Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-51 беттер 6кл.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
28.12.2019
Размер:
1.31 Mб
Скачать
  1. Мұхиттық ауа массасы жазда салқын, қыста жылы, жыл бойы ылғалды.

  2. Континенттік ауа массасы – қыста суық, жазда ыстық, шаң-тозаң, жауын-шашын аз болады.

  3. Атмосфералық фронт – ауа массалары арасындағы өтпелі зона, ені 500-900 км, ұзындығы 2-3 мың км.

  4. Атмосфера құрамында 13 мың км³ су буы бар. Ауаның ылғалдығы темпера тураға байланысты.

  5. Салыстырмалы ылғалдылық – 1м³ ауадағы су буының сол температурадағы ауаны қанықтыратын су мөлшеріне қатысы, % -пен өлшенеді.

  6. Абсолюттік ылғалдылық – 1м³ ауадағы су буының нақты мөлшері (г/м³).

  7. Конденсация – су буының сұйық немесе қатты күйге ауысуы. Себебі суға қаныққан ауа артық ылғалды ұстап тұра алмайды.

  8. Ауаның ылғалдығын гигрометрмен, метеорологиялық станцияда жауын-шашын мөлшерін осадкометрмен, қардың қалыңдығын қар өлшеуіш сырықпен өлшейді.

  9. Су буының конденсациясы жүзеге асатын ауа температурасын – шық нүктесі деп атайды.

  10. Бұлттан жер бетіне түсетін сұйық немесе қатты күйдегі ылғалды атмосфералық жауын-шашын немесе тек қана жауын-шашын дейді.

  11. Тұман – ауаның жер бетіне жақын қабатындағы су буларының тамшыға айналуынан пайда болады.

  12. Бұлт – Жер бетінен жоғары көтерілген ауа салқындағанда құрамындағы су буларының су тамшыларынан пайда болады. Бұлттың 3 түрі бар, бұлтты құрайтын су тамшыларының диаметрі 0,01 мм-дей.

Будақ бұлт – 800-1000 м-ден 2000 м-ге дейін таралады, одан нөсер жаңбыр, қар жауады.

Қабат бұлт – 2000м. Биіктікте түзіледі, одан ақ жауын жауады.

Шарбы бұлт – 6000м. Биіктікте түзіледі, одан жауын-шашын жаумайды. Мұз кристалдары пайда болады.

  1. Өте биікте қабат-шарбы бұлттардың мұз кристалдарынан Күннің жарық сәулелері өткенде, олардың шашырауынан Күн немесе Айдың төңірегінде жарық шеңбер пайда болады. Оны халық Күннің немесе Айдың қоралануы деп атайды.

  2. Бұлттылық – аспанды бұлттың торлауы, оның мөлшері 0-10 балға дейін белгіленеді.

  3. Бұлттан түсетін жауын-шашын – жаңбыр, қар, бұршақ, ал ауадағы ылғалдан түсетіндер – шық, қырау, қылау.

  4.  Жауын- шашынның ең көп жауатын жері Тынық мұхиттағы Гавай аралдары мен Гималай тауының оңтүстік етегі, 12000мм.

  5. Черапунджиде 20000 мм-дей, Арабияда 50-100мм-дей, тіптен кей шөлдерде жылына жауын жаумайтын кездер болады.

  6. Жыл ішінде бүкіл жер бетіне түсетін жауын-шашын жартысы 20ºс.ендік пен 20ºо. ендік аралығында түседі.

  7. Құрғақ жаңбыр - қатты ыстықтан бұлттан бөлінген су тамшыларының жерге жетпей қайтадан буланып кетуі.

  8. Қышқыл жаңбыр тудыратын газ – күкіртті газ.

  9. Булану – судың сұйық күйден газ тәріздес күйге өтуі.

  10. Буланушылық – су қоры жеткілікті болғандағы булану. Ылғалдану коэфиценті К- нің жауын-шашынның булануға қатынасы.

К>1 ылғал жеткілікті.

К<1 мол.

К=1 аз.

  1. Ауа райы – тропосферада белгілі жердегі қысқа мерзімдегі ауаның жай-күйі. Ауа-райы элементтері – температура, қысым, ылғалдылық, ауа райы құбылыстары – жауын-шашын, жел, бұлт, тұман.

  2. Ауа райы ауысуының алғашқы нышаны – желдің бағыты мен қысымның өзгеруі.

  3. Климат – ауа райының көп жылдық жиынтығы. ( гр. климат-көлбеу,еңкіш)

  4. Климат қалыптастырушы факторлар: географиялық ендік, ауа массалары, жер бедері, мұхиттан алыс жақындығы.

  5. Мұхиттық (теңіздік) климат – мұхит жағалауындағы жылу мен ылғал әсерінен қалыптасады. Қысы жылы, жазы салқын, жыл бойы жауын-шашыны мол.

  6. Муссондық климат – муссон желіне байланысты Еуразияның Тынық, Үнді мұхиттарымен шекаралас жағаларына тән.

  7. Мұхиттардан алыс жерлерде континенттік климат қалыптасады.

  8. Климатология – климаттың қалыптасу заңдылықтарын, жіктелуін, антропогендік әрекеттің климатқа әсерін зерттейтін ғылым.

  9. Климатология негізін салғандарА.И.Воейков, А.Гумбольд, В.Кеппен. Климатты жалпы географиялық заңдылықтар тұрғысынан зерттеу ХІХ ғасырдан басталды.

  10. ХХ ғасырда климатты аудандастыруға В.Кеппен және Л.С.Берг қадам жасады.

  11. Жер шарында 5 жылылық белдеуі бар.

Ыстық жылылық белдеуі – солтүстік және оңтүстік тропик шеңберлерінің арасы, Күн жылуы өте мол, жыл бойы күн ыстық, еш уақытта күн суытып, қар жаумайды.

Жылы немесе қоңыржай жылылық белдеуі – тропик шеңберінен поляр шеңберлеріне дейін, жылдың төрт мезгілі анық байқалады.

Суық жылылық белдеуі – поляр шеңберінен полюстерге дейін, поляр түні мен поляр күні болады.

  1. Жер шарында 13 климаттық белдеу бар, оны температуралық жағдайы, ауа массаларының қасиеттері мен әсер ету аймақтары айырмашылығына байланысты

дәлелдеп, бөлген Б.П. Алисов.

4 негізгі климаттық белдеу ауа массаларына сәйкес келеді. Экваторлық, тропиктік, қоңыржай, арктикалық.

3 өтпелі климаттық белдеу – субэкваторлық, субтропиктік, субарктикалық. (суб – «таяу, маңы»)

Климаттық белдеулер материктерде табиғат зоналарына бөлінеді, мұхиттарда бөлінбейді.

  1. Табиғат зоналары – жалпы температуралық жағдайы мен ылғалдылығы, топырағы, өсімдіктері мен жануарлары ортақ ірі табиғат кешені.

  2. Табиғат зоналары полюстен экваторға қарай ендік зоналылық бойынша, ал таулардағы табиғат зоналары биіктік бойынша таралады, олардың саны таудың биіктігі мен географиялық орнына байланысты. Солтүстік Америка материгінде табиғат зоналары оңтүстігі мен орталығында меридиан бойлық бағытта таралады.

  3. Таудың биіктік белдеулігі ауаның температурасы мен атмосфералық қысымға байланысты.

  4. Арктикалық белдеу зоналары: арктикалық шөл.

  5. Субарктикалық белдеу зоналары: тундра мен орманды тундра (50см.ергежейлі қайыңдар мен самырсындар, бұталар).

  6. Қоңыржай белдеу зоналары: тайга, жалпақ жапырақты және аралас орман, орманды дала мен дала, шөлейт пен шөл, мұхиттар жағалауында ауыспалы ылғалды (муссонды орман) орман.

  7. Субтропиктік белдеу зоналары: қатты жапырақты мәңгі жасыл орман, шөлейт пен шөл, ауыспалы ылғалды орман (мұхит жағалауында муссонды орман), орманды дала мен дала (С. Америкада – прерий). Ла-Платада дала зонасы – пампа. Дала зонасында негізінен шөптесін өсімдіктер (ағаштардың өспеуі ылғал жетіспеуінен). Ағаштар өзен аңғарларында оларды – галереялы ормандар деп атайды.

  8. Тропиктік белдеу зоналары: шөлейт пен шөл, ауыспалы ылғалды орман (Орталық Америка), сазды шөл – тақыр, құмды шөл – эрг, тасты шөл – хамада. Шөлде шұраттар кездеседі.

  9. Субэкваторлық белдеу зоналары: саванналар мен сирек орман, ауыспалы ылғалды орман. Табиғи ландшафт күшті өзгеріске ұшыраған, ағаштар жаппай кесілген жерлерде екінші реттік ормандар – м а к в и с пайда болған.

  10. Экваторлық белдеу зоналары: ылғалды мәңгі жасыл ормандар. Бұл ормандарды А.Гумбольдт г и л е я деп атаған.

  11. Құрлықтағы табиғат зоналарының түзілуі - климатқа, жылу мен ылғалдың ара қатынасына, географиялық орнына байланысты.

  12. Табиғат зоналары картасында – табиғат зоналарының шекаралары мен жануарлар дүниесі беріледі.

  13. Құрлықтағы табиғат зоналарының бір-бірінен айырмашылығы өсімдік жамылғысының сипатына байланысты.

  14. Географиялық зоналылық- табиғат компоненттері мен географиялық қабықтың экватордан полюске қарай заңдылық бойынша өзгеруі.

  15. Каулифлорияормандарда ылғал жеткілікті болғандықтан ағаштардың гүлдері мен жемістері дің үстінен тікелей шығу процесі.

  16. Биіктік белдеулер барлық материктердегі тауларда биіктік бойынша таралған.

Г и д р о с ф е р а

  1. Гидросферадағы судың мөлшері 1,6 млрд. км³

Мұхит пен теңізде – 96,5%

Мұздық пен қарлар – 1,7%

Жер асты сулары – 1,7 %

Өзен, көл, батпақ – 0,06 %

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]