
- •Тасты шөл – хамада, сазды шөл – тақыр, құмды шөл – эргтер.
- •Материкте 4 млрд-тан астам, яғни Жер шары халқының ¾ бөлігі тұрады.
- •Әлемнің 7-і кереметінің 5-еуі Еуразияда:
- •Микромемлекеттер: Андорра, Лихтенштейн, Монако, Сан-Марино, Ватикан.
- •Ең бірінші аэс – Ресейдегі Обнискіде.
- •Латын Америкасы елдері 4 аймаққа бөлінеді.
- •1960 Жылдан астанасы - Бразилиа. 22 штаттан тұратын федерациялы ел.
- •Сахара ең таза экологиялық аудан.
- •Антарктидадағы оазистер материк жағалауларында пайда болады.
- •Мұхиттық аралдардағы алғаш тәуелсіздік алған – Жаңа Зеландия (3 рет ашылған).
І-бөлім. Материктер мен мұхиттар географиясы.
Материктер |
Теңіз деңгейінен биіктіктері |
Жоғарғы t |
Төменгі t |
Еуразия |
Ең h – Джомолунгма – 8848м Ең ↓ - Өлі теңіз – 405м Қытай /Турфан – 155м |
+53°С Тар шөлі |
-71°С.Оймякон |
Африка |
Ең h – Килиманджаро – 5895м Ең ↓ - Ассаль көлі/Джибутиде – 153м
|
+580С 1933ж. Әл-Әзизия |
+80С Қиыр Оңтүстік |
Аустралия |
Ең h – Косцюшко – 2228м Ең ↓ - Эйр көлі – 16м
|
+520С Дарлинг өзені орта ағысында |
+120С ал Аустралия Альпісінде - 200С |
Антарктида
|
Ең h – Винсон тауы – 5140м Ең ↓ - Бентли ойысы – 2555м |
|
-890С 1983ж.
|
С. Америка
|
Ең h – Мак Кинли – 6193 м Ең ↓ - Өлім аңғары – 86м |
+570С Өлім аңғарында |
-700С Гренландияда |
О. Америка |
Ең h – Аконгагуа – 6960 м Ең ↓ - Вальдес түбегі – 40 м |
+470С Гран Чакодо
|
-330С Оңтүстік қоңыржай белдеуде |
Еуразия.
Еуразия - Жер шарындағы ең үлкен материк, ауданы 54 млн.км², жалпы құрлықтың 1/3 бөлігіне сәйкес келеді.
Еуразияны екі дүние бөлігі - Еуропа мен Азия құрайды. Шекарасы: Орал тауы, Жайық өзені, Кума Маныч ойысы, Азов және Қара теңіз, Босфор бұғазы, Суэц каналы, Қызыл теңіз, Баб-эль-Мандеб, Аден шығанағы, Арабия теңізі.
Дүние жүзіндегі ең биік тау шыңы – Гималай тауындағы Джомолунгма шыңы, биіктігі 8848м.
Жер шарындағы ең үлкен түбек - Арабия, ауданы 3млн.км²-ден артық.
Жер шарындағы теңіз деңгейінен ең төмен жер Гхор ойысындағы Өлі теңіз, деңгейі -403м.
Солтүстік жарты шардағы ең төменгі суықтық Оймяконда -71ºС.
Жер шарындағы ең мол жауын-шашын Гималайдың оңтүстік-шығыс беткейіндегі Черапунджиде, онда 12000 мм-ден артық жауады.
Аса құрғақ, аптапты Арабия түбегінің оңтүстігінде жылдық жауын-шашын 15 мм-ден аз жауады.
Жер шарындағы ең үлкен көл - Каспий теңізі Еуропа мен Азия аралығында, ауданы 390мың км².
Жер шарындағы ең терең көл - Байкал көлі, тереңдігі 1620м.
Еуразияда солтүстік жарты шарға тән барлық климаттық белдеулер мен зоналар кездеседі.
Еуразия материгі жағалауын барлық мұхит сулары шайып жатыр.
Материктегі 14 шыңның биіктігі 8000м-ден жоғары, оның 11-і Гималай тауында. Джомолунгма (Эверест) 8848м, Непал жерінде. Эверест шыңы 1953 жылы бағындырылған, К.Уалиев басқарған Қазақстан алпинистері 1982 жылы шыңға шықты.
Материктің жазықтары негізінен солтүстікте орналасқан, таулары оңтүстіктегі литосфералық тақталар шекарасында қалыптасқан.
Еуразиядағы таулар Палеозой эрасындағы герцинде көтерілген ежелгі таулар мен Кайназойдағы альпі тау жасалу кезінде екінші рет көтерілген таулар жиынтығы.
Материк солтүстіктен оңтүстікке 8000км, ал батыстан шығысқа қарай 16000км-ге созылған.
Охот теңізі жағалауындағы тау жотасы – Джугджур.
Ежелгі платформалары: Шығыс Еуропа, Сібір, Қытай-Корей, Оңтүстік Қытай, кейіннен Арабия мен Үндістан платформалары қосылған.
Жас платформалар: Батыс Еуропа, Батыс Сібір, Тұран.
Еуразия және Үнді-Аустралия литосфералық тақталары түйіседі, олар Альпі –Гималай сейсмикалық белдеуін қалыптастырады. Тау жасалу процесі жүріп жатыр, жер сілкінулер өте жиі байқалады.
Шығыс бөлігінде Тынық мұхит тақтасы Еуразия тақтасы астына енуіне байланысты Отты шеңбер сейсмикалық белдеуі қалыптасқан. Материк шығысында таулар, ал мұхит жағалауында шұңғымалар пайда болады.
1911 жылы Алматыда, 1988жылы Армения Спитакта, 1999 жылы Түркияда, 1923 жылы Жапонияда апатты жер сілкінулер мыңдаған адамның өмірін қиды.
Б.з.79 жылы Везувий жанартауының лавасы Италияның Помпей қаласын жауып қалған.
Цунами – су асты жер сілкінуінен пайда болатын күшті толқындар. 1896 жылы Жапонияда 27 мың адам мен 10600-ден астам үйді теңіз толқыны шайып кеткен.
Еуразиядағы ең биік сөнбеген жанартау – Ключи шоқысы (4750м) мен 1883 жылы Жер тарихында ең апатты атқылау болған Үлкен Зонд аралындағы Кракатау (815м), Сицилиядағы – Этна (3323м), Жапониядағы 40 жанартау ең үлкені Фудзияма (3776м), Исландиядағы 26 жанартау ең үлкені Гекла. Армян таулы қыратындағы Арарат 5165м.
Камчаткада «Гейзерлер аңғары» қорығы орналасқан, Исландия мен Камчаткада гейзерлердің ыстық суларын үйлерді жылытуға пайдаланады. Геотермалды энергия 50 елде барланған.
Пайдалы қазбалары магмалық және шөгінді болып бөлінеді.
Магмалықтар – темір (Үндістан, Қытай, Ресейдегі КМА және Скандинавия). Алтын мен алмас қоры: Саха жерінде. Үндістан мен Шри-Ланкада сапфир мен рубин өндіріледі.
Шөгінді жыныстар: мұнай (Парсы шығанағы, Солтүстік теңіз, Жерорта теңізі, Батыс Сібір, Каспий маңы, Ұлы Қытай жазығында). Тас көмір (Уэльс, Силезия, Рур, Донец, Кузнец, Қарағанды). Фосфорит Қаратауда. Алюминий Қазақстанда, Қытайда, Альпіде кездеседі.
Еуразияда 7 климаттық белдеу, үлкен аумақты қамтитыны қоңыржай белдеу, оның, климаты батыстан шығысқа қарай өзгереді. Теңіздік, континентті, шұғыл континентті, муссондық.
Климатқа арктикалық, қоңыржай, тропиктік, экваторлық ауа массалары әсер етеді .
Балтық теңізінен абсолюттік биіктік анықталып, онда күн тасы – янтарь өндіріледі.
Материк 4 мұхитпен шайылып жатыр, Ішкі сулары 5 алапқа бөлінеді. Солтүстік мұзды мұхит алабы өзендері: Печора, Двина, Обь, Лена, Енисей, Яна, Индигирка. Колыма. Қар және жаңбырмен қоректенеді, суық климатта мұз қатады. Көктемде мұз бастаудан ерігендіктен, су тасиды да мұз құрсаулары пайда болады.
Атлант мұхит алабы өзендері: Дунай, Рейн, Висла, Луара, Сена, Одер. Қар, жаңбыр, мұздық суларымен қоректенеді.
Тынық мұхит алабы өзендері: Амур, Янцзы, Хуанхэ, Меконг. Жаңбыр суымен қоректенеді. Хуанхэ 4845 км- (сары өзен), Янцзы – (көк өзен), ең ұзын өзен 5800км.
Үнді мұхит алабы өзендері: Үнді, Ганг, Брахмапутра, Тигр, Евфрат. Мұздық және жаңбыр суымен қоректенеді.
Ішкі тұйық алап өзендері: Еділ, Жайық, Сырдария, Әмудария. Қар, жаңбыр және жер асты суларымен қоректенеді. Каспийге құятын Еділде 7 ірі бөген салынған.
Еуразия ішкі теңіздері бар материк, көлдері қалдық, тектоникалық, мұздық көлдер болып бөлінеді.
Мұздық көлдер - Ладога, Онега, Венерн, Веттерн.
Тектоникалық көлдер - Байкал, Ыстықкөл, Зайсан, Женева.
Қалдық көлдер - Каспий, Арал, Балқаш, Лобнор.
Байкалға 336 өзен құйып, Ангара ағып шығады. Байкал – ағынды көл онда жер шары тұщы суының 20% кездеседі. Ең терең көл 1620 м.
Материк солтүстігінде және биік тауларда мұздықтар таралған. Ең үлкен мұздық Памир тауындағы Федченко мұздығы, ұзындығы 77км.
Мәңгі тоңның шекарасы Монғолияға жетеді. Таймырда 1500м-ге дейін жетеді. Жазда 40-150см тереңдікке дейін ериді.
Тоңның пайда болуы - температура төмен болуы мен қардың жұқа болуы.
Дүние жүзіндегі батпақтың 80% орналасқан, Батыс Сібір, Полесье, Мещера, Амур бойы, Грузиядағы - Колхида ойпаты, Балтық бойында, Гималайдағы - тераяда өте көп.
Батпақтардан шымтезек алынады.
Радонды, минералды, артезианды жер асты суларының қоры өте мол.
Минералды сулар - Кавказ, Карпат, Оңтүстік Еуропа, Алтай, Тянь-Шаньда.
Табиғат зоналары ендік бағытта орналасқан, ал тауларда биіктік бойынша (Саны тау биіктігіне байланысты. Гималайда - 6, Альпіде - 4).
Арктикалық белдеудің табиғат зоналары: арктикалық шөл - ұзақ қыс, қысқа әрі суық жаз. Қарлы боран мен тұман өте жиі,аралдарын мұз басып жатыр. Қыста-40ºС. Жазда мұздан бос жерлерде мүк пен қына, балдырлар өседі, топырақ қалыптаспаған. Ақ аю, ақ түлкі, жазда құс базарына айналады. Арктика эндемигі – ақ аю.
Субарктикалық белдеудің табиғат зоналары: Тундра – толық жетілмеген батпақты топырақтағы мүкті-қыналы және бұталы өсімдіктерден тұратын, климаты қатал зона. Күшті желдер мен қарлы борандар жиі болады. Бұғы мүгі - солтүстік бұғыларының азығы. Орманды тундра - ағаштары 50-см, олар үнемі соққан арктикалық ауа массалары әсерінен жерге төселіп өседі. Мүк пен қына, бұталар көп, бұғы, бұлан, қоңыр аю, қоян, саңырау құр кездеседі. Исландияда – қойөгіз тіршілік етеді. Бұл зоналарда 100-200мм жауын-шашын қар күйінде жауады. Қар қабаты жұқалығы мен температураның төмендігінен мәңгі тоң қалыптасқан. Аз буланушылықтан батпақтар пайда болады.
Материкте үлкен аумақты қоңыржай белдеудің табиғат зоналары алып жатыр. Тайга – тек қылқан жапырақты ағаштар өсетін орман. Топырағы күлгін, батыстан шығысқа қарай созылған. Сібір жерінде климаттың қаталдығына байланысты тайга зонасы оңтүстікке қарай ығысып, үлкен аумақты алып жатыр.Суыққа төзімді бал қарағай (қыста қылқанын түсіреді), май қарағай, самырсын өседі. Жануарлары: зубр, бұлан, марал, елік, қоңыр аю, қабан тіршілік етеді. Шығыста жыртқыш - Уссурий жолбарысы қорғауға алынған. Тайгада тұяқты жануарлар өте көп және терісі бағалы аңдар мен құстар өте көп. Аралас және жалпақ жапырақты ормандар зонасы - батыста Оралға дейін, шығыста жағалауларда орналасқан. Емен, жөке, амур барқыт ағашы, жабайы жүзім, лианалар, корей самырсыны, бал қарағай, шырша, сібір май қарағайы өседі. Жалпақ жапырақты орман – Еуропаның ылғал мол батысында, онда шамшат, емен, жөке, үйеңкі өседі. Жалпақ жапырақты орман негізінен ылғал мол, құнарлы қоңыр топырақта, жылу сүйетін ағаштардан тұрады. Беловеж нуы – Польша мен Белорусия жеріндегі зубр қорғалатын табиғат қорығы. Байкал мемлекеттік қорығы – шабағын тірі туатын голомянка балығы, байкал итбалығы (нерпа) қорғалады. Орманды дала мен дала – ылғалы мол Еуропа бөлігінде жалпақ жапырақты емен, үйеңкі ағаштары даланың шөптесін өсімдіктерімен бірге кездеседі. Қысы қатал Азия бөлігінде қайың, көктерек ағаштары даланың астық тұқымдас өсімдіктері-селеу, боз, бидайықпен бірге өседі. Зоналарда құнарлы қара топырақ, жер бедері тегіс болуына байланысты түгелдей жыртылған. Негізгі жануарлары: қасқыр, қарсақ, түлкі, саршұнақ, дала күзені, дала тышқандары. Шөлейт және шөл зонасы - Каспий маңы, Қазақстан, Орта Азия, Монғолия, Қытайдың тау аралық ойыстарында. Жазы аптап ыстық, құрғақ ылғал аз, ал қысы суық әрі қарлы борандар болады. Климаты – шұғыл континентті, қыста -40ºС жиі байқалады. Көктайғақ - аязды ауа райы жылымықтармен ауысқанда жер бетін жабатын мұз қабыршақтары. Шөлейтте қара қоңыр (каштан) топырақтар мен бірге сортаң тұзды топырақтар. Жусан, селеу, бұйырғын негізгі өсімдіктері. Шөлде- жазда +50ºС буланушылық жауын-шашыннан 10-12 есе артық. Ксерофиттер, эфемерлер, хамадалар, тақырлар, шұраттар, тоғайлар. Жабайы түйе, құлан, ақбөкен, қарақұйрық, кемірушілер мен кесіртке, жыландар тіршілік етеді.Сары шаян, бүйі, қарақұрт сияқты улы жәндіктер кең тараған.
Аралас және жалпақ жапырақты орманда – орманның сұр және қоңыр топырағы таралған.
Субтропиктің табиғат зоналары: қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар - Жерорта теңізі маңында таралған. Бұл жердің жазы ыстық, құрғақ, ал қысы жылы, жаңбырлы болады. Құнарлы қоңыр топырақта тас емен, пиния қарағайы, лавр ағашы, грек жаңғағы, зәйтүн кипарис, лавр шиесі, мирта, майшетен, жүзім, цитрустар өте көп. Кавказдағы Ленкорань мен Колхида ойпаттарында ылғалды, жазы ыстық, қысы жылы, бұл жерлерде грузин шайы мен цитрус бақтары таралған. Субтропиктік дала, шөл және шөлейт зоналары - жазы өте ыстық, құнарлы сұр топырақты суғармалы жерлерде цитрустар, жүзім мен анар, жер жаңғақ, бақша дақылдарын өсіру дамыған. Такла-Макан шөлі осы зонада. Субтропиктің ауыспалы ылғалды муссондық орман зонасы материктің шығыс бөлігінде орналасқан. Жазы ылғалды, қысы құрғақ әрі салқын болады. Мәңгі жасыл ағаштар – магнолия, камелия, камфора, лавр, бамбук, жалпақ жапырақтылардан – емен, шамшат, шегіршін, қарағай мен кипаристер лианалармен шырмалған. Жануарлардан жолбарыс пен қабылан, Гималай аюы, бамбук аюы- панда, маймылдар, тоты құстар мен үйректер кездеседі.
Тропикалық шөлдер Арабия түбегі мен Үндістандағы Тар шөлін алып жатыр. Уэд – құрғақ өзен арналары. Шұрат, оазис - шөлдердегі жер асты сулары жер бетіне жақын жерлердегі көк шалғындар. Шұраттарда құрма пальмасы өседі. Руб-эль- Хали шөлінде тіршілік жоқтың қасы. Арабияда желаяқ бөкендер, жабайы есек-онагр, бір өркешті жабайы түйе – нар (дромедар), тарғыл қорқау қасқыр, шиебөрілер кездеседі.
Тасты шөл – хамада, сазды шөл – тақыр, құмды шөл – эргтер.
Ксерофиттер – сабағы қатты, жапырағы ұсақ, немесе тікенге айналған, құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер.
Эфемерлер – шөлдердегі ерте көктемде гүлдеп, тұқымын шашып үлгеретін өсімдіктер.
Субэкваторлық белдеу – ауыспалы ылғалды орман мен саванна зонасынан тұрады. 800мм жауын-шашын жауатын Үндістан мен Үндіқытай түбектерінде биік шөптесін өсімдіктер арасында пальмира пальмасы, хош иісті сандаль ағашы, тик және майлы ағаштар өседі. Тик - ағашының суда шірімейтін сүрегі кеме және вагон жасауға қолданылады. Биіктігі 35-37м, диаметрі 2 м-ге жететін майлы ағашты батпақты жерлерге құрылыста қолданылады. Жабайы пілдер мен маймылдар өте көп. Саванна - 3-4 айға созылатын құрғақ мезгілде өсімдіктер жапырағын түсіріп сарғаяды да жазғы муссон кезінде жасыл түске боялады.
Тропикалық белдеу тек Арабия түбегінде, сондықтан субтропиктік және субэкваторлық белдеулер шығыста түйіседі.
Экваторлық белдеудің ылғалды ормандары: жыл бойы мол жауын-шашын, температураның тұрақты жоғары болуы тіршіліктің қарқынды дамуына жағдай жасайды. Орманда 40 мыңнан астам өсімдік түрлері кездеседі. 200-300м-ге жететін Ротанг пальмасы мен лианалар ағашты шырмап ит тұмсығы батпайтын қалың ну орманды құрайды (Джунгли). Бамбуктың көптеген түрлері мен орхидеялар өседі. Мүйізтұмсықтар, жабайы бұқалар, маймылдар, жыртқыштан - жолбарыс, қабыландар, құстан - тауыс кездеседі. Халықтар күріш, шай өсіреді.
Биіктік белдеулер саны таудың географиялық орны мен биіктігіне байланысты. Гималай мен Альпіде айқын байқалады. Биік тауларда қатал табиғатқа бейімделген ірі жыртқыштар мен тұяқты жануарлар сақталған. Қодас, қар барысы, ұлар, аю мен арқар. Терая - Гималайдың оңтүстік беткейіндегі мол жауын-шашыннан пайда болған батпақтар. Осы төменгі белдеуде бамбук, пальма, майлы ағаш, лианалардан тұратын қалың ну орманда буйволдар, жабайы пілдер, қабылан, жолбарыстар мекендейді. 4500-5000м биіктікте қар мен мұз белдеуі басталады.
Материкте 4 млрд-тан астам, яғни Жер шары халқының ¾ бөлігі тұрады.
Еуропалық, монғолоидтық, экваторлық нәсілдер қоныстанған.
Әлемдік діндер - ислам, христиан, буддизм таралған.
Ең көп таралған тіл-семьясы үнді-еуропалық 40% халық сөйлейді, оның ішінде ағылшын тілі кең таралған.
Еуропалықтар славян (орыстар, украиндар, белорустар, чехтар, словактар, поляктар, сербтер, хорваттар), герман (ағылшындар, немістер, норвегтер), роман (итальяндықтар, француздар, испандар, португалдар, румындар, молдавандар) тіл топтарына ажыратылады.
Азиялықтар қытай-тибет (қытайлар, дүнгендер, тибеттіктер, вьетнамдар), иран (парсылар, ауғандар, тәжіктер, курдтер), түркі (түріктер, қазақтар, өзбектер, қырғыздар, татарлар), монғол (монғол, бурят), семит (араб) тіл топтарына ажыратылады.
Адам саны 5млн-нан астам қалалар Еуразияда, оның ішінде Қытай мен Үндістанда.
Әлемнің 7-і кереметінің 5-еуі Еуразияда:
1) Грециядағы Зевстің мүсіні.
2) Кіші Азиядағы Эфес қаласында орналасқан Артемида храмы.
3) Түркиядағы Галикарнас кесенесі.
4) Радос аралындағы Гелиос мүсіні.
5) Вавилондағы Семирамида аспалы бағы.