
- •Тасты шөл – хамада, сазды шөл – тақыр, құмды шөл – эргтер.
- •Материкте 4 млрд-тан астам, яғни Жер шары халқының ¾ бөлігі тұрады.
- •Әлемнің 7-і кереметінің 5-еуі Еуразияда:
- •Микромемлекеттер: Андорра, Лихтенштейн, Монако, Сан-Марино, Ватикан.
- •Ең бірінші аэс – Ресейдегі Обнискіде.
- •Латын Америкасы елдері 4 аймаққа бөлінеді.
- •1960 Жылдан астанасы - Бразилиа. 22 штаттан тұратын федерациялы ел.
- •Сахара ең таза экологиялық аудан.
- •Антарктидадағы оазистер материк жағалауларында пайда болады.
- •Мұхиттық аралдардағы алғаш тәуелсіздік алған – Жаңа Зеландия (3 рет ашылған).
Оңтүстік поляр аймағында орналасқан материк. Антарктика - «Арктикаға қарама -қарсы».
Материк ауданы 12,4 млн.км², аралдармен қосса 14 млн.км².
Жерінің 99% қалың мұз, мұздың орташа қалыңдығы 1720 м-ге жуық, ең қалың жері 4300 м (Шмидт жазығы).
Жер шарындағы ең биік материк, мұз жамылғысымен қосса 2040 м.
Материктегі мұздың көлемі 24 млн.км², дүние жүзіндегі тұщы су қорының 80%, мұздар ерісе дүние жүзілік мұхит суы 62 м-ге көтеріледі.
Антарктика - Жер шарының суықтық полюсі, 1983 жылы ең төменгі -89,2ºС температура тіркелген.
Сөнбеген жанартауы – Эребус 3794 м. Росс теңізі жағалауында.
Оңтүстік полюс үстінде таңның атуы мен батуын жылына бір рет қана байқауға болады.
Дүние жүзіндегі ең қуатты суық ағыс Батыс желдері шеңбер жасай материкті қоршап жатыр. Материк жағалауында Оңтүстік мұхиты қалыптасқан.
Күн сәулесінің 90% кері шағылысады, 186 күн поляр күні болады.Материкте жиынтық радиация мөлшері жоғары, бірақ температураның төмен болуы- мұздың сәулені шағылыстыруынан.
Материк жағалауында шұраттар болады, онда мүк пен қына,балдыр өседі.
Теңіздері: Уэдделл, Беллинсгаузен, Амундсен, Росс. Түбегі - Антарктика түбегі.
Материк жағалауында тереңдігі 500 м. материктік қайраңдар .
Материк жағалауы 3 мұхитпен шайылады, бірақ жағалауы онша тілімденбеген, биік және тік мұзды жарлардан тұрады.
Мұз астындағы Тасты Антарктика ежелгі гондваналық Антарктика платформасынан тұрады.
Антарктикалық ауа массалары, қыста орташа -60,-72ºС, ал жазда 30-50ºС аралығында болады.
Пайдалы қазбалары: тас көмір, темір, слюда, графит, алтын, алмас, уран, түсті металдар қоры өте мол.
Климаты субантарктикалық, құрлықтың климаты қатал мұзды орталығындағы антарктикалық шөлде тіршілік жоқ,жауын-шашын 50 мм қар түрінде түседі. Материк жағалауында 700мм жауын-шашын түседі.
Антарктика эндемигі – пингвин, (адели және император пингвинінің 17 түрі кездеседі). Жағалауларында құстар мен көк киттер, кашалоттар, касаткалар мекендейді.
Антарктидадағы оазистер материк жағалауларында пайда болады.
Материкті қоршай Батыс желдер суық ағысы ағады.
Аустралия.
Аустралия - ең кіші материк 7,6 млн. км², аралдарымен қоса есептегенде
9 млн.км2.
Аустралия - ( латынша – оңтүстік) түгелдей оңтүстік жарты шарда орналасқан.
Жер шарындағы ең аласа материк, орташа биіктігі 215 м.
Сөнбеген жанартаулар мен қазіргі мұз басулар іздері байқалмайды.
Жер шарындағы ең құрғақ материк, оның 2/3 бөлігі шөлді аймақтар.
Материк басқа материктерден ерте бөлінгендіктен алғашқы сүт қоректілер (жұмыртқа салушылар мен қалталылар) мен биік ағаштар эвкалиптер (биіктігі 100 м-ден асады) сақталған.
Солтүстік-шығыс жағалауында 2300 км, ені 2-150 км-ге жететін Жер шарындағы ең үлкен маржандық - Үлкен Тосқауыл рифі орналасқан.
Материкте бір ғана ел – Аустралия Одағы бар.
Тынық және Үнді мұхит жылы суларымен шайылған, жазда +28ºС болса, қыста +20ºС –ден төмен түспейді. Сондықтан жағалауларында маржандық құрылымдар өте көп кездеседі. Толысу кезінде ғана кемелер мұхитқа шыға алады.
Гондваналық ежелгі Аустралия платформасында орналасқан. Тынық мұхит немесе Отты шеңбер сейсмикалық белдеуіне жақын орналасқандықтан Аустралия бірнеше рет тұтастай көтеріліп, тұтастай төмен түсіп, майысуларға ұшыраған.
Пайдалы қазбалары: алтын, алюминий, мыс, никель, марганец, темір, уран, цирконий (алмастың түрі), оңтүстік шығысында – тас көмір, орталық жазықтарда мұнай мен газ, солтүстікте – боксит (Иорк түбегі боксит қоры бойынша дүние жүзінде І-орын).
Материкте 3-климаттық белдеу: субэкваторлық, тропиктік, субтропиктік.
Оңтүстік тропик шеңбері кесіп өтеді, жерінің көп бөлігі тропиктік белдеуде.
Материктің жаздағы орташа температурасы +24, +28ºС, ал қыста +12, +24ºС аралығында болады.
Жаз (желтоқсан-ақпан аралығы) қатты қызған ауа массаларынан төменгі қысым. Қыста (маусым-тамыз аралығы) жылу азайып, салқындайды да жоғарғы қысым қалыптасады.
Жауын-шашын солтүстік, шығыс, оңтүстік бөліктерінде мұхиттан келетін ауа массалары әсерінен, жылы ағыстар болғандықтан мол жауады.
Тасман аралының оңтүстігі қоңыржай белдеуге енеді.
Өзендері 3 алапқа (Тынық мұхит,Үнді мұхиты және ішкі тұйық алап) бөлінеді.
Криктер – уақытша кеуіп қалған өзен арналары, ішкі тұйық алап жерінің 60% қамтиды.
Муррей өзені – 2570км, саласы Дарлинг.
Өзендері жаңбыр және жер асты суларымен қоректенеді. Аустралия Альпісінен басталатын шығыстағы өзендер қар суымен толығатын тау өзендері.
Көлдер өте аз, таяз әрі тұзды қалдық көлдер батысы мен орталығында. Эйр көлі
Тереңдігі 2000м-дей 33 жер асты артезиан суының мол қоры бар.
Жер асты сулары тереңде орналасқандықтан шөлдерінде шұраттар – оазис жоқ.
Эйр көлі – «Аустралияның өлі жүрегі».
Вилли-вилли – Эйр көлі маңындағы шаңды дауылды құйындар.
Материкте жауын-шашынның аз болуы тропик шеңбері өтуі және суық ағыстардың жақын өтуінен болады.
Материктегі өсімдіктердің 75%-ы, жануарлардың 90% - эндемиктер.
Шөлдердің тасты, құмды, сазды түрлері кездеседі.
Шөлдердегі шөл және шөлейт зоналарында ксерофиттер мен суккуленттер өседі.
Скрэб – ішкі аудандардағы тікенекті акация мен эвкалиптерден құралған мәңгі жасыл қалың ну бұталар.
Биіктігі 100 м-ден асатын, тамыры 30 м, сүрегі қатты Эвкалипт ағашы құрылыс материалы. Жапырағымен қалталы аю коала қоректенеді.
Тасман аралында ылғалды мәңгі жасыл орман. Тасмания аралында - Аустралия құбыжығы және киви, қоқыс тауығы мекендейді.
Аустралияға еуропалықтар қоныстанғанға дейін жыртқыштар болмаған.
Жұмыртқа салушылар мен сүт қоректілер – кенгуру, үйректұмсық, ехидна, коала, суырға ұқсас вомбат, қолтырауындар.
Құстардан – тотықұстар, жұмақ құстары, лирақұйрық, қарақу, биіктігі 1,8 м ұшпайтын құс казуар, эму түйеқұсы.
Эму түйеқұсы мен кенгуру – елдің елтаңбасында, ал лирақұйрық, ехидна, үйректұмсық - тиындарында бейнеленген.
Ұлттық парктері: Улуру, Үлкен Тосқауыл рифі, Какаду.
Халқы 18 млн. Қала халқы 86%. 1км-ге 2 адам. Елдегі аустрия – ағылшындар 97%
Абориген – байырғы халқы. Бумеранг – аборигендердің аңшылық құралдары.
Резервация – шөл мен шөлейттегі аборигендер қонысы.
Аустралия Одағы. Астанасы – Канберра. Тілі – ағылшын тілі. Діні – христиан. Мемлекеттік құрылымы – Британ Бірлестігі құрамындағы мемлекет. Мемлекет басшысы қызметін генерал-губернатор атқарады, оны ағылшын королевасы тағайындайды. Саяси - әкімшілік құрылымы бойынша федаративті мемлекет.
Ірі қалалары Мельбурн мен Сидней.
Пайдалы қазбалар негізінде тау-кен өнеркәсібі қалыптасқан.
Батыс Аустралиядағы алмас кені 1976 жылы ашылған.
Қой шаруашылығы бойынша дүние жүзінде І орында.
«Шипстейшнз» - дала және шөлейттегі қойдың жеке ірі компаниялары.Шағын қаласы Гаулбернеде «Үлкен меринос» ескерткіші орнатылған.
48. Аустралия 5 ауданға бөлінген. Батыс, Оңтүстік, Солтүстік, Квинсленд, Уэльс.
49. Аустралияның кен зауыт астанасы атанған қаласы - Брокен-Хилл.
50. Бокситтің дүние жүзілік қорының 1/3 бөлігі – Аустралияда.
51. Аустралияда көмір Оңтүстік Уэльс пен Квинслемдте.
52. Темір кені Хаммерслиде шоғырланған.
53. Арнамленд түбегінің солтүстік жағалауын Арафур теңізі шайып жатыр.
54. Аустралияның Орталық бөлігі төмендеп ойпатқа айналған.
55. Дүние жүзі бойынша жан басына шаққанда ең көп жайылым – Аустралияда.
56. Бидай өсіретін негізгі ауданы – оңтүстік-шығыста.
Аустралия
Өзендер: Муррей, Дарлинг, Куперс-Крик.
Көлдер: Эйр, Маккай, Мур, Барли, Кэри, Гэрднер.
Теңіздер: Тасман, Арафур, Тимор, Маржан.
Түбектер: Кейп-Иорк, Арнемленд.
Шөлдер: Виктория, Гибсон, Үлкен Құмды, Наллабор.
Таулар: Үлкен Суайрық жотасы.
Жазығы: Үлкен Артезиан бассейні.
Шығанақтар: Үлкен Австралия, Карпентарий.
Бұғаздар: Торрес, Бассов.
Аралдар: Жаңа Зеландия, Тасмания.
Маржан рифтер: Үлкен Тосқауыл, Скотт, Раули, Фредерик, Ашмор.
Ұлттық парктер: Какаду, Үлкен Тосқауыл рифі, Улуру, Хамерсли-Рейндж, Стерт, Косйюшко-Стейт-Парк, Тасманияда – Оңтүстік-Батыс саябағы, Жаңа Зеландияда – Тонгариро мен Маунт-Кук.
Жылы ағыстар: Шығыс Аустралия, Оңтүстік пассат.
Суық ағыстар: Батыс желдер.
Шеткі нүктелері :
Солтүстікте – Йорк мүйісі. Батыста – Стип-Пойнт мүйісі.
Оңтүстікте – Оңтүстік Шығыс мүйісі . Шығыста – Байрон мүйісі.
Дүние жүзілік мұхиттар мен мұхиттық аралдар.
І. Дүние жүзілік мұхиттарға жалпы сипаттама.
-
Атауы
Ауданы,
млн.2
Орташа тереңдігі, м
Ең терең бөлігі, м
Суының көлемі, млн.2
Толысу толқындарының
ең биігі, м
Тынық мұхиты
178,6
3976
11022
710,4
Охот теңізі ернеуі;
Атлант мұхиты
91,7
3597
8742
329,7
Фанди шығанағы; 18
Үнді мұхиты
76,2
3711
7729
282,7
Камбей шығанағы; 11,9
Солтүстік мұзды мұхиты
14,8
1225
5527
18,1
Ақ теңіз;
1. Дүние жүзілік мұхит ауданы – 361,1 млн.км².
2. Мұхит суының басты қасиеттері - тұздылығы мен температурасы.
3. Судың беткі температурасы географиялық ендікке байланысты.
4. Мұхит суы тереңдеген сайын температура төмендейді, ал 3000-4000 м тереңдіктен соң +2º пен -0ºС аралығында төмендейді.
5. Дүние жүзілік мұхит бөліктеріне теңіздер, шығанақтар, бұғаздар жатады.
6. Мұхит суы -2ºС-де қатады. Дүние жүзілік мұхит суының орташа температурасы 17,5º С, орташа тұздылығы 35 ‰ (промилле).
7. Мұхит суының температурасы тереңдеген сайын төмендейді, өйткені су күннің энергиясымен қызады.
8. Мұхит ауданының шамамен 15%-ын мұздар жауып жатыр. Олар ерісе мұхит деңгейі 60м-ге көтеріледі.
9. Мұхит суында 150 мыңнан астам жануарлар мен 10 мыңдай балдыр түрлері кездеседі.
10. Күн мен Айдың тарту күшінен пайда болатын толысу мен қайту құбылыстарын энергия алуға пайдаланады, «жасыл көмір» деп атайды.
11. Мұхит сулары үнемі қозғалыста болғандықтан баяу жылынып, баяу суынады.
12.Мұхиттар мен теңіздердің орташа деңгейі сәйкес келеді.
13. Адамзат мұхит ресурстарының 2-түрін пайдаланады. Биологиялық және пайдалы қазбалар.
14. Адамзат мұхит ресурстарын пайдалануы 2% -ті құрайды.
15. Мұнайды дүние жүзілік мұхиттарда қайраңдардан өндіреді.
16. 200миль экономикалық зона туралы заңның мағынасы - ресурстарды пайдаланудың толық құқықты болуы.
17. Дүние жүзілік мұхиттардағы аралдар тарихи - географиялық ерекшеліктеріне байланысты 4 топқа бөлінеді. Меланезия (қара). Микронезия (кіші). Полинезия (көп) Жаңа Зеландия.
18. Полярлық аймақтар табиғатын зерттеу орталық мұражайы - Санкт Петербургте.
19. Мұхиттағы табиғат кешендері – мұхит түбі тереңдігіне байланысты.
Тынық мұхиты
Тынық мұхиты - ауданы 180 млн.км². Мұхит айдынына барлық материкті сыйғызуға болады.
Тынық мұхиттың ені батыстан шығысқа 19 мың км, ұзындығы солтүстіктен оңтүстікке қарай 16 мың км. Мұхиттың орташа тереңдігі – 3980 м.
Тынық мұхиттағы судың көлемі 710 млн.км³-ге тең, бұл дүние жүзілік мұхит суының 53% құрайды.
Тынық мұхиты – ең жылы , суының орташа температурасы +19,4ºС.
Мариан шұңғымасы 11022 м, мұхиттағы орташа тереңдік 4 мың метрге жуық.
Тынық мұхитта аралдар өте көп, жалпы саны 10 мыңнан асады.
Тынық мұхит сулары Африкадан басқа материктер жағалауын шайып жатыр, Еуразия жағалауы өте күшті тілімденген.
ХІХ ғасырда С.О.Макаров «Витязь» кемесімен және ағылшынның «Челленджер» ғылыми-зерттеу кемелері зерттеген.
1519-22 жылдардағы саяхаты кезінде Ф.Магеллан мен С.Элькано эспедициясы, еуропалықтар үшін беймәлім мұхитты ашып, оны Тынық мұхит деп атаған.
1648 жылы С.Дежнев Беринг бұғазы арқылы Солтүстік мұхиттан Тынық мұхитқа өтті.
1803-06 жылдары И.Ф.Крузенштерн мен Ю.Ф.Лисянскийдің Тынық, Үнді, Атлант мұхиттары арқылы жүріп өткен экспедициясы Тынық мұхиттың көптеген жаңа аралдарын ашты.
Орыс саяхатшысы Н.Н.Миклухо-Маклай 1870-87 жылдары Тынық мұхит аралдары мен Жаңа Гвинея, Аустралия жағалауларын, ондағы байырғы халқы – папуастар туралы мол ғылыми деректер жинақтады.
1947 жылы бальс ағашынан жасалған «Кон-Тики» жеңіл салымен норвег саяхатшысы Тур Хейердал Перу жағасынан бастап мұхит пен мұхиттық аралдарда зертеу жұмыстарын жүргізді.
Атлант мұхитын папирус қайығымен кесіп өткен норвег саяхатшысы Т.Хейердал.
1943 жылы француз Жак Ив Кусто командасының жасаған аквалангы мұхит табиғатын зерттеуге жол ашты.
1957 жылы «Витязь» зерттеу кемесі Мариан шұңғымасын ашты. 1960 жылы адамы бар батискаф шұңғыманы ашты. Батискаф 1948 ж. жасалды.
Тынық мұхит немесе Отты шеңбер сейсмикалық белдеу өткендіктен, жер сілкінулер мен жанартаулар атқылауы жиі байқалады.
Мұхитта қазаншұңқырлар өте көп, олардың орташа тереңдігі 6000-8000 м аралығында. Тонго – 10882 м. Филиппин – 10265 м. Кермадек – 10047 м. Куриль-Камчатка – 9717 м.
Тынық мұхит литосфералық плитасында орналасқан, су асты жоталары 10 мыңнан асады. Шығыс Тынық мұхит су асты жотасы бар, жоталардың су бетіне шыққан бөліктері – жанартаулық аралдар. Гавай аралдары - жанартаулық арал.
Солтүстік полярлық белдеуден басқа барлық белдеуде орналасқан, суының температурасы солтүстікке қарағанда оңтүстігінде төмен болады. Полярлық ендікте -1ºС-ден экватор маңында +29ºС-қа жетеді.
Пассат желдер әсерінен 2000мм жауын-шашын жауады, муссондық циркуляция күшті байқалады.
Тропиктік белдеуде тайфун желдері, қоңыржай белдеуде батыс желдері дауылға айналып, биіктігі 20-30 м-ге жететін толқындар пайда етеді.
Мұхит жағалауында 50-ден аса ел орналасқан.
Тіршілікке ең бай - Жапон теңізі.
Өте бағалы албырт балығының 95% осында, дүние жүзіндегі ауланатын балықтың 50%-тен астамы ауланады.
Тынық мұхитта буланудан гөрі түсетін жауын-шашынның көп болуынан, суының тұздылығы басқа мұхиттардан төмен.
Тіршілік дүниесінің басты ерекшелігі - өте ежелгі және алып түрлердің көптеп кездесуі.
Тропик шеңберлері арасындағы суларда маржандық құрылымдар кездеседі. Үлкен Тосқауыл рифі - ұзындығы 2300 км, ені 2-150 км.
Тек Тынық мұхитта кездесетін балықтар: теңіз кірпілері, семсерқұйрық, теңіз мысығы, теңіз құндызы және теңіз қабыланы сақталып қалған. Еуразия жағалауында Минтай, камбала, майшабақ, таңқышаяндар, ал экватор аймағында ірі жыртқыш балықтар, ұшқыш балықтар, акуланың түрлері, кашалот және қос жақтаулы салмағы 300 кг-дық тридакна тіршілік етеді. Оңтүстік Америка жағалауында анчоус балығы, ставрида, скумбрия, ашық мұхитта киттер, теңіз мысығы, теңіз құндызы, кальмарлар, сегізаяқтар, ал Антарктика жағалауындағы суық суларда теңіз қабыланы, итбалықтар, алып көк киттер, материк жағалауында эндемигі пингвиндердің (адели, император) бірнеше түрлері тіршілік етеді.
Мұхиттан теңіз орамжапырағы мен балдырлар, асшаян (креветка) мен бақалшақтар алынып, мұнай өндіріледі.
Ластану мен шектен тыс аулаудан ерекше теңіз жануары - су сиыры жойылып кеткен.
Атлант мұхиты
Атлант мұхиты - аумағы 92 млн.км², суының тұздылығы 35,4 промилле, орташа тереңдігі- 3600м. Суының орташа температурасы - +16,5ºС.
Ең терең жері - Пуэрто Рико шұңғымасы 8440 м, ең таязы Солтүстік теңіздегі Доггер Банка қайраңы – 13 м.
Атлант мұхит жағалауы солтүстік жарты шарда күшті, ал оңтүстік жарты шарда аз тілімденген. Қоңыржай ендікте ені кең де экваторда тарылады.
Мұхитты алғаш толық зерттеген ХІХғ. аяғында ағылшынның «Челенджер» кемесі.
Дүние жүзі бойынша кеме қатынасында І-орында. Жерорта теңізі - Еуропаның жуынды шұңқыры, жағалауында 18 ел, 260 порт, 130 млн. адам қоныстанған. Суының тұздылығы 37 ‰ (промилле).
Гибралтар бұғазы 12 км, ертеден теңіз жолдарын жалғастырушы.
Дүние жүзіндегі ең биік және ең ұзын су асты жотасы - Атлант мұхитында. 18 мың км.
Атлант мұхитында барлық климаттық белдеу бар, суы Тынық және Үнді мұхитынан салқын, себебі, Солтүстік мұзды мұхит пен Антарктикадан келетін су мен мұздың әсерінен. Ағыстары меридиан бағытта, 40ºс.е. дейін мұзтау- Айсбергтер кездеседі.
Балықтары: нәлім, майшабақ, скумбрия, теңіз алабұғасы, мойва, ал поляр суында киттер мен итбалықтар кездеседі.
Дүние жүзіндегі ауланатын балықтың 39% осы мұхиттың қоңыржай белдеуінен ауланады.
Исландия жанартаулық арал, онда 26 жанартау бар, ең үлкені – Гекла. Геотермалды энергияға өте бай.
ІХ-ХІІ ғасырдан Бискай шығанағынан кит ауланған.
Солтүстік субтропиктік белдеуде «мұхиттағы көгілдір шөл» атанған Саргасс теңізі орналасқан.
Үнді мұхиты
Үнді мұхиты - ауданы 75 млн.км², ең терең жері – Зонд шұңғымасы, орташа тереңдігі 3700 м.
Солтүстігінде суы жылы +30ºС, ал оңтүстігінде Батыс желдер суық ағысы әсерінен суы салқын болады. Мұхиттың жағалауы аз тілімденген.
Мұхитта алғаш жүзген - арабтар. Васко да Гама 1497-99 жылдары, Үндістанға келуі. ХVІІІ ғасырда Д.Кук тереңдігін өлшеген. 1873-76 жылдары «Челленджер» ағылшын кемесі. ХХ ғасырда «Ломоносов және Океан» кемелері зерттеген.
Жер қыртысы ажырауынан жарықта Қызыл теңіз пайда болған, тұздылығы 41‰ (промилле). Парсы шығанағында судың температурасы +34ºС.
Мұхит тіршілікке өте бай: сарданелла, скумбрия, акула, мұзбалық және балдырлар мен шаяндар кездеседі. Молюскалардан каракатицалар мен кальмарлар көп.
Солтүстік мұзды мұхит.
1.Солтүстік мұзды мұхит- ауданы 14 млн км ².Тереңі Гренландия теңізі-5527 м, орташа тереңдігі-1225 м. Тұздылығы Еуропа жағалауында 32‰. Ал Азия жағалауында 20‰ (суы мол үлкен өзендер құюына байланысты).Жалпы тұздылығы 32‰ .
Солтүстік мұзды мұхит - ең суық, ең кіші, ең таяз мұхит.
Мұхит түбінің 1/3 бөлігін құрайтын Үлкен қайраң Солтүстік мұзды мұхитта.
Материкпен шектескен жағалау тереңдігі 200 м-ден аспайды.
Солтүстік мұзды мұхитта Менделеев, Ломоносов су асты жоталары бар.
Ең үлкені – Норвег теңізі, ал ең кішісі – Ақ теңіз.
Солтүстік Атлант жылы ағысы әсерінен Норвег, Баренц теңіздері суы қатпайды. Осы теңіздер жағалауындағы Скандинавия түбегі жағалауында – құс базары қалыптасқан. Халқы құс мамығын жинаудан І-орын алады.
Ағыстар мен желдер әсерінен мұздардың сығылысуы мен мұз шоғырлары 2-4м кейде 10-20м-ге дейін пайда болады.
Солтүстік мұзды мұхиттың батыс бөлігі яғни Атлант мұхитпен шектесетін жерлердегі қоңыржай белдеуі тіршілікке өте бай.
Шеткі теңіздері ең көбі - Солтүстік мұзды мұхит.
Алғаш Грумантте (Шпицберген) қыстап шығып, Обь сағасына дейін қайықпен барған орыс адамдары - поморлар. Ағылшындар мен голландықтар Шығыс елдеріне жол іздеді. ХVІ ғ. В.Баренц мұхиттың батыс бөлігінің картасын жасады. Ұлы Солтүстік экспедициясы 1733-43 жылдары, саяхатшылар Челюскин, Лаптевтер Печора сағасынан Беринг бұғазына дейін жүзіп барып, ол жерлердің картасын жасады. М.В.Ломоносов саяхатшылар еңбектерінен ХІХғ. 60 жылдары ғылыми тұжырымдар жасады. ХІХғ-да А.Нолденшельдің басшылығымен орыс-швед экспедициясы «Вега» шхунасымен батыстан шығысқа қарай бірінші рет жүзіп өтті. ХХғ-да бұл жолды Р.Амундсен қайталады. ХІХғ-дың аяғында Ф.Нансен «Фрам» кемесімен, ХХ ғ-да Седов «Әулие Фок» шхунасымен полюске қарай жүзді. 1899 жылы Макаров жобасымен тұңғыш «Ермак» мұзжарғыш кемесі жүзіп өтуге болатынын дәлелдеді. 1932 жылы Шмидттің «Сибиряков» кемесі бір жүзу маусымында мұхит арқылы өтудің мүмкіндігін дәлелдеді. 1937 жылы «Солтүстік полюс-1» поляр экспедициясы Папанин жетекшілігімен Солтүстік полюстен Гренланд теңізіне дейін ағыспен ығу жаңа тәсілін ашты. 1937 ж. «Георгий Седов» мұзжарғышы мұз құрсауында қалып, қалқымалы ғылыми станцияға айналды. 1977 жылы Солтүстік полюске кеңестік «Арктика» мұз жарғыш кемесі жетті.
Солтүстік мұзды мұхитта арктикалық және субарктикалық белдеу жатыр.
ХХ ғ-дың 30-ші жылдарында Солтүстік мұзды мұхитта теңіз су жолы ашылды, 2-4 ай.
Мұхитта киттер, итбалықтар, морждар, ақ аюлар тіршілік етеді.
Солтүстік Мұзды мұхит суы тұздылығы мен температурасы батыстан-шығысқа қарай төмендейді.
Мұхиттық аралдар.