
- •98. Жер шарындағы ірі шөлдер:
- •Ауа құрамындағы азот - өсімдіктерді минералдармен қөректендіреді.
- •Ауа құрамындағы оттегі - қышқылдану мен жану үрдісіне қажет.
- •Атмосфераның тіршілік үшін маңызы:
- •Метеорология - ауа райы туралы ғылым . Метеорологиялық станциялар штабы Женевада (Швейцарияда)
- •Климаттар картасында сапалық фонд әдісімен жылдық орташа жауын-шашын мөлшері беріледі.
- •Атмосфера құрамында 13 мың км³ су буы бар. Ауаның ылғалдығы темпера тураға байланысты.
- •Дүние дүзілік мұхит 71 %, оны ғаламшардың әр тұрғынына шақсақ 250 млн.Т. Судан келеді.
- •Мантияда 20 млрд. Км ³ су бар.
- •Мұхит суының басты қасиеттері – тұздылығы мен температурасы.
- •Жауын-шашын мол, мол сулы өзендер құятын мұхиттарда тұздылық төмен болады, тұздылық мұхит суы қату температурасына да әсер етеді.
- •Теңіз суынан алғаш тұз алған – египеттіктер мен қытайлар.
- •Дүние жүзілік мұхитта 150 мыңға жуық жануар, 15 мыңға жуық өсімдік тіршілік етеді. Дүние жүзілік мұхитта 200 м-ге дейін тіршілік өте мол.
- •Дүние жүзіндегі ірі өзендер туралы мәліметтер:
- •Дүние жүзіндегі көлдер туралы мәліметтер:
- •Осыдан 17 мың жыл бұрын Жер шарында 3 млн-ға жуық халық болған.
- •Адамзаттың 25-30%-ының діни ұстанымы жоқ.
- •Жер бедеріне байланысты құрлықтың 28% алатын 500м биіктіктегі жазықтарда халықтың 80%-і тұрады.
- •Қазіргі кезде дүние жүзі халқының 1/3 бөлігі, құрлықтың 12%-ін алатын, теңізден 50 км-ге дейінгі аралықта шоғырланған.
- •Хх ғасыр халықтардың ұлы қоныс аударуы, 150 млн. Адамға жетті.
- •Жер шары халқының 53 % ауылда, 47% қалада тұрады.
- •Урбандалудың 3 кезеңі:
- •Дүние жүзінің табиғат ресурстары, табиғатты қорғау.
- •Адамзат тарихындағы ғаламдық оқиғалар:
- •1)Дамыған елдер
- •Дүние жүзілік өнеркәсіп
- •Өнеркәсіптің салалары:
- •Көлік географиясы.
І - бөлім. География кіріспесі
1. География – (грекше) жерді сипаттап жазу. География екіге бөлінеді:
2.Физикалық география – (грекше физис – табиғат) табиғат құбылыстарының Жер бетіндегі таралуын, байланысын, әсерлерін, таралу заңдылықтарын зерттейді (жер бедері, ауа райы, сулары, топырақ, өсімдік, жануарлары).
3. Экономикалық география – (грекше экономия – шаруашылықты басқару) өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, көлік байланыс, табиғат байлығын, халықтың әлеуметтік жағдайларын зерттейді.
4. Жер шары бетінің жалпы ауданы - 510,2 млн. км².
Материктер мен аралдар ауданы - 149,1 млн км², яғни 29,2 %
Дүние жүзілік мұхит ауданы - 361,1 млн. км², яғни 70,8 %
-
Материктер
Ауданы
Дүние бөліктері
Ауданы
Еуразия
54млн. км ²
Азия
29.5%
Африка
30,3млн. км²
Америка
28.3%
Солтүстік Америка
24,2млн. км²
Африка
20.3%
Оңтүстік Америка
18,3млн. км²
Антарктика
8.9%
Антарктика
14млн. км²
Еуропа
7%
Аустралия
9млн. км²
Аустралия
6%
Пангея (гр. барлық құрлық)
Лавразия (Канададағы Лабрадор Гондвана (үнділердің-гонд
қалқаны мен Азия) тайпасы)
Еуразия, Солтүстік Америка Оңтүстік Америка, Африка,
Антарктика, Аустралия
5. Топонимика – географиялық атауларды зерттейтін саласы.
6.Биогеография -- өсімдіктер мен жануарлардың таралуын зерттейтін география саласы.
ІІ - бөлім. Географиялық зерттеулердің кезеңдері.
І. Географиялық зерттеулердің ежелгі дәуірлердегі кезеңі:
1. География негізін салған гректер. Oлар Еуропа мен Азия дүние бөліктерін, ал Римдіктер Африка дүние бөлігін қосып, алғашқы карталарын жасаған.
2. ХV ғ. неміс ғалымы М. Бехайм жасаған глобусында Еуропа, Азия, Африка бейнеленді.
3. Б.з.д. ІІ ғасырда грек ғалымы Птоломей дүние жүзі картасын жасады.
4. Грек ғалымы Геродоттың 9 томдық «Тарих» атты еңбегінде географиялық алғашқы түсініктер берілді. Сол кездегі белгілі алғашқы адамзат қоныстанған аймақтардың картасын жасаған. Каспий теңізі мен оның маңын мекендеген сақтар жөнінде нақты мәліметтер берген.
5. Ежелгі грек ғалымы Аристотель Пифагордың Жер шар тәрізді деген ғылыми түсінігін дәлелдеп, 365 күнге бөліп, Ай мен Күннің тұтылу себептерін дәлелдеді.
6. Грек ғалымы Эратосфен сол кездегі адамдар қоныстанған жерлерді «ойкумен» деп атап картасын жасаған. Ендікті, бойлықты нақты өлшеп, тұңғыш рет географиялық карта жасады, математикалық географияның негізін салды. Жер туралы деректерді жинақтап «Географика» еңбегін жазды. «География» ұғымын ғылымға енгізді, сондықтан Эротосфенді «география ғылымының атасы» деп атайды.
7. Рим ғалымы Страбон географияның елтану бағытының негізін салды.
ІІ. ХV ғасырға дейінгі зерттеулер орта ғасырдағы географиялық зерттеулер мен ашылулар.
ІІІ. ХV –ХVІІІ ғасыр аралығы Ұлы географиялық ашылулар кезеңі.
ІV. ХХ ғасырдағы ірі географиялық ашылулар кезеңі.
ІІІ - бөлім. Материктердің зерттелуі мен ашылулар.
Е У Р А З И Я
1. Материкті қоныстану Жерорта теңізі маңынан басталған. Крит аралындағы ежелгі м и н о й халқы Египет, Кипр, Сицилия, Балқан түбегіндегі елдермен сауда қарым-қатынасын жүргізген.
2. Ежелгі дамыған мемлекет Вавилон халқы Египет, Парсы, Үнді жерлерінде болған. Алғаш жазуды ойлап тауып, Жер шар тәрізді 360° тең болатынын анықтады. Вавилондықтар жасаған саз картасы Британия мұражайында сақтаулы тұр.
3. Қос өзен бойындағы финикиялықтар батыстағы жерлерді «эреб», шығыстағы жерлерді «асу» деп атады. Осы ұғымдар негізінде гректер «Азия және Еуропа» терминдерін қалыптастырды.
4. Біздің заманымыздың І ғасырында үнділер Суматра мен Ява аралдарын ашып Индонезия жерлеріне қоныстана бастаған.
5. Арабтар – Үнді мұхиты арқылы Зонд аралдарына, Қытай мен Үндістан жерлеріне саяхат жасаған.
Малайялықтар Индонезия аралдарын түгел аралап, сауда жасаған.
Мадагаскар аралына біразы қоныстанған.
ІХ-ХІ ғасырда нормандар Исландия аралына қоныстанған. Х ғ. аяғында
Гренландия аралы мен Солтүстік Америка жағалауына дейін жеткен.
Материкте жаңа жер ашуда гректер үлесі зор. Қара және Каспий теңізі Дунай
мен Дон өзендерін бойлай жүзген. Гректің ержүрек теңіз жүзушілері – аргонавтар «алтын жабағы» іздеп Колхида ойпатына саяхат жасаған.
ХІІІ ғасырда венециялық көпес Марко Полоның Памирге саяхаты мен
Үндістан, Қытай жерлері туралы еңбектері үлкен жаңалық болды.
ХІІІ ғасырда итальяндық Плано Карпини мен француз саяхатшысы
Вильгельм Рубруктың Орта Азияға саяхаты қазақ жері туралы құнды географиялық деректерге тола болды.
ХV ғасыр екінші жартысында А.Никитин Парсы жерін басып өтіп, Арабия
теңізі арқылы Үндістанға саяхат жасаған. «Үш теңіздің арғы жағына саяхат» атты еңбегі бар.
1498 жылы Васко да Гама басқарған португал кемесі Каликут (Калькутта)
портына келгеннен Үндістан мен Шығыс Азияны тонау басталды.
1648 жылы С.Дежнев Беринг бұғазы арқылы Солтүстік мұзды мұхиттан
Тынық мұхитқа өтті.
1803-06 жылдары И.Ф.Крузенштерн мен Ю.Ф.Лисянскийдің Тынық, Үнді,
Атлант мұхиттарына саяхаттары Тынық мұхиттағы көптеген аралдарды ашты.
ХІХ ғ.60 жылдары М.В.Ломоносов Солтүстік мұзды мұхит ғылыми
болжамдарын және «Сібір мұхиттарынан Үндістанға барар жол» атты жобасын дайындады. Солтүстік мұзды мұхитта Менделеев, Ломоносов су асты жоталары бар.
Беринг, Баренц, Нансен «Фрам» кемесімен ХІХ ғасырдың аяғында, ал Седов
«Әулие Фок» кемесімен ХХ ғасыр басында, мұхиттың поляр маңы табиғатын зерттеді. 1903 жылы Амундсен Солтүстік Америка солтүстігінен жүзіп өтіп, магниттік полюсті ашты.
1899 жылы Макаров жобасымен жасалған тұңғыш «Ермак» мұз жарғыш
кемесімен мұзды жарып жүзіп өтуге болатынын дәлелдеді.
1932 жылы Шмидттің «Сибиряков» кемесі мұз қалыңдығын, табиғатын,
тереңдігін зерттеді. Бір жүзу маусымында мұхит арқылы өтудің мүмкіндігін дәлелдеді.
1937 жылы «Солтүстік полюс-1» экспедициясы И.Д.Папанин басқаруымен
солтүстік полюстен Гренланд теңізіне ағыспен ығу жаңа тәсілін ашты.
1937 жылы «Георгий Седов» мұзжарғышы мұз құрсауында қалып
қалқымалы ғылыми станцияға айналды.
1977 жылы Солтүстік полюске кеңестік «Арктика» мұз жарғыш кемесі
жеткен.
ХІХ ғасырда Ресейдің «Витязь», ағылшынның «Челленджер» кемелері
Тынық мұхитты зерттеген. 1957 жылы «Витязь» кемесі Мариан шұңғымасын ашты.
Тереңдігі 11022м. «Челленджер» кемесі Атлант мұхитын толық зерттеді.
1947 жылы норвег саяхатшысы Тур Хейердал «Кон-Тики» папирус
қайығымен Тынық мұхит және мұхиттық аралдарды зерттеді.
24. 1943 жылы Жак Ив Кусто акваланг жасап, өзінің «Калипсо» ғылыми зерттеу кемесімен дүние жүзілік мұхиттар туралы деректер жинақтауда.
25. Ұлы Солтүстік экспедициясы (1733-1743жылдар)
26. Азияның орталық бөлігін зерттеу ХІХ ғасырда жүзеге асты.
27. Н.М.Пржевальский Орталық Азияға 5 рет саяхат жасап, 15 жыл тұрған. 33 мың км. жол жүрген, Гоби шөлі мен Тибеттегі тау жоталарын ашқан. Хуанхэ және Янцзы өзендері бастауын тапқан, көшпелі құм көлі Лобнорды ашты. Жабайы жылқы мен жабайы түйені анықтады. Орталық Азияға жасаған бесінші саяхатында қайтыс болып, Ыстықкөл жағасына жерленген.
28. П.П.Семенов Тянь-Шань тауын зерттеп, Ыстықкөл ағынсыз көл екенін, Хантәңірі шыңын, қар сызығын, белдеулік сызықтарын анықтаған.
29. 1856-59 жылдарда Ш.Уалиханов Қырғыз жері, Ыстықкөл, Жоңғар Алатауы, Жетісу, Қашқария саяхаттары мен ғылыми еңбектері нәтижесінде 22 жаста Орыс География қоғамына мүше болған.
А М Е Р И К А
1. Х ғасырдың аяғында нормандықтар (викингтер) Гренландия жағалауларына, одан кейін Лабрадор түбегіне жеткен.
2. 1492 жылы испан саяхатшысы Х. Колумб І-рет Атлант мұхитын кесіп өтіп, Антиль аралдарына жетті. 1499-1503 жылдары 3 рет саяхат жасаса да жаңа материк ашқанын білген жоқ. Саргасс теңізін ашты, 1498ж Ориноко өзені сағасына жеткен, жергілікті халықты «үндістер» деп атаған.
3. 1499-1503 жылдары А.Веспучи Гвиана, Венесуэла жағасы, Амазонка өзені сағасына жеткен. 1501 жылы Бразилия жағалауына дейін барған, өзенді «Қаңтар өзені» деп атаған (испанша Рио-де-Жанейро). Венесуэланы «Кіші Венеция» деп атаған.
4. 1507 жылы М.Вальдземюллер «Космографияға кіріспе» еңбегінде Америка деп атауды ұсынды.
5. 1538 ж. Герард Меркатор Америка картасын жасап, «Жаңа дүние» деп атады.
6. 1519-22 жылдары Ф.Магеллан мен С.Элькано басқарған испан экспедициясы тұңғыш рет Жер шарын айналып өтті. Тынық мұхитқа атау беріп, дүние жүзілік мұхит бірлігін дәлелдеді. Оңтүстік Америка мен Отты Жер аралы арасындағы бұғаздан өткен. Қазіргі Магеллан бұғазы.
7. ХV ғасырда Джон Кабот Лабрадор түбегі мен Ньюфауленд аралын ашты.
8. 1519 ж Эрнан Кортестің Мексика жеріне жасаған, саяхаты ацтектер мемлекетін жаулаумен аяқталды. Теночтитлан-ацтектер астанасы, Мексикада орналасқан.
9. ХVІІ ғ Генри Гудзон жыл бойы мұз құрсауындағы Гудзон шығанағын,
ХVІІ ғ. Аленсандер Макензи солтүстік және шығысында көптеген жерлерді ашты. Макензи өзені.
10. 1741 жылы В.Беринг пен А. Чириков Алеут аралдарын бойлай жүзіп, Аляска жағалауын зерттеген.
11. 1778 жылы Д.Кук солтүстік батысындағы Нортон шығанағын ашты.
12. ХVІ ғ. соңында Фрэнсис Дрейк Дрейк бұғазын ашты. Ені 950 км, тереңдігі 5248м.
13. ХVІІІ ғасырдың аяғымен ХІХ ғасыр басында А. Гумбольдт Анд тауларының биіктік белдеулері мен климатын, ал француз ботанигі Бонпланмен Оңтүстік Америка табиғатын, геологиясын, жануар, өсімдігін зерттеген. Оңтүстік Америка табиғаты туралы 30 томдық еңбек жазған.
14. 1874 жылы А.И.Воейков Оңтүстік Америка климатын зерттеді.
15. 1903 жылы Р.Амундсен Жердің солтүстік магниттік полюсін анықтады.
16. 1909 жылы американдық Р.Пири солтүстік полюске барды. Солтүстік Америка материгі мен Солтүстік полюс аралығы 700 км.
17. 1932-33 жылдары орыс ботанигі Н.И.Вавилов егіншілік орталықтарын зерттеп, кейбір мәдени өсімдіктердің отаны екенін дәлелдеді.
А Ф Р И К А
1. Алғашқы адамзаттың орталығы.
2. Б.з. бұрын 600 жылдары финикиялықтар құрлықты айнала жүзген.
3. ХІV ғ. мароккалық Әбу ибн Баттута Сомали түбегін, Тимбукту, Мали
жерлерін зерттеген.
4. 1497-99 жылдары Васко да Гама басқарған португал экспедициясы
Африканы айналып, Сомали түбегі жағалауы арқылы Үндістанға барған.
5. 1849 жылы ағылшын Давид Ливингстон Замбези өзенін батыстан шығысқа
жүріп өтіп, Танганьика көліне дейін жеткен.
6. Д. Ливингстон 1855 жылы Замбези өзеніндегі Виктория сарқырамасын ашқан.
Биіктігі 120 м, Замбия-Зимбабве шекарасында.
7. ХІХ ғ. Генри Стэнли Африка көлдерін, Конго өзенін ондағы сарқырамалар
жүйесін ашқан.
8. ХІХ ғ. орыс ғалымы В.В.Юнкер Ніл өзені бойы туралы деректер жинады.
9. 1926-27 жылдары Н.И.Вавилов 6000-нан астам мәдени өсімдіктердің үлгілерін жинаған.
А Н Т А Р К Т И К А
1. 1772-75 жылдары ағылшын Д.Кук Оңтүстік поляр шеңберін 3 рет кесіп өтіп материкті іздеген, бірақ қалың мұздан өте алмады.
2. 1819-21 жылдары Ф.Ф.Белинсгаузен мен М.П.Лазерев басқарған Ресейдің «Восток және Мирный» кемелері Антарктида жағалауына 5 рет жақындап барды.
3. 1820 жылдың 28 қаңтары Антарктида материгінің ашылған күні.
4. 1911ж.14 желтоқсанда норвег Руаль Амундсен, 1912ж. 18 қаңтарда ағылшын Роберт Скотт Оңтүстік полюске жетті.
5. 1957-58 жылдар Геофизика жылы.
6. 16 елдің ғылыми зерттеу станциялары жұмыстар атқаруда.
7. Ғылым мен бейбітшілік материгі, тұрғылықты халық жоқ.
А У С Т Р А Л И Я
1. ХVІІ ғасырда голландық Абель Тасман Тасмания аралын ашты.
2. ХVІІІ ғасырда ағылшын Д.Кук Жаңа Зеландия мен Аустралияның шығыс жағалауын ашты.
3. Орыс саяхатшысы Н.Н. Миклухо-Маклай 1870-87жылдары Тынық мұхит аралдары мен Жаңа Гвинея, Аустралия жағалауларын зерттеді.
4. Жаңа Гвинеяда 5 рет болып жергілікті халықты папуастар деп атады.
5. Еуропадан қоныс аударған аустралиялық ағылшындар /97%/ мен Азиядан қоныс аударғандар ұрпақтары өте көп.
6. 1841 жылы Джон Эйр оңтүстіктегі шөлді Наллабор деп атаған.
ІV - бөлім. Жалпы географиялық заңдылықтар.
Жер туралы қысқаша мәліметтер.
Күннен қашықтығы - 150 млн км.
Орбитадағы айналу жылдамдығы - 29,8 км/с
Орташа тығыздығы - 5,5 · 10 ³ кг/м³
Күнді айналу ұзақтығы - 365 тәулік 6сағат
Табиғи серігі - Ай
Массасы - 6 · 10 т
Радиусының орташа ұзындығы - 6371км.
Экваторының ұзындығы - 40075,7км
Меридианының ұзындығы - 40008,5км
Жер бетінің жалпы ауданы - 510 млн км²
Жер ғаламшарының жасы шамамен 5 млрд жыл.
Галактика – жүздеген млрд. жұлдыздардан тұратын жұлдыздық жүйелер.
Күн жүйесі – Күн мен оны айналып жүрген мыңдаған аспан денелері.
Планета – грекше «адасқан жұлдыздар» немесе «кезбе».
Орбита – планеталардың Күн төңірегіндегі жолы («орбита» – латынша жол, із).
Жер тобындағы ғаламшарлар: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс
Алып ғаламшарлар: Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун
Ең қашықта орналасқан: Плутон.
Табиғи серіктер – ғаламшарлар маңында айналып жүрген шағын аспан денелері. Жердің табиғи серігі – Ай. Жерден қашықтығы 384 мың км.
Географиялық полюс – Жер шары айналу білігінің оның беткі бөлігімен түйісетін нүктелері. Солтүстік және оңтүстік полюс, олардың ығысу жылдамдығы жылына 10 см-ге тең. Оңтүстік полюсте барлығы солтүстік бағытты, Солтүстік полюсте оңтүстік бағытты көрсетеді.
Полярлық шұғыла – магниттік полюстерден таралған магнит өрісі әсерінен атмосфераның жоғарғы қабатындағы сиреген ауаның жарық шашуы.
Жер өз білігіне 66,5° көлбеу орналасқан.
Глобус – (латынша – «шар») Жердің нақты үлгісі. ХV ғ.М.Бехайм. 1492ж
Меридиан – (латынша – «талтүстік») полюстерді қосатын шеңбер. Ұзындықтары бірдей болады.
Параллель – (грекше – «қатар жүруші») меридианға кесе көлденең жүргізілген шеңбер. Ең ұзын параллель экватор 40000 км, полюске қарай 21 км қысқарады.
Экватор мен меридиан шеңберінің ұзындықтары бірдей, олардың 1° доғасының ұзындығы шамамен 111° км. (40000км : 360°)
Географиялық ендік деп нүктенің экватордан градус есебімен алынған қашықтығын айтады. Ендік экватордан полюстерге қарай 0° пен 90° аралығында есептелінеді. Экватордан полюске дейін солтүстік ендік (с.е), оңтүстік полюске дейін оңтүстік ендік (о.е) деп аталады.
Географиялық бойлық деп Жер бетіндегі нүктенің бастапқы меридианнан градус есебімен алынған қашықтығын айтады. Бойлық Гринвич меридианынан батысқа (батыс бойлық – б.б ) және шығысқа қарай (шығыс бойлық – ш.б) 0°-тан 180°-қа дейін есептеледі.
Жер шарындағы кез-келген нүктенің түйіскен ендігі мен бойлығы географиялық координат (латынша «ко» – бірге, «ординатус» – реттелген.)
Градус торы – меридиан мен параллель сызықтарының қилысуынан пайда болған тор. Географиялық картада градус торын алғаш сызып көрсеткендер - гректер.
23,5º ендіктерде екі жарты шарда тропик шеңберлері, ал 66,5º ендіктерде поляр шеңберлері бар. Олар Жер шарындағы Күннің сәулесі түсетін, жылу мөлшері бір-бірінен айырма жасайтын белдеулерді бөліп тұрады. 5 жылулық белдеу қалыптасқан.
Поляр күні мен поляр түні - полюске таяу белдеуде байқалатын табиғи құбылыс.
Жер шарының пішіні – геоид, полюс маңында сығылған шар сфероид немесе эллипсоид. Сондықтан экваторлық радиусы полярлық радиустан 21,4 км-ге артық. Геодезиялық және картографиялық жұмыстарда Ф.Н.Красовский эллипсоиды қолданылады. Экваторлық радиус 6378,2 км.
Адамдар Жердің шар тәрізді екенін бұдан 2 мың жыл бұрын білген.
Барлық ғаламшарлар Күнді элипстік орбита бойымен айналады.
Афелий – орбитадағы Күннен ең қашық нүкте 152 млн км, Жер ол нүктеден 5 шілдеде өтеді.
Перигелий – орбитадағы Күннен ең жақын нүкте 147 млн.км, Жер ол нүктеден 3 қаңтарда өтеді.
21 маусымда Күн солтүстік тропикте дәл төбеде тұратындықтан, солтүстік жарты шарда жаз басталады. Оңтүстік жарты шарда қыс болады.
22 желтоқсанда Күн оңтүстік тропикте дәл төбеде тұратындықтан, оңтүстік жарты шарда жаз басталады, яғни поляр күндері басталады. Солтүстік жарты шарда қыс болады.
Жазғы күн тоқырауы – 22 маусым (күн ұзаруы тоқтайды).
Қысқы күн тоқырауы – 22 желтоқсан. Күзгі күн мен түн теңелуі – 23 қыркүйекте. Көктемгі күн мен түн теңелуі – 22 наурызда.
Орбитаның жалпы ұзындығы 940 млн км.
Жұлдыздық жыл 365 күн, Кібісе жыл 366 күн.
Жер өз білігінен батыстан шығысқа қарай сағат тіліне қарама-қарсы 24 сағатта айналып шығады, яғни күн мен түн ауысады.
Кориолис күші – Жердің өз білігінен айналу кезіндегі ауытқуды тудырушы құбылыс (француз ғалымы Г.Кориолис дәлелдеген).
Кориолис күші әсерінен солтүстік жарты шардағы жер бетімен қозғалатын барлық денелер оңға, ал оңтүстік жарты шардағы денелер солға бұрылады. Әсіресе бұл қозғалыстар желдер мен беткі ағыстардан айқын байқалады. Экватор бойында әлсіз, керісінше полюстерге қарай күшейеді.
Сағаттық белдеулер – 24 сағаттық белдеу бар, әрбір 15° сайын 1 сағатқа айырма жасайды. Сағаттық белдеуді есептеу Гринвичтен басталады және ол нөлдік (24 сағаттық белдеу) деп аталады. 180° меридиан сызығы арқылы уақыт дата ауысу сызығы өтеді. 180º батысында тәулік 1 күн алда болады. Жапония күншығыс елі.
Жергілікті уақыт – бір меридиан сызығы бойында кез-келген бөлігіндегі бірдей уақыт. Қазақстан жері екі (4 және 5) сағаттық белдеуде орналасқан.
Компос (тұсбағдар) - көкжиек тұстарын анықтау үшін қолданылатын аспап, тұсбағдардың көк түсті ұшы солтүстікті көрсетеді. Темірқазық жұлдызы – поляр жұлдызы, үнемі солтүстікті көрсетеді.
Компостағы магнит тілінің географиялық полюстен ауытқу заңдылықтарын анықтаған ХІ ғасырда Қытай ғалымы Шэнь Гуа. Магнит тілі шығысқа бұрылса дұрыс, батысқа бұрылса географиялық полюстен теріс бұрылу деп аталады.
Азимут - белгілі бір зат пен солтүстік бағыт арасындағы бұрыш. 90º-шығыс. 180º- оңтүстік. 270º - батыс. 0 және 360º солтүстік.
Масштаб - (мас-өлшеу, штаб-таяқ) жер бетіндегі қашықтықтың қағазға түскенде неше есе кішірейгенін көрсететін сан.
Масштаб сандық, атау, сызықтық болып бөлінеді.
Масштаб кішірейген сайын бейнелеу нақтылығы да кішірейеді.
Масштабына қарай карталар ірі, орта, ұсақ масштабты болып бөлінеді.
1:100 000-ға дейін –ірі масштабты. 1:200 000-1:1 000 000-ға дейін орта масштабты. 1:1 000 000 –нан бастап ұсақ масштабты.
Географиялық карта - масштаб бойынша жер бетін, жазықтықта шартты белгілер арқылы математикалық тәсілмен бейнелеу.
Физикалық картада биіктік пен тереңдік шкаласы беріледі, яғни карталарды шартты белгілер арқылы оқиды.
Карта – (гр. – табақ) мазмұнына қарай жалпы географиялық және тақырыптық болып бөлінеді. Тақырыптық картаға дүние жүзілік, тектоникалық, климаттық карталар жатады. Жалпы географиялық картаға топографиялық карта жатады.
Саяси карта – дүние жүзіндегі елдер картасы, ол мыңдаған жылдар нәтижесінде пайда болды. Картадағы түстер елдердің территориясын, шекарасын көрсетеді.
Саяси география – территориялық-диференциялық құрылыстар мен процесстер жайлы ғылым.
Картада обьектілерді шартты белгілермен белгілейді.
Жердің нақты бейнесі Глобустан картаға көшіруде картографиялық проекциялар қолданылады.
Картографиялық проекция – Жер шарының бетін математикалық тәсілдер арқылы жазықтықта бейнелеу. Бейнелеу барысында бұрмаланулар болады. Цилиндрлік, конустық, азимуттық проекциялар қолданылады.
План – жергілікті жердің қағазға кішірейтіліп түсірілген сызбасы. (лат. планус-жалпақ, тегіс). Планда заттар мен жергілікті жерлер нақты, егжей-тегжейлі көрсетіледі.
Полярлық кескіндеу – учаскенің планын бір нүктеден кескіндеу.
Планшет – компос орнатылған жергілікті жердің планы сызылатын қатты қағаз немесе фанер.
Планда жасыл түспен орман, жыртылған жер ақ түспен белгіленеді.
Жергілікті жердің маршрутты кескіні- ұзына бойы созылған жердің бір бөлігінің жоспары.
Планға жергілікті жердің полярлы түрде суретке түсіру кезінде нысананың жасалу нүктесі- полюстік деп аталады.
Комплексті карта – өзара байланысты бірнеше компоненттердің немесе құбылыстарды көрсетеді.
Л и т о с ф е р а
1. Жердің ішкі құрылысын зерттеу барысында жер қыртысының бар болғаны 15км тереңдік ғана бұрғыланған (Кола түбегіндегі ұңғыма).
2. Литосферада әрбір 10м тереңдеген сайын температура +3ºС-ге артады.
3. Жердің ең беткі жұқа қатты қабығы – жер қыртысы. Орташа қалыңдығы
мұхиттар астында 10-15км
материктерде 30-40км
биік таулы аудандарда 70 км-ге дейін жетеді.
4. Ғылыми болжамдар бойынша материктердегі жер қыртысының қалыңдығы 250км- ге жетуі мүмкін.
5. Мантия – (гр. «жамылғы, шапан») 2900км. Ол жер қыртысынан жұқа Мохоровичич қабаты арқылы бөлінген, оны 1909 жылы югославиялық сейсмолог А.Мохоровичич анықтаған. Бұл қабатта тығыздық 2,9-3,5 т/м³-ге дейін жоғарылап, ал сейсмикалық толқындардың өту жылдамдығы 6,7-8,2км/с-дейін артады.
6. Мантия Жер көлемінің 83%, жалпы салмағының 67%-ын құрайды.
7. Мантия тығыздығы – 4,5т/м³, температурасы 220°С болатын жоғарғы мантия мен тығыздығы – 5,7 т/м³, температурасы 3600°С жететін төменгі мантияға бөлінеді.
8. Астеносфера – 900км-ге созылып жатқан жоғарғы мантияның 250-300км тереңдігінде қаттылығы мен беріктігі төмендеу, тұтқыр қабат. Астеносфераны құрайтын тау жыныстары тығыз емес, майысқақ әрі тұтқыр сол себепті жер қыртысындағы магматизм мен метаморфизм құбылысын күшейтеді.
9. Литосфералық тақталардың қозғалысы астеносфераның тұтқыр бетінде сырғу нәтижесінде жүзеге асады.
10. Астеносферадан жоғары орналасқан жоғары мантия мен жер қыртысы литосфераны құрайды.
11. Мантияның 900-2900км-ге дейінгі аралығы төменгі мантия. Мантиядағы заттар (магма) иленген тұтқыр болады.
12. Ядро – 2900-6370км аралығында орналасқан Жердің ішкі өзегі. Сұйық металдар (темір, никель) қоспасынан тұратын 2900-5000км арасы сыртқы ядро біршама қозғалмалы. Оның тығыздығы 10-15 т/м³, температурасы 4000°С болады. Ішкі ядро тығыздығы 15-20 т/м³, температурасы 6000°С.
13. Жердің ішкі өзегі ядро арқылы өтетін сейсмикалық толқындардың таралуын зерттеген америкалық геофизиктер Р.Кохе мен Л.Штихруде ішкі ядроның біртұтас қатты шар екендігін болжаған. Электр өткізгіштігі жоғары темір температура айырмашылығынан сыртқы ядроны жылдам қозғалысқа келтіреді. Соның нәтижесінде құйынды магнит өрісі пайда болады.
14. Магниттік полюстерден магнит өрісі шамамен 3,5 млрд. жыл бұрын пайда болған.
15. Тау жыныстары – жер қыртысын құрайтын әр түрлі агрегаттық күйдегі минералдар. Табиғатта минералдардың 3000-нан астам түрі бар.
16. Тау жыныстары шығу тегі мен қалыптасу жағдайларына байланысты магмалық, шөгінді, метаморфтық болып бөлінеді.
17. Магмалық жыныстар – магманың мантиядан жарықтар арқылы жоғары көтеріліп қатуынан пайда болады. Магмалық жыныстар екіге бөлінеді.
Интрузивті жыныстар – жер қыртысында қалып қойған бөлігі, оған гранит, габбро жатады. Пішіндеріне байланысты батолиттер (үлкен), лакколиттер (шағын) деп бөлінеді. Үгілу мен шайылу нәтижесінде интрузивті жыныстар таңғажайып мүсіндерге айналады. (Қырым түбегіндегі Аю-Даг батолиті).
18. Гранит - кварц, дала шпаты, слюдадан түзіледі.
Эффузивті жыныстар – лава түрінде жер бетіне шығып, су мен газдан ажыраған бөлігі кейде оны жанартаулық жыныстар деп атайды. Базальт, жанартаулық туфтар, шынылар, пемза жатады.
19. Магмалық тау жыныстары жер қыртысының 60%-ге жуығын құрайды.
20. Шөгінді жыныстар — жер қыртысы массасының 10%-ге жуығын құрап, жер бетінің 75% жауып жатыр. Шөгінді жыныстар физикалық, химиялық, биологиялық
үгілу нәтижесінде пайда болады.
21.Топырақ – жердің жұқа құнарлы қабаты. 100 жылда 0,5-2 см-ге қалыңдайды.
22. Эрозия – топырақтың жел, су әрекетінен құнарлығынан айырылуы.
23. Мелиорация – топырақтың құнарлығын арттыру процесі.
24. Органикалық жолмен пайда болған шөгінді жыныстар – бор, әктас, көмір, шымтезек.
25. Метаморфты жыныстар магмалық және шөгінді жыныстардың қысым мен жоғарғы температура әсерінен өзгерген түрлері. Метаморфизм нәтижесінде гранит қайта кристалданып – гнейске, құмтас-кварцитке, әктас немесе доломит – мәрмәрға,
ағаштан – тас көмірге айналады.
26. Геологиялық жыл санау – Жер қыртысын құрайтын тау жыныстырының уақыт тәртібімен түзілу реті, жасы туралы ілім. Жердің жасы - шамамен 5млрд жыл.
27. Геологиялық жыл санау геохронологиялық кесте арқылы жүргізіледі(«гео» – жер, «хронология» – жыл санау).
28. Эра – Жер қыртысы мен тіршілік дүниесінің неғұрлым ірі өзгерістерін көрсететін геологиялық уақыт аралығы. Эра қысқа уақыт аралығы дәуірлерге бөлінеді.
29. Тау жыныстарының салыстырмалы және абсолюттік жасы ажыратылады.
Салыстырмалы жасын тау жыныстарының түзілуі, орналасу реті, олардағы өсімдік пен жануарлардың тасқа айналған таңбаларын зерттеу арқылы анықтайды.
Абсолютті жасын радиоактивті элемент уранның ыдырау жылдамдығына байланысты ажыратады. Уранның қорғасын мен гелийге ыдырауы 4,51·109 жылға созылады. 100г ураннан 74 млн жылда 1г қорғасын түзіледі.
30. Абсолюттік жасын анықтауды ғылымға ХХ ғасырда француз физигі П.Кюри мен ағылшын физигі Э.Резерфорд енгізген.
31. Жердің даму тарихы ғаламшарлық даму кезеңі және геологиялық даму кезеңі болып екіге бөлінеді.
32. Жердің ғаламшарлық даму кезеңі оның алғашқы ғаламшар болып қалыптасуынан бастап жер қыртысының құрылуына дейінгі уақытты қамтиды. Жер қыртысының қалыптасуына 3,5млрд. уақыт кеткен.
33. Жер қыртысының алғашқы нышандары пайда бола бастағаннан жердің геологиялық даму кезеңі басталады.
34. Табиғат компоненттері – су, ауа, топырақ, тау жыныстары, өсімдіктер мен жануарлар (латынша «компонент» – құраушы).
35. Аймақтың табиғат компоненттерінің жиынтығы табиғат кешенін құрайды. Ең үлкен табиғат кешені – географиялық қабық, одан соң материктер, мұхиттар. Ең кіші табиғат кешені – сай, жыра, өзен, көл, тау.
36. Географиялық қабық – атмосфера, литосфера, гидросфера, биосфераның өзара байланысынан түзілген қабық.
37. Жоғарғы мантия мен жер қыртысы – литосфера (лат. «литос» - тас).
38. Жер қыртысында 90% құрайтын 8 элемент бар: оттегі, кремний, алюминий, темір, кальций, натрий, калий, магний.
39. Материктік жер қыртысы 3 қабаттан: шөгінді, гранит, базальт.
40. Мұхиттық жер қыртысы 2 қабаттан: шөгінді, базальт.
41. Ғалымдар болжамы бойынша алдымен мұхиттық кейіннен магмалық жыныстар қалыңдауынан материктік жер қыртысы пайда болған.
42. Платформа – қазіргі материктердің ең ежелгі тегістелген, тұрақты, қозғалмайтын бөлігі. Ежелгі және жас платформалар боп бөлінеді.
Ежелгі платформалар – Шығыс Еуропа, Сібір, Арабия, Солтүстік Америка,
Аустралия, Оңтүстік Америка, Антарктида, Үндістан, Қытай-Корей, Оңтүстік
Қытай /Герцинге дейін Архей мен Протерозойда пайда болған/.
Жас платформалар – Тұран, Батыс Еуропа, Батыс Сібір /Эпигерциндік, себебі
Герциннен кейін пайда болған/.
43. Платформалар аумағында жер бедері жазықтар (ұзақ уақытта сыртқы күштер әсерінен жер бедерінің тегістелуінің нәтижесі). Құрлықтың 53% алып жатыр.
44. Геосинклиналь – жер қыртысының қозғалмалы бөлігі (тақталар шекарасы, сейсмикалық белдеулерге сәйкес келеді).
45. Геосинклинальда - ішкі күштер әсерінен қатпарлану қозғалыстары жүреді. Соның нәтижесінде тау жоталары – антиклинорийлер мен тауаралық, тау алды ойыстары синклинорийлер түзіледі. Үлкен Кавказ, Кіші Кавказ жоталары антиклинорийлерге, ал олардың арасындағы Колхида мен Ленкорань ойпаттары синклинорийлерге жатады.
46. Қалқан – ежелгі платформалардың негізін құрайтын қатты кристалды жыныстардың жер бетіне ашық шығып жатқан бөлігі. Канада, Балтық, Алдан.
47. Платформаның бетін жауып жатқан қалыңдығы 60-100 км-ге дейінгі үлкен блоктар – литосфералық тақталар немесе плиталар. Жер бетінде 13 плита бар, оның 7 үлкен. Материктік плиталар – Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Еуразия, Африка, Үнді-Аустралия, Антарктида. Мұхиттық плиталар – Тынық мұхиттық, Наска.
48. Литосфералық плиталар жылына горизонталь бағытта 2-6см, соқтығысу шекараларында вертикаль бағытта 1-4 мм-ге қозғалады.
49. Жер қыртысы қозғалуы 2 түрі:
А) Көтерілу, шөгу
Б) Тау жасалу.
50. Литосфералық тақталар шекарасы дүние жүзілік мұхиттардан өтеді.
51. Соқтығысу шекараларында материктік пен мұхиттық тақталар соқтығысса, материк жағалауында таулар, ал мұхит жағалауында терең шұңғымалар пайда болады. (Анд, Кордильер таулары және Еуразия мен Аустралия шығыс жағалауындағы таулар).
52. Литосфералық тақталар шекарасы сейсмикалық белдеулерге сәйкес келеді.
А) Альпі- Гималай.
Б) Отты шеңбер немесе Тынық мұхит.
53. Соқтығысу шекараларында материктік тақталар соқтығысса тау жасалу процесі жүреді. Гималай, Альпі, Атлас, Гиндукуш, Памир, Тянь-Шань т.б.
54. Литосфералық тақталар ажырау шекарасында жарықтар пайда болады, оны рифт деп атайды. Рифттерден магмалық жыныстардың төгіліп қатуынан су асты жоталары пайда болады. Рифттер материкте де кездеседі. Мысалы: Шығыс Африка жарығы ұзындығы 6500км, Байкал көлі, Өлі теңіз табаны.
55. Ең ұзын су асты жотасы – Атлант мұхитында. Ұзындығы 18 мың км.
56. Ежелде Африка мен Еуразия тақталары соқтығысуынан Арабия түбегі бөлініп, жылжуынан Қызыл теңіз табаны пайда болған.
57. Солтүстік Америка мен Еуропаның Атлант мұхитымен іргелес бөлігі көтерілуде, ал Жерорта теңізі маңы шөгуде.
58. Жер бедері – шығу тегі, пішіні және жасы бойынша айырмашылық жасайтын тегіс емес Жер бетінің жиынтығы (жердің сыртқы пішіні).
Жер бедерін қалыптастыратын күштер:
А) Эндогендік (ішкі күштер) жер сілкіну мен жанартау атқылауы.
Б) Экзогендік (сыртқы күштер) су, ауа, жел, температура.
59. Жер бедерін зерттейтін ғылым - геоморфология.
60. Ішкі күштер әсерінен болатын тік қозғалу (жанартаулар, жер сілкінулер, жарылыстар, қатпарлану) және ғасырлық тербелмелі қозғалыстар (тақталар қозғалысы).
61. Үгілу – сыртқы күштердің әсерінен тау жыныстарының өзгеруі (физикалық, химиялық, органикалық).
Физикалық үгілу тәуліктік және жылдық температура амплитудасына, жел, суларға байланысты.
Химиялық үгілу химиялық элементтердің әсерінен жүреді.
Органикалық үгілу микроорганизмдер әсерінен жүреді.
62. Үгілген жыныстардан желдің әсерінен пайда болған жер бедері – эолдық. 63. Бедленд – (ағ. – «жаман жер») түгелдей жарамсыз жерлер, 1%, АҚШ жеріндегі Ұлы жазықтар, Орта Азияның, Кіші Азияның және Үндістан түбегінің тау алды жазықтары.
64. Тау мұздықтарының әрекетінен тау жоталары үшкір шыңды, беткейлері тік, терең шатқалды жер бедері – альпілік, ал тау араларындағы аңғарлар – трогты аңғарлар деп аталады.
65. Морена – мұздықтармен өңделіп, тасымалданған жыныстар.
66. Карст – жер асты суларында тау жыныстарының еруі. Карст пішіндердің ең көп таралғаны – үңгірлер. Ең ұзын үңгір Флинт-Мамонт, ол Аппалачта (530 км)
67. Ең ұзын үңгірлер:
69. Жер сілкіну – жер қыртысы мен мантияның кенет ығысуы мен ыдырауынан туатын дүмпулер, қозғалулар. Жер сілкіну – жер асты күштерінің әсерінен жер қыр- тысының тербелуі. Жер сілкіну ошақтары 500-700км тереңдікте жатыр.
70. Эпицентр – жер сілкінудің жер бетіне шығатын жері.
71. Жер сілкіну жер бетіне сезілу күшіне сәйкес халықаралық кесте бойынша (МSК-64) 12 балға ажыратылады. С.Медведов – КСРО, В.Шпонхойер – ФРГ, В.Карник –Чехия.
72. Сейсмикалық шкала
Балл |
Жер сілкіну қысқаша сипаттамасы |
І ІІ ІІІ ІV V VІ
VІІ VІІІ ІХ Х
ХІ
ХІІ |
Тербелістер аспаптар арқылы тіркеледі Тербелістерді тыныштық жағдайдағы адамдар сезеді Тербелістер кейбір адамдарға сезіледі Тербелістерді көптеген адамдар сезеді, терезе әйнектері дірілдеуі мүмкін Аспалы заттар тербеледі; ұйқыдағы адамдар оянады Үйлердің қабырғаларында жарықтар пайда болады, аздаған зақым келуі мүмкін Үй қабырғаларының жеке бөліктері құлауы мүмкін Үй қабырғаларында үлкен жарықтар пайда болады; мұржалар пайда болады Үйлердің қабырғалары, төбелері құлайды Жеке құрылыстар құлап, жер бетінде ені 1 метрге жететін жарықтар пайда болады Жер бетінде көптеген ірі жарықтар пайда болып, тауларда опырылу орын алады Жер бедері күрделі өзгерістерге ұшырайды |
73. Жер сілкінуді зерттейтін ғылым – сейсмология.
74. Сейсмограф – (гр. «сейсмо» – жер сілкіну) жер қыртысы қозғалысын сезетін құрал. Сейсмографты алғаш жасаған физик Б.Голицин, орыс ғалымдары Никифоров, Кирнос, Хариндер сейсмографты жаңа сапалы түрлерін жасады.
75. Балқыған қоймалжың отты тау жыныстары – магма, жер бетіне шыққан магма-лава.
76. Жанартау – көмейінен ыстық газ, бу, күл, лава төгілетін конус формалы тау. 800-дей сөнбеген жанартау бар
77. Кратер – жанартау жоғары бөлігіндегі тостаған тәрізді ұңғы (гр. «тостаған»)
78. Гейзер – мезгіл-мезгіл ыстық су мен бу жер бетіне атқылап тұрады. (исландша-«лақ ету»). Исландия, Ресей, Жапония, Жаңа Зеландияда геотермальды энергия ретінде қолданылады. Геотермалды энергия 50 елде барланған.
79. Минералды бұлақ – жер асты суының температурасы жоғары және онда еріген тұздар мол болып жер бетіне шығуы.
80. Тектоника – жер қыртысының дамуын және оның ішкі күштер мен әр түрлі дәрежедегі иіліп майысулар әсерінен өзгеруін зерттейтін геология саласы.
81. Тектоникалық қозғалыстар – жердің ішкі энергиясы мен қысымның әсерінен жүретін қозғалыстар. Ең маңыздысы тау жасалу процесі.
-
Эралар
Дәуірлер
Қатпар-лықтар
Дәуірлер
Кайнозой
Kz
67
Төрттік немесе антропогендік 1,8 млн. жыл
Неогендік, 23,2 млн. жыл
Палеогендік, 42 млн. жыл
Альпі қатпар-
лығы
Сүт қоректілер мен құстардың қарқынды дамуы. Адамның пайда болуы. Жабық тұқымды өсімдіктердің қаулап өсуі.
Мезозой
Mz
165
Бор, 70 млн. жыл
Юра, 55-58 млн. жыл
Триас, 40-45 млн. жыл
Мезозой қатпар-
лығы
Құстардың пайда болуы. Алып бауырымен жорғалаушылардың кең таралуы. Ашық тұқымды өсімдіктердің қаулап өсуі.
Палеозой
Pz
330
Пермь, 45 млн. жыл
Карбон, 65-70 млн. жыл
Девон, 55-60 млн. жыл
Силур, 35 млн. жыл
Ордовик, 60-70 млн. жыл
Кемберий, 70-80 млн. жыл
Герцин қатпар-
лығы
Теңіз маржандары, трило-биттер, ірі қос мекенділердің кең таралуы.
Өсімдіктердің құрлыққа шығуы.
Папоротниктер мен плаундардың қаулап өсуі.
Каледон
қатпарлығы
Протерозой, 2,1 млрд. жыл
Байкал
қатпарлығы
Көк жасыл балдырлардың кең таралуы. Алғашқы қарапайым теңіз ағзаларының пайда болуы.
Бактериялардың пайда болуы.
Архей, 1 млрд. жылдан аса
82.Палеонтология – тіршілік дүниесінің қазба қалдықтарын зерттейтін ғылым.
83. Геология – жер қыртысын, оның құрамын, құрылысын және даму тарихын, онда қазбалы байлықтардың пайда болу, орналасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
84. Жергілікті жерлердің топографиялық карталарындағы биіктігі бірдей жерлерді қосатын сызықтар – горизонталь сызығы, биіктіктен төменгі бағытты көрсететін сызық – бергштрих сызығы.
85. Абсолюттік биіктік - жер бедерінің мұхит немесе теңіз деңгейінен есептелген биіктігі. Янтарь тасы өндірілетін Балтық теңізі деңгейі алынады.
Құрлықтағы терең ойыстар
Атауы |
Теңіз деңгейінен тереңдігі, м |
Орналасқан жері |
Гхор |
-403; Өлі теңіз деңгейі |
Израиль, Иордания, Сирия |
Турфан |
-154 |
Қытай |
Афар |
-153; Ассаль көлі деңгейі |
Джибути |
Каттара |
-133 |
Египет |
Қарақия |
-132 |
Батыс Қазақстан |
Өлім аңғары |
-86 |
АҚШ, Калифорния |
86. Салыстырмалы биіктік - кез-келген нүктенің басқа нүктеден биіктігі. Бір метрлік Нивелир (деңгейлегіш ) құралымен өлшенеді.
Атауы |
Ұзын- дығы, км |
Биіктік нүктесі, м |
Орналасқан жері |
Гималай |
2400 |
Джомолунгма, 8848 |
Оңтүстік және Орталық Азия |
Қарақорым |
500 |
Чогори, 8611 |
Орталық Азия |
Куньлунь |
2700 |
Улугмузтаг, 7723 |
Орталық Азия |
Гиндукуш |
800 |
Тиричмир, 7690 |
Оңтүстік және Орталық Азия |
Памир |
- |
Коммунизм, 7495 |
Орта және Орталық Азия |
Тянь-Шянь |
2500 |
Жеңіс шыңы, 7439 |
Орта және Орталық Азия |
Анд |
9000 |
Аконкагуа, 6960 |
Солтүстік Америка |
Кордильера |
7000 |
Мак-Кинли, 6193 |
Солтүстік Америка |
Килиманджаро массиві |
- |
Килиманджаро, 5895 |
Шығыс Африка |
Элсуэрт |
700 |
Винсон, 5140 |
Антарктида |
Альпі |
1200 |
Монблан, 4807 |
Еуропа |
Алтай |
- |
Белуха, 4506 |
Оңтүстік Сібір, Орталық Азия |
Сеңгір таулар |
3200 |
Элберт, 4399 |
Солтүстік Америка |
Атлас |
2000 |
Тубкаль, 4165 |
Солтүстік Африка |
Саян |
1100 |
Мунку-Сардык, 3491 |
Оңтүстік Сібір |
Айдаһар |
|
Табана-Нтленьяна, 3482 |
Оңтүстік Африка |
Карпат |
1500 |
Герлаховски-Штит, 2655 |
Еуропа |
Үлкен Суайрық жотасы |
4000 |
Косцюшко, 2230 |
Аустралия |
Аппалач |
2600 |
Митчелл, 2037 |
Солтүстік Америка |
Орал |
2100 |
Народная, 1895 |
Азия |
87. Тау қатпарлықтары - Жер қыртысының геологиялық даму тарихында бірнеше рет күшті тау құрылу болған кезеңдер. Байкал, каледон, герцин,мезозой, альпі.
88. Тау – тілімденген, қия беткейлі, биік бөліктер (тау жотасы, таулы өлке, тау торабы).
Дүние жүзіндегі ірі тау жүйелері:
89. Аңғар – екі тау арасындағы ойыс. Таулар биіктігіне байланысты таулар.
400-1000м аласа таулар
1000-2000м орташа таулар
2000м-ден биік- биік таулар болып бөлінеді.
90. Таулар: жас таулар (Гималай, Анд), ескі таулар (Орал, Аппалач), қатпарлы таулар (Альпі, Кавказ), қатпарлы-жақпарлы таулар (Алтай, Тянь-Шань)
91. Гималай тауында субальпілік биік шөптесін шалғындар 3500-4500м-ден, ал Альпіде 1500м-ден басталады.
92. Жазық – аз тілімденген кең алқапты дала. а)тегіс жазық б)төбелі жазық Жазықтар 3-ке бөлінеді: 200м теңіз деңгейінен төмен болса – ойпат
200м-5000м-ге дейінгі жазық – қырат
500м-ден биік болса – таулы үстірттер.
93. Жыра – судың әсерінен пайда болған табиғат кешені, өсімдік өспейді.
94. Сай – беткейі түйетайлы, шөп бұта өсетін табиғат кешені.
95. Шағыл – теңіз, көл жағалауында құмдардың жиналуынан пайда болған құм төбелер.
96. Бархан – құмды шөлдердегі желдің әрекетінен пайда болған құм төбелер. Биіктігі 15-20м.
97. ШӨЛ – климаты аса құрғақ, өсімдіктер дүниесі өте жұтаң кең алқап. Жазда құмның беті +70º С-ге дейін қызады.
98. Жер шарындағы ірі шөлдер:
-
Атауы
Түрі
Орналасқан жері
Шамамен ауданы, км2
Еуразия
Гоби
тасты, құмды
Орталық Азия
2 000 000
Алашань
құмды, тасты
Орталық Азия
1 000 000
Сирия
құмды
Оңтүстік-Батыс Азия
1 000 000
Руб-эль-Хали
құмды
Арабия түбегі
600 000
Қарақұм
сазды бөліктері
бар құмды шөл
Орта Азия
350 000
Қызылқұм
сазды, тасты бөліктері бар құмды шөл
Орта Азия
300 000
Такла-Макан
Тар
Үлкен Нефуд
құмды
Орталық Азия
300 000
құмды
Үнді-Ганг ойпатының батысы
300 000
құмды
Арабия түбегі
70 000
Африка
Сахара
тасты, сазды, құмды
Солтүстік Африка
7 000 000
Ливия
құмды тасты
Солтүстік Африка, Нілден батысқа қарай
2 000 000
Калахари
құмды тасты
Оңтүстік Африка
1 000 000
Нубия
құмды
Солтүстік-Шығыс Африка
550 000
Намиб
құмды, тасты
Африканың оңтүстік-батыс жағалауы
200 000
Оңт. Америка
Атакама
құмды, тасты
Оңтүстік Американың батыс жағалауы.
7 000 000
Аустралия
Үлкен құмды шөл
тасты бөліктері бар құмды шөл
Солтүстік-Батыс Аустралия
Виктория
құмды
Оңтүстік Аустралия
300 000
99. Құмды шөлдер – эргтер, сазды шөлдер – тақыр, тасты шөлдер – хамада.
100. Қайраң – материктің мұхитқа өтпелі бөлігі, 200м тереңдікке дейінгі бөлігі.
101. Шұңғыма – литосфералық тақталар шекарасындағы терең ойыстар.
102. Терең сулы мұхиттық шұңғымалар:
Атауы |
Ең терең бөлігі |
Ұзындығы, км |
Орташа ені, км |
Атлант мұхиты Пуэрто-Рико |
8742 |
1070 |
87 |
Оңтүстік Сандвичев |
8264 |
1380 |
68 |
Ромфни |
7856 |
230 |
9 |
Үнді мұхиты Зонд (Ява) |
7729 |
2900 |
49 |
Шығыс Үнді |
6335 |
1244 |
27 |
Тынық мұхиты Мариана |
11022 |
1340 |
59 |
Тонга |
10882 |
860 |
78 |
Филиппин |
10265 |
1330 |
65 |
Кермадек |
10047 |
1270 |
88 |
Куриль-Камчатка |
9717 |
2170 |
59 |
103. Дүние жүзіндегі ең терең Мариан шұңғымасын 1957 ж. Ресейдің «Витяз» кемесі, 1960 жылы адамы бар батискафпен 11022м екенін анықтаған. Батискаф 1948 жылы жасалған.
104. Материктік беткей – тік шатқалдармен тілімденген, қайраңнан мұхит түбіне ауысатын бөлігі. 200 м-ден 2800 м-ге дейін.
105. Мұхит табанының басты ерекшелігі – тұтас су асты жоталар жүйесі бар.
Ұзындығы 75 мың км-ден астам, ені 2000 км-ге дейін, орташа биіктігі 3000-4000 м-ге жетеді.
106. Жоталардың жан-жағын қоршай, теңдессіз өте үлкен алқапты терең ойыстар-қазаншұңқырлар орналасады (мұхит түбінің 75% мұхит жазығы)
107. Эхолот – кеменің жүзу бағытында тереңдікті өлшейтін құрал. Дыбыстың суда таралу жылдамдығы 1500м.
108. Аумағында жер сілкіну өте жиі байқалатын, бірнеше бөлікке бөлініп кеткен платформаны – параплатформа деп атайды.
А Т М О С Ф Е Р А.