- •98. Жер шарындағы ірі шөлдер:
- •Ауа құрамындағы азот - өсімдіктерді минералдармен қөректендіреді.
- •Ауа құрамындағы оттегі - қышқылдану мен жану үрдісіне қажет.
- •Атмосфераның тіршілік үшін маңызы:
- •Метеорология - ауа райы туралы ғылым . Метеорологиялық станциялар штабы Женевада (Швейцарияда)
- •Климаттар картасында сапалық фонд әдісімен жылдық орташа жауын-шашын мөлшері беріледі.
- •Атмосфера құрамында 13 мың км³ су буы бар. Ауаның ылғалдығы темпера тураға байланысты.
- •Дүние дүзілік мұхит 71 %, оны ғаламшардың әр тұрғынына шақсақ 250 млн.Т. Судан келеді.
- •Мантияда 20 млрд. Км ³ су бар.
- •Мұхит суының басты қасиеттері – тұздылығы мен температурасы.
- •Жауын-шашын мол, мол сулы өзендер құятын мұхиттарда тұздылық төмен болады, тұздылық мұхит суы қату температурасына да әсер етеді.
- •Теңіз суынан алғаш тұз алған – египеттіктер мен қытайлар.
- •Дүние жүзілік мұхитта 150 мыңға жуық жануар, 15 мыңға жуық өсімдік тіршілік етеді. Дүние жүзілік мұхитта 200 м-ге дейін тіршілік өте мол.
- •Дүние жүзіндегі ірі өзендер туралы мәліметтер:
- •Дүние жүзіндегі көлдер туралы мәліметтер:
- •Осыдан 17 мың жыл бұрын Жер шарында 3 млн-ға жуық халық болған.
- •Адамзаттың 25-30%-ының діни ұстанымы жоқ.
- •Жер бедеріне байланысты құрлықтың 28% алатын 500м биіктіктегі жазықтарда халықтың 80%-і тұрады.
- •Қазіргі кезде дүние жүзі халқының 1/3 бөлігі, құрлықтың 12%-ін алатын, теңізден 50 км-ге дейінгі аралықта шоғырланған.
- •Хх ғасыр халықтардың ұлы қоныс аударуы, 150 млн. Адамға жетті.
- •Жер шары халқының 53 % ауылда, 47% қалада тұрады.
- •Урбандалудың 3 кезеңі:
- •Дүние жүзінің табиғат ресурстары, табиғатты қорғау.
- •Адамзат тарихындағы ғаламдық оқиғалар:
- •1)Дамыған елдер
- •Дүние жүзілік өнеркәсіп
- •Өнеркәсіптің салалары:
- •Көлік географиясы.
Дүние жүзінің табиғат ресурстары, табиғатты қорғау.
Географиялық орта – адамзаттың тарихи даму кезеңіне және кәсіптік әрекетіне тікелей қатысатын Жер табиғатының бөлігі.
Қоршаған орта - адамзат қоғамының барлық тіршілік және өнеркәсіптік әрекет ету ортасын, адамды қоршаған, табиғи және антропогендік ортаны қоса есептегендегі барлық материалдық дүние.
Адамзат тарихындағы ғаламдық оқиғалар:
А) От жағуды үйренуі
Б) Терімшіліктен шаруашылыққа көшу процесі.
В) Экологиялық зардаптардың көбеюі.
Табиғат ресурстары - қоғамның дамуын қамтамасыз етуші, табиғат сферасында қалыптасатын және оның құрамдас бөліктері болып табылатын, материя мен энергияның нақты түрлері (өндірісте тікелей пайдаланылатын шикізат пен энергетикалық база).
Табиғат ресурстары сарқылатын және сарқылмайтын, қалпына келетін және қалпына келмейтін болып бөлінеді.
Сарқылатын, бірақ қалпына келетін - су, топырақ, өсімдіктер, жануарлар.
Сарқылатын, бірақ қалпына келмейтін - минералды пайдалы қазбалар.
Сарқылмайтын ресурстарға - Күн сәулесі, су мен жел энергиясы,ауа массалары.
Табиғат ресурстары – су, жер, биологиялық, рекреациялық, агроклиматтық, минералдық деп бөлінеді.
Табиғат ресурстарының барлық түрі кездесетін елдер – Қытай мен Ресей.
«Менделеевтің периодтық жүйесі адамзаттың аяғының астында» - деген академик А.Ферсман.
Байлықтардың бар-жоқтығы бұл ресурстардың шамасы мен оларды пайдалану мөлшерінің ара қатынасы.
Энергетикалық ресурстар - ХІХ ғасыр басына дейін ағаш, ХХ ғасырда көмір, ал қазір мұнай мен газ. Дүние жүзілік мұнай қоры 140 млрд.т. ОПЕК елдеріне мұнай қорының 77% тиеселі. Газ қоры 146 млрд.м³, оның 41%-і ОПЕК-ке тиесілі. Көмір қоры 1,5 трлн. тонна. Тас көмір 52%, қоңыр көмір 48%. Аустралия, Германия, Қытай, АҚШ-та кокстелетін көмір қоры мол. Экспорттаушы елдер Аустралия, Канада, ОАР, Колумбия, Қытай.
Отын пайдалы қазбалары негізінен – солтүстік жарты шарда Мезозой шөгінді жыныстарында өте көп кездеседі.
Жер шарында 3,6 мың көмір алабы, оның үлкен 10-і Азияда. Саудаға 1/10 бөлігі түседі, Қытай - Датуны мен Аустралиядағы - Уэльс пен Квинсленд. Канск-Ачинск Шығыс Сібірдегі, Ангрен - Өзбекстандағы ірі көмір бассейндері.
Мұнай-газ алабы 600 оның 450-нен өндіріледі. Парсы шығанағы маңы Таяу Шығыс елдері – «мұнай шүмегі» деп аталады. 80 ел өндірген мұнайдың 45% саудаға түседі. Негізгі экспорттаушылар 1960 жылы құрылған ОПЕК –тің 13 елі.
Мұнай-газ негізгі қоры солтүстік жарты шардың мезозой шөгінділерінде девонда қалыптасқан.
ХХ ғасырдың 70 жылдары энергетикалық ресурстар жетіспеушілігіне, әсіресе мұнайдың, оның бағасының шұғыл көтерілуіне байланысты - әлемдік энергетикалық дағдарыс болды.
Минералдық ресурстар – металдық, метал емес, отын-энергетикалық, техникалық, құрылыс материалдары болып бөлінеді.
Минералды байлықтың 200-ден көп түрін пайдаланады, одан туындайтын проблема: а) табиғат байлығын ұтымды пайдалану.
б) айнала ортаны ластанудан қорғау.
21. Пайдалы қазба тереңге – Шығыс Еуропа, Украина, АҚШ, Ресейдің еуропа бөлігі.
22. Пайдалы қазба жан-жаққа - Канада, Аустралия, Бразилия, Ресейдің азиялық бөлігі.
23. Жер қоры 13,1 млрд.га. Адамзатқа тамақ өнімдерінің 88% егістік, бау-бақша, плантация, ал 10%-ін шабындық пен жайылым береді.
24. Ғаламшардағы жер қорының азаюының түрлері:
а) Ауыл шаруашылығына пайдаланатын жыртылған жер көлемінің ұлғаюы. ХХ
ғасырда жыртылған жер көлемі екі есе өсті. АҚШ, Канада, Бразилия, Қытай, Ресей, ҚР.
б) Жердің жарамсыз болуы, яғни эрозияға ұшырауы. Жыл сайын эрозиядан 6-7 млн.га жер ауыл шаруашылығына жарамсыз болады.Батпақтану мен сортаңдануға 1,5млн. га жер ұшырайды. Бедленд жер 1%. Дүние жүзі бойынша 900 млн.га шөл, 3млрд.га жерге қауіп төнуде. Шөлдерде 80млн. адам тіршілік етеді.
25. Шөлдену әлсіз, орташа, күшті, аса күшті боп бөлінеді. Шөлдену Африкада, Азияда, Аустралияда байқалады.
26. Жер қоры дүние жүзі бойынша әр адамға 2,1 га.
27. Жер қорының шалғын мен жайылым 23%, орман мен бұта 30%, батпақ пен шөл және мұздар 34%, елді мекендер 2% алады.
28. Польдер, марш теңізден тартып алынған жерлер. Жапония, Нидерландта кездеседі.
29. Ауыл шаруашылық жерінің үлес салмағы: АҚШ - 53%, Аргентина - 65%, Францияда - 63%, Үндістанда - 60%, Ресейде - 35%.
30. ҚР-да жер қоры 30,2 млн.га. Жайылым мен шабындық жер 190 млн.га.
31. Дүние жүзіндегі тұщы су қоры 2-2,5 %. Адам организміне тәулігіне 2л су қажет. ХІХ ғ. әр адам тәулігіне 40-60л, ал қазір 200-300л су пайдаланады. Ірі қалаларда 400-500л (700л) жұмсайды.
32. Дүние жүзі халқының 70% өмір сүретін Еуразияда өзен желісінің 39%-ы орналасқан.
33. Дүние жүзінде бөген 30 мыңнан асады, ең көбі АҚШ пен Ресейде.
34. Дүние жүзінде суды ең көп тұщыландыратын Кувейт (Ақтау АЭС 1973ж).
35. Дүние жүзінде су энергия қуаты 10 трлн. квт/сағаттан артық елдер - Қытай, Ресей, АҚШ, Заир, Канада, Бразилия, Норвегия. Дүние жүзінде жан басына шаққанда ең төменгі 14 кв/сағ энергия өндіретін ел – Чад.
36. Тұщы суды Норвегия Нидерландтан, Гонгонг Қытайдан, Сауд Арабиясы Филиппиннен, Сингапур Малайзиядан алады.
37. Өнім алуда пайдаланылатын су мөлшері: болат-250м³, пластмасса - 1500м³, азот тыңайтқышы - 350-400м³, целлюлоза - 1500м³, мыс - 500м³, синтетикалық каучук, маталар - 2000м³.
38. Биологиялық ресурстар - мәдени өсімдіктердің 6 мыңға жуық түрі бар, олардың шығу орталықтары:
1) Жерорта теңізі – сәбіз, қатты бидай, пияз, жүзім, капуста, шалқан, қызылша, шомыр.
2) Оңтүстік Батыс Азия – асбұршақ, сұлы, арпа, жұмсақ бидай, қауын, қызылша, жүзім, қара бидай. Жануарлардан – ірі қара, жылқы, бактриан /екі өркешті түйе/, ешкі, қой, үйрек.
3) Шығыс Азия – тары, соя, сора, күріш, бидай, гаолян, арпа, шабдалы, абрикос. Жануарлардан – қодас, шошқа, тұт жібек көбелегі.
4) Оңтүстік Азия – шай, апельсин, күріш, қияр, лимон, мақта, джут, қант құрағы, бидай, кокос пальмасы. Жануарлардан – буйвол, үйрек, қаз.
5) Эфиопия – кофе, сорго, банан, мақта, тары, бидай. Жануарлардан – есек, дромедар (бір өркешті түйе).
6) Оңтүстік Америка – қызанақ, мақта, картоп, жүгері, күнбағыс, асбұршақ. Жануарлардан – лама, альпака.
7) Орталық Америка – күнбағыс, темекі, бұрыш, асқабақ, батат, какао, жүгері, маниок, жержаңғақ, сизаль, мақта. Жануарлардан - қоян, тауық.
8) Оңтүстік Шығыс Азия – күріш, ямс, таро, саго, банан, қант құрағы.
9) Батыс Африка – күріш, тары, ямс, май пальмасы, қарбыз, қауын, шошқа.
39. Солтүстік орман белдеуі – АҚШ, Канада, Финляндия, Швеция, Ресей. Әлемдегі орманның ½ бөлігі осында.
40. Солтүстік орман белдеуі қылқан жапырақты ағаштар. Канада қағаз экспортынан бірінші орында. Ресей орманы азаюда.
41. Дүние жүзіндегі орман мен ағаш сүрегінің 50%-тен астамы оңтүстік орман белдеуінде. Орман шаруашылығының басты 3 ареалы: Бразилия, тропиктік Африка, Оңтүстік-шығыс Азияда қалыптасқан.
42. Оңтүстік орман белдеуі – Латын Америкасы мен Азия 40%, Африка 50%-тен астам орманынан ажырады.Жапония, Батыс Еуропа, АҚШ-қа экспорттауда.
43. Қағаз жасау үшін бамбук Үндістанда, Сизаль Бразилия мен Танзанияда, Багасса Перуде, Джут Бангладеште.
44. Дүние жүзілік мұхит биомассасы 20 млрд. адамды асырай алады.
45. Теңіз, мұхит суында 75 химиялық элемент кездеседі.
46. Адам пайдаланатын биомассаның 85% балықтар.
47. Дүние жүзілік мұхит түбінен мұнайдың 20% өндіріледі.
48. Терең мұхит түбінің басты байлығы темір мен марганец. ХІХ ғасырдың 70-жылдарында ағылшынның «Челленджер» кемесі тапқан, оны алғаш өндірген АҚШ, Гавай аралдарында.
49. Судың толысу мен қайтуын «жасыл көмір» деп атайды. Толысу ЭС-ын 25 жерде салуға мүмкіндік бар. Ресей, Канада, АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Аустралия, Қытай, Аргентина.
50. Күн энергиясы – гелиос немесе күн энергиясын алғаш қолданғандар - гректер заманында Архимед пайдаланған.
51. Жел энергиясын ең көп пайдаланатын - Нидерланд (ҚР-да Жоңғар қақпасы).
52. Дүние жүзі бойынша ЖЭС - 63%, СЭС - 20%, АЭС - 17-18%.
Ресейде ЖЭС жетекші. Қытай, Бразилия, Норвегия (99,5%)-да СЭС. Францияда энергияның ¾ бөлігін АЭС-тен алады, 66 АЭС бар. Рио Тинто, Когема уран кені бар (әлемдегі ең үлкен уран кені Канада Комекосы)
53. Рекреациялық байлық – тынығу, денсаулықты қалпына келтіру, табиғатта дем алу, туризм. Рекреация табиғи және тарихи деп бөлінеді.
54. Тұңғыш табиғатты қорғау туралы заң – ағылшын королі І Эдуардтың 1273ылы. қабылдаған эдикті (Лондонда тас көмірді жағуға), ІІІ Эдуард 1338 жылы Темзаға қоқыс тастауға, ХV ғ. Франция королі Сенаға қоқыс тастауға, І Петр Неваға қоқыс тастағандарға жаза берген.
55. Қоқыс өркениеті – қоршаған ортаның ластануы, күнделікті тұрмыс қалдықтарының шоғырлануы.
56. Өте қатты ластанған өзендер – Рейн, Дунай, Сена, Тибр, Миссисипи, Огайо, Еділ, Днепр, Дон, Днестр, Ніл, Ганг. Ластанған теңіздер-Жерорта, Солтүстік, Балтық, Қара, Азов, Жапон, Ява, Кариб.
57. Жерорта теңізі Еуропаның жуынды шұңқыры.
58. Мұхитқа жыл сайын 6-16 млн.т мұнай төгіледі, ең ластанған Атлант мұхиты (кеме қатынасы бойынша І-орын).
59. Норвег саяхатшысы Тур Хейердал 1947 жылы «Кон Тики» кемесімен Тынық мұхитты, 1969 жылы «Ра» кемесімен Атлант мұхитынан өткенде 1400миль су бетін мұнай жапқанын анықтаған.
60. Қышқыл жаңбырдың көзі күкіртті газ.
61. Табиғатты қорғаудың 3-жолы бар:
1) Тазартушы құрылыс, күкіртті газды азайту, қоқысты жою, мұржаны 200-300м биік етіп салу.
2) Түбегейлі жаңа технологияға көшу.
3) Лас өндірістерді барынша ойластырып, ұтымды орналастыру. Химия, мұнай-химия, металлургия, целлюлоза-қағаз, жылу энергиялық, құрылыс материал- дарын өндіру орындары.
62. Айналадағы ортаның ластануы ХХ ғасырдың 80-жылдарында азайды.
63. 1982 жылы БҰҰ-ның табиғатты қорғауға байланысты «Теңіз хартиясы конвенциясы» қабылданған.
64. 1972 жылы Стокгольм (Швеция) БҰҰ-ның айналадағы орта проблемалары жөніндегі І конференциясы болды. «Табиғатты қорғаудың бүкіл дүние жүзілік стратегиясы» маңызды құжат қабылданды. 1992 жылы мемлекет басшылары деңгейінде Бразилияда өтті. БҰҰ-ның айналадағы орта жөніндегі органы - ЮНЕП, штабы Наиробиде (Кения).
65. 1991 жылы Ирактың Парсы шығанағында Кувейтте мұнай скважинасын өртеуі дүние жүзілік апат болды.
66. Кит аулау 1868 жылы басталған, ең көп ауланған жыл 1962 жылы 66 мың кит, ал 1982 жылы тоқтатылды.
67. Халықаралық Қызыл Кітап 1966 жылы шықты.
68. Қоршаған ортаның ластануына байланысты «Ертеде адам табиғаттан қорқатын еді, енді табиғат адамнан қорқатын болды» - деген Жак ив Кусто.
69. Вулкандық аймақта күкірт пен пемза пайдалы қазбалары пайда болады.
70. Хаммерсли темір кені - Аустралияда.
71. Канаданың түсті металлургиясы шикізат пен арзан энергияға негізделген.
72. Машина индустриясы ХVІІІ-ХІХ ғасырда пайда болған.
73. Экологиялық қауіптілігі орташа сатыдағы аудандарға ауыл шаруашылығының суармалы жерлері жатады.
VІ-бөлім. Дүние жүзілік шаруашылық
Дүние жүзілік шаруашылық - дүние жүзіндегі елдердің бір-бірімен күрделі экономикалық қарым-қатынастар жүйесі арқылы байланысқан ұлттық шаруашылықтың жиынтығы.
2. Дүние жүзілік шаруашылықтың аграрлық және индустриялық даму кезеңдері
болды.
3. Бірінші өнеркәсіптік революция ХІХ ғасырда Еуропа, Солтүстік Америка, Жапонияда болды. Алғашқы өнеркәсіптік аудандар - «Қара Англия», Рур, Лотарингия, Пенсильвания қалыптасты.
Екінші өнеркәсіптік революция ХІХғ. соңы ХХғ-ң басында болды. Ең алғашқы СЭС Германияда Неккар өзенінде,Солтүстік Америкада Ниагара өзенінде салынды.
Машина жасау, химия, қағаз,байланыс құралдары, көлік жетілдірілді.1863 жылы Лондонда алғаш метро, 1869 жылы Суэц каналы, 1914 жылы Панама каналы іске қосылды.
6. ХІХ ғ-ң соңы ХХ ғасыр басында дүние жүзілік шаруашылық түбегейлі қалыптасып, дамыды.
8. Дүние жүзілік шаруашылықтың даму аймақтары:
1) ХІХ ғ. аяғы еуроцентрлік – И.А.Витвер.
2) АҚШ.
3) СССР мен Жапония .
4) Екінші дүние жүзілік соғыстан соң Қытай, Үндістан, ОПЕК елдері, Канада, Бразилия, Аустралия, Азия жолбарыстары.
9. Дүние жүзілік шаруашылықтың 4 полюсі 1990 жылға дейін болған.
Капиталистік Батыс. Солтүстік Бай
Социалистік Шығыс. Оңтүстік Кедей.
Қазір дүние жүзілік шаруашылықтың 3 орталығы қалыптасқан. Еуропа, АҚШ, Жапония.
10. Дүние жүзілік шаруашылықта Халықаралық экономикалық интеграция.
А) Еуропаның 25 елін біріктіретін Еуропалық Одақ.
Б) Латын Америкасы интеграция ассоциациясы - 11 ел кіретін Солтүстік Америка сауда аймағы. АҚШ, Канада, Мексика осы топта.
В) Оңтүстік Шығыс Азия елдер ассоциациясы - 6 ел. АСЕАН.
Д) Сыртқа мұнай шығаратын ОПЕК елдері - 13 ел.
Е) Экономикалық Өзара Көмек 1949 жылдан 1991 жылға дейін, бұрынғы СССР
мен Еуропадағы социалистік елдер арасында болған.
11. Реиндустрияландыру - ҒТР жетістіктерін пайдаланып, өндірісті жаңа техника мен технологияға және энергия мен шикізатты үнемдеу арнасына көшіру.
12. Географиялық еңбек бөлінісі - жеке елдердің өнімнің белгілі бір түрлерін, шикізат пен даяр бұйымдарды өндіруге және олармен айырбас жасауға мамандануы.
13. Географиялық еңбек бөлінісін зерттеген, ЭГЖ ұғымын географияға енгізген–Н.Н.Баранский.
14. ҒТР ХХ ғасырдың ортасынан басталды.
15. ҒТР-нің 4 белгісі бар.
1) Жан-жақты, әмбебаптығы.
2) ҒТ өзгерістердің төтенше жеделдеп, өндіріске енуі.
3) ҒТ еңбек қорларының біліктілігіне талаптың артуы.
4) Әскери-техникалық революция.
16. ҒТР-ң 4 құрамдас бөлігі:
1) Ғылым - ғылыми зерттеу мекемелері мен университеттерден жетекші елдер
Жапонияда Цукуба - 52, АҚШ-та Рейли - 40, Германия.
2) Техниканың даму жолы:
а) эволюциялық жолы - бұрынғы техника мен технологияны одан әрі
жетілдіру.
ә) революциялық жолы - түбегейлі жаңа техника мен технологияға көшу.
3) Өндіріс: 1) электрондандыру
2) автоматтандыру (50-70 ж. басталды)
3) энергетика шаруашылығын қайта құру.
4) жаңа материалдар өндіру
5) биотехнологияның дамуы
6) ғарыштану
4) Басқару .
17. Ғылым мен өндірістің ұштасуынан Батыс Еуропа елдерінде технологиялық парктер, Жапонияда технополистер пайда болды. Дүние жүзінде 300-ге жуық технопарк бар.
18. Жүзбе қала жобасын жасаған, робот жасаудан І орында – Жапония.
19. Чех жазушысы Чапек «Робот» туралы алғаш фантастикалық шығарма жазған.
20. Елдердің экономикалық жағдай ұғымын енгізген Н.Н.Баранский.
21. Дүние жүзілік шаруашылық салалық құрылымы 4 сектордан тұрады.
22. Дүние жүзілік шаруашылық дамудың 3 сатысында дамуда (индустриялануға дейінгі, индустриялық, постиндустриялық).
23. Индустриялануға дейінгі кезеңде ауыл шаруашылық, балық, орман, тау-кен өнеркәсібі жетекші.
24. Индустриялық кезеңде - өңдеуші өнеркәсіп пен құрылыс дамыған, өнеркәсіп жетекші. Пайдалы қазбаға бай, өтпелі экономика тән елдерде байқалады.
25. Постиндустриялық дамуда көлік, қызмет көрсету, ақпараттық, ғылыми зерттеулер, яғни өндірістік емес салалар қарқынды дамиды.
26. Шаруашылықты ұйымдастырудың типтері:
1) табиғи шаруашылық - халық өзін-өзі қамтамыз етеді.
2) нарықтық экономика - сыртқы сұранысқа орай нарыққа бағыттап өндіреді.
3) мемлекеттік - бір орталықтан басқарылып жоспарланады.
4) өтпелі экономика - өндірістік, қаржылық, қайта құру, жекешелендіру, еркін баға енгізіледі.
27. Елдің экономикалық даму деңгейін анықтауда ЖІӨ-ң жан басына шаққандағы көрсеткіші ескеріледі. ЖІӨ-де АҚШ доллары пайдаланылады.
28. Саяси дербестік пен экономикалық тәуелділік арасындағы қарама-қайшылық дамушы елдерге тән қасиет.
29. Дүние жүзі елдерін экономикалық даму деңгейіне қарай:
