Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-62 беттер7кл.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
395 Кб
Скачать
☆
  1. Пушта - Венгриядағы құнарлы қара топырақты өңір.

  2. Полонино - Карпат тауларындағы биік тау шалғыны.

  3. Беловеж нуы - Польша мен Белоруссия ортасындағы Зубр қорғалатын қорық.

  4. Еуразияда 90-нан астам ел бар. Еуропада 43, қалғаны Азияда.

  5. Еуропа – ауданы 10млн. км², солтүстіктен оңтүстікке 5мың км, батыстан шығысқа 3 мың км-ге созылған.

  6. Микромемлекеттер: Андорра, Лихтенштейн, Монако, Сан-Марино, Ватикан.

  7. Экономикалық географиялық жағдайының 3 белгісі:

1) Көршілік жағдайы.

2) Теңіз маңына орналасуы.

3) Жағалауы өте күшті тілімденген.

  1. Теңіз қыздары – Ұлыбритания, Нидерланды, Дания, Норвегия, Исландия, Португалия, Испания, Италия.

  2. Саяси картасының қалыптасуы ХХ ғасырда, ол 3 үлкен өзгеріске, І және ІІ дүние жүзілік соғыстар мен 1990 ж. КСРО одағының тарауы, елдердің тәуелсіздік алуына байланысты.

  3. Поль немесе польдера – Нидерландыда теңізден тартып алынған жерлер (егін мен гүл егуге пайдаланады). 1953 жылдан «Атырау жоспар» бойынша Эйсселмер көлі құрғатылуда.Теңізден алынған жерлер ауданы - 7 мың км². Бөгенге қажет тастар –Швеция, Финляндиядан әкелінеді.

  4. Марш - шеткі теңізден тартып алынатын жерлер.

  5. Теңізге жаппай шабуылдаушы елдер - Нидерланды, Жапония.

  6. Италия мен Испанияда суармалы егіншілік,

  7. Шағын және орташа аумақты елдері көп. Аумағы ең үлкені – Франция, 8 елмен шектеседі.

  8. Альпі, Скандинавия, Динар таулары су энергиясына өте бай.

  9. Швеция, Финляндия, Ресей солтүстік орман белдеуінде орналасқан.

  10. Финляндияда елді мекендер губерниялар деп аталады. Скандинавия солтүстігі Лапландия «Аяз Атаның мекені».

  11. ХV-ХVІІІғ. Ұлы географиялық ашылулардан бері - Еуропа эмиграция ошағы (әсіресе Ирландия) болса, ал қазір иммиграция ошағы.

  12. Дүние жүзіндегі жұмыс күшін тартушы үш орталықтың бірі - Еуропаға жылына 14 млн. шетелдіктер келеді, бірақ олар азаматтық ала алмайды. Гастарбайтерлер -мейман жұмысшылар.

  13. Еуропа халқы – 730 млн адам (2004ж), 1км² - 100 адамнан. 80-нен астам этнос халық бар.

  14. Ұлтаралық қатынастың шиеленісуінен 1999 жылы НАТО агрессиясына ұшыраған ел – Югославия.

  15. Негізгі дін – христиан, шығыста – провославие, солтүстікте – протестант, батыс пен оңтүстікте католиктік тармағы таралған.

  16. Ең жоғарғы урбандалған елдер - Австрия, Бельгия - 97, Исландия - 92, Англия - 89, Дания мен Германия - 86, Швеция - 84, Франция - 74%.

  17. ХХ-ғ-дың соңында урбандалу 85%. Субурбандалу - қала маңы зоналарының өсуі. Ірі агломерация - Лондон, Париж, Рейн - Рурда.

  18. Батыс Еуропаның урбандалу деңгейі 80% (2008ж тест)

  19. Еуропа шаруашылығының 2 белгісі: Игерілмеген жер жоқ және біртұтас экономикалық кеңістік (шағын елдердің дамыған елдермен қатар орналасуы)

  20. Өнеркәсіптің жетекші саласы - машина жасау, ол аймақтағы өнеркәсіп өнімінің 30%-ін, экспорттың 70%-ін береді.

  21. Өзен жолдары – Еділ, Рейн меридианддық, ал Дунай ендік бағытта жатыр.

  22. Портты қалалары - Лондон, Гамбург, Гавр, Антверпен, Роттердам.

  23. Роттердам - Еуропаның теңіз қақпасы, теңізден 33км қашықта орналасқан.

  24. Ла-Манш 50/37км, 1993 жылдан Ұлыбритания мен Франция арасын қосушы су асты тонелі.

  25. Түркия Стамбулы үшін Босфор бұғазында екі көпір салынған. 1973 жылы

Еуропадағы ең үлкен, ал дүние жүзі бойынша 4 орын алатын, ені 1км, одан 6 қатар машина өте алады. 1988 жылы екінші көпір салынды.

  1. Дүние жүзіндегі 200 банктің 60-ы Еуропада орналасқан. Экономикалық қаржы орталықтары - Цюрих, Лондон. Люксембург - банкир ел.

  2. Жағалаудағы туризм - Жерорта теңізі маңы, ал таудағы туризм – Альпіде

дамыған. Монблан тауы 4807м.

  1. Табиғи газ өндіруден Ресей І-орында, кен орындары Батыс Сібірде.

  2. Дүние жүзіне белгілі «Кох-и-Нор» қарындаш фабрикасы Чехияда.

  3. Шығыс Еуропада жан басына шаққанда электр энергиясын көп өндіретін елдер – Латвия мен Эстония.

  4. Слохтерен газ кен орны - Нидерланды. Энофиск - Солтүстік теңіздегі мұнай мен газ кен орны.

  5. Орта Азиядағы ірі көмір бассейні – Ангрен (Өзбекстан). Канск - Ачинск көмір бассейні Шығыс Сібірде (Ресей).

  6. Дунай өзені - фармацептика тауарын көп шығаратын Венгрияның астанасы

Будапешт қаласын екіге бөліп ағып өтеді. Икарус автобусын экспортқа шығарады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]