Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-51 беттер 6кл.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
1.31 Mб
Скачать

1)Дамыған елдер

а) Үлкен жетілік

ә) Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдері /ЖІӨ-де банк пен туризм үлесі жоғары/

б) Қоныс аударушы елдер. Аустралия, Канада, Жаңа Зеландия, ОАР, Израиль /тау-кен өнеркәсібі үлесі жоғары, экспортында шикізат пен ауыл шаруашылығы өнімдері басым/

2) Өтпелі экономика тән елдер Шығыс Еуропа елдері, ТМД, Қытай, Лаос, Монғолия, Вьетнам, Куба.

3) Дамушы елдер Азия, Латын Америкасы мен Африкада.

4) Жетекші дамушы елдер Қытай мен Үндістан.

5) Жаңа индустриялық елдер Корея, Малайзия, Сингапур, Бразилия, Мексика, Аргентина.

6) Плантациялық шаруашылық елдері Гватемала, Гондурас, Коста-Рика, Куба, Никарагуа, Сальвадор, Гаити, Шри-Ланка.

7) Мұнай экспорттаушы елдер ОПЕК-тің 13 елі

8) Жалға пәтер беруші Мальта, Кипр, Бахрейн, Либерия, Багам аралдары, Барбадос, Панама.

9) Даму деңгейі төмен елдер Мұхит аралдары мен Африка, Азиядағы 48 ел.

29. Дүниежүзілік нарықтың пайда болуы тауарларды айырбастауға байланысты.

30. Дүниежүзілік ұлттық өнімнің 50%-тен астамы «жетілік» елдерінің үлесіне келеді.

31.Ауыл шаруашылығында еңбек ететін адамдар саны 1,3 млрд адам.

32. Интеграция- шаруашылықты интернационалдандырудың жоғарғы формасы.

Дүние жүзілік өнеркәсіп

  1. Өнеркәсіп өңдеуші және өндіруші болып бөлінеді, өзіндік құны бойынша өнеркәсіп өнімінің 10% өндіруші өнеркәсіп береді де қалғанын яғни 9/10 бөлігін өңдеуші өнеркәсіп береді.

  2. Дүние жүзілік өнеркәсіп өнімдерінің 57%-ін және ауыл шаруашылық өнімдерінің 40%-ін береді.

  3. Өнеркәсіптің салалары:

А) Байырғы салалар - тас көмір, темір кені, металлургия, кеме жасау, темір жолдың құрама өндірісі, тоқыма.

Б) Жаңа салалар - автомобиль, алюминий қорыту, пластмасса, химиялық талшық.

В) Ең жаңа салалар - ғылымды қажет ететін жоғарғы технология салалары, микроэлектроника, есептеуіш техника, робот, информатика, атом және аэроғарыш, органикалық синтез, микробиология.

4. Бүкіл өнеркәсіптің жалпы өнімінің 35-40%-і осы салаларға келеді. АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция.

5. Отын-энергетика кешені – шикізаты мұнай, газ, көмір, электр энергиясын өндіру, оны тасымалдау. Отын-энергетика өнеркәсібі 2 кезеңнен өтті.

І. ХІХғ. мен ХХ ғ. басы – көмір кезеңі.

ІІ. ХХ ғ. 80-ші жылдарына дейін - мұнай-газ кезеңі.

ІІІ. Сарқылмайтын энергия көздерін пайдалану.

6. ХХ ғ. соңында 80 елде өндірілетін 3,5млрд.тонна газ конденсатымен қоса мұнайдың 40%-ке жуығы ОПЕК-ке тиеселі. Сауд Арабиясы мұнай өндіруден жетекші ел, ал жан басына І-орын Кувейт, әр адамға 3,3т мұнай. Табиғи газды жан басына шаққанда өндіруден І-орын Бруней, әр адамға 1453м³. Көмір - 60 елде өндіріледі, оның 1/10 бөлігі саудаға түседі. Азия өндіру аймағы 45%-ін береді. Қытай, ОАР, АҚШ, Аустралия. Электр энергетикасы ЖЭС - 63%, СЭС - 20%, АЭС-17-18%.

7. Металлургия - дүние жүзі бойынша жылына 0,85-1 млрд. т темір кені өндіріледі. Экспорттаушылар Бразилия, Норвегия, Қытай, Үндістан. Дүние жүзі бойынша 800 млн.т болат өндіріледі, оның 80% дамыған елдерге тән. Қытай, Жапония, Батыс Еуропа елдері болат, шойын өндіруден алдыңғы орында. Түсті металлургия кен құрамынан 70-тен астам металды бөліп алады, өнім көлемі жылына 20 млн.т құрайды. Алюминий кені бокситтің мол қоры Аустралия, Гвинея, Ямайка, Бразилия. Энергиясы мол Бразилия, Норвегия, Канадада алюминий зауыттары салынған. Аустралия ЖЭС-тің энергиясын пайдаланады. 1 т алюминий үшін 14 мың квт/сағ. энергия қажет. Мыс өндіруден Чили, АҚШ, Канада, Заир, Замбия алдыңғы орында. Тазартылған мыс өндіруден АҚШ, Ресей, Жапония, ҚР (серіктесі Қытай)

8. Машина жасау-үлесіне өнеркәсіп өнімінің 36-40%, индустрияда жұмыс істейтіндердің 34% тиеселі.

  1. Машина жасау-300-ден аса өндірісті біріктіретін ғылымды көп қажет ететін сала.

  2. АҚШ-та 125 қалада автомобиль шығарады, Детройт «автомобиль астанасы». «Дженерал Моторс, Форд Мотор, Дженерал Электрик, Крайслер». «Юнайтед технолоджис» компаниясы ғарыштық техника. 1961 жылдан «Боинг» авиациялық зауыты.

  3. Германия машина жасау бойынша АҚШ пен Жапониядан соңғы ІІІ орында. Фольфсбург «автомобиль астанасы».

  4. «Даимлер-Крайслер» концерні Мерседес, аэроғарыштық техника. «Фольксваген, БМВ» автомобильдер. «Сименс» электроника, электр техникасы. «Дойче телеком» ақпарат тарату техникасы. «Бош» электр техникасын шығарады.

  5. «Тайота, Ниссан, Хонда» концерндері өнеркәсіп өнімдерінің 44% береді. Жылына 9-10 млн. автомобиль шығаратын Жапонияға әлемдік автомобилдің 14% тиеселі.

  6. Автомобиль өндірісі орталықтары: Батыс Еуропа, Солтүстік Америка, Жапония, ТМД.

  7. Ең үлкен 10 автомобиль компаниясы өнімнің 80% береді.

  8. Фиат-Италия-Туринде, Пежо, Рено – Францияда, Вольво, Скания – Швецияда, Икарус – Венгрияда.

  9. Кеме жасау – Жапония, Корея, Германия, Қытай, Норвегия (теңіз арбакеші), Либерия.

  10. Ұшақтар – Сиэтл, Лос-Анджелес (Боинг) Тулузадағы (Франция) «Конкурд» зауыттары.

  11. Швейцария «Омега» сағат фирмасы (Сингапур, Гонконгте зауыты бар).Голландияның «Филипс» фирмасы Тайваньда ірі кинескоп зауытын салған. (жылына 4 млн. дана шығарады)

  12. Жапония, Корея аса ірі станок жасауға маманданған.

  13. Ғылымды көп қажет ететін электр техникасын жасауда Жапония, Қытай, АҚШ, Батыс Еуропа, Азияның жаңа индустриялы елдері.

  14. Азия елдерінде компьютерлік техника, тұрмыстық техника шығарылады.Жапония, АҚШ.Батыс Еуропа елдерінің фирмалары-Кореяда, Сингапурде,Малайзияда, Филиппин, Тайваньда магнитофон, теледидар, тұрмыстық техника шығарады.

  15. Батыс Еуропа елдері байланыс құралы, медициналық,өндірістік және ғылыми құрал жабдықтар шығарады. (Швеция – Эриксон, Финляндия – Нокиа байланыс құралдар)

  16. Ұлыбританияда Лондонда электроника, электрлік техника, станок, аэроғарыш. Вирменгемде станок, автомобиль. Манчестерде – тоқыма, тігін машиналары. Глазгода кеме жасалады.

  17. Химия өнеркәсібі құрылымы 3 топқа бөлінеді.

1) Негізгі өндіріс – полимер материалдары, минералды тыңайтқыш.

2) Өңдеуші өндіріс – бояғыш заттар, лак, бояу, дәрі-дәрмек, резеңке, техникалық бұйымдар жасау.

3) Жартылай дайын өнімдер – тұздар, қышқылдар, сілтілер.

26. Полимер материалдарын өндіру жетекші орын алады.

27. Химия өнеркәсібіндегі жетекші елдер АҚШ, Жапония, Германия.

28. АҚШ-тағы мұнай-химия және өнеркәсібінің ауданы - Хьюстон қаласы.

29. Химиялық талшықтың 2/5 бөлігі Қытай, АҚШ, Тайвань елі береді.

30. Азот тыңайтқышы Азия, Солтүстік Америка, Шығыс Еуропа әсіресе Қытай, АҚШ, Үндістанда.

31. Дүние жүзіндегі дәрі-дәрмектің ¾ бөлігі АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Жапония.

32. Жеңіл өнеркәсіп құрылымы бірнеше сатыдан тұрады:

1) Шикізат өндірісі – мақта талшығын алу, тері илеу.

2) Жартылай дайын өнімдер өндірісі-жіп иіру, тоқыма, бояу, елтірі.

3) Дайын өнімдер шығару – тігін, кілем тоқу, аяқ киім.

33. ХХ ғ-ң екінші жартысынан Азия елдері жетекші орында.

34. Алғашқы тігін мен тоқыма дамыған ел – Ұлыбритания.

35. Еуропаның тігін фабрикасы – Португалия.

36.Экономикалық белсенді халықтың 46%-і ауыл шаруашылығында жұмыс істейді.

37. Дүние жүзінде тұщы суды ең көп тұтынатын – ауыл шаруашылығы.

38. Ауыл шаруашылығы халық шаруашылығының ең ежелгі және табиғат жағдайларына тікелей тәуелді кең тараған саласы. 2001 жылғы мәлімет бойынша 1,3 млрд. адам еңбек етеді.

39. Агроөнеркәсіптік кешен - өсімдік және мал шаруашылығы, олардың өнімдерін өңдейтін жеңіл және тамақ өнеркәсібінің жиынтығы.

40. Ауыл шаруашылығы дамуы мен өркендеу сипатына қарай үш топқа бөлінеді.

1) Дәстүрлі (тұтынушы) – ауыл шаруашылығында қауымдық және ру-тайпалық қатынастар сақталған. Екі топқа бөлінеді:

а) Африка, Оңтүстік Америка және Азияның ылғалды тропиктік ормандарына тән аңшылық, балық аулау, өсімдіктерді жинау, жер өңдеу. Өсіретін дақылдары – тамыр және түйнек жемістілер, астық, бұршақ, май пальмасы. Егін егіп, мал бағады, кетпен, соқа қолданады.

ә) Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы. Егін немесе малдың белгілі бір түріне маманданғандар жиі кездеседі.

2) Тауарлы және жартылай тауарлы дәстүрлі шаруашылық пен помещиктік-латифундиялық шаруашылықол 3 түрлі бағытта жүргізіледі:

а) егіншілік (көп еңбек күшін қажет ететін Азиядағы күріш өсіру)

ә) егіншілік пен мал шаруашылығы (Африка, Азия, Латын Америкасындағы дәнді-дақылды жемістер және сергітпе, техникалық дақылдар).

б) көп салалы тауарлы егіншілік пен мал шаруашылығы, егіншілік пен мал шаруашылығын ұштастыра дамытады.

3) Жоғары маманданған тауарлы ауыл шаруашылығы – ауыспалы егістік, интенсивті мал шаруашылығы, байланыстырушы АӨК-дер жиынтығынан тұрады. 6-шаруашылық түріне бөлінеді.

а) дәнді дақылдар шаруашылығы – бидай мен жүгері. Солтүстік Америка, Аустралия, Ресей, Украина, Қытай, ҚР.

ә) интенсивті егіншілік - дәнді дақылдар, техникалық дақылдар, жеміс және бау-бақша. Еуропа, Солтүстік Америка елдері, Қытай, Жапония.

б) плантациялық шаруашылық - жеміс, сергітпе және техникалық дақылдар. Латын Америкасы, Азия, Африка дамушы елдері.

в) экстенсивті жайылымдық мал шаруашылығы - етті бағыттағы ірі қара, қой. АҚШ, Аргентина, Уругвай, Ресей, ҚР, Аустралия.

г) интенсивті мал шаруашылығы - сүтті және сүтті-етті ірі қара, шошқа, құс. Ұлыбритания, Германия,Украина, Ресей, АҚШ, Жаңа Зеландия.

д) интенсивті егін мен мал шаруашылығы - бау-бақша, жем, сүтті-етті ірі қара, шошқа, құс өсіру. Еуропа, Жапония, Солтүстік Америка елдері.

41. ХХ ғ-дың 60-жылдарынан «Жасыл революция» басталды.

42. Жасыл революция негізін салушы Мексика, жоғарғы сортты бидай түрлерін дамытты. Филиппин жерінің 9/10 бөлігі жоғарғы сортты күріш. Қытай мен Үндістанда жақсы дамыды.

43. Жасыл революцияның 3 компоненті:

1) Тез пісетін сапалы сорттар шығару

2) Жаңа сорттарды қолдан суғаруда ирригация қолданылды.

3) Осы заманғы техника мен тыңайтқыштар, улы химикаттар қолдану.

44. Экстенсивті шаруашылық - аумағы үлкен, сапасы төмен.

45. Интенсивті шаруашылық - аумағы кіші, сапасы жоғары.

46. ХХ ғ-дың 80-жылдарында дамыған елдерде екінші «жасыл революция» немесе «биотехнологиялық революция» жүрді.

47. Дәнді дақылдар шығымдылығы дамушы елдерде 15-20 ц/га, дамыған елдерде 35-40ц/га. Дәнді дақылдар егістігінің 32% бидай, 20% күріш, 18% жүгері. Қытай, АҚШ, Үндістан, Ресей, Франция.

48. Бидай ХІХ ғасырдан бастап дала зонасы бар материктерде таралған. Ресейдің Еуропа оңтүстігі,Украина, Қазақстан,Ұлы Қытай жазығы,Африка оңтүстігі, Аустралия оңтүстігі,Аргентина пампасы, АҚШ пен Канаданың Орталық жазықтары.

49. Үндістанның басты бидай аймағы - Пенджабта.

50. АҚШ-тың Винипег қаласы «бидай астанасы».

51. Күріш тропиктік дәнді дақыл, отаны - Қытай. Муссондық климат тән субтропиктік, тропиктік, субэкваторлық белдеуде суғару арқылы өсіреді. Күріш егістігі аз, бірақ өнімі бидаймен бірдей, себебі жылына екі рет өнім жиналады.Қытай, Үндістан, Жапония, Индонезия,Египет,(Оңтүстік Шығыс Азия елдері) 100ел егеді, 9/10 бөлігі Азия елдерінде. Жерінің 9/10 бөлігіне күріш егетін –Филиппин.

52. Бидай –ең басты дәнді дақыл. Академик Н.И.Вавилов анықтауы бойынша

Бидайдың отаны алдыңғы Азия мен Жерорта теңізі аймағы. 70-тен астам ел өсіреді

Ең көп Қытай,АҚШ, Үндістан өсіреді.

53. Жүгері (маис) – Колумб саяхатынан кейін дүние жүзіне таралған. Басты өндірушілер АҚШ, Қытай, Бразилия, Мексика, Батыс Еуропа оңтүстігіндегі елдер. Айова «жүгері штаты».

54. Астықты сыртқа шығарушы елдер,яғни астық шаруашылығына маманданған АҚШ, Канада, Франция, Аргентина, Аустралия, ҚР.

55. Техникалық майлы дақылдар: соя, жержаңғақ, зәйтүн, күнбағыс. Соя - АҚШ, Бразилия, Аргентина. Жержаңғақ - Үндістан. Зәйтүннен – Италия. Күнбағыстан – Ресей. Азия ,Латын Америкасы елдері пальма және мақта өсірсе одан май алады.

56. Қант 60% қант құрағынан, 40% қызылшадан алады. Қант құрағын Латын Америкасы елдері, Куба, Бразилия, Үндістан, Қытай. Қоңыржай белдеу дақылы қызылшаны Франция, АҚШ, Ресей, Украина экспорттайды.

57. Талшықты мақта дақылы – Қытай, АҚШ,Үндістанда. Мақта егістігі мен жинаудан Азия – І орын, Америка - ІІ орын, Африка елдері ІІІ-орында. Ұзын талшықты мақта Египетте. Зығырдың ¾ бөлігі Ресей мен Беларуссияда, джут -Үндістан мен Бангладеште.

58. Табиғи каучук –ХІХ ғасырда Оңтүстік Америка, Бразилиядағы гевея ағашынан алынады. Қазір Азия елдері көп өндіреді.

59. Каучукты негізгі өндірушілер Таиланд, Индонезия, Малайзия.

60. Крахмалды дақыл – картоп, отаны Оңтүстік Америка, қазір қоңыржай белдеу дақылы. Ресей, Польша, Қытай.

61. Сергітпе дақылдар – шай, кофе, какао. Шай отаны – Қытай. Шайдың 4/5 бөлігін Шри-Ланка,Үндістан, Қытай береді. Көк шай – Грузияда. Шай ландшафтысы

Жапония, Үндістан, Қытай,Кенияға тән. Кофе – отаны Африка Эфиопиясы. Қазір 2/3 бөлігін Латын Америкасы елдері Колумбия мен Бразилия береді. Какао – отаны Америка, ал негізгі өндіруші Африканың Гвинея жағалауындағы елдер. Жетекші елдер:Кот-д Ивуар, Гана, Бразилия, Индонезия, Нигерия.

62. Бақша мен жеміс-жидектерді көп өндіретін елдер: Қытай, Үндістан, Бразилия, АҚШ, Италия. Жүзім жинаудан Италия, Франция, Испания, АҚШ. Цитрусты дақылдардан АҚШ, Бразилия, Испания, Италия, Қытай,Жапония. Банан Эквадор, Бразилия, Филиппин. Мексика. Гүл өсіруден - Нидерланд. Банан республикалары – Эквадор, Панама, Гондурас, Коста-Рика, Колумбия.

63. Дүние жүзінде етті ең көп өндіретін елдер: АҚШ, Қытай, Бразилия, Аргентина, Ресей. Сүт өндіруден АҚШ, Ресей.Үндістан, Бразилия, Батыс Еуропа елдері. Дания -«Еуропаның сүт фермасы». Шошқа өсіруден - Қытай І орын, АҚШ, Бразилия, Германия, Ресей, Польша. Дүние жүзіндегі еттің 40% береді.

64. Қойды еті және биязы жүні үшін өсіреді. І орында Аустралияда 130 млн. астам қой бар.Жүн өндіруден Аустралия, Қытай, Жаңа Зеландия, Уругвай, Ресей.Қаракөл елтірісін дайындаудан –Орта Азия. Оңтүстік Африка елдері.

65. «Шипстейшнз» Аустралиядағы қой шаруашылығы. Гоулберне қаласында «Үлкен Меринос» ескерткіші бар.

65а. Құс шаруашылығы –ХХ ғасырдан,тұтынушыға жақын қалаларда орналасады.

Құс жүнінен Қытай, АҚШ, Ресей. Жұмыртқадан Қытай, АҚШ, Жапония, Ресей,Үндістан.

66а. Солтүстікте –бұғы өсіру. Омарта және жібек құртын, терісі бағалы аңдар өсіру, крокодил мен түйеқұс(страус) өсіру шаруашылықтары да дамыған.

66. Балық аулауға – Еуропадан - Исландия, Латын Америкасынан - Перу, Азиядан- Жапония маманданған. Ауланатын балықтың 50%-дан астамы Жапония, Қытай,АҚШ,Чили,Перу,Ресей үлесінде. Ең көп балық Тынық мұхитында ауланады.

67. Ранчо - тауарлы шаруашылық.

68. Жапония монополистері Аустралия тау-кен өндірісінде тұрақты позиция ұстауда.

69. Жапонияның өнеркәсіпті аудандары – Токио, Нагоя, Осако, Китокюсю.

70. Люксембург – шойын мен болат қорытудан жан басына шаққанда дүние жүзі бойынша І-ші орын. «Ұлы герцогтік» деп аталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]