Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-51 беттер 6кл.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
28.12.2019
Размер:
1.31 Mб
Скачать

Көлік географиясы.

1.Тас жолдар ұзындығы дүние жүзі бойынша 24-25млн.км. Автомобиль жолы ұзындығы бойынша АҚШ, жолдардың жиілігі бойынша Батыс Еуропа мен Жапония алдыңғы орында. Әр 1000 АҚШ тұрғынына 600 автомобиль келеді. Автомобиль жүк айналымының 10%, жолаушы тасымалының 80% қамтамасыз етеді.

2. Темір жол ұзындығы 1.180 мың км-ге жуық. Темір жол жүк айналымының 15%, жолаушы тасымалы 10% алады. Ең ұзын темір жолдар АҚШ, Қытай, Ресей, Канада, Үндістан, Аустралия, Аргентина, Франция, Бразилия, Германия.

3. Күн автомобиль жолы 1925 жылы Италияда салынған, ұзындығы 1200км.

4. Транссібір темір жол магистралы-9322км. Батыс Еуропадан Находка Восточный портына дейін, одан Токио-Иокогамаға теңіз арқылы жүктер жеткізіледі.

5. Поезд жылдамдығы бойынша рекорд жасаған ел - Франция. 1980 жылы 515км/сағ.

6. Панамерикан тас жолы 1930 жылдан салынған. АҚШ-тың Мексика шекарасынан басталып Панама каналын «Америка көпірі» тұсынан кесіп өтеді де Буэнос-Айреске дейін келеді. Латын Америкасы елдерін байланыстырады, 33 мың км.

7. Дүние жүзілік құбырдың ұзындығы 2 млн. км. Ұзындығы 4-5 мың км құбырлар АҚШ, Ресей, ТМД, Канада, Таяу Шығыс елдерінде. Құбыр жүк айналымының 10% қамтиды.

8. Әуе көлігі желісінің ұзындығы 10 млн.км. Дүние жүзіндегі ең ірі державалары АҚШ, Ресей, Канада, Жапония, Ұлыбритания, Франция, Германия. Әуе көлігімен жүк тасымалдаудан І орын АҚШ, ІІ орын Еуропа. Дүние жүзіндегі ең күшті дамыған ел - АҚШ, дүние жүзіндегі жолаушылардың 50% тасымалдайды.

Дүние жүзіндегі ең ірі әуежайлар: «О.Хара» (Чикаго), Даллас, Лос-Анджелес, Атланта, Хитроу (Лондон), «Ханеда» (Токио).

9. Теңіз көлігі дүние жүзілік сауданың 4/5 бөлігін құрайды.

10. Теңіз порты 2,5 мың, ең ірі порттар Атлант мұхитындағы Роттердам, Сингапур, Жаңа Орлеан, Марсель, Гамбург. Үнді мұхитындағы ірі халықаралық теңіз порттары: Кобе, Нагоя, Иокогама (Жапония) және Сингапур.

11. Кеме қатынасы мен жүк тасымалдауда І орынды- Атлант мұхитты алады.

12. Теңіз сауда флоты дамыған елдер Жапония, Либерия, Панама.

Сауда кемелер үлесінде жоғары елдер: Ұлыбритания, Жапония, Норвегия, АҚШ, Ресей, Қытай.

13. Кеме қатынасындағы маңызды каналдар:

Панама каналы 1914 жыл, ұзындығы 81,6км, тереңдігі 12,5м, ені 150-305м.

Суэц каналы ХІХ ғ.ұзындығы 161км,тереңдігі 16,2м,ені 120-318м.Египетте.

Киль каналы, ұзындығы 99км, ені 104-214м, тереңдігі 11,3м. Солтүстік теңіз бен Балтық теңізі аралығында. Германия иелігінде.

14. Кеме қатынасындағы маңызды бұғаздар: Гибралтар, Ла-Манш, Ормуз, Панама, Малакка, Зонд, Босфор.

15. Өзен көлігі дамыған елдер: АҚШ, Ресей, Канада, Нидерланд, Бельгия, Германия, Қытай. Еуропада Рейн,Дунай,Эльба,Одер. Америкада Әулие Лаврентий, Парана

16. Көлік қатынасы дамыған көлдер - АҚШ-тағы Ұлы көлдер. Әулие Лаврентий өзені арқылы материктің ішкі бөлігіне 4-мың км-ге кіруге болады.

17. Теңіз көлігі жүк тасымалының 80%, дүние жүзілік жүк айналымының 60% тиеселі.

18. Байланыс жүйесі өте дамыған ел - АҚШ, оның үлесіне дүние жүзіндегі телофонның 2/5-і, ең жаңа байланыс жүйелерінің 9/10-ы тиеселі.

19. Теңіз кемесі, супертанкерлер арқылы жүк тасымалдау жөнінен Жапонияның алдыңғы орында болуы - шикізаттың барлық түрін сырттан әкелуіне байланысты.

20. АҚШ пен Ресейдің бірлескен «Альфа» космостық станциясы 1993 жылдан бастап жұмыс жүргізуде.

21. АҚШ-тың басты автомабиль штаты – Мичиган.

22. Дүние жүзілік көлік торабының ұзындығы – 32млн. км.

23.Дүние жүзінде алғашқы метрополитен 1863 жылы Лондонда, екінші 1868 жылы Нью-Иоркте салынған. Қазір 70 елде метро жұмыс істейді.

24.Жолаушы тасымалдауда жылына 3 млрд адам таситын Мәскеу метрополитені І- орында.

51

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]