
- •1. Жалпы мәліметтер
- •2. Грамматикалық минимумдарды әзірлеудің мақсаты мен міндеттері
- •3. Грамматикалық минимумдарды әзірлеуге қойылатын талаптар
- •4. Грамматикалық минимумдардың құрылымы
- •4.1 Грамматикалық минимумдар жобасының электрондық нұсқасының рәсімделуі
- •5. Қазақ тілін меңгерудің деңгейлеріне сәйкес жағдаяттар мен тақырыптардың жобасы
- •6. Грамматикалық минимумдарды қабылдап алудың және талаптарға сәйкестігін тексерудің ережесі
- •7. Әдебиеттер
- •Шылау. Жалғаулық шылаулар. Ыңғайластық, Талғаулықты, Қарсылықты
6. Грамматикалық минимумдарды қабылдап алудың және талаптарға сәйкестігін тексерудің ережесі
Тапсырыс беруші дайындалған қазақ тілін меңгеру деңгейлеріне сәйкес грамматикалық минимумдарды байқаудан, сынақтан өткізу мақсатында мәліметтер әзірлейді. Грамматикалық минимумдарды тәжірибеден өткізудің түрін, құрамын, көлемін және құрамдас бөліктерін әзірлемешілермен келіседі.
Қазақ тілін меңгеру деңгейлеріне сәйкес грамматикалық минимумдарды әзірлеудің жеке келісім шарттары әзірленеді. Орындалған жұмыстардың қабылдау-тапсыру актісі екі жақтан қол қою арқылы қабылданады.
Қабылдау-тапсырудың ресімдері кезінде «Тәжірибеден өткізудің актісі» жасалып, қабылдау-тапсырудың құжаттары бекітіледі.
7. Әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 бабы;
2. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151 Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» Заңы;
3. «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»;
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1122 қаулысымен мақұлданған 2007-2010 жылдарға арналған мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту мен оның бәсекелестігін арттыру тұжырымдамасы;
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 қыркүйектегі № 835 қаулысымен мақұлданған ҚАЗТЕСТ жүйесін енгізу мен дамыту тұжырымдамасы.
6. ҚР СТ 1926-2009 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Қарапайым деңгей. Жалпы меңгеру».
7. ҚР СТ 1928-2009 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Базалық деңгей. Жалпы меңгеру».
8. Жалпы меңгеру»; ҚР СТ 1929-2009 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Орта деңгей. Жалпы меңгеру».
9. ҚР СТ 1925-2009 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Ортадан жоғары деңгей. Жалпы меңгеру».
10. ҚР СТ 1927-2009 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Жоғары деңгей».
11. ҚАЗТЕСТ жүйесіне арналған тест тапсырмаларын қалыптастырудың «Тест спецификациясы», Астана, Ұлттық тестілеу орталығы, 2008 жыл;
12. Қазақ тілін оқыту мен тілді меңгеру деңгейін бағалауға арналған коммуникативтік құзыреттілік талаптарының тақырыптары, Астана, Ұлттық тестілеу орталығы, 2009 жыл;
13. Essential Grammar in Use, Raymond Murphy, Camridge University press, 2007.
14. English Grammar in Use, Murphy, Camridge University press, 2004
15. Практическая грамматика ангийского языка, К.Н.Качалова, Е.Е. Израилевич, LADKOM, Moscow, 2010
16. Ф.Ш. Оразбаева., Т.Т. Аяпова және басқалар, Қазақ тілі (Алты деңгейлік оқыту әдістемелік кешендер), Алматы, Жазушы, 2007 ж.
1-қосымша
Шылау. Жалғаулық шылаулар. Ыңғайластық, Талғаулықты, Қарсылықты
Алдымен тақырыпты ойша бөліктерге бөліп алу керек, айталық қарастырып отырған жағдайда бірінші бөлікке шылау түрлерін келтіруге болады, сонымен А бөлігі:
А. Шылау түрлері: мен (бен, пен, менен), да (де, та, те) әлде, біресе, я, бірде, болмаса, не, немесе, құй, мейлі, бірақ, алайда, яки, әйтсе де, әйткенмен, әйтпесе, дегенмен, сонда да.
Қысқаша ереже беріледі. Ереже тілге жатық, қазақ тілін меңгеру деңгейіне байланысты түсінікті тілмен берілуі тиіс. Мысалы,
Біз бұл сөздерді – тең дәрежедегі сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді байланыстыру үшін қолданамыз.
Ережеден соң осы бөлікке сай мысал келтірілуі қажет, мысалы, грамматикалық минимум қазақ тілін меңгерудің қарапайым деңгейіне арналғандығын ескеріп, қарапайым деңгейдің тақырыптарын, тапсырма түрінің күрделілігін есте сақтай отырып «Екі сөйлемнен жалғаулықты пайдаланып сөйлем құрастырыңыз» деген тапсырма беруге болады.
А) Ербол ертеңгі сабаққа дайындалды. В) Ауырып бара алмады.
Ербол ертеңгі сабаққа дайындалды, бірақ ауырып бара алмады.
Енді екінші бөлікке көшеміз, яғни B бөлігі.
В. Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулық шылаулар: мен (бен, пен, менен), да (де, та, те), және, әрі, әм.
B бөлігінің мысалдары:
Анар мен Бақытжан музейге барды.
Жаңбыр жауды да, саңырауқұлақ шықты.
Әлия батыр қыз және ол мәңгі халық есінде.
Асан ауылға барды, әрі таза ауада дем алды. |
Үшінші бөлікке көшеміз:
С. Талғаулықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар: әлде, біресе, я, бірде, болмаса, не, немесе, құй, мейлі.
С бөлігінің мысалдары:
Мақсат оқуға түсерін, әлде әскерге барарын білмей жүр.
Биыл қыста біресе қар жауды, біресе жаңбыр жауды.
Соңғы ақшасына не кітап аларын, не киноға баратынын білмеді. |
Төртінші бөлік:
D. Қарсылықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар: бірақ, алайда, яки, әйтсе де, әйткенмен, әйтпесе, дегенмен, сонда да.
D бөлігінің мысалдары:
Күн бұлтты болды, бірақ жаңбыр жаумады.
Сабақты жақсы оқы, әйтпесе білімсіз боласың.
Күн жылыды, дегенмен сыртқы киімді тастамадық. |
Жаттығу тапсырмалар бөлігі.
Тапсырмаларды бөліктерге сәйкестендіріп, нөмірлеу керек. Мысалы, қарастырып отырған жағдайда кесте арқылы кестенің екі бағанына әртүрлі сөйлемдер келтіріледі. Тіл үйренуші ережені, мысалдарды ескеріп, жалғаулықтарды пайдалану арқылы сөйлем құрастырып, дұрыс нұсқасын қаламмен өзін-өзі тексеріп көретіндей тапсырма орындауға мүмкін болатындай бос орындар қалдыру керек.
1.1. Кестелерден сөйлемдерді таңдап, мен (бен, пен, менен), да (де, та, те), және, әрі, әм жалғаулықтарын пайдаланып, сөйлем құрастырыңыз.
Тауға барды. Кітап оқыды. Туыстарына келді. Әлия батыр қыз. Жаңбыр жауды. Шомылуға барды. |
|
Саңырауқұлақ шықты. Теледидар қарады. Жұмыс іздеді.
Табиғатты суретке түсірді. Жеміс-жидек терді. Ол мәңгі халық есінде. |
Жаттығу тапсырмасын орындау үшін келесі бос орынды қалдырамыз. (Жаттығу орындау мысалы келтірілген.)
1. Достарымен кездесті де, киноға барды.
2. ....................................................................................................................................................................................
3. ....................................................................................................................................................................................
4. ....................................................................................................................................................................................
5. .....................................................................................................................................................................................
6. ....................................................................................................................................................................................
7. .....................................................................................................................................................................................
1.2. Сөйлемді әлде, біресе, я, бірде, болмаса, не, немесе, құй, мейлі жалғаулықтарын пайдалана отырып толықтырыңыз.
1. Мақсат оқуға түсерін, әлде әскерге барарын білмеді.
2. Әсел біресе күлді, ......................................................................................................................................
3. Қазір үйге бару керек ..............................................................................................................................
4. Тауға барсам ба, ..........................................................................................................................................
5. Биыл қыста біресе қар жауды, .........................................................................................................
1.3. бірақ, алайда, яки жалғаулықтарын пайдаланып, кеше не жасағаныңды жаз.
1. (бірақ) Арман кеше үйге кеш келді, бірақ ол маған ештеңе айтқан жоқ.
2. (алайда)
3. (әйткенмен)
4. (сонда да)
5. (яки)
1.4. Қайсысы дұрыс?
1. Биыл
қыста біресе
қар жауды, бірақ/біресе
жаңбыр жауды.
2. Күн жылыды, дегенмен/және сыртқы киімді тастамадық.
3. Асан мектепке жүгіріп келді, сонда да/не кешігіп қалды.
4. Аңсар мен/немесе Таңат театрға барды.
5. Сая сабаққа дайындалды, бірақ/мейлі мұғалім одан сұрамады.
Келесі тақырыпты қарастырайық. Айталық қазақ тілін қарапайым деңгейде меңгеруге арналған Есімдік тақырыбына тоқталайық.
Есімдік
А. Заттың, құбылыстың атын, сынын, санын білдірмейтін, бірақ солардың орнына қолданылатын сөз табын есімдік деп атайды.
Мысал:
Бір шалдың төрт ұлы болыпты. Бірде шал сол ұлдарын жинапты.
В. Белгілі бір заттық ұғыммен байланысты қолданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі деп аталады. Жіктеу есімдіктерінің үш жағы және жекеше, көпше түрі бар.
Жақ |
Жекеше |
Көпше
|
І |
Мен студентпін. |
Біз студентпіз. |
ІІ |
Сен сөйлейсің. |
Сендер сөйлеңдер. |
ІІІ |
Ол – оқыған азамат. |
Олар – оқыған азаматтар. |
С. Сілтеу есімдіктері нұсқау, көрсету мағыналарын білдіреді. Сілтеу есімдіктеріне бұл, сол, ол, осы, осынау, сонау, анау, ана, мына, мынау, әне, міне деген сөздер жатады.
Мысалдар:
Бұл менің үйім.
Осы кітапты бір ай іздедім.
Ана кілтті алып беріңізші.
D. Жауап алу мақсатымен сұрау мағынасында қойылған сұрақтар сұрау есімдігі деп аталады. Сұрау есімдіктері: кім? не? қай? қандай? қанша? неше? нешеу? нешінші? қайда? қайдан? қалай? қашан? қайдағы? қашанғы?
Мысалдар:
Бірінші келген кім?
Нешінші пәтерде тұрасыз?
Жұмыстан қашан қайтасыз?
1.1. Сөйлемдер дұрыс жазылған ба? Керек жерін дұрыстаңыз.
1. Мен оқушысың. .Сен оқушысың...............................................
2. Біз оқимыз. ..дұрыс.................................................................................
3. Біз – оқыған азамат. ........................................................................................................
4. Сен сөйлеймін. ........................................................................................................
5. Сендер жассыңдар. ..........................................................................................................
6. Олар білесіңдер. .........................................................................................................
1.2. Сұраққа сөйлемнің түрін ауыстырмай жауап беріңіз.
1. Сенің үйің осы ма? .Иә, менің үйім осы.....................................................
2. Осы кітапты оқыдың ба? .......................................................................................................................
3. Анау келе жатқан сенің әжең ба? ...................................................................................................
4. Бұл мысалды сен келтірдің ба? ........................................................................................................
1.3. Сөйлемге сұрау есімдіктерін пайдаланып сұрақ қойыңыз.
1. Менің анам – дәрігер. .Менің анам кім?........................................................
2. Біз үйде төртеуміз. .....................................................................................................................................
3. Мен алты кітап сатып алдым. ............................................................................................................
4. Сая сабақты жақсы оқиды. ..................................................................................................................
5. Апам кеше келді. ........................................................................................................................................
6. Құрбым жетінші қабатта тұрады. ...................................................................................................
2-қосымша
«Жоба»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ
Қазақ тілін қарапайым деңгейде меңгеру бойынша
ҚАЗТЕСТ жүйесіне арналаған грамматикалық минимумы
Орындаушы
__________________________________
(Тегі, аты, жөні)
__________________________________
(Ұймының атауы)
__________________________________
(Орындаушы туралы мәліметтер)
__________________________________
Астана, 2011 жыл