
- •98. Жер шарындағы ірі шөлдер:
- •Ауа құрамындағы азот - өсімдіктерді минералдармен қөректендіреді.
- •Ауа құрамындағы оттегі - қышқылдану мен жану үрдісіне қажет.
- •Атмосфераның тіршілік үшін маңызы:
- •Метеорология - ауа райы туралы ғылым . Метеорологиялық станциялар штабы Женевада (Швейцарияда)
- •Климаттар картасында сапалық фонд әдісімен жылдық орташа жауын-шашын мөлшері беріледі.
- •Атмосфера құрамында 13 мың км³ су буы бар. Ауаның ылғалдығы темпера тураға байланысты.
- •Дүние дүзілік мұхит 71 %, оны ғаламшардың әр тұрғынына шақсақ 250 млн.Т. Судан келеді.
- •Мантияда 20 млрд. Км ³ су бар.
- •Мұхит суының басты қасиеттері – тұздылығы мен температурасы.
- •Жауын-шашын мол, мол сулы өзендер құятын мұхиттарда тұздылық төмен болады, тұздылық мұхит суы қату температурасына да әсер етеді.
- •Теңіз суынан алғаш тұз алған – египеттіктер мен қытайлар.
- •Дүние жүзілік мұхитта 150 мыңға жуық жануар, 15 мыңға жуық өсімдік тіршілік етеді. Дүние жүзілік мұхитта 200 м-ге дейін тіршілік өте мол.
- •Дүние жүзіндегі ірі өзендер туралы мәліметтер:
- •Дүние жүзіндегі көлдер туралы мәліметтер:
- •Осыдан 17 мың жыл бұрын Жер шарында 3 млн-ға жуық халық болған.
- •Адамзаттың 25-30%-ының діни ұстанымы жоқ.
- •Жер бедеріне байланысты құрлықтың 28% алатын 500м биіктіктегі жазықтарда халықтың 80%-і тұрады.
- •Қазіргі кезде дүние жүзі халқының 1/3 бөлігі, құрлықтың 12%-ін алатын, теңізден 50 км-ге дейінгі аралықта шоғырланған.
- •Хх ғасыр халықтардың ұлы қоныс аударуы, 150 млн. Адамға жетті.
- •Жер шары халқының 53 % ауылда, 47% қалада тұрады.
- •Урбандалудың 3 кезеңі:
- •Дүние жүзінің табиғат ресурстары, табиғатты қорғау.
- •Адамзат тарихындағы ғаламдық оқиғалар:
- •1)Дамыған елдер
- •Дүние жүзілік өнеркәсіп
- •Өнеркәсіптің салалары:
- •Көлік географиясы.
Тұщы су – 2,5 %, қалғаны 97,5 % дүние жүзілік мұхит пен құрлықтағы ащы сулар.
Дүние дүзілік мұхит 71 %, оны ғаламшардың әр тұрғынына шақсақ 250 млн.Т. Судан келеді.
Күн сәулесі әсерінен жылына 450 мың км³ мөлшерінде су буланады.
Дүние жүзілік су айналымы – судың мұхиттан құрлыққа, құрлықтан мұхитқа ауысуы. Табиғатта судың үлкен және кіші айналымдары бар.
Кіші су айналымы –мұхиттан буланған су булары бұлтқа айналады да, жауын-шашын жауады,оның бір бөлігі жауын-шашын қайтадан мұхитқа жауып
қосылады.
Үлкен су айналымы – мұхиттан буланған су буларынан пайда болған бұлттарды желдер айдап алыс құрлықтарға апарады, түскен жауын-шашын өзен-көл, жер асты сулары арқылы қайтадан мұхитқа қосылады.
Мантияда 20 млрд. Км ³ су бар.
Судың қасиеттері: 1) Судың үш агрегаттық күйі: газ, сұйық, қатты.
2) Су қатқан кезде көлемі ұлғаяды.
3) Су – еріткіш. 75 химиялық элемент кездеседі.
4) Су баяу жылынып, баяу суынады.
Су айналымы нәтижесінде мұздық сулары «жаңару» үшін 8 мың жыл, мұхит суына 3 мыңдай жыл, ағынсыз көлдер үшін 300 жылдай, көлдерге 17 жыл, өзен сулары әрбір 16 күнде, атмосферадағы су 8-10 күнде, мұхит суы 2500-3000 жыл, полярлық мұздық пен тау мұздығына 1600-9700 жыл кетеді.
Жыл ішінде су айналымына Күннен келетін жылудың 25 %-ке жуығы кетеді.
Мұхит суының басты қасиеттері – тұздылығы мен температурасы.
Мұхит суы тереңдеген сайын температура төмендейді, 3000-4000м тереңдіктен кейін температура +2 º-0ºС аралығында тұрақтайды.
Дүние жүзілік мұхит бетіндегі суының орташа температурасы +17,5ºС, -2ºС-де қатады. Жалпы алғанда орташа температура +3,8 ºС
Мұхит суының ең жоғарғы температурасы +32 ºС Тынық мұхитта тамызда; ең төменгі температурасы -1,7 ºС ақпанда Солтүстік Мұзды мұхитта байқалған.
Мұхит суының 96,5% таза су болса, 3,5% еріген тұздар.
Тұздылық – 1 литр мұхит суындағы еріген тұздың мөлшері, мұхит суы орташа тұздылығы 35 ‰ промилле. Промиллемен есептеледі.
Тұздылық жауын-шашынға, булануға байланысты ендік бойынша өзгеріп отырады. * Экваторда 34‰
* Тропикте 36‰
* Қоңыржай мен поляр ендіктерінде 33‰
* Қызыл теңізде 41‰
Дүние жүзілік мұхитта шамамен 49,2 · 1015 еріген тұз бар, оны Жер бетіне жайса
150м тұз қабаты пайда болады.
Жердің ішкі жылуы әсерінен су табанындағы ойыстарда +72 ºС-қа дейін жетеді.
Жауын-шашын мол, мол сулы өзендер құятын мұхиттарда тұздылық төмен болады, тұздылық мұхит суы қату температурасына да әсер етеді.
Мұзтау – жабынды мұздықтардың жылы ағыстар әсерінен опырылған ірі мұздар. Айсберг – ұзындығы – 300км, биіктігі – 600-700м болады. Гренландия, Антарктида, Атлант мұхитында көп кездеседі.
Мұхит ауданының шамамен 15 % мұздар, егер ғаламшардағы мұздарды Жер
бетіне жайса 160 метрге жететін қабат пайда болып, олар еритін болса Дүние жүзілік мұхит деңгейі 60 м-ден астам көтерілер еді.
Су массалары – мұхиттың белгілі бөліктерін алып жатқан зор көлемді сулар.
Экваторлық, тропиктік, қоңыржай, полярлық су массалары. Тереңдігіне қарай беткі және түпкі болып бөлінеді. Мұхит суының беткі 25-50м, кейде 100 метрлік қабатта қарқынды араласады.
Мұхит бөліктері – теңіздер, шығанақтар, бұғаздар.
Теңіз – мұхит суының қасиеті мен жануарлар дүниесі жөнінен оқшауланған бөлігі. Теңіздерді мұхиттан аралдар, түбектер, су асты жоталары бөліп тұрады.
Мұхиттағы теңіздер – Саргасс теңізі – Атлант мұхитында,
Фиджи теңізі – Тынық мұхитта.
Ішкі теңізі бар материк – Еуразия, олар Арал мен Каспий теңіздері.
Ең үлкен теңіз – Филиппин теңізі.
Шығанақ – теңіз бен мұхиттың құрлыққа еніп жатқан бөлігі.
Бұғаз – материк пен құрлықтарды бөліп тұрған енсіз су.
Ең үлкен бұғаз Дрейк бұғазы ені 950км, тереңдігі 5248м.
Ең ұзыны 1670км Мозамбик бұғазы.
Арал – құрлықтың түгелдей су қоршаған бөлігі. Гренландия аралы (Дания).
Ірі аралдар мен архипелагтар туралы мәліметтер:
Атауы
Ауданы,
мың км2
Орналасқан жері
Еуропа
Британ аралдары
Ұлыбритания
Ирландия
Исландия
Шпицберген,архепелаг
Сицилия
Сардиния
325,0
230,0
84,0
103,0
62,0
25,7
24,0
Атлант мұхиты мен
Солтүстік теңіз
Атлант мұхиты
Атлант мұхиты
Солтүстік Мұзды мұхит
Жерорта теңізі
Жерорта теңізі
Азия
Үлкен Зонд аралдары
Калимантан
Суматра
Сулавеси
Ява
Жапон аралдары
Хонсю
Хоккайдо
Кюсю
Сикоку
Филиппин аралдары
Лусон
Минданао
Кіші Зонд аралдары
Молука аралдары
Шри-Ланка
Тайвань
1500,0
735,7
435,0
179,4
126,5
370,0
230,4
77,7
42,0
17,8
300,0
10,5,6
94,6
128,0
83,7
65,6
36,0
Үнді мұхиты, теңіздер
Тынық мұхит
Тынық мұхит, теңіздер
Тынық мұхит, теңіздер
Тынық мұхит, теңіздер
Үнді мұхиты
Шығыс Қытай теңізі
Оңтүстік Америка
Отты Жер, архипелаг
Отты жер аралы
72,0
48,0
Атлант және Тынық мұхиттары
Солтүстік және Орталық Америка
Гренландия
Канада Арктикалық архипелагы
Баффин Жері
Виктория
Элсмир
ҮлкенАнтиль аралдары
Куба
Гаити
Ньюфаундленд
Алеут аралдары
Кіші Антиль аралдары
Багам аралдары
2176,0
1335,5
476,0
213,8
203,0
209,0
105,0
77,0
111,0
37,8
14,0
13,9
Атлант және Солтүстік Мұзды мұхит
Солтүстік Мұзды мұхит
Атлант мұхиты мен Кариб теңізі
Атлант мұхиты
Тынық мұхит, Беринг теңізі
Атлант мұхиты
Атлант мұхиты
Африка
Мадагаскар
587,0
Үнді мұхиты
Аустралия және Мұхит Аралдары
Жаңа Гвинея
Жаңа Зеландия
Оңтүстік
Солтүстік
Тасман аралы
Бисмарк архипелагы
Сүлеймен аралдары
Жаңа Каледония
Фиджи аралдары
Гавай аралдары
829,0
268,7
150,5
114,7
68,4
50,5
40,4
19,0
18,3
16,7
Тынық мұхит теңізі
Тынық мұхит, Тасман теңізі
Тынық және Үнді мұхиттары
Тынық мұхит
Тынық мұхит
Тынық мұхит
Тынық мұхит
Тынық мұхит
Түбек – құрлықтың суға еніп жатқан бөлігі. (Арабия түбегі)
20‰ тұздылық Еуразияның Азия жағалауында ол үлкен өзендер құюына байланысты.
Толқын – су бетіндегі тербелмелі қозғалыстан туатын су жалы.
Толқынның ұзындығы – көршілес екі толқын қырының арасындағы ара қашықтық.
Толқынның биіктігі – оның табанынан қырына дейінгі қашықтық. Толқындар 10-15м, ең биік толқын 30м.
Цунами – су асты жер сілкінуден немесе жанартау атқылаудан туатын толқын. 800 км/сағат. (жапонша – «қойнаудағы су»)
Тайфун – жаз бен күзде Оңтүстік Шығыс Азия жағалауына соғатын дауыл, мол
жауын-шашын әкеледі, толқындар теңіз жағалауына орасан апат әкеледі. (қытайша – «үлкен жел») 400 км/сағат.
Толысу мен қайту Ай мен Күннің тарту күшіне байланысты. Фанди
шығанағында ең биігі 18м. байқалған. И.Ньютон. Жасыл көмір – толысу мен қайту энергиясы. Ресей. Франция. Англия.
Мұхит ағыстары – судың тұрақты түрде бір бағытта, тұрақты желдердің
әсерінен ауысуы. Ағыстар 1 сағатта 1-ден 9 км-ге дейін ағады.
Гольфстрим – ең қуатты жылы ағыс. Атлант мұхитында, 3000км.
Батыс желдер суық ағысы. Ені 1000-1300км, 1-5км тереңдікте, 3,5 км/сағат. Оңтүстік мұхит Антарктида жағалауында.
Жылы ағыстар – Куросио, Солтүстік Атлант, Солтүстік пассат, Оңтүстік
пассат, Бразилия, Гвиана, Шығыс Аустралия, Муссон, Аляска, Ангола, Мозамбик, Мадагаскар.
Суық ағыстар – Перу, Сомали, Канар, Бенгал, Курил-Камчатка, Лабрадор, Шығыс Гренландия, Солтүстік Тынық мұхиттық, Фолькленд, Калифорния.