Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-51 беттер 6кл.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
1.31 Mб
Скачать
  1. Атмосфераны зерттеу аэростат, шар-зонд, радиозонд (35-40км), метеорологиялық зымырандар, жердің жасанды серіктері, ғарыш кемелері көмегімен іске асырылады.

  2. Күн энергиясы – Жер шарындағы тіршіліктің арқауы, табиғи процестердің қозғаушы күші. Жер Күннен жылына 5628 х 1021 Дж/см² энергия алады.

  3. Күн радиациясы – Күннен шығатын сәулелі энергия. Полюстерге қарай күн сәулесінің түсуі көлбеу яғни жылуы да азаяды.

  4. Тура күн радиациясы – жерге бағытталған күн сәулелері.

  5. Шашыранды радиация – атмосферадағы су булары, мұз түйіршіктері, шаң-тозаңдар, бұлттар сіңіріп, шашыратып таратады.

  6. Жиынтық радиация – тура және шашыранды радиацияның қосындысы.

  7. Альбедо – Жер бетінің Күн сәулесін кері шағылыстыруы.

  8. Жұтылған радиация – топырақ, су, қар жамылғысының сіңірген радиациясы. Атмосферада Күннен келетін радиацияның 15-20 % жұтылады. Қалған бөлігі жер бетін жылытуға кетеді.

  9. Шағылысқан радиация – Жердің төсеніш беттерінің кері қайтаратын радиациясы.

  10. Топырақ 95% күн радиациясын жұтса, ал қар мен мұздар 5% жұтады да қалғанын кері қайтарады. Қар мен мұз 90%, құмдар 35-40%, өсімдік жамылғысы 10-25%, топырақ 5% ғана кері қайтарады.

  11. Атмосфераның жылу режимі – ауа температурасының таралуы мен үздіксіз өзгеруі.

  12. Адвекция – ауа температурасының өзгеруіне Жер шарының басқа бөліктерінен келген ауа массаларының әсері.

  13. Атмосфера жылуды жерден алады.

  14. Жер шарындағы орташа ауа температурасы 1ºС-қа жоғарыласа, дүние жүзілік мұхиттың деңгейі 16 см-ге көтеріледі.

  15. Тәулік ішіндегі ең жоғарғы және ең төменгі температура айырмасы – тәуліктік амплитуда деп аталады. Мысалы: Ең жоғарғы +30°С, ал төменгі +20°С, яғни амплитуда 10°С. Ең жоғарғы +10°С, ең төменгі -10°С, яғни амплитуда 20°С.

  16. Тәуліктегі ең төменгі температура күн шығар алдында.

  17. Тәуліктік температураның ауытқуы шөлде – жоғары байқалады, түнде – суық, күндізыстық болады.

  18. Ең төменгі температура -89,2°С 1983 жылы Антарктидада, ең жоғарғы температура +58°С 1938 жылы Әл-Әзизияда байқалған.

  19. Ауаның температурасы термометрмен өлшенеді, температурасы бірдей жерлерді қосатын сызықтар – изотерма сызығы.

  20. Атмосфералық қысым – ауаның жерге түсіретін салмағы. Қалыпты атмосфералық қысым 760 мм-ге немесе 1013 гекта Паскаль (г/Па) 10м биіктеген сайын 1 мм-ге қысым төмендейді. 1см²-1 кг33г салмақ түседі. 45° параллельде 760 мм.

  21. Атмосфералық қысымды барометрмен өлшейді, метеорологиялық станцияда мбар-мен өлшенеді. Сынап және анероидты барометр.

  22. Метеорологиялық станциядағы ауа райын бақылаушы ғалымдар – синоптиктер, ауа-райы мәліметтері түсірілетін карталар – синоптикалық карталар.

  23. Метеорология - ауа райы туралы ғылым . Метеорологиялық станциялар штабы Женевада (Швейцарияда)

  24. Климаттық карталар – жауын-шашын, температура, радиация, қысым, ауа ылғалдығы, желдер бағыты, климаттық белдеулер мен табиғат зоналары шека- раларын көрсететін карта.

  25. Климаттар картасында сапалық фонд әдісімен жылдық орташа жауын-шашын мөлшері беріледі.

  26. Климаттық карта – ұзақ мерзімдегі қайталанатын табиғат құбылыстары жиынтығы түсірілетін карта.

Изотерма – температурасы бірдей нүктелерді қосатын сызық

Изобара – ауаның қысымы бірдей жерлерді қосатын сызық.

Изогиета – ауаның ылғалдығы, жауын-шашыны бірдей жерлерді қосатын сызық

  1. Атмосфералық қысым белдеулері жер бетіне күн сәулесінің әркелкі түсуі мен Жердің өз білігінен айналуы әсерінен болатын ауытқу күшіне байланысты қалыптасады.

  2. Егер қатты қызған ауа көлемі ұлғайып, салмағы жеңілдеп, тұрақты жоғары бағытталған қозғалысы пайда болса, Жерде төменгі қысым белдеуі қалыптасады. 3 төменгі қысым белдеуі (экватор, 2 қоңыржай).

  3. Тропосфера жоғарғы бөлігінде ауа суынып, салмағы ауырлағанда ауаның төмен бағытталған қозғалысы пайда болса, Жерде жоғарғы қысым белдеуі қалыптасады. 4 жоғарғы қысым белдеуі ( 2тропиктік, 2полярлық).

  4. Жер бетінде жоғарғы қысымды белдеуден төменгі қысымды белдеуге қарай ауа ағындары бағытталады, олар тұрақты желді қалыптастырады.

  5. 30º ендіктердегі жоғарғы қысым белдеуінен экваторға қарай соғатын тұрақты жел –пассат желі. Пассат желі солтүстік жарты шарда солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай, ал оңтүстік жарты шарда оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай соғады. Тропиктік белдеу желі – атмосфералық қысымы жоғары тропиктен қысымы төмен экваторға бағытталған тұрақты желдер, жылдамдығы 5-8 м/с болады.

  6. Тропиктегі жоғарғы қысым белдеуінен қоңыржай белдеуге (65º ендіктерге) қарай соғатын жел – батыс желдері. Батыс желдері оңтүстік жарты шарда – солға қарай, ал солтүстік жарты шарда – оңға қарай ауытқиды. Батыстан шығысқа бағытталған ауа ағынын қалыптастырады. Қоңыржай белдеу желі – тропиктен қысымы төмен қоңыржай белдеуге қарай соғатын тұрақты желдер. 40-60º ендіктерде басым болады.

  7. Пассат және батыс желдердің қозғалысындағы ауытқуды тудыратын күш – Кориолис күші.

  8. Субтропиктік белдеулер негізінен «желайрық» болып табылады.

  9. Жел – ауаның горизонталь бағытта қозғалуы. (муссон, бриз, тайфун, ураган, торнадо, тау аңғарлық желдер; жергілікті желдер: самум, вилли-вилли, бора, фен, сирокко, норд, мистраль, нортсер)

  10. Жел бағыты флюгермен, күшін анемометрмен,жылдамдағын м/с 12 баллдық Бофорт шкаласымен өлшейді. Жел бағыты румба бойынша анықталады.

  11. Муссон – (араб – «маусым») бағытын жылына екі рет өзгертетін жел. Жазда мұхиттан құрлыққа ылғал, ал қыста құрлықтан мұхитқа суық ауа әкеледі. Қыста материк жағалауындағы теңіз сулары қатады. Муссондар тропиктік емес және тропиктік (экваторлық) муссондар болып бөлінеді.

  12. Бриз – (фр. «жеңіл жел») теңіз, көл жағасында бағытын тәулігіне екі рет өзгертетін жел. Күндіз теңізден құрлыққа, түнде құрлықтан теңізге қарай соғатын жел.

  13. Тайфун – (қытайша «үлкен жел») күшті тропиктік циклон, шілде-қазан айларында су тасқыны, күшті нөсерлер пайда болады.

  14. Торнадо – Солтүстік Америкада жаз кезінде қалыптасатын күшті дауыл 800 км/сағ. Ұлы жазықта суық және жылы ауаның түйісуінен пайда болады.

  15. Жел – көгілдір отын.

  16. Желдің жылдамдығы мен бағытын бақылау нәтижесінде жел өрнегін сызады, көкжиек тұстарына желдің соққан күнін белгілеп, нүктелердің басын қосады.

  17. Циклон – төменгі қысымды аймақ, онда ауа райы бұлыңғыр, күшті жел, жауын-шашын.

  18. Антициклон – жоғарғы қысым белдеуі, одан тараған ауа массалары ашық, аязды, суық ауа райын қалыптастырады.

  19. Ауа массалары – температурасы, ылғалдығы, мөлдірлігі жөнінен айырма жасайтын ауаның үлкен бөліктері. Арктикалық, қоңыржай, тропиктік, экваторлық ауа массалары бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]