ы дәнді дақылдар, 5%-ы картоп, 6%-ы техникалық дақылдар, 33%-ы мал азықтық дақылдар үлесіне тиеді. Астық өндіруден 4-орында( Қытай, АҚШ, Үндістан). Негізгі дақылы- бидай ,Волга бойы, Орал, Орталық қара топырақты аудан, Солтүстік Кавказ, Сібірдің оңтүстігі. Күздік бидай оңтүстік алқаптарда өсіріледі. Арпа- жалпы өнімнің 20%-ын құрайды, жарма,сыра, мал азықтық. Волга бойы, Солтүстік Кавказ, Орталық қара топырақты ауданда. Қара бидай- суыққа төзімді, қышқыл топырақта өсе береді, орман зонасында көп өсіріледі. Сұлы- күй талғамайтын, ылғал сүйгіш. Жарма, мал азықтық. Қарақұмық – Орталық қара топырақты аудан, Волга-Вятка, Орталық аудан оңтүстігінде. Тары- құрғақшылыққа төзімді, Солтүстік Кавказ бен Волганың құрғақ аудандарында. Күріш- Кубань, Волга, Дон өзендері бойында. Маңызды дақылдың бірі- картоп. Техникалық дақылдың маңыздысы- зығыр (сапала талшық алу үшін аса ыстық емес, ылғалды климат қажет) Алтайда, Еуропалық бөліктерде өсіріледі. Көкөніс пен бау - бақша өнімдері – Орталық экономикалық аудан, Орал мен Волга бойы,Солтүстік Кавказда өсіріледі. Бақ пен жүзім шаруашылығы - Ресейдің оңтүстігі мен Солтүстік Кавказ, Волга бойында. Жүзім алқаптары Дағыстан мен Краснодар өлкесінде жинақталған. Субтропиктік жемістер мен темекі Солтүстік Кавказ тау алды өңірлерінде, ал шай Краснодар өлкесінің Қара теңіз жағалауында.
56. Мал шаруашылығы - жетекші саласы ірі қара ,шошқа мен қой шаруашылығы. Ірі қара өнім түріне қарай- сүтті, сүтті-етті, етті, етті-сүтті түрлері табиғат жағдайларына байланысты орналасып, дамыған. Шошқа - Краснодар өлкесі, Орал мен Волга бойында шоғырланған. Ресей биязы жүнді қой өсіреді. Жылқы - еуропалық бөлік пен Оралда асыл тұқымды түрлері өсіріледі. Бұғы - Солтүстік Сібір мен Қиыр Шығыс халқының ата кәсібі. Омарта - Солтүстік Кавказ, Оңтүстік Орал, Алтай өлкесі тауларында. Орман зоналарында терісі бағалы аңдар өсіріледі. Түйе - қалмақ жері мен Астрахань облысында өсіріледі.
57. Көлік географиясы - жүк айналымында темір жол көліге жетекші, ұзындығы 148 мың км, 86 мың км жол жалпыға бірдей қолданысқа ие, оның 42 мың км-і электрленген.
58. Темір жол орталығы Мәскеу қаласы одан 11 темір жол торабы тарайды.Ендік бағыттағы: Транссібір, Ортасібір, Оңтүстіксібір тораптары Қазақстан жері арқылы өтеді.
59. Мәскеу-Санкт-Петербург жолаушы тасымалы темір жолы, жылдамдығы 300-350км, 2-2,5 сағат, бұл темір жол жобасына 8 млрд АҚШ доллары жұмсалмақ.
60. Автомобиль көлігі – жолаушы тасымалында маңызды, жалпы ұзындығы 593 мың км.Мәскеуден 12 жол торабы салынған.
61. Теңіз көлігі - Ресейдің сыртқы сауда байланыстарында аса маңызды. 11 теңіз порттары бар, сонымен қатар көршілес елдер порттарын да пайдалана алады. Жүк айналымы бойынша жетекші орында Қиыр Шығыс теңіз алабы, одан соң Солтүстік алап, үщінші орында- Балтық алабы, төртінші орында- Қара теңіз-Азов алабы.
62. Өзен көлігі - ұзындығы 100 мың км –дей, оларда жүктің ¾ бөлігі шикізат пен құрылыс заттары тасымалданады. Туристік-рекреациялық мақсатта пайдаланады.
63. Әуе көлігі - жолаушы мен тез бұзылатын заттар тасымалданады. 800-дей әуежай бар, 90-ға жуық елмен әуе байланысын орнатқан.
64. Құбырларды салу мен дамуы Ресейде Солтүстік Кавказдан басталған. Ең алғашқы газ құбыры 1946 жылы Мәскеу мен Саратов арасында салынған. Газ құбырының жалпы ұзындығы 153 мың км, мұнай құбыры ұзындығы 46 мың км, мұнай өнімдерін тасымалдайтын құбыр ұзындығы 15 мың км. Құбырлар ұзындығы бойынша АҚШ-тан соңғы ІІ орында.
65. Ресейде Біртұтас автоматты байланыс жүйесі салынған. Ресей мен Жапония арасындағы 18 мың км-ге жететін Трансресейлік талшықты оптика желісі салынған. Интернет дамыған.
66. Ресей ішкі айырмашылықтарына байланысты Батыс (Еуропалық) және Шығыс (Азиялық) экономикалық зонаға бөлінеді
67. Батыс еуропалық зона ел аумағының 26%-ын құрайды. Өнеркәсіп және ауыл шаруашылық өнімдерінің 85%-ы осы зонаға тиеселі. Қала халқының үлесі -75%-ға жетеді, Ресейдің ең ірі агломерациялары мен 11 млн.қаласы осы зонада орналасқан.
68. Шығыс Азиялық зона - ел аумағының 74%-ын құрайды, табиғат ресурстарына өте бай. Елдегі отын-энергетикалық ресурстың 80, ағаш сүрегі қорының 80, мұнайдың 70, газдың 92, су ресурсының 75, су энергетикалық ресурстың 81,5%-тен астамы осында шоғырланған.
69. 900-ге жуық қала типтеселді мекен, 230-дан астам қала, 2 млн қала бар. Новосибирск мен Омбы.
70. Шығыс зонаны дамытудың басты бағыты - шикізаттарды өңдеу барысында технологиялық әдістерді жетілдіру, аймақтағы көлік жүйелерін жақсарту, қызмет көрсету салаларын дамыту және экологиялық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау.
71. 11 экономикалық ауданға бөлінген, оның 8-і Батыс еуропалық экономикалық зонада Солтүстік, Солтүстік-Батыс, Орталық, Волга-Вятка, Орталық қара топырақты, Волга бойы, Солтүстік Кавказ, Орал.
72. Шығыс азиялық экономикалық зонада, оның 3-і орналасқан, Батыс Сібір, Шығыс Сібір, Қиыр Шығыс.
73. Ресей Федерациясы 2000 жылы президент жарлығымен экономикалық ауданнан басқа 7 федерациялық ауданға біріктірілген.
74. Калининград облысы 1945 жылдан Ресей Федерациясы құрамына енген. «Янтарь» деп аталатын еркін экономикалық зона.
75. Сыртқы сауда. 1994 жылы ЕО-пен достастық пен келісімге қол қойылды. Соның нәтижесінде экспортты 40%-ға дейін көтерді. Батыс Еуропа дамыған елдерімен 50-60%-ға арттырды. Серіктестері: Германия, Италия, Жапония, АҚШ, Ұлыбритания.
76. 2004 жылғы экспорт мөлшері ТМД елдерімен 20,5 млрд АҚШ долларына жетсе, басқа елдерде 113,3 млрд доллар.
77. Импорт мөлшері ТМД үшін 43,8 млрд доллар, басқа елдер үшін 103,8 млрд АҚШ долларын құраған.
78. Экспортында отын-энергетикалық және минералдық ресурстың үлесі басым. Мұнай мен мұнай өнімдерін- Германия, Италия, Швейцария, Ұлыбритания, Польшаға. Табиғи газды- Германия, Италия, Францияға. Тас көмірді- Жапония мен Түркияға шығарады.
79. Сыртқы экономикалық байланыстың бірі- туризм.
80. 1992 жыл 25 мамырдан Достастық келісімге қол қойылған. 2004 жылғы сауда байланысы 7 млрд 700 млн АҚШ долларын құрайды.
Беларусь Республикасы.
Жерінің ауданы - 207,6 мың км².
Халқы - 9,8 млн адам.
Астанасы - Минск .
Мемлекеттік құрылымы - республика.
Мемлекет басшысы - президент.
Заң шығарушы органы - парламент.
Мемлекеттік тілі - беларусь тілі
Ұлттық валютасы - беларусь рублі