Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-51 беттер 6кл.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
28.12.2019
Размер:
1.31 Mб
Скачать
  1. Дүние жүзіндегі ірі өзендер туралы мәліметтер:

  1. Көл – Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстар.

  1. Дүние жүзіндегі көлдер туралы мәліметтер:

Атауы

Орналасқан жері

Ауданы

мың км2

Ең терең

жері, м

Каспий теңізі

Жоғарғы көл

Виктория

Гурон

Мичиган

Арал теңізі

Танганьика

Байкал

Ньяса

Үлкен Аюлы көл

Үлкен Еріксіздер көлі

Чад

Эри

Виннипег

Еуразия

Солтүстік Америка

Африка

Солтүстік Америка

Солтүстік Америка

Азия

Африка

Азия

Африка

Солтүстік Америка

Солтүстік Америка

Африка

Солтүстік Америка

Солтүстік Америка

390

82,4

68

59,6

58,1

37,1

34

31,5

30,8

30

28,6

12-26

25,7

24,3

1025

393

80

228

281

61

1435

1620

706

137

156

11-4

64

28

  1. Тектоникалық көлдер – тау жасалу кезінде пайда болған ойыстардағы көлдер. Байкал, Ыстықкөл, Зайсан.

  1. Бөген көлдер – өзен арнасын тау опырылып бөгеуінен пайда болған. Сарез, Үлкен Алматы көлдері.

  1. Қалдық көл – ертедегі теңіздер орнында пайда болған көлдер. Арал және Каспий теңіздері.

  1. Жанартаулық көл – сөнген жанартау кратерлеріндегі көлдер. Ява, Курил, Камчаткада кездеседі.

  1. Режиміне қарай ағынды және ағынсыз көлдер болып бөлінеді. Ағынды көлдер

суы тұздылығы төмен, ағынсыз көлдер тұздылығы жоғары.

  • Ағынды көлден өзендер бастау алады, Байкал, Зайсан.

  1. Өзендер тұздылығы 3-5 г/л, көлдерде 14-300 г/л-ге дейін жетеді. АҚШ-тағы

Үлкен Тұзды көл мен Оңтүстік Батыс Азиядағы Өлі теңізде 322 г/л (суы кепсе 21м тұз қабаты пайда болады).

  1. Ескі арна, қарасулар – өзен бағытын өзгертуінен иірімдерде пайда болған

көлдер.

  1. Дүние жүзіндегі ең жақсы кеме қатынасы дамығанҰлы көлдер. АҚШ пен

Канада шекарасында орналасқан бес көл Әулие Лаврентий өзені арқылы Атлант мұхитына шыға алады.

  1. Грунт су немесе еспе су – су өткізбейтін бірінші қабатқа дейінгі сулар, гранит,

саз, құмтас, сазды тақтатастар суды өткізбейді.

  1. Артезиан суы – жердің терең қабатындағы қысымды су. Францияның Артуа

провинциясында ХІІ ғасырда алғаш пайдаланылған (1126 ж ).

  1. Минералды сулар – құрамында адам ағзасына қажетті элементері бар.

  2. Қар жиегі: оның биіктігі * экваторда – 4500-5000м.

* Тропикте – 5000-6000м.

* Қоңыржайда – 2800-4000м.

Қар жиегі – қардың ерімей жиналатын биіктігін көрсететін шартты сызық. (хионосфера)

81. Мұздықтар- жауған қардың жентектеліп, қар-мұз массасы – фирнге, оның ауырлық күшіне байланысты тығыздалып – глетчерге (мұздық мұзы) айналуынан түзіледі.

82. Мұздықтардың екі түрі бар: (Құрлықтың 11% -ке жуығы, яғни 16 млн.км² аумағы мұздықпен жабылған)

1) Жабынды мұздық – Жер бетін жауып жатады, мұздықтың 98%.

2) Тау мұздығы – таулардағы мұздық, оны 3-ке бөледі: тегістелген төбе мұздық, тау беткейлі мұздық, аңғарлық мұздық.

83. Қазақстанда 2724 мұздық бар.

Ауданы – 2033,3 км².

Көлемі – 100 км³.

Пайда болу биіктігі оңтүстікте 3600м, ал солтүстікте 2600м.

Корженевский 12км; Федченко 77км (Памир); Хабборт 145км (Аляска). Қар жиегі мен мұздықтар шекарасы қабаты – хионосфера.

84. Мұздықтарда 24 млн. км³ тұщы су жинақталған, бұл ғаламшардағы тұщы судың 70%-ке жуығын құрайды.

85. Мұзтану /гляциология/ - мұздар мен мұздықтардың құрылысын, физикалық қасиеттерін, шығу тегін, жер бетінің дамуына әсерін зерттейтін ғылым.

86. Тоңтану /геокриология/ - жер қыртысының тоңға айналған топырақ қабаты,

грунттары мен тау жыныстары туралы ғылым.

87. Нунатак – (эскимос тілінде «нуна»-жалғыз, «так»-жартас) Антарктидадағы жабынды мұздықтардан шығып тұратын тау шыңдары.

88. Тау мұздықтарынан ең көп таралғаны аңғарлық мұздықтар – трог деп аталады, одан өзендер басталады.

89. Батпақ – шіріген өсімдіктер қалдықтарынан пайда болады, одан шымтезек алынады. Дүние жүзіндегі батпақтың 80 % Еуразияда.

90. Ірі су бөгендері көп елдер- АҚШ, Ресей, Канада.

91. Қай теңіздің суы көп - Балтық және Қара теңіз - Қара теңіздің.

92. Материктер төмендеуі мен ауқымды кеңістіктерді су басу кембрийде болды.

Б и о с ф е р а

1. Биосфера – Жердің тіршілік қабығы.

2. Биосфера терминін 1875 жылы аустралия ғалымы Э.Зюсс енгізген.

3. 1926 жылы орыс ғалымы В.И.Вернадский биосфера анықтамасын ұсынды.

4. Биосфера – ғаламшардағы барлық тіршілік дүниесі мен олардың арасындағы өзара зат және энергия айналымы тұрақты жүзеге асатын Жердің ерекше қабығы.

5. Биосфера – литосфераның жоғарғы, гидросфераны, атмосфераның төменгі қабатын қамтиды.

 Биосфераның таралу шекарасы 25-30км озон қабаты мен терең Мариан шұңғымасы аралығы.

6. Биофильдік элементтер – тірі организмдерде күрделі заттар түзуге қатысады (нәруыздар, көмірсутектер, майлар, нуклеин қышқылдары). Биофильді элементтерге – сутек, көміртек, оттек, азот, фосфор, кремний.

7. Биосфераны құрайтын тірі организмдер екі үлкен топқа бөлінеді: Фауна және флора. Материктерде жасыл өсімдіктердің, ал мұхиттарда жануарлардың үлес

салмағы басым болады.

8. Дүние жүзілік мұхиттағы тіршілік: планктон, нектон, бентос.

* Жалпы биомассаның 70% фитопланктон.

9. Тірі организмдер Жер шарындағы зат және энергия айналымын жүзеге асырады.

10. Биологиялық айналымға қатысатын тірі организмдер үш топқа бөлінеді.

1) продуценттер (өндірушілер) – бейорганикалық заттардан органикалық заттар түзушілер, яғни өсімдіктер.

2) консументтер (пайдаланушылар) – түзілген бастапқы органикалық затпен қоректенетіндер (жануарлар мен саңырауқұлақтар).

3) редуценттер(қалпына келтірушілер) – осыған дейін түзілген тірі организмдердің тіршілік өнімдерін және олардың қалдықтарын бейорганикалық заттарға ыдырататын микроорганизмдер.

11. Фотосинтез процесі нәтижесінде 480 млрд.т-дан астам көмірқышқыл газы мен суды сіңіріп, атмосфераға 248 млрд.т оттек және 238 млрд.т нәруызды зат түзеді.

12. Ноосфера – биосфера құрамындағы тірі организмдердің тұрақты дамуы мен өзгерісі оның жаңа сапалы сатыға көтерілуінен пайда болған Жер қабығы. Ноосфера шеңберінде табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыс адамзаттың саналы іс-әрекетінің толық бақылауы жағдайында жүргізілетін болады.

13. Ноосфера ұғымын 1927 жылы француз оқымыстысы Э.Леруа В.И.Вернадскийдің Сорбонна университетіндегі дәрісінен соң енгізген.

14. В.И.Вернадский – «ноосфераны биосфераның ең жоғары дамыған сатысы» деп атаған.

15. Биосфераны қорғауда- 1948 жылы Халықаралық табиғатты қорғау және табиғи қорларды қорғау одағы құрылды.

16. 1971 жылы ЮНЕСКО «Адам және биосфера» бағдарламасын қабылдады. 70-тен астам елде 300-ге жуық қорықтар құрылған.

17. Табиғат ескерткіштері – ғылыми, тарихи, мәдени-эстетикалық мәні зор объектілер жатады. Бұл ұғымды неміс жаратылыстанушысы А. Гумбольдт енгізген.

18. Қорықтар – Жер шарының 4 млн.км²-ден астам жерді қамтитын, табиғат эталонын сақтауға, сирек және саны азайып бара жатқан өсімдік пен жануарларды сақтайтын, адамның кез-келген шаруашылық әрекетіне тиым салынған объектілер.

19. Аң шаруашылығына пайдалануға толығымен босатылған территория - зоопарк.

20. Қорықшалар – азая бастаған өсімдіктер мен жануарлардың санын қалпына

келтіру және де шаруашылық мақсаттар үшін уақытша қорғауға алынған жерлер.

 Олар: кешенді, ботаникалық, аңшылық, геологиялық, ландшафтылық болып бөлінеді.

21. Резерваттар – өзінің құрылымы жағынан қорықшаға ұқсас. АҚШ, Финляндияда да қорықпен бірдей.

22. Ұлттық (табиғи) саябақтар – табиғатты қорғаумен бірге ғылыми, мәдени-эстетикалық бағытта пайдаланатын жерлер.

 Алғашқы ұлттық саябақ 1872 жылы АҚШ-тағы Йеллоустоун саябағы. Қазір дүние жүзінде 2400-ге жуық саябақ бар.

23. Экология - қоршаған орта туралы ғылым. Э.Геккель. 1866 жылы ғылымға енген.

24. География ғылымында экологиялық бағытта еңбек еткен ғалым- И.А.Северцов.

25. Қазақстанның қызыл кітабы 1978 жылы жарық көрді.

26. Қос мекенділердің көбейген кезеңі Полеозойдың карбоны.

27. Қыста қалқанын түсіретін жалғыз қылқан жапырақты ағаш – балқарағай.

28. Жирафтың туысы - Окапи.

Г е о г р а ф и я л ы қ қ а б ы қ

  1. Географиялық қабық–литосфера, атмосфера, гидросфера, биосфераның өзара байланысынан пайда болған ең үлкен табиғат кешені.

 Географиялық қабық терминін орыс ғалымы А.А.Григорьев енгізген.

ХІХ ғ. соңы ХХ ғасырдың басында А.Гумбольдт, В.В.Докучаев, В.И.Вернадский еңбектері нәтижесінде қалыптасты.

2. Табиғат компоненті – топырақ, су, өсімдік, тау жыныстары.

3. Табиғат компонентінің ең осал жері – жануарлар әлемі.

4. Табиғат кешені – кез-келген аумақтың табиғат компоненттерінің жиынтығының біртұтас жүйесі.

5. Табиғат кешенінде жүретін үрдістер жылу мен ылғалға байланысты.

6. Бір ендіктегі табиғат кешеніндегі айырмашылықтан - жер бедері, климат, географиялық ендік, мұхиттан алыс-жақындығына байланысты.

7. Географиялық қабықтағы ырғақтылық – белгілі бір құбылыстардың уақыт ішіндегі қайталануы. Мысалы: күн мен түннің ауысуы.

8. Географиялық қабықтың біртұтастығы - бұл табиғат компоненттерінің өзара байланысы мен өзара тәуелдігі.

9. Географиялық қабық компоненттерінің біртұтас болуы зат пен энергия айналымына байланысты.

10. Географиялық қабықтың дамуындағы ең алғашқы ұзақ кезең – биогендікке дейінгі.

11. Ең үлкен табиғат кешені географиялық қабық болса, ең кіші табиғат кешендері өзен, жар, көлдер.

12. Материктер мен мұхиттар да табиғат кешеніне жатады.

13. Географиялық қабық (4) пайда болу реттері: литосфера, атмосфера, гидросфера, биосфера.

14. Географиялық қабықта зат пен энергия алмасу үнемі жүреді.

15. Географиялық қабықтың қалыптасуына топырақ, ауа, су, күн радиациясы, жердің ішкі күштері әсер етеді.

16. Географиялық қабықта оттегі, темір, кремний, алюминий, кальций, азот көп кездеседі.

17. Географиялық қабықтың дамуындағы алғашқы кезең- палеогендік кезең .

18. Антропогендік табиғат кешені – парк, бөген, бау-бақша, канал, қала, егістіктер.

19. Географиялық қабықтың 4 заңдылығы: біртұтастығы, зат және энергия айналымы, ырғақтылығы, зоналылығы.

20. Ландшафт – әрбір өзіне тән жылу мен ылғал мөлшері, топырақ, өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесінің тобы арқылы ерекшеленетін аумақтық табиғат кешені.

21. Ландшафтану – ландшафтың құрылымы мен құрамын, оның даму заңдылықтары мен өзгерістерін зерттейтін ғылым саласы.

22. Бедленд яғни жарамсыз жерлер, 1% -ті алады.

23. Географиялық қабықтың зоналылық заңдылығында экватордан полюске қарай өзгерістер болатынын дәлелдеген орыс ғалымы – В.В.Докучаев.

24. Географиялық орта адамзат қоғамы өзінің даму кезеңінде тіршілік әрекетімен тікелей өзара байланыста болатын жер беті бөлігі.

V-бөлім. Дүние жүзінің жалпы сипаттамасы.

Д ү н и е ж ү з і н і ң х а л қ ы

1. Демография – (гр. демос – «халық») халықтың ұдайы өсуінің заңдылықтарын

зерттейді.

2. Этногеография - халықтардың таралуы, мәдени және тарихи байланысы туралы ғылым.

3. Нәсілдер: еуропалық, монголоидтық, экваторлық. Дүние жүзі халқының

70%-ке жуығы жатады. Аралық және аралас нәсілдер 30%. ХVІ-ХVІІІғ. пайда болған.

4. Нәсіл – түсі мен басқа да сыртқы белгілері өзара ұқсас адамдар тобы.

5. Нәсілдік белгілердің қалыптасуына қоршаған орта әсер етті.

6. Нәсілдік белгілер ата-анасынан ұрпақтарына беріледі.

7. Апартеид – нәсілді кемсітушілік, халықтың бір тобын бөлектеу. Резервация.

8. Ұлтты кемсітушілік БҰҰ-ң 1965 ж. заңынан соң жойылды.

9. Антропология – адамның шығу тегі мен даму ерекшеліктерін зерттейтін ғылым.

10. Алғашқы адам Шығыс Африкада Ұлы жарықтар маңы Кения жерінде пайда болған. (моногенизм, полигенизм ұғымдары – адамның ата тегі бір немесе бірнеше деген ұғымдарды болжайды).

11. Адамзаттың алғашқы қоныстанған жері Африканың солтүстік шығысы мен Еуразияның оңтүстік батысы.

12. Адамның шыққан тегі алғашқы маймыл тәрізділер жер бетінде бұдан 2 млн жыл бұрын пайда болған.

13. Халық санағы әрбір 5-10 жылда жүргізіледі, ең алғашқы санақ ежелгі Қытай мен Египетте жүргізілген. Африкада халық санағы 1950 жылдары жүргізілді.

14.Дүние жүзінің халқы - 1930ж – 2млрд адам,

1987ж – 5 млрд адам,

1999 ж – 6 млрд адам болды.

15. Демографиялық жарылыс халық санының күрт өсуі. ХХ ғ. екінші жартысында .

16. Демографиялық жарылыс Азия, Африка, Латын Америкасы елдеріне тән.

17. Табиғи өсу – бір жыл ішіндегі туғандар мен қайтыс болғандар айырмасының халықтың жалпы санына қатынасы.

18. Механикалық өсуиммигранттар мен эмигранттардың саны айырмасы (Басқа елден көшіп келушілердің есебінен халық санының көбеюі).

19. БҰҰ-ң мәліметі бойынша ¼ бөлігі медициналық көмекке, 75%-і сапалы ауыз суға, 1/3 бөлігі жеткілікті тамақтануға ие болса,  850 млн. адам көбінесе аш жүреді.

20.  Медициналық норма бойынша адамға қажет тамақтану ккалориясы2300-2600 ккал.

21. Адамның өмір сүруінің орташа ұзақтығы:

Швейцарияда – 80 жас

Канадада – 79 жас

Сингапурде – 78 жас

ҚР-да – 66 жас. (экономикасы төмен елдерде көрсеткіштер өте төмен)

22. Халықтың ұдайы өсуі – адамзаттың үздіксіз жаңарып, ауысып отыруын қамтамасыз ететін туу мен өлу және табиғи өсу көрсеткіштерінің жиынтығы.

  1. Халықтың ұдайы өсуінің үш типі: дәстүрлі және өтпелі (Демографиялық көктем). Дамушы елдерде байқалады, қарттар саны аз, балалар саны басым болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]